ОҚО, Шымкент қаласы,Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Урмахамбетова Гульданай(мақала).
Етістіктің, етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік.
Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.
М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.
Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: «...нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов, 136 – 138, Конанов, 4 – 5);
Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра, қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының архетипті –г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä (ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте» кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак – киргизского языка» деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.