Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қорытынды бақылауға арналған тестік сұрақтардың тізімі
1.Дәлелді медицина деген не?

?

2.Орташа және жеңіл дәрежелі депрессияны емдеуде қолданылатын аз мөлшерлі үшциклды антидепресанттарды салыстырмалы түрде Зверобой шөбінің экстрактымен емдеудің қаншалықты тиімді болатынын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?.

?

3.Рандомизирленген клиникалық зерттеулердегі плацебо-бақылау деген не?



?

4.Рандомизирленген клиникалық зерттеулердегі тарихи бақылау деген не?

?

5.Құрамына Ресейдің 16 ғылыми-тәжірибелік қауымдастығы кіретін, клиникалық ұсыныстар, медициналық көмек индикаторларын, денсаулықсақтауды басқару, медициналық білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы аналитикалық есептер құрастыратын, 2005 жылы құрылған ассоциация қалай аталады?



?

6.Өңеш рагын цисплатинмен химиотерапиялық емге арналған тарихи бақылауы бар 26 рандомизирленген клиникалық зерттеуге сапалық талдау жүргізілген. Қандай зерттеу дизайны жүргізілген?

?

7.Фармакоэпидемиология деген не?



?

8.Фармакоэпидемиология қандай ғылымдар арасындағы байланысты түзетін қолданбалы сала болып табылады?

?

9.Қандай науқастарда дәрілік заттардың қолайсыз әсерлерінің пайда болу қаупі үлкен емес?



?

10.Қандай сипаттмалар А типті қолайсыз кері әсерлерді анықтайды?

?

11.Қандай сипаттамалар В типті қолайсыз кері әсерлерді анықтайды?



?

12.Когорталық зерттеуге не тән?

?

13.«Оқиға-бақылау» типті зерттеге не тән?



?

14.Жеке оқиғаларды баяндауға не тән?

?

15.Зерттеулердің қандай дизайндары қазіргі кездегі клиникалық зерттеулерді қарастырады:



?

16.Ашық клиникалық зерттеуге не тән?

?

17.Қарапайым соқыр клиникалық зерттеуге не тән?



?

18.Екіжақтық соқыр клиникалық зерттеуге не тән?

?

19.Медицинадағы зерттеулердің «алтын стандарты» болып табылады:



?

20.Рандомизацияланған бақыланатын сынауларға не тән?

?

21.Бір уақытта жүргізілетін бақылауы бар рандомизацияланбаған сынауларға не тән?



?

22.Мета-анализ деген не?

?

23.Дәлелдемеліліктің күші бойынша клиникалық зерттеулердің типтері қалай бөлінеді?



?

24.Фармакоэкономика деген не?

?

25.Шығындар нәтижелілігін молайту есебі фармакоэкономикалық анализдің қай түріне жатады?



?

26.Осы анализдің нәтижесі дәрілік заттарды қолдану немесе емдік технологияларды қолданудан болатын тікелей пайданы анықтау болып табылады. Фармакоэкономикалық анализдің қай түрі баяндалған?

?

27.Фармакоэкономикалық анализдің қай түріне өмірдің сақталған жылдарының саны бойынша емнің клиникалық нәтижелілігінің есебі жатады?



?

28.Фармакоэкономикалық анализдің қай түрі белгілі бір аурудың диагностикасы мен емін өткізу кезінде медициналық мекеменің төлемдерін есептеуінде негізделеді?

?

29.Науқастар өмірінің сапасына қандай критерийлер жатады?



?

30.Медицинада өмір сапасын зерттеуді оқып білу неге рұқсат етеді?

?

31.Науқастардың өмір сапасын бағалау қандай арнайы әдістемелер көмегімен жүзеге асады?



?

32.Фармакологиялық қадағалау қызметтерінің талаптарына сәйкес дәрілік заттардың қандай қолайсыз нәтижелері туралы хабарлау керек:

?

33.Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелерінің бірінші фазасына қандай міндеттер тән?



?

34.Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелерінің екінші фазасына қандай міндеттер жатады?

?

35.Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелерінің үшінші фазасына қандай міндеттер тән?



?

36.Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелерінің төртінші фазасына қандай міндеттер жатады?

?

37.Жағдай-бақылау зерттеулерге қарағанда классикалық когорталық эпидемиологиялық зерттеулердің қандай артықшылығы бар?



?

38.РБЗ қандай клиникалық сұрақтарды шеші үшін арналған?

?

39.Дәрілік заттардың клиникалық тәжірибелердің бірінші фазасына кімдер қатысады?



?

40.Клиникалық зертеулерінің қай фазасынан кейін дәрілік затты клиникалық тәжірибеге енгізілуіне рұқсат етіледі?

?

41.Клиникалық зерттеулерді өткізу үшін таңдаманы құру қандай критерийлерге негізделген?



?

42.Клиникалық зерттеулер қандай халықаралық стандарттың негізінде ұйымдастырылады?

?

43.Рандомизацияның аталған мысалдарының қайсысы дұрыс болып табылады?



?

44.Плацебо қандай қасиеттеріне ие болуы қажет?

?

45.Ұзақ (1 айдан кем емес) антиагреганттық терапияның әсерін анықтау мақсатымен жүрек-тамырлық асқынулардың қаупі ұзақ антиагреганттық терапия мен плацебоның нәтижелерін салыстырылған 145 рандомизацияланған тәжірибелердің нәтижелері және антиагрегантты терапияның түрлі схемалары салыстырылған 29 рандомизацияланған тәжірибелердің нәтижелері талқыланған. Қандай зерттеу дизайны баяндалған?



?

46.Жаңа туған нәрестенің дене массасының оның болашақтағы бойының өсу ырғағына әсерін бағалау үшін, туу сәтінде дене массасы 2-2,5кг болып туған 300 нәрестеге бақылау жүргізілген. Тағамдық статусты бағалау үшін антропометриялық өлшемдер жасалған. Дене массасы қалыпты (2,5 кг-нан аса) сол кезеңде туған балалардың аналогтық санын (300 адам) бақылаған болатын. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

47.Антибиотикті қолданумен жүретін клиникалық зерттеулерде пневмониямен ауыратын науқастарда емнің нәтижесі рентгенологиялық суреттің өзгерісі бойынша бағаланған. Науқастар өздерінің топқа қатысты екендігін білмеген. Тәжірибені жүргізген дәрігер науқастардың бақылау немесе негізгі топқа жататынын білген. Дәрігер тәжірибелік топ науқастарында рентгенологиялық суреттің жақсаруын аз уақыт аралығында анықтаған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

48.Қанда триглицеридтердің деңгейін төмендетуге арналған жаңа дәрінің клиникалық тәжірибелерінде науқастар кездейсоқ түрде екі топқа бөлінген болатын. Бірінші топтағы науқастар дәріні, ал екінші топ плацебоны қабылдаған. Науқастар өздерінің топқа қатысты екендігін білген. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

49.АҚШ-та біріншілік зерттеудің мәліметтері бойынша ПКАБС-ы бар немесе жоқ және жатыр миомасы жоқ репродуктивті жастағы 23 571 афроамерикандық тұрғындарды зерттегенде, поликистоздық аналық бездерінің синдромының (ПКАБС) бары және жатыр миомасының пайда болу қаупі арасында өзара байланыс бағаланған. Он жыл бойғы бақылауда УДЗ мәліметтері бойынша 2926 әйелде, гистероэктомия мәліметтері бойынша – жатыр миомасы анықталған. ПКАБС бар әйелдерде жатыр миомасының жиілігі осы синдром жоқ әйелдерге қарағанда 65%-ға жоғары. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

50.Систолалық артериалдық гипертензия кезінде инсульттің қаупіне гипотензиялық терапияның әсерін бағалау мақсатымен 60 жастағы және одан асқан 447 921 адам ішінен 4736 науқастарды кездейсоқ түрде 2 топқа; оның біреуі (2365 адам) гипотензиялық препараттарды, ал екіншісі (2371 адам)  плацебоны қабылдаған. Зерттеунің орташа ұзақтығы 4,5 жылды құраған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

51.Аспиринды қабылдау қайталамалы миокард инфарктісін алдын-алатынын анықтау үшін қандай зерттеуді жүргізу қажет? Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

52.«Цизаприд» дәрісін қабылдау фонында ауыр қарыншалық аритмиялардың пайда болу оқиғалары дәрігерлермен тіркелген. өткен жылдың ортасына қарай әлем бойынша 386 ұқсас оқиғалар тіркелген, олардың 125-і науқастардың өліміне әкелді. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

53.Зерттеушілер жасөспірімдер арасында гиподинамия жағдайында жоғарыкалориялық тағамның семіздіктің даму динамикасына әсерін бағалау бойынша зерттеу жүргізуге жоспарлайды. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

54.Туған кездегі (архивтік мәліметтер бойынша анықтайды) балалардың кейінгі интеллектуалдық дамуымен (IQ бағалау) дене массасын бағалауға арналған зерттеу. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

55.Зерттеу бойынша 2 топ құрылған: аденокарциномасы бар науқастар (n=8) және аденокарциномасы жоқ жас әйелдер (n=32). Содан кейін екі топта ретроспективтік түрде қолайсыз фактордың әсер ету жиілігі бағаланды – жүктілік кезінде қатысушы әйел анасының синтетикалық эстрогенды қабылдауы. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

56.Техас штатындағы Сент-Луис ауруханасында (АҚШ) туа біткен патологиясы бар балалардың туу жағдайлары тіркелген. Дәрігерлер аналардың жүктілік кезінде бендектин дәрмегін қабылдағаны және тератогендік әсердің дамуы арасындағы байланыс туралы гипотезасын ілгері шығарды. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

57.Зерттеу бойынша 65 жастан асқан гиперлипидемиясы бар ер адамдардың популяциясынан (n=132) 2 топ құрылды: бірінші топтағы қатысушылар (n=56) симвастатин дәрмегін 20 мг тәулігіне 1 рет қабылдаған, екінші топтағы қатысушылар (n=56) плацебо қабылдаған. Қандағы липидтер деңгейінің төмендеу динамикасы 1, 3, 6 айдан кейін бағаланған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

58.1940 мен 1975 жылдар арасындағы асбестттік текстиль өндірісінде қызмет ететін европеоидтік нәсілдің 1261 ер адамының 1235-інің (98%) денсаулық жағдайын бағалау өткізілген. Арнайы дайындалған сұраққойғыш бойынша қызметкерлердің өмір сапасы әр 6 ай сайын бағаланған, бақылаудың бүкіл кезеңі бойы бронх-өкпе жүйесінің ауруларының анықталу оқиғалары тіркелген. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

59.Зерттеу бойынша артериалдық гипертензиясы бар науқастардың популяциясы кездейсоқ сандардың бағдарлама-генераторды қолдану арқылы 2 топқа бөлінген. Бірінші топта қатысушылар эналаприлді 20мг\тәул., ал екінші топта 50 мг/тәул. қабылдаған. Жасыру қолданылған. Екі топта миокард инфарктісінің даму жиілігі бағаланған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

60.Зерттеудің барысында архивтік мәліметтер бойынша фенфлурамин дәрмегін қабылдау және жүрек қақпақшаларының зақымдалуының дамуы арасындағы байланыс бағаланған. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

61.Дәрігер «Эспераль» дәрмегін қабылдау фонында глаукома ұстамасының оқиғасын тіркеді. Осы оқиға наркологтар қоғамының отырысында талқылану керек, «Офтальмология хабаршысы» және «Наркологияның сұрақтары» атты журналдарда мақалалар түрінде жариялану керек. Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?



?

62.Электрондық жарияланымдар медициналық журналдарда рецензияланатын дәстүрлік жарияланымдарға қарағанда бірқатар кемшіліктерге ие. Төменде аталған жауап нұсқаларының ішінен интернеттегі көптеген электрондық жарияланымдардың негізгі қандай кемшілігі бар (ғылыми журналдардың сайттарымен шатастырмаңыз)?

?

63.Ғылыми мақаланың қандай бөлімі зерттеуге енгізілу мен одан шығарылу критерийлерін еске ала отырып, қатысушыларды іріктеудің егжей-тегжей баяндалуын, сонымен қатар зерттелетін популяцияның баяндалуын қамтиды?



?

64.Ғылыми мақаланың қандай бөлімі оқырманды зерттелетін мәселемен таныстыру және зерттеудің қажеттілігін негіздеу үшін қажет?

?

65.Ғылыми мақаланың нәтижелерін қандай дәрежеде белгілі бір клиникалық жағдайда қолдануға болатынын анықтау осы мақаланы (өткізілген зерттеу нәтижелерінің жарияланымдарын) сынама бағалауында маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы қызмет қандай терминмен белгіленеді?



?

66.Клиникалық зерттеулерді өткізудің негізгі этикалық қағидасы неге негізделеді?

?

67.Төменде көрсетілген клиникалық зерттеу қатысушыларының негізгі құқықтарының қайсысы клиникалық зерттеулер өткізуді регламентациялайтын нормативтік құжаттарда көрсетілмеген?



?

68.Тәжірибеде сыналатын адамдардың қатысуымен өтетін кез келген биомедициналық зерттеуді қандай мекеме мақұлдайды?

?

69.Қандай әдіс клиникалық зерттеулердегі жүйеленген қателердің пайда болуын төмендетеді?



?

70.Клиникалық зерттеулерде кездейсоқ қателерді төмендететін қандай әдіс бар?

?

71.Қандай электрондық адрес Кокрандық кітапхананың сайтына сәйкес келеді?



?

72.PudMed деген не?

?

73.MEDLINE деген не?



?

74.MEDLINE-ға әр апта сайын қанша зерттеу енгізіледі?

?

75.PreMEDLINE деген не?



?

76.PudMed-тегі MeSH рубрикасы не болып табылады?

?

77.Құрамында екі термині бар құжаттарды табуға рұқсат ететін PudMed-тегі логикалық оператор.



?

78.Құрамында екі термині бар құжаттарды табуға рұқсат ететін PudMed-тегі логикалық оператор.

?

79.Сізге ер адамдарда ЕМЕС сүт безі рагінің баяндалуын табу қажет, PudMed-тегі қандай логикалық операторларды қолданасыз?



?

80.Сізге PudMed –те сүт безі обырын емдеу әдістері туралы мақалаларды табу керек. Қандай подрубриканы таңдайсыз?

?

81.PudMed-те MeSH Randomized Controlled Trials терминін қолданғанда, сіз нені табасыз?



?

82.Сізге аспиринді қолданумен миокард инфарктісін емдеу әдістерін баяндауды табу керек, PudMed-тегі қандай логикалық операторды қолданасыз?

?

83.Емдеуге қатысты едәуір дәлелді зерттеулерді табу үшін PudMed базасында қандай типті жарияланымдарды іздеу қажет?



?

84.PudMed-те мета-анализдерді іздестіру үшін қандай опцияны қолдану керек?

?

85.PudMed базасында жүйеленген шолуларды іздестіру үшін қандай опциялар қолданылады?



?

86.PudMed-тегі когорталық зерттеулерді іздестіру үшін қандай опцияны қолдану керек?

?

87.MEDLINE базасында қанша тілдегі мақалалардың баяндалулары бар?



?

88.Кальций антагонисттерімен емдегенде инсульттер жиілігінің төмендеуін көрсететін алғашқы зерттеу. Қытайдың 9 клиникалық орталықтарында өткізілген зерттеуге САҚ>160мм.сын.бағ. немесе ДАҚ>96мм.сын.бағ. болатын 60-79 жас аралығындағы 1632 науқас еңгізілген. Зерттеудің қатысушылары кездейсоқ түрде тәжірибелік және бақылау топтарына бөлінді. Тәжірибелік топтың қатысушылары нифедипин 10-60 мг/тәул дозасында қабылдады, ал бақылау тобы плацебо қабылдады. Бақылау мерзімі орташа есептегенде 30 ай құрады. 10-60мг/тәул дозасында нифедипинмен емдеу фонында инсульт және ауыр ырғақ бұзылыстарының даму қаупінің шынайы төмендеуі байқалған.Зерттеудің қандай дизайны баяндалған?

?

89.Клиникалық ұсыныстар — бұл белгілі бір клиникалық жағдайларда дәрігерлік тактикаға қатысты шешімдерді қабылдауда дәрігерге көмектесу үшін тудырылған жүйелік түрде өңделген ережелер. Олар диагностикалық және скринингтік тесттерді өткізу бойынша, медициналық және хирургиялық көмектің көлемі бойынша, стационарда болу ұзақтығы және клиникалық тәжірибенің басқа аспектілері бойынша айқын орнатуларды ұсынады. Төменде аталған мақсаттардың қайсысы клиникалық ұсыныстардың мақсаты болып табылмайды?



?

90.Дәлелді медицинаның едәуір ақпаратты тегін электрондық базалардың арасында бірінші кезекте MEDLINE базасына сілтеу жасау керек. Төменде көрсетілген Интернеттегі сайттардың ішінде қандай сайт MEDLINE электрондық базасының сайты болып табылады?

?

91.Хельсинкилік Декларацияның және GCP (Қажетті клиникалық тәжірибенің) стандартының негізгі этикалық қағидаларға сәйкес клиникалық зерттеулерді өткізу керек. Адамдардың қай категориялары зерттеуге енгізілуі мүмкін?



?

92.Мета-анализ бірнеше кезеңдерді қамтиды. Мета-анализ үрдісіне қандай кезең кірмейді?

?

93.ӨСОА-мен ауыратын науқастарда ИГК-ды (ингаляциялық глюкокортикостероидтар) қолдану емнің жоқтығына қарағанда өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі ме? Келтірілген жауаптардың қайсысы PICO қағидасына сәйкес популяцияға сәйкес келеді?



?

94.ӨСОА-мен ауыратын науқастарда ИГК-ды (ингаляциялық глюкокортикостероидтар) қолдану емнің жоқтығына қарағанда өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі ме? Келтірілген жауаптардың қайсысы PICO қағидасына сәйкес араласуға сәйкес келеді?

?

95.ӨСОА-мен ауыратын науқастарда ИГК-ды (ингаляциялық глюкокортикостероидтар) қолдану емнің жоқтығына қарағанда өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі ме? Келтірілген жауаптардың қайсысы PICO қағидасына сәйкес соңына сәйкес келеді?



?

96.ӨСОА-мен ауыратын науқастарда ИГК-ды (ингаляциялық глюкокортикостероидтар) қолдану емнің жоқтығына қарағанда өршу жиілігінің төмендеуіне әкеледі ме? Келтірілген жауаптардың қайсысы PICO қағидасына сәйкес салыстыруға сәйкес келеді?

?

97.Ишемиялық тип (population) бойынша қанайналымның жедел бұзылысымен науқастарға ацетилсалицил қышқылының (intervention) тағайындалуы емнің жоқтығына қарағанда (comparison) қайталамалы инсульт қаупінің төмендеуіне әкеледі ме? Клиникалық сұрақтың қай типі ұсынылған?



?

98.Кімнің эпидемиологиялық бағдары клиникалық тәжірибеге клиникалық зерттеулер қорытындыларын бағалауға және енгізуге негіз болады.


99.Дәлелді медицина (ДМ) жақтастары қандай аргументті қолданады?

?

100.Дәлелді медицинаның (ДМ) қандай артықшылығы бар?

Қорытынды бақылауға арналған тестік сұрақтардың тізімі

Орташа және жеңіл дәрежелі депрессияны емдеуде қолданылатын аз мөлшерлі үшциклды антидепресанттарды салыстырмалы түрде Зверобой шөбінің экстрактымен емдеудің қаншалықты тиімді бола

178.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіріспе
972.05kb.

25 12 2014
3 стр.


Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі
633.83kb.

16 12 2014
3 стр.


«Урбанизацияланған территорияны экологиялық аудандарға бөлу негіздері» элективтік пәні бойынша сұрақтардың тізімі

Экологиялық аудандарға бөлудің ғылыми негіздері

64.11kb.

15 10 2014
1 стр.


Рубежді бақылауға арналған тестілер: Жедел пульпит түрлері

Клиникалық белгісі жоқ, рентгенограммада резорбциясыз, периодонт саңылауының деформациясы бар периодонтит түрі

581.57kb.

25 12 2014
3 стр.


Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге арналған ұқсас сұрақтардың тізімдемесі

Егер азамат автомашинаны алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйінде басқарса, ол көлік құралдарын басқару құқығынан қандай мерзімге айырылуы мүмкін?

85.88kb.

25 12 2014
1 стр.


Биология кафедрасы

ПӘн бойынша білім, іскерлік пен дағдыны қорытынды бағалауға арналған білімді тексеру қҰралы

62.55kb.

13 10 2014
1 стр.


Биология кафедрасы

ПӘн бойынша білім, іскерлік пен дағдыны қорытынды бағалауға арналған білімді тексеру қҰралы

90.75kb.

14 10 2014
1 стр.