Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




\ Әкімдіктің

2008 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 665 қаулысымен бекітілген

«Қостанай облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын мемлекеттік мекеме болып табылады (бұдан әрі - Аппарат).

2. Аппарат облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Аппараттың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген лимиттер шегінде облыс әкімдігі бекітеді. Штаттық кестені облыс әкімі бекітеді.

5. Облыс әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкілерде шоттары болады.

6. Облыс әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Мемлекет атынан мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде шығуға құқығы бар.

7. Аппараттың құрылтайшысы облыс әкімдігі болып табылады.

8. Аппараттың құрылтайшы құжаттары облыс әкімінің қаулылары және осы Ереже болып табылады.

9. Аппарат қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

10. Филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

11. Мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі»;

орыс тілінде: «государственное учреждение «Аппарат акима Костанайской области».

12. Аппараттың заңды мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

2. Аппараттың мәні, мақсаттары,

функциялары және құқықтары
13. Аппарат қызметінің мәні облыс әкімінің және әкімдіктің жұмысын қамтамасыз етуде аппараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

14. Аппарат қызметінің мақсаты облыс әкімінің және әкімдіктің қызметін аппараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде Аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

15. Аппарат облыс әкімін және әкімдіктің ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ете отырып, мыналарды жүзеге асырады:

1) облыстағы ішкі саясат және экономикалық ахуалға талдау жасайды, оның дамуына болжау жасайды, облыс әкіміне және әкімдікке бағыныстағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасайды; қоғамдық пікірлерді саралайды, облыс әкіміне және әкімдік мүшелеріне олар сұраған мәселелер бойынша ақпарат дайындайды;

2) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әкімдіктің және әкімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түскен ақпараттарды, өтініштер мен ұсыныстарды жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

3) облыс әкімінің және әкімиятының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді, нормативтік құқықтық актілердің жариялауын қамтамасыз етеді;

4) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қалалар, аудандар, селолық округтер, селолар мен кенттер әкімдері аппараттарындағы атқару тәртібінің жағдайына талдау жасайды және әкімге хабарлап отырады.

16. Аппарат әкімді және әкімдікті ұйымдастыру-құқықтық жағынан қамтамасыз ете отырып, мыналарды жүзеге асырады:

1) Аппарат жұмысын, әкімдік отырысын, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастырады;

2) облыс әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді;

3) әкімдіктің қаулылары жобаларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын ұйымдастырады және дайындауды қамтамасыз етеді;

4) облыс әкіміне, әкімдікке шешімдерді, өкімдерді, қаулыларды өзгерту, күшін жою, төменгі тұрған әкімдер мен әкімдіктердің заңсыз актілердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің облыс әкімі мен әкімдіктің актілерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

6) әкімнің және әкімдіктің актілерінің заңнамаға сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізеді;

7) әкімнің, әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;

8) қолданыстағы заңнамалардың анық бұрмалаушылықтарды жою жөнінен шаралар қабылдайды;

9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, облыс әкіміне және әкімдікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік қызметті атқаруға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді;

10) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдардың басшыларын даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

11) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;

12) Аппаратта іс-қағаздарын жүргізуді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді;

13) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

14) басшылықтың азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;

15) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;

16) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;

17) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Аппарат өз міндеттерін іске асыру үшін мынадай құқығы бар:

1) облыс әкімдігінің және әкімінің құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

2) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша департаменттер мен басқармалардың басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;

3) тиісті аумақтарда басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекет етуге;

4) облыс әкімі мен әкімдігінің қабылдаған актілері жөнінде келісімді қамтамасыз етуге;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Аппараттың мүлкі
Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

Аппараттың мүлкі облыс әкімінің берген мүлкінің есебінен қалыптастырылады, оның құны облыс әкімі аппаратының теңгерімінде көрсетіледі және облыстық коммуналдық меншік болып табылады.

Аппарат өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен иелік жасауға құқығы жоқ.

4. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
18. Әкім бекітетін Аппарат құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: ұйымдастыру-бақылау жұмысы, талдау, кадрлармен жұмыс, заңдық сараптау және мемлекеттік қызмет мониторингі, ақпараттық технологиялар, құжаттамалық қамтамасыз ету, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығы, қаржы-шаруашылық. Бөлімдерді мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес аппарат басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі тағайындайтын және босататын меңгерушілер басқарады.

19. Облыс әкімінің аппаратын облыс әкімі лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын және оған тікелей бағынышты аппарат басшысы басқарады.

20. Аппарат басшысының қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімі тағайындайтын екі орынбасары болады.

21. Аппарат басшысы:

1) облыс әкімінің аппаратын мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

2) облыс әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген бернелер мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті мойнына алады;

3) облыс әкімінің Аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімнің бекітуіне енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша төлемақылар, материалдық ынталандырулар (сыйлықтар) белгілейді;

4) Аппаратта ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6) мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнамаға сәйкес Аппараттағы көмекшілерді, кеңесшілерді, бас инспекторларды, бас мамандарды, жетекші мамандарды, техникалық қызметкерлерді тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

7) Аппараттағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;

8) Аппарат бойынша қызметкерлер міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

9) әкімге әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін қол қоюға ұсынады;

10) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

11) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

12) Аппарат құзыры шеңберінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

13) облыс әкімі Аппаратының қызметкерлерін іссапарға жібереді;

14) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

15) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмысшы тобын құрады;

16) басшы жоқ кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады;

17) Өзінің құзыреті шегінде Аппараттың ақшалай қаражатына иелік жасайды, қаржылық құжаттарға қол қояды;

18) оған әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды.



5. Аппаратты қайта

ұйымдастыру және тарату
22. Аппаратты қайта ұйымдастыру және таратуды қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімдігі жүргізеді.

23. Таратылатын мемлекеттік мекеменің мүлкі құрылтайшы құжаттарда анықталған мақсаттарға жіберіледі және меншік иелігіне беріледі.


________________

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер

Аппарат облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады

82.93kb.

25 12 2014
1 стр.


«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»

«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің қызметін ұйымдастыруды, құқықтық

69.11kb.

15 10 2014
1 стр.


«Сам селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ережелер «Сам селолық округі әкімінің аппараты»

«Сам селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады

33.15kb.

25 12 2014
1 стр.


«Ақжігіт селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ережелер «Ақжігіт селолық округі әкімінің аппараты»

«Ақжігіт селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады

33.29kb.

15 10 2014
1 стр.


«Cенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету функциясын

61.84kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Қызылсай селосы әкімінің аппараты»

«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) село әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан

38.6kb.

25 12 2014
1 стр.


«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ауылы әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан

46.18kb.

25 12 2014
1 стр.


«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ереже «ШҚо курчатов қаласының қаржы бөлімі»

Республикасының Заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыс әкімдерінің өкімдері мен шешімдері, облыс әкімінің қаулысымен

107.33kb.

17 12 2014
1 стр.