БюджеТ
Аудан экономикасы дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын бюджеттің кіріс бөлігіне салықтар мен түсімдер контингент бойынша 2011 жылдың І - жартыжылдықта жоспарланған – 740,5 млн. теңгенің орнына – 796,8 млн. теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалды.
2011 жылға арналған жергілікті аудан бюджетінің кіріс бөлігі 983 млн теңге болып бекітіліп, барлық түсімдер бойынша жоспардың 14 пайыз үлесін құрап, бүгінгі күнге бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында өнеркәсіп және ауылшаруашылығы салаларына талдау жасаудың нәтижесінде 129 млн теңгеге көбейтіліп, барлығы 1 112, 2 млн теңгені құрай отырып жалпы түсімдер бойынша жоспардың 16 пайыз үлесін құрады, бұл қосылған қаржы әлеуметтік салаға жұмсалынды.
Аудандық бюджетке түсетін салықтар мен түсімдер бойынша 2011 жылдың І - жартыжылдығында жоспарланған - 556,1 млн. теңгенің орнына - 609,6 млн.теңге түсіп, жоспар 109,6 пайызға орындалды, оның ішінде кіріс көздерінің барлық түрі орындалды. 2011 жылдың 1 шілдесіне салықтар мен түсімдер бойынша нақты түскен 609,6 млн.тенгенің 55 пайызы ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы жұмыс жасайтын ірі заңды тұлғалардың есебінен болса, 21 пайызы бюджеттік мекемелердің, 16 пайызы шағын және орта бизнестегі тұлғалардың, жеке тұлғалардың үлесінен 8 пайыз тиесілі болып отыр.
2011 жылдың 1 қаңтарына мерзімінде төленбеген салықтардың көлемі жалпы жыл басымен салыстырғанда 9,5 млн теңгеге кемігенімен жергілікті бюджет бойынша мерзімінде төленбеген салықтар 0,6 млн теңгеге өскен, оның себебі заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша «Экопродуктгрупп» АҚ-ның кезекті есептілік нәтижесі бойынша бет есебіне енгізіліп, уақытылы төленбеуі болып отыр. Берешек сомаларды өндіріп алу үшін салық заңында қарастырылған барлық шаралар көрілуде.
2011 жылы 1 шілдесіне аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 3 557,6 млн теңге болса, орындалуы 3 545, 3 млн теңге немесе 99,7 пайыз.
Ауданы бойынша 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына барлығы 1013 мемлекеттік сатып алу бойынша 1030,3 млн теңге ұйымдастырылып, 990,6 млн теңгеге жеңімпаз анықталып, 39,8 млн теңгеге қаржы үнемделді немесе 3,8 пайызды құрайды.
Аудан аумағындағы бос және пайдаланбай тұрған ғимараттардың саны 4, олар: Алғабас жалпы орта мектебінің ескі ғимараты аудан әкімдігі жанынан құрылған комисся ғимараттың техникалық жағдайын тексеру актісінде аппатты жағдайда деп анықталған, II Түлкібас бастауыш мектебі аудан әкімдігінің 04.04.2011 жылғы №159 Қаулысымен мектеп баланстарынан алынып мемлекеттік тұрғын үй қорына енгізіліп Түлкібас ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің балансына оралымды басқару құқығымен беріліп, 2 бөлмеден тұратын тұрғын үйге пайдалануға беру, Састөбе поселке әкімшілігінің ескі ғимараты өнер мектебіне пайдалануға беру, А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің ескі ғимараты 1.06.2012 ж. жылы бұзуға жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.
.
2011 жылдың І – жарты жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы
мың теңге
|
|
Атауы
|
2011 жыл
|
|
|
|
Жылдық жоспар
|
Жоспар 6 ай
|
Нақты 6 ай
|
Орындалу %
|
|
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ
|
|
|
|
|
|
Салықтар мен түсімдер
|
1112217
|
556 077
|
609 581
|
109,6
|
|
Оның ішінде: Жеке табыс салығы
|
170065
|
100 285
|
101 417
|
101
|
|
Әлеуметтік салық
|
141282
|
76 065
|
76 186
|
100
|
|
Мүлік салығы (заңды тұлғалар)
|
625063
|
317 136
|
334 249
|
105
|
|
Көлік салығы(заңды, жеке тұлғалар)
|
38506
|
20 767
|
27 546
|
133
|
|
барлық түсімдер бойынша жоспардың үлесі
|
16
|
8
|
8,8
|
|
|
КОНТИНГЕНТ
|
1391820
|
740 541
|
796 787
|
107,6
|
|