Перейти на главную страницу
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекiтiлген
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мынадай мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 702-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-59-61, орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.minagri.kz интернет-ресурсында;
2) ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің ғимаратында орналасқан үлгілері бар стендтер мен ақпараттық тақталарда;
3) порталда орналасқан.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша да ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
1) Комитетте қағаз жеткізгіште тіркеу куәлігін беру не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) порталда – рұқсат ету құжатының дайындығы туралы хабарлама не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Егер Комитет белгіленген мерзімде өтініш берушіге тіркеу куәлігін бермеген жағдайда не тіркеу куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оны беру мерзімі өткен күннен бастап тіркеу куәлігі берілді деп саналады.
Тіркеу куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Комитет өтініш берушіге тиісті тіркеу куәлігін беруге міндетті.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу – бес жұмыс күні (бұл ретте Комитет қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді, олар бес жұмыс күні ішінде пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісу немесе келісуден бас тарту туралы Комитетке жауап жібереді, мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп саналады);
3) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;
4) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
Комитет тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттырдың толық емес фактісі анықталған жағдайда Комитет көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органда мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгiленген мереке және демалыс күндерiнен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
2) порталда – (құжаттарды қабылдау бөлігінде) тәулік бойы көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті тұтынушыны қабылдау жүзеге асырылатын үй-үй-жайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиісті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады.
Порталда мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Комитетке:
Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;
осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
тұтынушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат;
2) порталға:
тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
12. Мемлекеттік қызметті алуға өтінім бланкісінің нысанын Комитеттің құжаттық қамтамасыз ету қызметінен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінен алуға болады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
13. Комитетте құжаттарды қабылдауды мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 702-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-59-61, Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттiк қызметті тұтынушының «жеке кабинетiнен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға-мекенжайға автоматты түрде жіберіледі.
14. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) Комитеттің құжаттарды қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, тұтынушының уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін тұтынушының алатын күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылдағаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі.
15. Куәлік мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-57-86, жеке келіп берілген куәліктер журналына қол қою арқылы қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі тұтынушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.
16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тару үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;
2) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісуден дәлелді бас тартуының болуы;
3) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтары мен токсикологиялық бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу әдiстемелерін бұзу;
4) ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарын бұза отырып ресімдеу;
5) пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауiптi әсері туралы бұрын белгiсiз деректер алу, пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекеті етуші заттарын Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбесіне енгізу;
6) тiркеуге ұсынылған пестицидтердің (улы химикаттардың) шығыс нормаларының Кеден одағы елдерiнде, ұқсас дақылдар және дәл сол зиянды организмдерге қарсы тiркелгендерден айтарлықтай айырмашылығы;
7) пестицидтiң (улы химикаттың) немесе әрекет етуші заттың химиялық құрамын, рецептурасын және өндiру технологиясын өзгерту;
8) пестицидтiң (улы химикаттың) құрамында Қазақстан Республикасының патентімен қорғалатын әрекет етуші заттың болуы;
9) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздердің болуы.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті тұтынушы «жеке кабинетінде» электронды құжат нысанында алады.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру; 4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің лауазымды тұлғаларының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Қызметті ұсынған лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 702-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-59-61, Комитеттің заң қызметінің маманы түсіндіреді.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың: (1414) телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына мемлекеттік қызметті тұтынушының таңдауы бойынша пошта арқылы не қолма-қол:
1) Министрлік кеңсесіне мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, телефон 8 (7172) 55-57-63, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына беріледі.
22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына пошта арқылы не қолма-қол мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: [email protected], жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым шағымдағы мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына беріледі.
Шағымда мемлекеттік қызметті тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және мемлекеттік қызметті тұтынушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Комитеттің кеңсесінде немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты (8-7172) 55-58-13 телефоны арқылы Комитет кеңсесінің, (8-7172) 55-57-63, 55-59-95 телефондары арқылы Министрліктің Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету басқармасының лауазымды тұлғаларынан алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Комитеттің байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Министрлікте орналасқан стендтерде көрсетіледі.
_________________________________
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі
Р/с №
|
Құжаттар |
Ескерту |
1 |
3 |
4 |
1 |
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
2 |
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерінің құрамын анықтау жөніндегі есептер |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
3 |
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) өндірістік тексеру актілері |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
4 |
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
5 |
Пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге қўқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
6 |
Пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
7 |
Пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге қөқғы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі); |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
8 |
Пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
9 |
Пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
10 |
Пестицидтi (улы химикатты) ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
11 |
Пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді де ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
12 |
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
13 |
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1 тарауына (21-тармаққа) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) жұмыс аймағының ауасындағы қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бейімделген үдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
14 |
Пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілген деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы су қоймалары суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әрекет ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы шекті жол берілген шоғырлануы) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
15 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік органның талаптарына сәйкес пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымдастыру стандарты (техникалық шарттар), препараттық нысанның рецептурасы, пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) лицензиялық келісімнің көшірмесі ТМД елдерінде жјне Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
16 |
Пестицидтi (улы химикатты) өндіруге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты растайтын құжат (шетелдік пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін тұпнұсқа болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
17 |
пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
18 |
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
19 |
Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының үлгісі |
Комитетке қағаз жеткізгіште, портал арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде |
_______________________________
«Пестицидтердi (улы химикаттарды)
мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы | |||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi) |
|
|
|
2. Сапасы | |||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|
|
|
3. Қол жетiмдiлiк | |||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi | |||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|
|
|
5. Сыпайылық | |||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|
|
|
_____________________________________
16 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
08 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
15 10 2014
1 стр.
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
18 12 2014
1 стр.
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
25 12 2014
1 стр.
Сқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызметтің осы Регламенті
25 12 2014
1 стр.