ҚР Мемлекеттік Орталық музейі
Алматы қ,. «Самал-1», 44, те л./факс: 264-22-00
E-mail:[email protected]
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейіндегі
«Алматыдағы Мәдени Азиада-2011» фестивалі
Баспасөз хабарламасы
2011 жылдың 2 ақпанында, сағат 15.00-де
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде «Астана-Алматы – 2011» VII Қысқы Азиада Ойындарына орай «Керуен-Сарай» Орталық Азия қолданбалы өнерінің көрме-жәрмеңкесі ашылады
VII Қысқы Азиада Ойындары күндерінде, Азиадаға қатысушылар, алматылықтар және оңтүстік астана қонақтары музейге келіп, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның белгілі өнер иелері, халық шеберлері мен суретші-қолданбалы өнер өкілдерінің шығармашылық қызметінің жарқын акциясына, бірлескен қойылымына қатыса алады.
Сіздердің назарларыңызға ою-өрнекті, түрлі-түсті және технологиялық әр алуан сипаттар, олардың ұлттық, көркем мұралармен, шеберліктің бастау қайнарларымен және сабақтастығымен өзара байланыстылық үрдісі ұсынылады.
Түртудырушылық идеялардың тұтастықпен жинақталуы музейдің кеңістік ортасын безендіруде үйлесімді бейнеленген (авторы Молдағұл Нарымбетов).
Ауқымды тас мүсіндердің күңгірт тік нобайлары бабаларды құрметтеу наным –сенімімен, түркілік монументальды ескерткіші тарихымен тікелей байланысты.
Музейде орнатылған Әлем діңгегі рәмізі дүниенің барлық құрылымын біріктіреді, әлемнің өзегі, оның кіндігі және көлденең кеңістікті есептеу нүктесі қызметін атқарады.
Сіздің ағаш бұтақтарына байлайтын түрлі-түсті бауларыңыз ғаламдық күшке үн қату және тілектеріңіздің орындалуына игі себепкер болмақ.
Күн сайын акция бағдарламасында Орталық Азия мен Қазақстанның барлық аумақтарынан келген халық шеберлері өз жұмыстары туралы терең қатпарлы интерактивті ұғымдарды жете таныстырады. Мата, киіз, зергерлік, кестелік, тері және қыш бұйымдарын жасау тәсілдерінің барлық құпияларын ашады.
Музей қонақтарының тек шығармашылық жұмыстарды бақылап қана қоймай, кез-келген бір бұйымды дайындау мастер-класстарына қатысуға да мүмкіндіктері бар.
Сондай-ақ, шара аясында белгілі модельерлер - Балнұр Асанованың, Балхия Досанованың, Татьяна Воротникова мен Валентин Романенконың, қолөнершілер Күлән Жанғұттының, Элмира Шермұханбетованың, кәсіби суретші Сауле Бапанованың этникалық киім коллекцияларың фэшн-шоу қойылымы өткізіледі.
Сонымен қатар, «ЮНЕСКО Сапа белгісі» халықаралық конкурсы мен «Шебер-2010» қазақстандық конкурсының үздік бұйымдары көрмесі көрсетіледі.
Музей шаңырағының аясында алты күн бойы «Азияның халық аспаптары» концертінде дархан даланың ұлттық айшықты музыкасы шарықтап, әуелейтін болады.
Барлық өткізілетін акциялар – бұл өнерлерін Қазақстандағы үлкен спорттық оқиғаға арнаған Шығармашылықтың, Таланттардың думанды мерекесі.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Азиаданың мәдени өмірінің жарқын
оқиғаларына куә болуға шақырамыз!
Көрме-жәрмеңкенің өткізілетін уақыты – 2-6 ақпан, 9.30-нан - 18.00-ге дейін.
Шақыру билеті бар Азиадаға қатысушылар мен қонақтарға көрмеге кіру тегін.
Байланыс телефондарымыз: 264-46-50, 264-55-77