Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6


исх: 1152 от: 05.09.2012

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «5» қыркүйектегі

№ 1152 қаулысымен

бекітілген



«Радиоэлектрондық құралдар мен

жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекцияларымен (бұдан әрі – Инспекция) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының және «Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: www.mtс.gov.kz интернет ресурсына, сондай-ақ инспекцияларда орнатылған ақпараттық стенділерде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі осы cтандартқа 2, 3, 13-қосымшаларға сәйкес ресімделген РЭҚ және ЖЖҚ- пайдалануға рұқсат беру, не мемлекеттік қызметті ұсынудан қағаз тасығышта немесе электронды түрде www.elicense.kz интернет порталының «РЭҚ және ЖЖҚ-ны пайдалану» бөлімі арқылы дәлелді бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

а) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағындағы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 16 күнтізбелік күн;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру (тіркеу сәтінен бастап) – 16 күнтізбелік күннен аспайды;

в) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салуды берген сәттен бастап – 16 күнтізбелік күн;

2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген) кезде электрондық сұрау салуды қалыптастырған өтініш беруші берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты − 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең ұзақ рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



9. Мемлекеттік қызмет:

1) инспекцияларда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі;



2) www. elicense.kz порталында - тәулік бойы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетілген қызмет көрсету болмайды.

10. Инспекция ғимараттары:

1) физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пантустары бар кіретін есікпен;

2) құжаттарды қабылдау орындарының ақпараттық стенділермен жабтықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес ресімделген, белгіленген үлгідегі өтініш;

2) осы стандартқа 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 - қосымшаларына сәйкес радиобайланыстың тиісті нысаны белгіленген үлгідегі рәсімделген радиоэлектрондық құралдарға (бұдан әрі – РЭҚ), осы стандартың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделген жоғары жиілікті құрылғылар (бұдан әрі – ЖЖҚ) сауалнамасы;

3) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген РЭҚ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі (егер РЭҚ-қа санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы ресімдеу көзделген болса);



  1. Радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда, ал егер РЖС пайдалану үшін рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса аталған құжатты ұсыну талап етілмейді);

5) Электромагниттік үйлесімділік (бұдан әрі – ЭМҮ) қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда);

6) РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер РЭҚ және ЖЖҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (www.elicense.kz интернет ресурсы арқылы) алынған болса аталған құжатты ұсыну талап етілмейді).

12. Құжаттардың үлгілері Комитетте арнайы ақпараттық стенділерде және www.elicense.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Инспекциялардың кеңсесіне не болмаса www.elicense.kz интернет-ресурсына ұсынылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде Инспекция кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға өтініштің кіріс нөмірі мен қабылданған күні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ, www.elicense.kz ақпараттық жүйесінің интернет ресурсы арқылы қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға электрондық нысанда хабарламаны алады.

15. РЭҚ және ЖЖҚ-ны пайдалану рұқсатты мемлекеттік қызметті алушыға беруді тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхаттың негізінде Инспекция кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады, www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген хабарлама алады.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінім дұрыс рәсімделмеген жағдайда, Инспекция мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, екі күндік мерзімнен аспайтын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша береді.



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Инспекциялар қызметті мемлекеттік қызметті алушыларға әдептілік, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық және жан-жақты ақпаратты ұсыну, тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 14-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітеді.





5. Шағымдану тәртібі

 

20. Инспекция басшылары уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді. Инспекциялардың заңды мекенжайлары, телефондары, электрондық пошталары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, Есiл ауданы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7172) 74-03-24, не электрондық түрде - [email protected] мекенжайына.

Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде дұрыс қызмет көрсетпеу мәселелері бойынша шағым тұтынушылармен Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-ші үй, Министрліктер үйі әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № 767 кабинет, мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7172) 74-03-24, не электрондық түрде [email protected] мекенжайына.

Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағымды қабылдаған туралы құжат оның екінші нұсқасына немесе көшірмесіне болып табылады, оған шағымды қабылданғаны және шағымды қабылдап жатқан тұлғамен беріліп отырған шағымның қаралу барысын білуге болатын лауазымды тұлғаның мәліметтері мен оның қаралу мерзімі мен жауабын алатын жері туралы белгі қойылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көлделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.



26. Комитеттің сенім телефоны: 8 (7172) 74-03-24.



________________________

«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізімі





Инспекциялардың атауы

Инспекциялар мемлекттік мекемелерінің телефондары

инспекциялар мемлекттік мекемелерінің мекенжайы

1

1.


2

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы



3

8 (7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 а[email protected]



4

010000, Астана қаласы,

Сарайшық

көшесі, 9,

«Авиценна» ТК, «Ж» блогы


2.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-99 almaty@mtc.gov. kz

050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108,

410-кабинет



3.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7132) 520340, 520721

aktybinsk@ mtc. gov. kz.

030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62



1

2

3

4

4

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7122) 270042, 271615

atyray@ mtc.gov.kz



060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201,

221-кабинет



5

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7212) 437010, 437024

karaganda@ mtc.gov.kz

100000,

Қарағанды қаласы,

Ермеков көшесі, 73/А,

302-кеңсе



6

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7182) 323549, 327280, 540338

pavlodar.@mtc. gov. kz

140000, Павлодар қаласы,

Сәтпаев көшесі, 50



7

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7142) 535185, 535074, 503026 kostanay@ mtc. gov. kz

110000,

Қостанай қаласы,

Темірбаев көшесі, 14

58-59-пәтерлер



8

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (72422) 70953 78853ф 77548 kyzylorda@ mtc. gov. kz

120000,

Қызылорда қаласы,

Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер




1

2

3

4

9

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7262) 450960, 434224 zhambyl@mtc .gov.kz

080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138

10

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7292) 313344, 429911

mangistau@mtc.gov. kz

130000, Ақтау қаласы,

9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер



11

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7112) 503877, 244974, 513865 zko@ mtc.gov.kz

090000, Орал қаласы, Еуразия даң., 100,


12

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7252) 540100, 534952, 211391

[email protected]



160000,

Шымкент қаласы,

Тәуке хан даңғылы, 35


13

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7152) 490080, 50-00-29

sko@ mtc.gov.kz



150000,

Петропавл қаласы,

М.Жұмабаев көшесі, 109,

7-қабат




1

2

3

4

14

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mtc.gov. kz


070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19



8 (7222) 560499


071400,

Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107



_______________________

«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің бланкісі
Э-ААА/ВВВВВВ* РЭҚ пайдалану құқығына

РҰҚСАТ


Иеленуші







Байланыс түрі






















Радиоэлектрондық құралдың (бұдан әрі – РЭҚ) үлгісі



РЭҚ зауыттық нөмірі







Қабылдау жиілігі (-тері), МГц

Тарату жиілігі (-тері), МГц







Облыс

Қуаты, Вт







Аудан

Жұмыс кестесі**

(ҰҚТ және ҚТ үшін)





















Пункт



























Орнатылған жері




Координаттары**

(ДҰҚ және ҰТ үшін)
























Сәуле шығару класы




Хабар тарату бағдарламасы**

(РТ және ТВ үшін)











Антенна диаметрі**

(Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары үшін)






Арна нөмірі** (ТВ үшін)






















Шақыру** (ҚТ, ҰҚТ үшін)












Берілген күні:




Қолданылу мерзімі:







Ескертпе. Рұқсатта көрсетілмеген техникалық өлшемдер РЭҚ деректеріне және РЭҚ пайдалануға рұқсатта сауалнамаға толығымен сәйкес келуі керек. Кез келген параметрлер өзгертілген жағдайда, уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде қайта тіркеу талап етіледі.



Бастық М.О.

__________________________ ______________________________

(қолы)





* - ААА – Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлу коды;

ВВВВВВ – РЭҚ пайдалануға рұқсаттың реттік нөмірі;

** - аталған позициялар жақшада көрсетілген байланыс түрлері үшін ғана толтырылады.

РЭҚ пайдалану құқығына рұқсаттың келесі жағы
Рұқсаттың қолданылу шарттары:

1. РЭҚ пайдалануға рұқсат келесі жылдың 25 наурызына дейін беріледі.

2. РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсаты ұзарту жыл сайын 25 наурызға дейін олардың орнатылған орны бойынша жүргізіледі.

3. Техникалық параметрлер, РЭҚ орнатылған орны өзгертілген жағдайда, РЭҚ иесіне заңнамада белгіленген тәртіппен РЭҚ пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуі қажет.

4. РЭҚ барлық параметрлері Қазақстан Республикасының белгіленген нормалары мен стандарттарына сәйкес келуі қажет.

Условия действия Разрешения:

1. Разрешение на эксплуатацию РЭС выдается до 25 марта следующего года.

2. Продление разрешения на эксплуатацию осуществляется ежегодно по месту установки РЭС (ВЧУ) до 25 марта.

3. В случае изменения технических параметров, места установки РЭС, владельцу РЭС необходимо переоформить разрешение на эксплуатацию РЭС в установленном порядке.

4. Все параметры РЭС должны соответствовать установленным нормам и стандартам Республики Казахстан.

Рұқсаттың мерзімі ұзартылды:

Срок действия Разрешения продлен:

20____ж. / г. « » __________________ дейін / до ____________ М.О. / М.П.

(қолы / подпись)
20____ж. / г. « » __________________ дейін / до ____________ М.О. / М.П.

(қолы / подпись)


20____ж. / г. « » __________________ дейін / до ____________ М.О. / М.П.

(қолы / подпись)


20____ж. / г. « » __________________ дейін / до ____________ М.О. / М.П.

(қолы / подпись)


20____ж. / г. « » __________________ дейін / до ____________ М.О. / М.П.

(қолы / подпись)


_____________________________

«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша



Жылжымалы радиостанцияны пайдалану құқығына

РҰҚСАТ


уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі


РҰҚСАТ № СПС/ТР-AAA/BBBBBB* 


_________________ қаласы және/немесе ______________ облыс аумағында жылжымалы радиостанцияны пайдалану құқығына

Радиобайланыс түрі: ______________________________

Оператор:

Иеленуші: _______________________________

РЭҚ үлгісі: ____________________________

Зауыттық нөмірі: _____________________________



автокөлік үлгісі және мемлекеттік №: _______________________________
Қабылдау жиілігі, МГц: _________________________

Тарату жиілігі, МГц: __________________________


Шақыру: _______ Қуаты, Вт
Берілген күні: ___________ Қолданылу мерзімі:
Ескертпе: Рұқсат радиостанциямен бірге сақталуы керек және ҚР БАМ және ҚР ІІМ лауазымды тұлғаларының талабы бойынша ұсынылуы қажет.

Бастық ________________ _______________________

МО (қолы)

Ескертпе:

* - ААА - Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлу коды;

ВВВВВВ - РЭҚ (жылжымалы радиостанцияны) пайдалануға рұқсаттаманың реттік нөмірі.

РЭҚ пайдалануға рұқсаттың келесі беті

Рұқсаттың қолданылу талаптары:

  1. РЭҚ пайдалануға рұқсат келесі жылдың 25 наурызына дейін беріледі.




  1. РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсатты ұзарту жыл сайын 25 наурызға дейін олардың орнатылған орны бойынша жүргізіледі.




  1. Техникалық параметрлер, РЭҚ орнатылған орны өзгертілген жағдайда, РЭҚ иесіне заңнамамен белгіленген тәртіпте РЭҚ-ды пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуі қажет.

4. РЭҚ барлық параметрлері Қазақстан Республикасының белгіленген нормалары мен стандарттарына сәйкес келуі қажет.





Ескертпе: Рұқсат радиостанциямен бірге сақталуы керек және ҚР БАМ және ҚР ІІМ лауазымды тұлғаларының талабы бойынша ұсынылуы қажет.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі ұзартылды:

20__ж. «__» ___________ дейін ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________

М.О. (қолы)

20__ж. «__» ___________ дейін ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________ М.О. (қолы)


20__ж. «__» ___________ дейін ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________ М.О. (қолы)
20__ж. «__» ___________ дейін ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________ М.О. (қолы)
20__ж. «__» ___________ дейін ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________ М.О. (қолы)

_________________________


«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша


Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне
____________________________________________________________________________________________

( заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның толық атауы Т.А.Ә.)




следующая страница>


«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру»
183.76kb.

25 12 2014
1 стр.


«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Инспекциялардың мекенжайлары осы стан

728.95kb.

02 10 2014
6 стр.


«Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемелекеттік қызметін алу бойынша

Бұдан кейін тиісті терезеде тіркелу кезінде көрсетілген парольді енгізіп, деректерді растаңыз

52.57kb.

25 12 2014
1 стр.


«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу»

РЭҚ және жжқ) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұд

265.27kb.

02 10 2014
1 стр.


«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ал

55.63kb.

25 12 2014
1 стр.


«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары негізінде көрсетіледі

507.8kb.

25 12 2014
1 стр.


«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары негізінде көрсетіледі

456.78kb.

15 10 2014
1 стр.


«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары негізінде көрсетіледі

479.88kb.

12 10 2014
1 стр.