Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданы әкімдігінің


2012 жылғы 03 қыркүйектегі № 320

қаулысымен бекiтiлдi



«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы Регламентқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарының ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi - ЖАО) ұсынады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы, 2-тармағының 20) тармақшасы, 10-1-бабы 12) тармақшасы және 35-бабы 2-тармағы;

2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының негiзiнде көрсетiледi;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызметтi көрсету регламенті (бұдан әрi - регламент) мекенжайлары осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген ЖАО-нің Интернет-ресурсында және ЖАО үй-жайларында iлiнген стендтерде орналасқан.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзiндi беру) мерзiмi, жануарға жеке нөмiр берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн iшiнде;

2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесi жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтiнiш берген күнiнен бастап - 10 (он) жұмыс күн iшiнде;

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

4) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiн беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша анықталған бланктiң құнын төлейдi.

Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:

1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.

9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi
10. Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжатты бередi. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болуы қажет.

Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы:

1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;

2) жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса бередi.

11. Өтiнiш осы регламенттың 10-тармағының ережелерiн ескере отырып, еркiн нысанда толтырылады.

12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне жүгiнедi.

Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне өтiнiш жасайда.

13. Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезiнде, тұтынушыға қажеттi құжаттар өткiзгенiн растайтын құжат қажет емес.

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн жүгiнген кезде, тұтынушының өтiнiшi тiркеу журналына тiркелiп, мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға күнi мен уақыты, мерзiмi және орны көрсетiлген талон берiледi.

14. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) жануар иесiнiң жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға, жануардың берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.

16. Тұтынушының мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген сәтінен бастап мемлкеттік қызмет алу және мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:



ЖАО-ға ветеринарлық паспорт алу үшін өтініш берген кезде:

  1. Тұтынушы ветеринарлық паспорт алу үшін ЖАО жүгінеді;

  2. ЖАО ветдәрігері қажетті құжаттарды қабылдайды;

  3. ЖАО ветдәрігері ветеинарлық паспортты толтырады, мөр басады,

өтінішті журналға тіркейді, қол қояды;

  1. Тұтынушыға ветеринарлық паспорт береді немесе мемлекеттік қызмет

көрсетуден бас тарту бойынша дәлелді жауап береді.

ЖАО жануардың ветеринарлық паспортының телнұсқасын (жануардың ветеринарлық паспортынан үзінді) алу үшін жүгінген кезде:

1)тұтынушы ЖАО жануардың ветеринарлық паспортының телнұсқасын (жануардың ветеринарлық құжатының үзіндісін) алу үшін өтініш береді;

2) ЖАО ветдәрігері қажетті құжаттарды қабылдайды, тұтынушының өтінішін журналға тіркейді, тұтынушының мемлекеттік қызмет алатын күні және уақыты, мерзімі және алатын орны көрсетілген талон береді және ЖАО әкімініе өтінішті қарау үшін береді;

3) ЖАО әкімі өтінішті және құжаттарды қарайды, ұйғарымын жазады және ЖАО ветдәрігеріне орындау үшін береді;

4) ЖАО ветдәрігері жануардың ветеринарлық паспортының телнұсқасын (жануардың ветернарлық паспортының үзіндісін) толтырады, мөр басады, қол қояды;

5) тұтынушыға ветеринарлық паспорттың телнұсқасын (жануардың ветеринарлық паспортының үзіндісі) береді.



3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi
iс-әрекеттер (өзара әрекеттестiк) тәртiбi
17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық- функционалдық бiрлiктер (одан әрi - ҚФБ) қатысады:

ЖАО ветдәрiгерi;

ЖАО әкімі

18.Әрбір ҚФБ әкімшілік iс-әрекетiнiң (үдерісінің) реті және өзара қарым-қатынас сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімін көрсете отырып осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

19. Iс-әрекеттiң және ҚФБ-iнiң логикалық ретi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатындар ЖАО ветеринарлық дәрігері, ЖАО әкімі. Болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жауапты тұлғалар мемлекеттік қыметтің көрсету сапасына және тиімділігіне, сондай-ақ олардың қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілген мерзімде іске асыруына жауапты.

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне

1-қосымша       

     «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк
мекемелердiң тiзбесі



р/с

Мемлекеттік мекеменің атауы

Мекен жайы

Байланыс деректерi

1.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Андреев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Андреев селосы

тел: 8 (71535) 34-1-80,

факс: 34-1-80

E-mail: andreev-gm.sko.kz


2.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Бірлік ауылы

тел: 8 (71535) 29-0-50,

факс: 29-1-24

E-mail: birlik-gm.sko.kz


3.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Возвышен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Возвышен селосы

тел: 8 (71535) 52-4-09,

факс: 52-4-69

E-mail: vozvyshenka-gm.sko.kz


4.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Гаршин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Гаршин селосы

тел: 8 (71535) 42-6-21,

факс: 42-6-21

E-mail: garchinka-gm.sko.kz


5.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Дружбин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Дружба селосы

тел: 8 (71535) 28-6-60,

факс: 28-5-38

E-mail: druzhbinka-gm.sko.kz


6.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Қырымбет селосы

тел: 8 (71535) 52-8-73

факс: 52-7-93

E-mail: kyrymbet-gm.sko.kz


7.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қоқалажар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы , Қоқалажар ауылы

тел: 8 (71535) 53-3-26

факс: 53-2-40

E-mail: kokalazhar-gm.sko.kz


8.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломонсов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Ломоносов селосы

тел: 8 (71535) 52-1-21

факс: 52-1-69

E-mail: lomonosov-gm.sko.kz


9.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Нежин селосы

тел: 8 (71535) 28-4-55

факс: 28-2-10

E-mail: nezhinka-gm.sko.kz


10.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новосель селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоселов селосы

тел: 8 (71535) 28-9-69

факс: 27-7-33

E-mail: novoselsk-gm.sko.kz


11.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы

тел: 8 (71535) 22-1-91

факс: 21-6-38

E-mail: novoishimsk-gm.sko.kz


12.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Рузаев селосы

тел: 8 (71535) 31-2-35

факс: 31-1-49

E-mail: ruzaevo-gm.sko.kz


13.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Салқынкөл ауылы

тел: 8 (71535) 52-7-37

факс: 52-7-37

E-mail: salkynkol-gm.sko.kz


14.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Тахтаброд селосы

тел: 8 (71535) 43-1-23

факс: 43-1-23

E-mail: tahtabrod-gm.sko.kz


15.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсурепов атындағы ауданы, Чистопол селосы

тел: 8 (71535) 41-8-51

факс: 41-7-45

E-mail: chistopol-gm.sko.kz


16.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Червонный селосы

тел: 8 (71535) 27-5-85

факс: 27-5-85

E-mail: chervonny-gm.sko.kz


17.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шоптыкөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шоптыкөл селосы

тел: 8 (71535) 45-2-32

факс: 45-2-61

E-mail: shoptykol-gm.sko.kz


18.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шұқыркөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шұқыркөл селосы

тел: 8 (71535) 51-8-07

факс: 53-4-79

E-mail: shukyrkol-gm.sko.kz

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» 


мемлекеттiк қызметiнiң   регламентiне   
2-қосымша
1-кесте. Тұтынушының жануарға ветеринариялық паспорт алу
үшiн жүгiнген кездегi құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң
(бұдан әрi - ҚФБ) iс-әрекеттер сипаттамасы



Негiзгi үдерiстiң әрекетi (барысы, жұмысы)

р/с

әрекет № (барысы, жұмысы)

1

2

3

1

ҚФБ атауы

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

2

Әрекет атауы (үдерiстiң, процедураның, операцияның) және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды

Жануарға ветеринариялық паспортты толтырады, мөр қояды не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту тура-лы дәлелдi жауап дайындайды, дайын құжаттарға қол қояды

Жануарға ветеринариялық паспортты не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi

3

Аяқталу формасы (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдiк шешiмi)

Өтiнiштi тiркеу

Жануарға ветеринариялық паспорт не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

Жануарға ветеринариялық паспорт не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

4

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

1  жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

5

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2

3





2-кесте. Тұтынушының жануарға ветеринариялық паспорттың
телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi)
алу үшiн жүгiнген кездегi құрылымдық-функционалдық
бiрлiктердiң (бұдан әрi - ҚФБ) iс-әрекеттер сипаттамасы


Негiзгi үдерiстiң әрекетi (барысы, жұмысы)

№ р/с

әрекет  № (барысы, жұмысы)

1

2

3

4

1

ҚФБ атауы

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

ЖАО-ның әкiмi

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

2

Әрекет атауы (үдерiстiң, процедураның, операцияның) және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды

Түскен құжаттарды қарайды

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндiнi) толтырады, мөр қояды, қол қояды

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндiнi) бередi

3

Аяқталу формасы
(мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдiк шешiмi)

Өтiнiштi тiркеу

Бұрыштама

Жануарға ветеринариялық паспорт не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi)

4

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күнi

7 жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

5

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2

3

4



«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»


мемлекеттiк қызмет регламентiне   
3-қосымша
          

Тұтынушының жануарға ветеринариялық паспорт алу үшiн
жүгiнген кезде «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттiк қызметтi ұсыну үдерiсiнiң 1-сызбасы



Тұтынушының жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшiн
жүгiнген кезде «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттiк қызметтi ұсыну үдерiсiнiң 2-сызбасы



Регламенті Жалпы ережелер «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) осы Регламентқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша селолық (ауылдық) округтер әк

152.66kb.

17 12 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесі түсініктер пайдаланылады

110.82kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 1-тармағының 16 тармақшасының, 2-тармағының 20 тармақшасының, 10-1-бабының 12 тармақшасының ж

470.94kb.

14 12 2014
1 стр.


«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарға ветеринариялық паспорт беру»

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 16 тармақшасының, 2-тармағының 20 тармақшасының, 10-1-бабының 12 тармақшасының ж

306.74kb.

14 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде мынадай түсініктер пайдаланылады

109.38kb.

15 10 2014
1 стр.


«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»

Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады

642.38kb.

09 10 2014
4 стр.


"Ветеринариялық анықтама беру" және "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызметтерiнiң регламенттерiн бекiту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 13 маусымдағы №188 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 4 шiлдеде №2090 тiркелдi

558.74kb.

16 12 2014
3 стр.


Регламентi Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтаманы беру»

Селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарының ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi ветдәрігер) ұсынады

119.94kb.

17 12 2014
1 стр.