Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «____» _________

№____ қаулысымен бекітілді

«Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызметтер регламенті

1. Негізгі түсініктер
1. Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі - Регламент) регламентінде келесі негізгі түсініктер қолданылады:

1) мемлекеттік қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініштерін іске асыратын және жеке сипатты ұтанатын, жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылып, мемлекеттік органдардың жеке функцияларын жүзеге асыру формаларының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және басқа жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

2) мекенжай – келесі элементтерді қамтитын жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасуының сипаттамасы: облыс, облыстық маңызы бар қала, аудан, округ, елді мекен, геоним, жылжымайтын мүліктің бірінші объектісі, жылжымайтын мүліктің екінші объектісі (болған жағдайда);

3) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (МТАЖ) - мекенжайлар туралы мәліметтерді және олардың құрамдас бөліктерін құруға, жинақтауға, өңдеуге және Қазақстан Республикасы мекенжай алаңдарын сәйкестендіру үшін арналған ақпараттық-бағдарламалық кешен.


2. Жалпы ережелер
2. Осы регламент «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы №12/16 қаулысымен бекітілген Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер тағайындауға талаптар белгілеуде елді мекендердің құрамдық бөліктеріне атаулар және қайта атау тағайындау ережесі, Қазақстан Республикасының құрылыс және түрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы №278 және Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №378 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөніндегі анықтама беру туралы» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы туралы анықтаманы қағаз түрінде немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Бөлімнен алуға болады, мекенжай және жұмыс кестесі осы Регламенттегі 1 қосымшада көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) осы регламенттің 15 тармағында қарастырылған құжаттар тапсыру кезінен бастап:

жылжымайтын мүлік мекенжайын анықтау барысында – 3 (үш) (құжаттарды қабылдау және беру мемлекеттік қызмет көрсетуге жатпайды) жұмыс күн ішінде;

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тағайындау, өзгерту және тарату барысында, жылжымайтын мүлік объектісі бар орынға шығып және мекенжайдың тіркелімдік кодын көрсетіп, «Мекенжай тіркелімі» (МТАЖ) ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркелуі - 7 (жеті) (құжаттарды қабылдау және беру мемлекеттік қызмет көрсетуге жатпайды) жұмыс күн ішінде.

Электрондық сұрау салуды беру қарастырылмаған.

2) құжаттар тапсыру барысында кезекте күтуге жіберілетін уақыт – 20 минуттан көп емес;

3) тұтынушы өтініш берген күнгі орында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуге жіберілетін уақыт 20 минуттан көп емес;

4) құжаттарды алу барысында кезекте күтуге жіберілетін уақыт – 20 минуттан көп емес.

9. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылатындар:

1) осы регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбау;

2) құжаттарды ресімдеу барысында қателерді анықтау барысында.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттар алу кезінен бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру кезіне дейін:

1) тұтынушы құжаттарын Бөлімнің канцелярия маманына ұсынады;

2) Бөлім канцеляриясының маманы олардың одан әрі тіркелуін жүргізеді;

3) Бөлім бастығы материалдарды бөлімнің тиісті маманына жібереді;

4) бөлім маманы тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастырады;

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тағайындау, өзгерту және тарату барысында бөлім маманы оның МТАЖ міндетті түрде тіркелуімен жылжымайтын мүлік объектісі бар орынға шығуды іске асырады;

5) бөлім маманы белгіленген үлгімен сұралған анықтаманы дайындайды;

6) бөлім бастығы дайындалған анықтаманы тексеріп, дұрыс болған жағдайда қол қояды.

12. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір-бірден маманды құрайды.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Бөлімге құжаттарды қабылдау Бөлім маманы арқылы іске асырылады. Құжаттар пакетін қабылдау барысында маман көшірменің түпнұсқамен сәйкестігін тексереді және түннұсқаны өтінішкерге қайтарады.

14. Тұтынушыға

1) өтінішті қабылдау күні және нөмірі;

2) сұралған мемлекеттік қызмет түрі;

3) берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;

6) өтінішкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

жылжымайтын мүлік мекенжайын анықтау үшін:

1) еркін түрдегі өтініш;

2) көшірмелер: тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің (заңды тұлғалар үшін) тіркелім нөмірі, норма 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды.

Құжаттар деректері:

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілеуші құжаттар; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтініш өкілмен тапсырылған жағдайда);

4) тұтынушының жеке басын куәландыратын (тұтынушының – жеке тұлғаның уәкілетті өтінішкері).

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тағайындау, өзгерту және тарату үшін:

1) еркін түрдегі өтініш;

2) әкімдік қаулысының көшірмесі немесе әкімдіктің шешімі (жобалау, салу);

3) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт көшірмесі;

4) елді мекен сәулетшісімен келісіліп, блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі және нөмірі көрсетілген гараж кооперативтері (баубақшалық серіктестік) жер учаскелерінің бас жоспары;

5) кооператив мүшелерінің тізімін қоса берілген, мүшелікті растау туралы кооператив төрағасынан анықтама (гараждар және саяжайлар үшін), жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатынан қорытынды (қажет болған жағдайда);

6) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда).

Құжаттар деректері:

7) тұтынушының жеке басын куәландыратын (тұтынушының – жеке тұлғаның уәкілетті өтінішкері);

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілеуші құжаттар;

9) тұтынушының мүдделерін үшінші тұлғамен ұсыну барысында нотариалды куәландырылған сенімхат;

Көрсетілген құжаттардан басқа жылжымайтын мүлік объектісінен байланысты басқа құжаттар берілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызмет Бөлімде көрсетіледі.

16. Тұтынушымен ұсынылған мәліметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бөлім ұсынатын мәліметтерді қарастыратын жағдайлардан басқасы құпия болып табылады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі ҚФБ қатыстырылған:

1) Бөлім басшысы;

2) Бөлім маманы;

18. Әрбір әкімшілік әрекеттерлі (ресімдер) орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ әкімшілік әрекеттердің (ресімдер) тізбектілігінің және өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.



5. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауап береді.

«Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1 Қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті

органдардың мекенжайлары және жұмыс кестесі


Уәкілетті органдардың атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

«Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды,

Бейбітшілік бульвары,39



Қабылдау күні:

Апта сайын ,

Дүйсенбі және бейсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 13.00- ге дейін

Жұмыс күндері:

Сағ. 9.00 –ден сағ. 18.00-ге дейін , үзілісі сағ. 13.00-ден

Сағ.14.00-ге дейін

Демалыс күндері:

Сенбі және жексенбі



8-7212-42-56-50

8-7212-42-12-65


«Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне



2 Қосымша

Әр ҚФБ әкімшілікшілік әрекеттердің (ресімдердің) тізбектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте сипаттамасы
1 Кесте. СФЕ әрекетінің сипаттамасы.


1

N әрекеті (барысы,жұмыс ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Бөлім маманы

Бөлім басшысы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

Бөлім маманы

3

Әрекеттер атауы (процестердің, ресімдердің, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Тұтынушы бөлім канцеляриясының маманына құжаттарды ұсынады, онда оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі

Орындаушыны анықтау

Бөлім маманы тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қарастырады.

Бөлім маманы қажет болған жағдайда оның МТАЖ міндетті түрде тіркелуімен объект бар орынға шығуды іске асырады

Бөлім маманы белгіленген үлгіде сұралған анықтаманы дайындайды

Бөлім басшысы дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда қол қояды

Тұтынушыға дайын анықтаманы қолхат негізінде беру

4

Аяқталу түрі (деректер, құжат, ұйымдық-иеленушілік шешім)

Құжаттар

резолюция




МТАЖ жазылу

Анықтама

анықтама

анықтама

5

Орындау мерзімі

Өтініш берген күні

Өтініштен кейінгі келесі жұмыс күні

Құжаттар ұсынылғаннан кейін

Құжаттарды ұсынғаннан кейін

Мекенжай тағайындау, өзгерту және тарату барысында - 7 (жеті) жұмыс күн ішінде

Мекенжайды анықтау барысында – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; Мекенжай тағайындау, өзгерту және тарату барысында - 7 (жеті) жұмыс күн ішінде

Қолхатта көрсетілген мерзім

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

2, 3,4,5

3,4,5

4

5,6

7



2 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.




Бөлім маманы

Бөлім басшысы

N 1 Әрекет

Тұтынушы Бөлім маманына құжаттарды ұсынады



N 3 әрекет

Орындаушыны анытау



N 2 Әрекет

Бөлім басшысы бөлімнің тиісті маманына өтінімді жібереді



N 7 әрекет

Дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда қол қояды



N 4 әрекет

Ұсынған құжаттарды қарастырады






N 5 әрекет

Қажет болған жағдайда МТАЖ міндетті түрде тіркелумен объект бар орынға шығу іске асырылады






N 6 әрекет

Белгіленген үлгіде сұралған анықтаманы дайындайды






N 8 әрекет

Тұтынушыға дайын анықтаманы қолхат негізінде беру






3 Кесте. Пайдалану нұсқалары. Альтернативті процесс.




Орталық маманы

Бөлім басшысы

1 нұсқа

N 1 Әрекет

Тұтынушы бөлім канцеляриясының маманына құжаттарды ұсынып, оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі



N 6 әрекет

СЖТ беруге уәжделген рұқсат бермеуге қол қою



N 2 Әрекет

Тұтынушымен құжаттар пакеті толық тапсырылмаған жағдайда Бөлім маманымен жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беруге құжаттарды қабылдаудан бас тартатын болады






2 нұсқа

N 1 әрекет

Тұтынушы Бөлім маманына құжаттарды ұсынады



N 3 әрекет

Орындаушыны анықтау



N 2 әрекет

Канцелярия маманымен оларды одан әрі тіркеу жүргізіледі



N 5 әрекет

Құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда қайтару себептері жазбаша хабарламаны тұтынушыға қайтарады



N 4 әрекет

Ұсынылған құжаттарды қарастырады






«Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 3 Қосымша


Мемлекеттік қызмет және ҚФБ көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты ккөрсететін сызба
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі (жұмыс ағымының барысы)

Бөлім маманы

Бөлім басшысы


Тұтынушы құжаттарды ұсынады




Ұсынылған құжаттарды қарастырады




Тұтынушымен құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда Бөлім маманымен жетіспейтін құжаттарды көрсетіп құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.




Қажет болған жағдайда МТАЖ міндетті түрде тіркелумен объект бар орынға шығу іске асырылады




белгіленген үлгіде сұралған анықтаманы дайындайды




Тұтынушыға дайын анықтаманы қолхат негізінде беру




Тұтынушыны ақпараттандырады және қайтару себептері туралы Бөлімнің жазбаша хатын береді




Дайындалған құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда оларға қол қояды

Орындаушыны анықтау

Бөлімге түскен құжаттарды ресімдеудегі қателіктер анықталған жағдайда оларды қабылдамау себебі көрсетілген жазбаша негіздерімен қайтарылады.

Регламенті Негізгі түсініктер > Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

Осы «Қарағанды қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі Регламент) регламентінде келесі негіз

135.04kb.

16 12 2014
1 стр.


Регламент «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

Бұл регламент «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» (әрі қарай-регламент) жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайы

222.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Алматы облысы әкімінің 2012 жылғы «13»желтоқсан

Осы "Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру" жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi-Регламент) келесi ұғымдар қолданады

163.38kb.

15 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Ысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының қўрылы

874.92kb.

16 12 2014
4 стр.


«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Ысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылы

1405.28kb.

16 12 2014
6 стр.


«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2 тарма

2608.94kb.

25 12 2014
18 стр.


«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2 тарма

1141.49kb.

13 10 2014
9 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»

Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады

104.62kb.

25 12 2014
1 стр.