Перейти на главную страницу
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-4-бабының 2) тармақшасына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
_____________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы «__» __________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсандағы
№ 321қаулысымен
бекітілген
1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) және www.e.gov.kz мекенжайы бойынша «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын).
4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮП);
2) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЖТ МДБ) – ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды біртұтас сәйкестендіруді енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;
3) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЗТ МДБ)– ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, біріккен жеке кәсіпкерліктің филиалдарын, өкілдіктерін және субъектілерін біртұтас сәйкестендіруді енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзгеде субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;
4) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі/ Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет шлюзінің кіші жүйесі ретіндегі өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі, жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орыны бөлігінде;
5) БСАЖ АЖ – «Біріккен салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі;
6) халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістеріне қатысатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтері және электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;
7) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – аппараттық - бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және ұсынуға арналған жүйе;
8) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
9) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
10) пайдаланушы (мемлекеттік қызметті алушы) – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
14) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрі - АКҚҚ) – оның мазмұнын жасыру және/немесе нақтылығын (нақтылық ақпараттың дұрыстығын белгілеу мәнінде беріліп отыр және алынған ақпараттың бұрмаланбай берілгенін білдіреді) қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдері мен әдістері;
15) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
16) электрондық анықтама (бұдан әрі – е-анықтама) – шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама;
17) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
18) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі –ЭҮӨШ) - қызмет берушінің ішкі жүйелері/кіші жүйелері арасындағы және электрондық қызмет берушінің электрондық қызмет көрсету үрдісіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара ақпараттық іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
19) ҰКО АЖ - ұлттық куәләндыру орталығының ақпараттық жүйесі.
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара функционалдық іс-әрекеттің диаграммасы) адымдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 1 қосымшасында келтірілген:
1) мемлекеттік қызметті алушы ЭҮП-да тіркелуді ЖИН/БСН және парольдің көмегімен жүзеге асырады (ҮЭП-да тіркелмеген мемлекеттік қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдерiс – мемлекеттік электрондық қызметті алуы үшін мемлекеттік қызметті алушының ЭҮП–ға ЖСН/БСН және парольді енгізу үдерісі (авторластыру үдерісі);
3) 1-шарт - ЭҮП-да ЖИН/БСН және пароль арқылы тіркелген мемлекеттік қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-үдерiс – мемлекеттік қызметті алушының деректерінде талап бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламасын қалыптастыру;
5) 3-үдерiс – мемлекеттік қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және мемлекеттік қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу және жеке тұлғалар үшін, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеуі), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының сұрау салуға қол қою үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
6) 4-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді және жеке тұлғалар үшін тіркелген кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын сканерленген құжатты) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) 2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және ЭҮП-дағы шақыртылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
8) 5-үдерiс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдерiс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжатты (мемлекеттік қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
10) 7-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін (Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама, немесе шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудан дәлелді бас тарту) қалыптастыруы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және ЭҮП жеке кабинетке беріледі.
7. Қызмет берушінің ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі (өзара функционалдық іс-әрекеттің диаграммасы) адымдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО операторын ХҚКО АЖ-да авторластыру үдерісі;
2) 1-шарт - ХҚКО АЖ-да логин және пароль, немесе ЭЦҚ арқылы тіркелген оператор туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-үдерiс – ХҚКО операторы деректерінде талап бұзушылықтардың бар болуына байланысты оны ХҚКО АЖ-да авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдерiс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу және жеке тұлғалар үшін, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу);
5) 4-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді және жеке тұлғалар үшін тіркелген кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын сканерленген құжатты) ХҚКО операторының ЭЦҚ арқылы қол қоюы және оператордың одан әрі қарайғы әрекеттері туралы ақпарат алу;
6) 2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және ХҚКО АЖ-да шақыртылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
7) 5-үдерiс – оператордың ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
8) 6-үдерiс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжатты (мемлекеттік қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
9) 7-үдерiс - қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін (Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама, немесе шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудан дәлелді бас тарту) қалыптастыруы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және ХҚКО АЖ беріледі;
10) 8-үдерiс – ХҚКО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін – Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы мемлекеттік қызметті алушыға қолма қол беруі немесе мемлекеттік қызметті алушының электронды мекенжайына жіберуі немесе шетелдік мерзімдік басылымды есепке алудан бас тартуы.
8. Қызмет берушінің ЖАО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі (өзара функционалдық іс-әрекеттің диаграммасы) адымдық іс-әрекеттері мен шешімдері осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген:
1) қызмет берушінің қызметкері ЖСН және парольдің көмегімен
ЖАО АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үдерiс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЖАО АЖ-ға ЖСН және парольді енгізуі (авторластыру үдерісі);
3) 1-шарт - ЖАО АЖ-да ЖСН және пароль арқылы тіркелген қызмет беруші қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде талап бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы ЖАО АЖ хабарламасын қалыптастыру;
5) 3-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу және жеке тұлғалар үшін, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу);
6) 4-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді және жеке тұлғалар үшін тіркелген кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын сканерленген құжатты) қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) 2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және ХҚО АЖ-да шақыртылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
8) 5-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
10) 7-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін - Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы қалыптастыруы немесе шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудан дәлелді бас тартуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ пайдаланып қалыптастырылады.
11) 8-үдерiс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін - Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы мемлекеттік қызметті алушыға қолма қол беруі немесе мемлекеттік қызметті алушының электронды мекенжайына жіберуі немесе шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудан дәлелді бас тартуы.
9. Мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу мен жауапты толтырудың экрандық нысаны осы Регламенттің 4 қосымшасында келтірілген.
10. Алушы электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салудың орындалу мәртебесін «электронды үкімет» порталының «Қызметтер алудың тарихы» бөлімінен немесе ХҚКО жүгіну арқылы тексере алады.
11. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты ЭҮП саll – орталығының: (1414) телефоны бойынша алуға болады.
ХҚКО операторы;
Қызмет беруші қызметкері;
ЭҮП;
ЖТ МБД;
БСАҚ АЖ;
ЖАО АЖ;
14. Сипаттамаларына сәйкес, іс-қимылдың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерiсінде) қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің 1, 2, 3 қосымшаларында келтірілген.
15. Регламенттің 6 қосымшасында соларға сәйкес электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілуі тиіс үлгілер келтірілген.
16. Мемлекеттік қызметті алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 7 қосымшасына сәйкес, сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
17. Мемлекеттік қызметті алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерiсіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау);
4) сақтау (ақпарат пен ресурстарды заңсыз жоюдан қорғау).
18. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) е-анықтама берілетін тұлғада ЖСН болуы;
3) ЭҮП, ХҚКО АЖ авторластыру;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы.
1 қосымша ЭҮП ҰКО АЖ ЖАО АЖ ЭҮП ҰКО АЖ ҰКО АЖ ЭҮП ЖАО АЖ Ақпараттық ЭҮП орта |
Сұрау салу Бас тарту Бас тарту
Мемлекеттік қызметті алушы |
«Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша ХҚКО АЖ ХҚКО АЖ ЖАО АЖ ҰКО АЖ ҰКО АЖ ЖАО АЖ
ЖАО АЖ ХҚКО АЖ ҰКО АЖ Ақпараттық ХҚКО АЖ орта |
Сұрау салу Бас тарту Бас тарту
Мемлекеттік қызметті алушы |
3 қосымша
Ақпараттық ҰКО АЖ ЖАО АЖ ЖАО АЖ ҰКО АЖ ЖАО АЖ ЖАО АЖ ҰКО АЖ ЖАО АЖ орта |
Сұрау салу Бас тарту Бас тарту
Мемлекеттік қызметті алушы |
ЖАО АЖ арқылы «ішінара автоматтандырылған» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
«Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
4 қосымша
Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңыны
15 10 2014
2 стр.
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi белг
14 12 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 «Ақпарат және мұрағаттық ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысын
25 12 2014
1 стр.
«Алматы облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
12 10 2014
1 стр.
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік
12 10 2014
1 стр.
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз
25 12 2014
1 стр.
Азақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес, БҰйырамын
09 10 2014
1 стр.
Азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» ғимараты
12 10 2014
1 стр.