Батыс қазақстан облысы білім басқармасы
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті
«Өркен» қосымша білім беру орталығы
Білім беру ұйымдарында
«Жас құтқарушылар»
топтарын құру туралы
ЕРЕЖЕ
Орал,2009
Бекітемін_______________
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы
С.Бисембаева
Бекітемін_______________
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы
С.Бисембаева
Білім беру ұйымдарындағы
«Жас құтқарушылар» топтарын құру туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ереже
-
«Жас құтқарушылар» тобы – (одан әрі топ) жалпы білім беретін мектептердің оқушылар арасында балалар мен жасөспірімдердің төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік сұрақтарына жауапкершілікпен қарауға, олардың өмірдің қауіпсіздік жағдайлары мен дене және психологиялық дайындығы жөніндегі білім деңгейлерін көтеру, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында білім беру ұйымдары мен төтенше жағдайлар мекемелерімен бірлескен, 14-16 жас аралығындағы ерікті балалар тобы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктерінің нормативтік-құқықтық құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады. Осы аталған бағыттағы қызметтер бойынша қосымша білім беру орталықтары, қалалық, аудандық өрт сөндіру, құтқару қызметі мекемелері, төтенше жағдайлар департаменті, балалар және жастар ұйымдарымен осы салаға қатысты барлық ұйымдармен байланыс орнатады.
-
Топтың құрамына білім беру мекемелеріндегі балалар ұйымдарының мүшелері, мектеп тәлімгері, мектеп медбикесі,бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, психолог кіреді. Топтың қызметі мен құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
-
Топтың жалпы жиналысында топтың атауы, белгісі, киім үлгісі белгіленеді.
-
Топқа әдістемелік көмек көрсету, өкілетті органдармен байланыс орнату директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Мектеп басшысы топқа қажетті киім үлгілері, қосымша қаржы көздерінен қарастырады.
-
Топтың міндеттері
-
«Қауіпсіздік мектебі» жас құтқарушылар топтарының негізгі міндеті жас ұрпақтың дене дамуына және моральдық-психологиялық жетілуіне, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау және практикалық дағдыларды қалыптастыру,
-
Балалар мен жастарды төтенше жағдайлардағы қозғалыстарда өзіндік және қарым-қатынас арқылы қарсы бағытталған спорттың қолданбалы түрлеріне тарту.
-
Азаматтық қорғаныс негіздері бойынша білімді игеру;
-
Топтың қызметі
-
Жас құтқарушылар топтарының атқаратын жұмыстары:
- құтқару жұмыстарының негізгі принциптерімен таныстыру;
- қала және табиғат аясындағы жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі
шараларына үйрету;
-
қиын және қауіпті жерлерде жүрудің қажетті әдіс-тәсілдерін үйрету;
-
қажетті жағдайда аймақтық авариялық-құтқару қызметін тарту;
-
өрт сөндіру спорты бойынша жарыстар өткізу;
-
балалар шығармашылығын дамыту. Жас суретші, қолонер үйірмесін және өрт спорты секциясын ұйымдастыру;
-
алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру техникасымен танысу;
-
түрлі акциялар ұйымдастыру және өткізу;
-
лекциялар,тренингтер ұйымдастыру;
-
Ішкі құрылымы
-
Топ құрамы 10 адамнан кем болмауы керек.
Соның ішінде:
-
Топ басшысы-1 адам;
-
Топ басшысының көмекшісі-1 адам;
-
Үгіт-насихатшылар-3 адам;
-
Алғашы көмек көрсетушілер-2 адам;
-
Спорттық дайындық жетекшілері-2 адам;
-
Хатшы-1 адам;
-
Топ жетекшісінің міндеті
-
Оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге жауапты топ жетекшісі және өрт сөндіру, авариялық-құтқару қызметі.
-
оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
-
әр топтың басшысын белгілеп, міндеттерімен таныстыру;
-
топ басшысы жылына екі рет атқарылған ісі туралы есеп береді.
-
«Жас құтқарушылар» топтарының міндеттері
-
Төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстауға қатысты практикалық дағдыларды игеру және арнайы құтқару мақсатына арналған құрал-жабдықтарды пайдаланып құтқару жұмыстарын жүргізу, радиациалық, химикалық барлауға, дозиметриялық бақылауға арналған құралымен жұмыс жасау.
-
Іздеу, қоршаудан босату, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қарапайым механизмдері мен апат-құтқару құралдарын қолдану арқылы зардап шеккен адамдарды тасымалдауға арналған арнайы міндеттерін орындау.
-
төтенше жағдайларға қатысты барлық құжаттарды, мәліметтерді, ережелерді білу, үйрену;
-
оқушыларға арналған барлық ережелерді орындау;
-
топ ісіне белсенді араласу, тапсырмаларды нақты орындау;
-
«Жас құтқарушылар» қызметін атқаруда үлгі болу;
-
спортпен шұғылданып, өз шеберлігін шыңдау;
-
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, акциялар, сайыстар өткізу;
-
«Жас құтқарушылар» топтарының құқығы
-
топқа мүше бола алады;
-
топқа қатысты мәселелерді шешуге және ұсыныс жасауға;
-
жергілікті төтенше жағдайлар қызметінен, құтқару жұмыстары бойынша ақпараттық көмек сұрауға құқылы.
-
Топтың белгілері.
Әр топтың атауы, ұраны, қаламақ (речевка), әні болуы шарт. Топтың арнайы төсбелгісі, бірегей киім үлгісі болуы керек. Топтың киім үлгісін, топ белгісін мектеп әкімшілігі, мектеп тәлімгері, төтенше жағдайлар қызметкері және балалармен бірге анықтайды.
-
Қорытынды.
Барлық атқарылған жұмыстар бойынша барлық жинақталған құжаттар (жоспар, бағдарлама,сауалнамалар, зерттеу қорытындылары,төтенше жағдайлар қызметі мекемелерімен жүргізілген жұмыстар т.б) арнайы папкаларға жинақталады. Топта белсенді қызмет атқарған оқушылар марапаттауға ұсынылады. Топтарға әдістемелік көмек көрсету, іс-тіжңрибелерді тарату, қадағалау жұмыстарын Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» қосымша білім беру орталығы және Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, Батыс Қазақстан облысы «Құтқару қызметі» мекемесі атқарады.