ҚРӘМ № 4164 31.03.2006ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2006 жылғы 25 ақпан № 54
-
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшерлері туралы
|
Өзгерістер мен толық:
1. ҚҚА №168 25.06.07.
2. ҚҚА № 280 24.12.2007ж.
“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ қаржы рыногын реттеу мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленсін:
1) Ұлттық почта операторы үшін – 1 (бір) миллиард теңге;
2) ипотекалық ұйымдар үшін:
осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап - “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес;
2006 жылғы 29 желтоқсаннан бастап – 100 (жүз) миллион теңге;
2007 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – 300 (үш жүз) миллион теңге;
2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлермен және (немесе) дилерлерді қоспағанда, сондай-ақ қаулының осы тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, банктік заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін – 2008 жылғы 1 сәуірден бастап – 300 (үш жүз) миллион теңге; 2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап – 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
4) банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдар үшін – 5 (бес) миллион теңге.
2. Осы қаулының күші жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарда қолданылмайды.
2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4299 тіркелген) белгіленді.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға А. Дунаев