Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сыныбы: 5а

Пәні: қазақ әдебиеті

Өтілетін орны: 206 каб.

Пән мұғалімі: Жұбаназарова А.Ұ.


Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаттары: 1) білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру;

2) дамытушылық: оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу;

3) тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық және этнографиялық білім беру.

Сабақтың түрі: ақпараттық, жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың өту әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығарма-шылық, топтастыру, эвристикалық, СТО тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Шоқан портреті

2. Шоқан салған суреттер

3. Шоқан жасаған карта

4. Шоқанның ата-тегі

5. Семантикалық карта

6. Шоқан жайлы лебіздер кітапшасы

7. Шоқан туралы кітаптар көрмесі

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, география.

Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма.

6. Оқушыларды бағалау.

7. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

c:\documents and settings\user\рабочий стол\семинар сурет\sam_0881.jpg

Сабақтағы сәттер...

І. Үй тапсырмасын сұрау: 1) "Сиқырлы сандар".


  1. Сапарғали Бегалиннің өмірі туралы қандай деректер білеміз?

  2. Автор туралы не айта аласыз? Шоқан Уәлиханов туралы не себептен жазды?

  3. Шығарма ішіндегі кейіпкерлерді санамалап берші?

  4. Шоқанның қайырымдылығын, уәдеге беріктігін қандай істерінен білуге болады?

  5. Шоқанның анасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?

  6. Шоқан, Мысық, Жақыпқа мінездеме беріңдерші.

(Үш баланы тақтаға шығарып жаздырамын).

1. Шоқан - қайырымды, әділ, уәдеге берік, өнерді құрметтейді.

(Үйіне әкеліп тамақ береді, киім береді, сотқар інісінен қорғайды, Мысықтың өнерін бағалайды).



2. Мысық - өнерлі, зерек (мүсін жасайды, зерек)

Қандай мүсіндер жасайды? (түйе, қой, құс, пәуеске)

Зеректігін қайдан білдің? (Көргенін ұмытпайды)

Кітаптан оқып жіберші?



3. Жақып - тентек, сотқар (Үйіне келген баланы мазақ етеді, Мысықтың мүсіндерін сындырып тастайды)

2) Семантикалық карта.

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді



Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

1. Сен істей ғой, шебер болсаң
















2. Ә, жарайды бара ғой, екі айтпаған жақсы
















3. Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші!
















4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы
















5. Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?


















3) Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерді топтастыр.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Мақсаты: Шоқан өмірінен алған білімдерін шыңдай отырып, оның адамгершілік қасиеттерінің, еңбектеріндегі пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көз жеткізу.

Оқушылар, сіздерге "Шоқан кім?" деген сұраққа жауап іздеу үшін Шоқан әлеміне саяхат жасауды ұсынамын. Көмекке ортаға ізденуші жас зерттеушілерді шақырамын.


  1. Шоқан өмірі туралы деректер

Академик Әлкей Марғұлан еңбектеріндегі деректерге сейенсек Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде қалың қарағай басқан тау етегінде туған.

Шоқанның өз атасы Уәли Ресе й мен Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы. Баянауылдағы атақты Шормановтар әулетінен. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауылдың аға сұлтаны. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кеткен Әз Жәнібек ханға барып тіреледі.


Сонда арғы атасы – Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай. Шоқанның туыстық қатынасы қандай?



  • Шоқан Абылай ханның шөбересі. Шоқанның шын аты – Мұхаммедханапия.

  1. Шоқан саяхаттары.

Шоқан 1855 жылы алғаш саяхатын Семей, Аягөз, Қапал арқылы бастады. Барлық жұртқа мәлім етіп, қаһарман саяхатшы ретінде даңқын шығарған Шоқанның 1858 жылғы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапары болды. Шоқанды осы көпес керуеніне жол сілтеуші ретінде ұсынған Семенов Тянь-Шанский. Шоқан Уәлиханов сапарларының ішіндегі ең қауіптісі осы. Ол Қашқарияға Әлімбай деген лақап атпен керуенбасы болып кіреді. Қашқар сапары Шоқанның өміріне бірнеше мәрте қауіп төндірді. Әйтеуір, елге аман-сау оралып, тарих, географияға бай материал жинап әкелген. Мамандар Шоқанның еңбегін бағалап, 1860 жылы 7 сәуірде 4-дәрежелі Святой Владимир орденімен марапаттайды. Оны орыс патшасы ІІ Александр қабылдады. Осы кезеңде Шоқан орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарау өтінішін батыл жеткізді.

  1. Шоқан еңбектері.

1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпын, діни ұғымдары жайында материал жинайды. 1856 жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып Жоңғария тарихымен танысады. 1857 жылы тағы Қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батысы және Құлжа қаласы» еңбектерін жазды.

1857 жылы П.П.Семенов Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Осы жылы Шоқан Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алған. 1857 жылы Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Бұл Шоқанның дүниежүзілік география қоғамына қосқан зор жаңалығы болды.

Шоқаннан қалған мұраның бірі – бейнелеу өнері туындылары. Шоқанның осы өнері бейнелеу саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150-дей сурет қалған.

4. Өлмейтұғын артына із қалдырған.

Қазақ халқы өзінің тұңғыш ғалымын мақтаныш етеді. Ш. Уәлиханов атымен Көкшетау университеті, аудан, қалалар көшелері, кенттер аталған. Оның туған жері Сырымбетте мемориалдық музей бар. Алматы қаласында биік ескерткіші бар.

Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.

5. "Шоқан жайлы лебіздер" кітапшасы.

Академик Н.И. Веселовский:

"Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті"

Григорий Потанин:

"Өзінің бізден артық білетін-дігін, не біздерден білім жағы-нан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгіме-лердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын"

e:\шокан\r0zvy57iqy2it3m7v4csc6wu6.jpg


Мұхтар Әуезов:

"Қазақ жері талай ғұламалар-ды дүниеге әкелді. Өздерінің барлық ізгі тілектері жас жет-кіншектердің ұлттық дүние-танымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушы-ларымыз - Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Халықтың дүниетанымы өзен болса, ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай.

Шыңғыс Айтматов:

"Шоқан тұлғасы таусыл-майтын сырға бай ғажап тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкі-ремейтінім рас. Келте ғұмы-рында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?"
e:\шокан\imagescaf1fdqs.jpg

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. "Бес жолды өлең" әдісі.

2. "Сиқырлы қалам" әдісі.

(Сабақтан алған әсерін, өз ойын айтады)

І топ - Шоқан.

ІІ топ - Жақып.

ІІІ топ - Мысық.

Адамның басшысы - ақыл,

Жетекшісі - талап,

Шолушысы - ой,

Сынаушысы - халық,

Қорғаушысы - сабыр,

Қорғанышы - мінез,

Ең қымбаттысы - ар,

Таусылмайтыны - арман,

Барлығынан ардақтысы - өмір
Сабақты Шоқан Уәлихановтың сөзімен қорытсақ:

Таулар алыстаған сайын биіктей түседі. Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы - халық қазынасы. Шоқан атамыздың рухани мұрасын ұлт игілігіне жарататын болашақ жастары - мына партада отырған сіздерсіздер.



V. Үйге тапсырма. 1. Дамыту картасын толтыру.

Не білеміз?

Не білдік?

Не білгіміз келеді?

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1. Сапарғали Бегалин әңгімелерінің көтерген мәселесі не?

2. Шоқанның бала кезде көргендері мен үйренген-дерінің болашақ өмірінде пайдасы болды ма?

Шоқан туралы оқығанда-рың мен естіген ақпарат-тарыңнан ұлы ғалымның бейнесін танытып эссе жазу.

1. Шоқан шығармашы-лығы, оның достары, ата-бабалары, ұрпағы туралы.

2. Абылай мен Шоқанға Венн диаграммасын жаса.



2. Кейіпкерге хат.

VI. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаттары: 1 білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушы

77.92kb.

16 12 2014
1 стр.


Тіл дамытуға арналған материал І. Шоқан Уәлиханов

Шоқанның шын аты – Мұхаммедханафия. Апасының еркелетіп қойғаны – Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді. Кішкене кезінен апасы Зейнептің шоқы, Шоқан деп атауыны

43.75kb.

14 12 2014
1 стр.


Мерзімі Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы:§ Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні

49.68kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі

71.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Тоқсандық тақырыбы: Ақыл, Нақыл, Өсиет. Сабақтың тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Сабақтың мақсаты
133kb.

15 10 2014
1 стр.


Информатика пәнінің мұғалімі Баядилова А. К. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында суреттермен жұмыс жасау. Контур ұғымы

35.01kb.

25 12 2014
1 стр.


1-сабақ Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы

26.76kb.

25 12 2014
1 стр.


«Әке мен бала» Сабақтың тақырыбы

Мақсаты: Оқушылардың дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Отбасы мүшелері, ата-атасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру

57.39kb.

14 10 2014
1 стр.