№
|
НҚА құрылымдық бөлігі
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы№ 99-IVКодексi (Салық кодексi)
(«ЕгеменҚазақстан» 2008 жылғы 13 желтоқсан, № 385-390 (25359); «Казахстанскаяправда» 2008 жылғы 13 желтоқсан, № 275-277 (25722-25724); 2008 жылғы 19 желтоқсан, № 280-283 (25727-25730); «РЕСМИГАЗЕТ»2009 жылғы 1 қаңтар, № 1, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-II (2526-II), 112-құжат):
|
1
|
457-баптың 2-тармақшасы
|
457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
...
Жоқ
|
457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
…
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын олардың заңды өкілдері
|
Іс жүзінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың алаяқтар іс-әрекеттерінің құрбандары болып, өз тұрғын үйлерінен айырылып жатқан жағдайлар аз емес.
Бұған жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақытылы ресімдемеу де ықпал етуде.
Аталған ресімді жүргізу үшін қандай да бір ақша қаражаты талап етіледі, көп жағдайда аталған санаттағы балаларда мұндай қаражет жоқ.
Балалар үйлері де тұрғын үйді ресімдеуге байланысты ақша қаражатын өздеріне жүктей алмайды, өтйкені балалар мекемелерінің бюджеттеріне тиісті ақша қаражаты қарастырылмаған.
Мұны ескере отыры, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркегені үшін алымдар төлеуден босату қажет.
|
2
|
542-бап
|
542-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
...
11) жоқ
|
542-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
…
10) «Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын олардың заңды өкілдері – өздеріне мұрагерлікке құқық туралы куәлiктер алғаны үшiнмемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
|
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат):
|
3
|
67-баптың 1-тармағы
|
67-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары
1-1) жоқ
2) Осы Заңның 68-бабының 1) - 1) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан әлісз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдаланылуына беріледі.
|
67-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары
1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
2) Осы Заңның 68-бабының 1) - 1) – 5), 7) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан әлісз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдаланылуына беріледі.
|
Аталған түзетулер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың басқа санаттарынан жеке тіркеуді (кезектілік) жүргізу, сондай-ақ аталған санаттағы барлық балаларға тұрғын үй-жай беру жөніндегі 2011 жылғы 1 шілдедегі № 51-22.135-15 тапсырмасына сәйкес енгізіледі.
Заңның 68-бабында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады, мұндай топқа халықтың 11 санаты айқындалған.
ҰОС қатысушылары мен ардагерлерінің де осы аталған топқа жататынына қарамастан, олар тұрғын үй алушылардың жеке тобына енгізілген, олар бойынша тұрғын үй алушылардың бөлек кезектілік тізімі жүргізіледі және тұрғын үй алуда басым құқық берілген.
Бұл ретте, мемлекет қамқорлығын қажет ететін бірқатар тұлғалар санаты:
- мүмкіндігі шектеулі адамдар (мүгедектер);
- қарт азаматтар, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен қатысушылары үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер және жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған ұйымдар, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымдар қарастырылған.
Басқа топтар, әдетте, отбасыларда тұрады, белгілі бір табысы және кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы бар. Яғни, мұның барлығынан жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала түрлі себептермен айырылып қалған.
2006-2011 жылдары балалар үйлерінің тек 459 бітірушісі ғана мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алды, бұл бөлінген үйдің жалпы санының тек 0,16%-ы.
|
4
|
74-баптың 2,3,4-тармақтары
|
74-бап. Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезегі
2.Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1-1) жоқ
2) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек) тiзiм бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй бөлудi жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлудi, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары дара (бөлек) тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорында және (немесе) мемлекеттiк мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмдерiнiң санына барабар жүргiзедi.
3. Аталған тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тiзiмдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын қоспағанда, ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
|
74-бап. Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезегі
2.Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1-1) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
2) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары , осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын, сондай-ақ, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, дара (бөлек) тiзiм бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй бөлудi жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлудi, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары дара (бөлек) тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорында және (немесе) мемлекеттiк мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмдерiнiң санына барабар жүргiзедi.
3. Аталған тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тiзiмдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын
, сондай-ақ, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкiмнiң де басымдық құқығы болмайды.
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының, сондай-ақ, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
|
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат):
|
7
|
14-баптың 2,4- тармақтары
|
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
2. Жетiм баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа да ұйымдардағы, оның iшiнде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн ұйымдардағы баланың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген балалардың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
Жоқ
|
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
2. Жетiм баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа да ұйымдардағы,қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронат тәрбиесіндегі оның iшiнде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн ұйымдардағы баланың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген балалардың тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
Осы баптың 2-бабында көрсетілген балалардың тұрғын үй-жайларының сақталу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
|
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санынан (36777) ұйымдарда тек 12 925 бала тәрбиленуде.
Қалған 23 852 бала азаматтардың отбасыларына анықталған:
Қорғаншылық пен қамқоршылықта– 21 585 бала,
патронатты тәрбиеде – 2 267 бала.
Бұл балалар сонымен бірге, өзінің орналасу нысанына қарамастан тұрғын үйге және оның сақталуына құқығы бар.
Бұл ретте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санынан, тек бекітілген тұрғын үйі бар бала 5 899 (16%), 30 878 (84%) бала тұрғын үйді қажет етеді.
Сонымен бірге, интернаттық мекемелерде тұратын жетім балалардың 7%-ға жуығының ғана бекітіліген тұрғын үйі бар.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары, оның ішінде тұрғын үйге меншік құқығын немесе балалардың тұрғын үйімен пайдалануға құқықтары, ол ол болмаған жағдайда тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген. Сонымен қатар, аталған санаттағы балалардың тұрғын үйге құқықтарының сақталуы белгісіз күйінде қалып отыр.
Бұл белгісіздіктің балалар мүдделеріне қарсы пайдалану кездесетін жағдайлар аз емес.
|
|