Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1












Шахтинск қаласы 2011 жыл

МАЗМҰНЫ


1. Жалпы мәліметтер

3




1.1. Қала тарихы

3




1.2. Географиялық орналасуы

3




1.3. Табиғи – климаттық жағдайлары

4




1.4. Пайдалы қазбалар

4




1.5. Су ресурстары

4




1.6. Аймақ экономикасының мамандандырылуы

4




1.7. Шахтинск аймағының кейінгі 10 жылда даму қорытындылары (2001 – 2010 жж.) (нақты мағынада негізгі көрсеткіштердің динамикалық өсімі: ІЖӨ, өндірістік өнімдердің көлемі, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, мемлекеттік бюджетке түсымдер көлемінің өсуі, басқа да маңызды көрсеткіштер, Қарағанды облысының масштабында көрсетілген көрсеткіштер бойынша жалпы салмағы)

5










2. Есеп жылының қортындары бойынша аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қортындысы бойынша аймақтың

8




2.1. Қала дамуының динамикасы және даму деңгейінің рейтингі

8




2.2.Өнеркәсіп

8




2.3. Ауыл шаруашылық

8




2.4. Шағын және орта бизнес

9




2.5. Бизнес әкімшілік тосқауылының төмендеуі

9




2.6. Құрылыс

9




2.7. Негізгі капиталға инвестиция

9




2.8. Сауда

10




2.9. Инфрақұрылым

10




2.10. Туризм

11




2.11. Білім беру және жастар практикасы

12




2.12.Мәдениет

13




2.13. Денсаулық сақтау және спорт (оның ішінде дене шынықтыруды дамыту)

13




2.14. Еңбек рыногы және әлеуметтік қорғау

14




2.15. Бюджет (бюджеттің табыс және шығыс бөлігі)

15










3. 2011 жылға арналаған аймақтың негізгі мақсатты индикаторлары және салалар разрезінде және салада орта мерзімдік басымдықтар

16







4.Инвестиция үшін аймақтағы тартымды бағыттар (соының ішінде нақты жобалар) және инвесторлар үшін мүмкіндіктер

17







5. ФИИД бағдарламасын іске асыру

19







6. Кесте, диагармма және карта

20


1. ЖАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР



    1. Қала тарихы

Шахтинск – кеншілер қаласы, Қарағанды қаласынан 50 шақырым арақашықтықта, шерубай Нұра және Тентек өзендері арасында, Қазақстан астанасының көмірлі спутник – қаласы.

Қаланың туған күні деп 1961 жылдың 15 қазанын есептеуге болады, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Тентек кенті Шахтинск қаласы болып қайта аталды.

Тұрғыныдардың жалпы саны 37,9 мың адамды құраған.

Қаланың пайда болуы Тентектік жоғарғы сапалы көмірдің табылған жеріне байланысты. Тентектік көмір ауданының игерілуі өзінің тарихы бар. Қарағанды көмір басейнінің ашылуы 1841 жылы болған, ал бассейіннің батыс бөлігі болып табылатын Тентек ауданы 100 жыл бұрын ашылған болатын. Қарағанды бассейінің соғыс уақытындағы құрылымдық картасы кең көлемде ашылған шәшке ретінде берілген, батыс бөлігі Шерубай – Нұра сол жиектен өтетін болған. Бірақ, соғыстың алғашқы жылдарында геолог Б.Л.Афанасьев көмір қабаты солтүстік жиекпен топтаспайды деп өзінің топшылауын айтқан. Афанасьев Б.Л. болжамын тексеру үшін Қарағанды геологиялық басқармасының Северо – Западный геологобарлаушы партиясы құрылған (кейіннен Гапеевская ГРП, қазіргі «Сары – Арка геология» АҚ). Бұдан геологтардың көрегендігін атап өтуге болады. Ал Тентек көмір пластысы – Д6 (Доликалық алтыншы) 1949 жылы желтоқсанда іздеу скважинасының ашылғаның қолайлы жағдай деп атап өтуге болады, осылай деп Тентектік көмір орнының ашылуы туралы, бірінші Тентекті барлаушы, білімді геолог, геолог – минералдар ғылымының докторы, профессор, Қазақстаннның еңбек сіңірген геолог – барлаушысы, Совет Одағының Мемлекеттік жүлдесінің екі мәрте лауреаты, Ресей Академиясының жаратылыстану ғылымдарының құрметті академигі, жер қойнауын құрметті бақылаушы, пайдалы қазбалар орындарын алғашқы ашушы, бірнеше мәрте ордендермен және медалмен наградталған Думлер Леонид Федорович әңгімелеген.

Шахтинск қаласы облыстағы ең бір атаулы қалалардың бірі, өйткені террикондардан алыс емес қашықтықта орналасқан, шахтада жұмыс істейтіндерді санитарлық қауіпті зонадан алыс орналастырылған, тек қана абаттандырылған бірыңғай құрылыс қалада орналастырған. Қала аумағы үш зонаға бөлінген: қала мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, тұрмысқа қажетті және өндірістік құрылыстар.


    1. Географиялық орналасуы

Шахтинск қаласы Қарағанды қаласының облыс орталығының батыс жағына қарай орналасқан. Жалпы аумағы 205 ш. кв.

Шахтинск қаласы агломерация ядросынан тұратын Қарағанды агломерация аумағында (Қарағанды қаласы және Темиртау) орналасқан, сонымен бірге жақын маңда шағын географиялық қалалармен және кенттермен шектелген (Сарань, Шахтинск қалалары және Ақтас, Долинка, Новодолинский, Шахан, Северо- Западный кенттері). Батысында Абай ауданымен батыста және оңтүстікте Нұра ауданымен, шығыста Сарань қаласымен шектеседі. Шахтинск қаласының құрамында 3 кент бар: Новодолинский, Долинка, Шахан.

Аймақ территориясы 0,2 мың квадрат км – ге (Қарағанды облысының жалпы ауданының 0,5 %) тең.

Қалада жүзге тарта басқа ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың жалпы санынан қазақтар саны 15,4 % құрайды, орыстар 59,7 %, украиндіктер – 7,1 %, немістер – 4,4 %. Өзге ұлт өкілдерінің үлесі 13,4 % құрайды.

Қарағанды облысы тұрғындарының санынан 2011 жылдың 1 қаңтарында аймақта 56 059 адам немесе 11,9 % адам тұрады.

1.3. Табиғи – климаттық жағдайлар

Аймақ ауданы далалы, тегіс жер, оңтүстігінде және батысында қазақтың шағын таушықтары орналасқан. Климаты континентальды, құрғақ, ауа райы жайдарлы. Қысы қатты, көбінесе қары аз, қатты борандарымен және желдерінен тұрады. Орташа температура қаңтарда минус 19 градус, кей кезде минус 40-45 градуске жетеді. Қардың орташа қалыңдығы 10 см. Шілдеде орташа температура 23-25 градус. Температура 45 градусқа жеткенде құрғақ болады. Жаңбыр көбінесе жаз айында болады.


1.4. Пайдалы қазбалар

Шахтинск қаласының аумағында жоғарғы сапалы кокстік көмір орын игерілген. Көмір табылған орындары 40 астам пластпен ұсынылған, қуаттылығы 4,5 миллиард теңге.


1.5. Су ресурстары

Аймақтан Шерубай-Нұра өзені өтеді. Өзеннен кемелер жүрмейді, көктемде ағыс көлемі 10 метрге дейін жетеді, жазда 2-6 метр, ағыс жылдамдығы 1 м/с, судың жоғарғы деңгейі 1 метрден аспайды, грунты тас – құмды, жиектері төмен. Шахтыны қазу барысында пайда болған шағын су ойшықтары бар.




1.6. Аймақ экономикасының мамандануы

Шахтинск қаласы Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы. Қаланың өнеркәсіптік базалық саласы болып қайта өндеу саласы, электрэнергиясын, газды және суды бөлу болып табылады.

Қайта өндеу өнеркәсіптері «Апрель Кулагер» ЖШС кәсіпорындарымен ұсынылған. «Апрель Кулагер» ЖШС Шахтинск қаласында ет өнімдерін өндейтін жалғызғана өнеркәсіп және аймақта ет өнімдерін өндіретін жалғыз лидер болып табылады.

Электрэнергиясын, газды және суды бөлумен айналысатын аймақтағы жалғыз кәсіпорын болып «Шахтинская ТЭЦ» АҚ табылады.

Көмір табатын қаладағы кәсіпорындар көмір өндірісінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ структуралық құрылымдары «Шахтинская» шахтасы, «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин атындағы шахта» шахталар.

Бұл кәсіпорындардың тұрақты дамуы, қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына, сонымен бірге аймақтың дамуына үлкен әсер етеді.

Металлургиялық сала аймақта келесі негізгі кәсіпорындармен ұсынылған: Стандартты емес шағын механизация құралдар «СШМҚ» зауты; жөндеу және тау- кен машианаларын жөндеумен айналысатын «Біріккен машина зауыты» «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.

«СШМҚ» заутының негізгі қызметі болып: шахта жабыдықтарын күрделі жөндеу, ГШО қосалқы бөлшектерді әзірлеу, конвейерлер үшін жабдықтарды әзірлеу, сваркалық металлоконструкцияларды дайындау, шағын механизация жабдықтарын әзірлеу.

Тау – кен машина жөндеу зауытының негізгі қызметі (жөндеу жұмыстары, тау кен машиналарын дайындау және жинау «Біріккен машина зауыты» қызметі болып металокрепия элементтерін жөндеу, шахталар үшін конвейерлік бөлшектерді әзірлеу, көлік лентасы үшін роликтер әзірлеу, құбырлар әзірлеу, шахталар үшін калориферлерді әзірлеу, темір вагондар үшін дөңгелектерді қайта өндеу (ролик бөлшектері, конвейер ставкалары).

Шахтинск аймағының тіршілік етуінің көзі шахталар мен зауыттар. Олардың тұрақты қызметі, қаланы өркендету жағдайы, Шахтинск тұрғындарының өмір сүру деңгейінің жақсартады.



1.7. Шахтинск аймағының кейінгі 10 жылда даму қорытындылары (2001 – 2010 жж.) (нақты мағынада негізгі көрсеткіштердің динамикалық өсімі: ІЖӨ, өндірістік өнімдердің көлемі, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемінің өсуі, басқа да маңызды көрсеткіштер, Қарағанды облысының масштабында көрсетілген көрсеткіштер бойынша жалпы салмағы)

Соңғы он жылда (2001 – 2010 жж.) өндірістік өнеркәсіп көлемі 152 есеге (қолданыстағы бағада) өскен және 1 млрд. 775,2 млн. теңгені құраған (факт 2001 жылы – 11,7 млн. теңге). Қарағанды облысында 2010 жылы Шахтинск аймағындағы жалпы салмағы 0,2% құрады.

Инвестиция тартудың маңызды факторы болып экономиканың тұрақтылығы табылады. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2010 жылы 114 есе өскен және 4 млрд. 483,1 млн. теңгені құраған. Шахтинск аймағының облыстағы жалпы салмағы – 2%.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру соңғы 10 жылда 3,6 есеге өскен және 2010 жылы 1 млрд. 261,4 млн. теңгені құраған. Шахтинск аймағының Қарағанды облысындағы жалпы салмағы – 1,5 %.

2010 жылы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1638 бірлік, яғни 2001 жылғы 1 173 бірлікке қарсы. Облыстағы аймақтың жалпы салмағы 3,8 %.

Шағын бизнес өнімдері 1,4 есеге өсуі байқалған және 3 млрд. 400 млн. теңгені құраған. 2010 жылы Шахтинск аймағының Қарағанды облысындағы жалпы салмағы – 1,2 %. Шағын бизнес субъектілері заңды тұлғалармен, шаруа қожалықтармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылған.

Экономиканың тұрақты дамуы, адамдардың өмір сүру жағдайының артуы, әлжуаз санаттағы азаматтарға, жоғарғы табысы бар адамдар үшін де тұрғын үй жағдайын жақсартуға себеп болып отыр.

2002 жылы 300 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілсе, ал 2010 жылы 8,1 мың ш.метр, яғни 3,8 есеге көп. 2010 жылы Шахтинск аймағының Қарағанды облысындағы жалпы салмағы – 3,5 %.

Бас жоспарды оңтайландыру мақсатында және қаланың сәулетін жақсарту үшін бос үйлерді бұзу қолға алынған, ақырындап бос қалған үйлер қалпына келтірілуде.

2002 жылдан бастап 2 авариялық үй қалпына келтірілген, 2003 жылы 3 тұрғын үй. Қалада 145 авариялық үй болған, олар бұзылып бөлшектеліп алынған, маңайы абаттандырылған.

2008 жылы Карла – Маркса көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй күрделі жөнделген, онда медицина саласының, оқу орындарының қызметкерлері тұрып жатыр. Бұл мақсаттарға «коммунальдық шаруашылық дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 102,2 млн. теңге бөлінген.

2009 жылы Шахтинск қаласында Ленинградская көшесіндегі 48 үй қайта жөнделген, жалпы тұрмысқа қажетті ауданы 1048,5 ш. метр, оған жергілікті бюджеттен 42,2 млн. теңге бөлінген. Ленинградсая көшесіндегі 3 қабатты, 24 пәтерлі жалға берілетін үйді салу аяқталған. Бұл мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттен 127 млн. 123 мың теңге бөлінген.

2010 жылы 3 қабатты, 24 пәтерлі Карла Маркса көшесіндегі тұрғын үйді салу аяқталған, Бирюзова 5 көшесіндегі подъезд және Абай Құнанбаев көшесіндегі подъезд қайта жөнделген. Бұл мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге бөлінген.

Көптен күткен үйге кезекте тұрғандар, ҰОС қатысушылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім – балар, денсаулық сақтау саласының жас мамандары қол жеткізген.

«Жол картасы» бағдарламасын нәтижелі іске асыру барысында Шахтинск аймағында 38 объект іске асырылған. Жалпы соммасы 1 млрд. 115 млн. 833 мың теңге.

Бағдарламаны іске асыру барысында 1 855 адам жұмысқа тұрғызылған, оның ішінде 1 403 адам жұмыспен қамту орталықтарымен бағытталған адамдар.

10 жылда Шахтинск аймағында бюджет түсімдері 6,8 есе өскен және 2010 жылы 3 млрд. 537,5 млн. теңгені құраған.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының 2010 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет табыстарының жалпы салмағы 1,5 % .

Жыл сайын денсаулық сақтау саласына аймақ шығыстары өсуде.

Емдеу орындарының материалдық – техникалық базасы нығаюда.

Соңғы 10 жылда білім беру саласына шығыстар 7,3 есе өскен. Балаларды мектепке дейін біліммен қамту 83 % құраған. Білім беру саласын, мазмұның жаңарту бойынша, материалдық – техникалық базаны нығайту, инновациялық енгізу, ақпараттық білім технологиялары енгізілген.

Аймақтың 13 мектебі кең тараптағы Интернет желісіне қосылған. Аймақ мектептерінің компьютерлік базасы 634 бірлікті құрайды. Жалпы оқушылар саны 5941 адам, 1 компьютерге 9,4 оқушыдан.

Ішкі саясат саласында аймақтағы қоғамдық - саяси жағдай тұрақты. Конфессия аралық келісімді және төзімділікті нығайту, ұлт аралық жағдайды бұдан әрі үйлесімдеу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілді.

2. ЕСЕП ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРТЫНДАРЫ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРТЫНДЫСЫ
2.1. Қала дамуының динамикасы және даму деңгейінің рейтингі

2010 жылдың 27 желтоқсанындағы «Облыстардың, калалардың және аудандардың рейтингінің кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Президеті Әкімшілігі Басшысының бұйрығына сәйкес Республикада аумақтардың іс-әрекеттерін бағалауына жаңа жүйе еңгізілді.

Қалалар мен аудандардың рейтингі 20 көрсеткіш арқылы жүргізіледі. Аймақтың дамуы экономикалық (өндірістік өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, инвестициялар, бюджет түсімдері), демографиялық (көші-қон сальдосы, бала туу мен өлім коэффиценті) және әлеуметтік (қауыпсыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі, туберкулез ауруы, қылмыстық деңгейі, мектепке дейінгі бала тәрбиесі және т.б.) көрсеткіштермен бағаланады.

Рейтинг нәтижесі арқылы облыстың барлық аймағы даму динамикасы бойынша 3 топқа бөлінеді: жоғары, орташа және төмен. Даму динамикасы жоғары топқа кіріп 2010 жылы Шахтинск қаласы 5 орынға ие болды.


2.2. Өнеркәсіп

2010 жылдың қортындысы бойынша қала бойынша өндірістік өнеркәсіп нақты бағамен 1 млрд. 775,2 млн. теңге құрады. Жеке индекс көлемі – 119%.

Қайта өндіру өндірістік өнеркәсібінің өнімі 1 млрд. 381,1 млн. теңге құрады. Ет өнімі 1,03 % өсті.

Электрқуат, газ және су өнімі 394,1 млн. теңге құрады. Жылу энергиясының өнімі 1,8 % өсті.

2010 жылы нақты секторда 99 жаңа жұмыс орыны ашылды. Онын ішінде 82 орын қолданыстағы кәсіпорынның кеңейуіне, 17 орын жаңа кәсіпорынның ашылуына байланысты.

Есеп беру кезені бойынша Шахтинск аймағының 2 кәсіпорыны сапа менеджмент жүйесін енгізді ол: «Изол» ӨК мен «АПВ Строй» ЖШС.

Сапа жуйесінің енгізілуі халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес кәсіпорындардың экономикалық потенциалын көтереді.
2.3. Ауыл шаруашылығы

Шахтинск аймағының жалпы көлемі 816,9 гектар құрайды, онын ішінде 99,3 га немесе 12,2 % шаруа қожалығының жері; үй шаруашылығының үлесі 87,6% немесе 715,6 га.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін өсімдік шаруашылығы құрайды – 66,9 %. Жыл сайын өсімдік шаруашылығының өнімі өсіп келеді.

2011 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 млрд. 261,4 млн. теңге құрады.

2010 жылы шаруашылықтармен 616,8 тонн ет, 4 053,1 тонн сүт, 2 401,4 мың дана, 1,9 тонн жүн өндірілді.

2011 жылдың 1 қаңтарына қарсы үй шаруашылығында, ірі мүйізді мал 3 мың 978 бас, өткен жылға қарағанда 9,8 % өскені байқалды, қой мен ешкі – 2 мың 621 бас (3,4%-ға), шошқа – 2 мың 004 бас (0,7%), құстар 21 мың 100 бас (0,4%-ға), жылқы – 263 бас (4 %-ға).

Германдық-финдық құралымен қамталған ет өндіру комбинаты «Апрель-Кулагер» ЖШС-гі тұрақты жұмыс істеуде. 2010 жылы шұжық өнімі 2062 тонн құрады.

«Тентек» нан пісіру өнеркәсібі қала мен жақын арадағы кенттерге нандарымен қамтиді.

Әлеуметтік-қажетті ас өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін 2010 жылдың ағымында «Ауыл Береке» жәрменкесі ұйымдастырылды, онда нарық бағасынан төмен ауыл шаруашылығының өнімі 6 млн. 088 мың теңгеге өткізілді.
2.4. Шағын және орта бизнес

2011 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнесінің белсенді субъктілерінің саны 1 638 бірлік немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,3 % құрады.

Шағын және орта бизнесінің жұмыспен қамталғандардын саны 4 702 адам немесе 2009 жылға 115,6 %.

Олармен өндірілген өнім 3 млрд. 400 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,7 % құрады.

Жаңадан құрылған шағын бизнес субъектілер арқылы 2010 жылы 636 жұмыс орыны ашылды.

2.5. Бизнес әкімшілік тосқауылының төмендеуі

Кәсіпкерлік субъектілерінің қолайлы жағдайын құру ушін әкімшілік тосқауылының төмендетуіне байланысты жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік органдарының құжаттандыру мәселесін жеңілдету.

Мемлекеттік құжаттандыру мәселесін жеңілдету мақсатында қаржыландыру кәсіпкерлік шығындрын 25 %-ға, уақытша шығындары 23 %-ға төмендетілді.
2.6. Құрылыс

2009 жылмен салыстырғанда мердігерлік жұмыстар 312,9% -ге төмендеді.

8 мың 113 ш.метр тұрғын үй енгізілді, жоспарға 114,3 %. 2010 жылдың қортындысында қала бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 63 пәтер пайдалануға еңгізілді.
2.7. Негізгі капиталға инвестициялар

2010 жылдың қортындылары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4 млрд. 483,1 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 69,1% құрады.




2.8. Сауда

2010 жылда бөлшектеп сату жалпы көлемі 5211,9 млн. теңге немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 120,6% құрады.

Бөлшектеп сатудың негізгі көлемін базарда сауда жасайтын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қамтамасу етеді. Олармен жүзеге асырылған тауарлар сомасы 4167,1 млн. теңге (бөлшектеп сату жалпы көлемінен 79,9%), оның ішінде базарлардан түскен 976,8 млн. теңге. Қоғамдық тамақтану қызметінен бөлшектеп сатылым арқылы аймақ бойынша 2010 жылда 83,4 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 170,2% құрады.

Көтерме сауда базарында 2010 жылы 106,8 млн. теңгеге тауар сатылды.


2.9. Инфрақұрылым

Шахтинск аймағы жолының жалпы ұзындығы 169,2 км. құрайды. Олар қатты жабынды 58,63 %, жабынсыз 41,37 %. Автомобиль жолдарының тығыздылығы жоғары, қала аумағында ш. км. 846 метр құрайды, сонымен қатар жабылымды жолдар тығыздылығы ш. км. 496 метр құрайды.

2009 жылдың 6 наурызында Қазақстан халқына Ел басы жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға қызметтік жоспарына сәйкес, Шахтинск аймағының автокөлік жолдарын жөндеуге жалпы құны 41 млн. 984 мың теңге құрайтын бір объект анықталған, 21 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде облыстық маңызы бар «Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Щербаковск-Киевка» (8 км) автожол жөнделді.

Стратегияның іске асыру жөнінде көлік инфраструктурасын дамуына қала ішіндегі жолдардың 24 мың ш.м. көлемінде орта және ағымды жөндеу жүргізілді, осы мақсаттарға қала бюджетінен 67 миллион теңге бөлінді.

Шахтинск қаласында 8 автокөлік кәсіпорын қолданыста (жалпы облыстық автокөлік кәсіпорын санында 4,12 %).

Тасымалданған жүк көлемі 2010 жылда 1 223,3 мың тонна құрады, 2009 жылмен салыстырғанда (278 мың тонна) көп.

Жүк айналымы 29,3 млн. тонн-км немесе 2009 жылдан 61,2 % аз (75,4 млн. тонн-км)

2010 жылда жолаушылар айналымы барлық көлік түрлерінде өткен жылмен салыстырғанда 17,9 % көп, 589,7 млн. жкм.

Шахтинск аймағының барлық 4 елді мекені байланыспен қамтамсыз етілуде. «Қазпошта» АҚ-да 7 байланыс бөлімін және 2 стационарлық байланыс пунктін бар.

Аумақта 2 байланыс операторы қызмет етеді «Ремстройсервис» ЖШС, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ, және 4 ауылды мекенге қызмет етеді, аймақта 4 АТС орнатылды, онын ішінде 3 сандық, 1 аналогтық. Ұялы байланыспен ауданды 4 GSM операторы қамтиды: Activ Ksell және Биллайн. Мегалайн интернетпен аймақта 3487 жек тұлға, 46 бюджеттік, 23 шаруашылық есеп ұйым және 61 жеке кәсіпорын қол жеткізуде.

Байланыс кәсіпорындарымен көрсетілген қызмет 2010 жылда 8 млн. 856 мың теңге құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 78,9 % көп.

2010-2011 жылдардың жылы беру маусымының басында жоспарланған барлық дайындау жұмыстар көлемі толық орындалды.

«Шахтинская ЖЭО» АҚ-мен 3 котлоагрегат және 2 турбина жөнделген. Қаланың энергия көзі тұрақты жұмыс істеуде, оларда отын қоры тұрақты сақталуда.

2010 жылы қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға қалалық бюджеттен 64 млн. теңге бөлінген.

2111 ш.м. жол бөлігін салуға байланысты бағдаршамдар орнатылған.

Қала көшелері және қалалық саябақ бойынша 6 мың ағаш отырғызылған.

2010 жылы алғаш рет лифтілер қалпына келтірілген. Сонымен бірге есеп беру кезеңінде 1 жаңа лифт жөнделген.

Жол картасы бағдарламасы шеңберінде «ТКШ-ны жөндеу, қайта қалпына келтіру және дамыту жүйесі» бағыты бойынша 2010 жылы жалпы құны 51 млн. 844 мың теңге болатын 3 жоба іске асырылған. 75 жұмыс орындары құрылған, онын ішінде 53 жұмыспен қамту органдары бағыттаған жұмыскерлер.



2.10. Туризм

Шахтинск қаласында туристік қызметпен 2 туристік фирма айналысады: туристік агенттік «Наталитур», Қарағанды туристік филиал «Райхерт», олардың негізгі қызметі шығу сапарларына бағытталған.

2010 жылы «Наталитур» турфирмасы (2010 жылы ашылған) олармен 58 адамға қызмет көрсетлген, соның ішінде 8 адам шығу сапарларымен және ішкі сапарлар 50 адам. Туристік фирма «Райхерт» (2009 жылы ашылған) олармен 50 адамға қызмет көрсетілген, соның ішінде шығу сапарымен 30 адам, ішкі сапарларға 20 адам.

Шахтинск қаласында 1 қоңақ үй қызмет көрсетуде, ол 2008 жылы ашылған. 2010 жылы қоңақ үйде 2800 адам жұмыс істеген. Жол инфраструктурасы 4 тамақ объектілері ұсынылады және 4 ЖЖМ станциялары.

Туризмнің дамуының басты бағыттары аймақта спорттық туризм (жол жүру, спорттық бағыт, спорттық өрмелеңу), мәдени – танымдық туризм, олардың дамуына аймақта КМҚК «Долинка кентіндегі саяси – құрбандарды еске алу мұражайы» оның ауданы 3500 шаршы метр. Мұражай ғылыми - әдістемелік жұмыстармен айналысады және тарихи – мәдени ақпаратпен кешенді зерттеумен, жүйелендірумен, Карлаг мұражайын сақтаумен және зерттеумен, халық потенциалының жақсаруымен айналысады.

Шахтинск аумағында 5 кешенді ескерткіш бар: «Карлагтың бұрыңғы ғимараты», «Техника үйі», «Әйелдер зонасының барагі», «Мамачкин зираты», ТМД қызығушылығын туғызатын тарихи – мәдени туризм.

Аатап өту керек аймақ табихи ресурстардан тұрмайды, бұл аймақта экологиялық туризм жоқ.

2.11. Білім беру және жастар практикасы.

Қалада 6 балалар бақшасы және кешенді орта метеп – балалар бақшасында 1 788 бала жұмыс істеуде.

2010 жылы 2 шағын – орталық ашылған, оларда орта облыстық көрсеткіште 75 бала қамтылған. Шағын – орталықтардың ашылуы мектепке дейінгі тәрбиемен 81,2 % (2009 жылы) 83,0 % қамтылған, яғни өткен жылдың көрсеткішінен 1,8 % (орта облыстық көрсеткіш – 82,4 %) көп.Мемлекеттік жалпы білім беретін 13 күндізгі оқу орны жұмыс істеуде. Аймақ мектептерінде 11 жаңадан пән химия, биология кабинеттері бар, 43 интерактивтік тақта орнатылған. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен № 9 мекетепте мультимедиялық кабинет және № 2 орта мектепте биология кабинеті сатып алынған. Барлық аймақ мектептері кең тараптағы Интернет желісіне қосылған. Мектептердің компьютерлік базасы 634 бірлікті (2009 жылы – 608 бірлік) құраған. 1 компьюерге 9,4 оқушыдан, орта облыстық көрсеткіш – 9,01.

12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұммыстары жүргізілуде, бұл шара шеңберінде білім беру ұйымдарында экспиримент жүргізілуде.



  • Бастауыш және негізгі білім беру ұйымдарында 12 жылдық білім жүйесін енгізуге экспиримент жасалуда;

  • Қала мектептерінің 10 -11 сыныптарында кәсіби білім бері тиіміділіг тиімді арттыру;

Шахтинск аймағы бойынша БҰТ орташа балы – 77,45 балды құраған, яғни 2009 жылғы БҰТ нәтижесінен 6, 73 баллға (70,72 балл) көп және облыстық орта көрсеткіштен 2,05 баллға көп, яғни 79,5 балл.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 13 білім беру объектілеріне жөндеу жүргізілген. 354 жұмыс орындары құрылған, оның 240 жұмыспен қамту органдарымен бағытталған адамдар.

Қала аумағында 2 бастауыш және орта кәсіби білім беру объектілері қызмет етуде: № 7 кәсіптік лицей және Шахтинск технологиялық колледж. Екі білім беру ордасы электрмеханикалық жөндеу, ғимараттарды салуды, сваркалық жұмыстар мамандарын дайындайды.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының ұстаздық ұжымы жалпы саны ұқсас кезеңнің соңына 93 адам. Сонымен қатар, ұстаздық құрылым құрамында өндірістік оқытудың мастерлері жетіспеушілігі байқалады (ПЛ № 7). Осымен қатар білім орындарын білікті мамандармен жабдықтау 94 % құрады.

Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құқықтық негізі құрылған.

Шахтинск аймағында 15 837 жастар тұрады, негізінен 14 және 29 жас аралығындағылар. 1 жастар қоғамдық ұйымы тіркелген «Жастар көзқарасы», жастарды әлеуметтік тәрбиелеуде маңызды орынға ие. Қоғамдық ұйымммен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қалалық жастар ісі бойынша кеңес жүзеге асырады, қала әкімі маңындағы кеңестік статусқа ие, сонымен бірге Шахтинск аймағының жастар орталығы.

Бұл мақсаттарға жету жастардың белсенділігі арттырады, мемлекеттік жастар саясатыныңі құрылуына септігін тигізеді. Бұл бағдарлама жастардың өмір сүру ортасын табуға қолайлы әсер етеді, жеке табыстарға жетуге көмегін тигізеді.

Талантты жастарды анықтау мақсатында оқушылар арасында олимпиядалар, үздік ғылыми жұмысқа конкурстар өткізіледі. Жастар саясатын дамытқаны үшін қала әкімінің жүлдесі берілген. Ғылыми жұмыспен айналысуға жағдай жасалады, жаңа ақпараттық технологияларға қол жетімділік, ғылыми жұмыстарды жариялау, әр түрлі ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу ұйымдастырылады.

Шахтинск аймағында 4 жастар орталықтары жұмыс істеуде. Жастар орталдықтарының жұмысы жастардың белсенділіін арттыруға, интелектуалдығын ашуға, қоғамдық потенциалды дамытуға бағытталған. Әлемдік бағдарлама шеңберінде АҚШ әлемдік корпус шеңберінде жастар орталықтарында америқалық волонтер жұмыс істейді. Волонтердің негізгі қызметі салауатты өмір салтын насихаттауға тренингтер өткізу, өсіп келе жатқан ұрпақтың лидерлік сапасын дамыту.
2.12. Мәдениет

Мемлекетік мәдени жүйелерге енетіндер: 3 Мәдениет үйі, 8 кітапхана, 1 мәдениет паркі, Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы.

Клубтық мекемелер 90, оларға қатысушылар 2009 адам. Оның 2 көркем безендірумен айналысатын коллективтері және Шахтинск қаласының мәдениет үйінің соғыс ардагерлері және еңбек ардагерлерінен құрылған «Алая гвоздика», халықтық хоры бар. Көркем безендірумен айналысатындар барлық облыстық конкурстарда, фестивалдарға қатысады, соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге, аз қамтылған отбасы баларына тегін қызмет көрсетеді. Корейлік мәдени құрылым облыстық тілдер «Тіл достықтың тірегі» атты фестиваліне қатысқан.

Кітапханалардың кітаптық қоры 2010 жылы 3 мың 397 экземплярге толыққан (2009 жылы кітап қоры 308, 2 мың экземпляр). Барлық кітапханалар Интернет желісіне және электрондық почтаға кіре алада. Қалалық орталық кітапхананың өзінің сайты бар.

«Жол картасы» шеңберінде 3 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілген, жалпы соммасы 107 млн. 530 мың теңге.
2.13. Денсаулық сақтау және спорт (оның ішінде дене шынықтыруды дамыту)

Шахтинск аймағында 4 емдеу орындары қызмет етуде: оның 3 КМҚК (КМҚК «Шахтинск қаласының орталық кітапханасы», КМҚК «Шахтинск қаласының емханасы», КМҚК «Шахан кентінің емханасы», 1 мемлекеттік мекеме «Шахан кентінің инфекциялық ауруханасы»).

Аймақта денсаулық сақтау саласында 834 медицина маманы жұмыспен қамтылған, олардың 137 дәрігер, медициналық орташа қызметкерлер – 348, кіші медициналық қызметкерлер – 191, басқалар – 158.

Ағымдағы жылы дәрігерлер құрамы 8 жас маманмен толыққан, 91,2 % құрайды.

Емдеуде жана технологияларды енгізу жалғасуда, денсаулық сақтау саласының материалдық базасы нығайтылған.

Ауруды алдын – ала анықтау арқасында 2009 жылы туберкулез ауруларынан өлім жағдайы 30 % төмендеген. Туберкулезбен ауру 8,1 % төмендеген.

2009 жылмен салыстырғанда сәби өлімі көрсеткіші 33,3 % төмендеген, ана өлімі жағдайы жоқ.

Тұрғындарда салауатты өмірді қалыптастыру мақсатында «2008 – 2016 ж.ж. салауатты өмір салты» бағдарламасы шеңберінде іс – шаралар іске асырылған.

«Жол картасы» іске асыру шеңберінде 2010 жылы 5 денсаулық сақтау объектілерінде жөндеу жүргізілген.

Шахтинск аймағында 23 спорт түрі дамуда: 10 олимпиядалық және 13 олимпиядалық емес спорт түрлері. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдар саны 8355 адам.

Қалада 61 спорттық құрылымдар жұмыс істеуде. (2009 - 60): 2 стадион (Шахтинск қ., Шахан кенті жұмыс істемейтін стадион); 20 спорт залдары; 2 ату тирлары (№15,3 ОСШ); ашық теннистік корт (НОММ зауыты); 21 спорттық алан: оның ішінде 2 жасанды жабындымен; 2 футбольдық алан; 5 хоккейлік корт; 7 салынған спорт залдары: оның ішінде 2 күрес залы (ДЮСШ, ДЮЦ), 1 бокс залы (ДЮЦ), 1 ауыр атлетика залы («Колос» ЖШС), 2 тренажерлік зал (?15 мектеп, ДЮСШ,1 спорттық маңызды зал (ШТК); 1 дене сауықтыру кешені «Ягуар» (Шербаков ЖК).

Дене тәрбиесіне қатысатын балалар саны 2010 жылы 6031 адам немесе 99,1%, оның ішінде жүйелі түрде спортпен 2240 адам немесе 37,1 %. Қалған 0,9 % арнайы медициналық топтарда оқушылар дене тәрбиесімен айналысады. Дене шынықтыру мәдениетінде ұстаздардың жетіспеуі, жалпы білім беру ұйымдарында байқалмайды, қамту 100 % құрайды.

Аймақта жыл сайын 90 қалалық- бұқаралық жарыстар өткізіледі, оларға 3000 адам қатысқан.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы кешенді спорт ауданына жөндеу жүргізілген, жалпы соммасы 23,3 млн. теңгеге № 16 орта метепте жөндеу жүргізілген. Дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жалпы білім беретін мектептерде, бағдарлама бойынша спорттық жабдықтар алынған, 1,6 млн. теңге бөлінген (шаңғы, футбол, волейбол, басетбол доптарын, секундомер сатып алынған).


2.14. Еңбек рыногы және әлеуметтік қорғау

2010 жылы 3 300 адам жұмысқа тұрғызылған (2009 жылы жұмыссыздарды есептегенде).

Жұмысссыздардың тіркелген деңгейі 0,3% құраған, экономикалық белсенді халық санынан, 2009 жылдың деңгейінен 0,2 пайыздық пунктқа жоғары.

Аз қамтылған отбасылар 26% төмендеген және 154 адамды құраған.

2009 жылдың деңгейінен кедейлік деңгейі 0,2 пайыздық пунктқа төмен, кедейлік деңгейі 0,3% құраған. Аз қамтылғандар санының төмендеуі жұмысқа тұрғызу есебінен азайған, өз ісін ашуға материалдық жағдай жасау, қайта даярлау септігін тигізген.

Есеп беру жылында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 131 отбасыға көрсетілген, соммасы 4 млн. 374 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақы төлеу 165 отбасыдағы 279 балаға 2 млн. 362 мың теңгеге төленген, тұрғын үй көмегі 437 отбасыға 4 млн. 0,16 мың теңге төленген.

Қоғамдық жұмыстарға 654 адам қатысқан. (2009 ж. – 662 адам).

2010 жыл ағымында кәсіптік даярлаудан және қайта даярлаудан 273 адам өткен, оның ішінде «Жол картасы» шеңберінде 162 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту бағдарламасы және жастар тәжірибесі бойынша 79 адам бағытталған.
2.15. Бюджет (бюджеттің табыс және шығыс бөлігі)

Мемлекеттік бюджетке салықтардың және міндетті төлемдердің түсімі 3,5 млрд. теңгені құраған, соның ішінде ресми трансферттер 2,7 млрд. теңге, жеке табыстар 868,4 млн. теңге.

Жергілдікті бюджеттің ресми трансферттердің табыс бөлігі 104,2% (жоспар– 833,2 млн. теңге) орындалған.

2009 жылмен салыстырғанда бюджеттің табыс бөлігі 256,1 млн. теңгеге өскен және 868, 4 млн. теңгені құраған.

2010 жылы қала бюджетінің жалпы шығыстары 3,5 млрд. теңгені құраған, соның ішінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 1,2 млрд. теңге, жыл бойы кассалық орындалу 3,5 млрд. теңге немесе 100%.

2010 жыл ағымында мәслихат органдарының шешімімен жергілікті бюджет шығыстарына қосымша 144,2 млн. теңге бағытталған, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер есебінен – 80,5 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен – 63,7 млн. теңге.

Әлеуметтік салаға шығындардың жалпы салмағы 46 % құраған.

3. 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҢ НЕГІЗІ МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ САЛАЛАР РАЗРЕЗІНДЕ ЖӘНЕ САЛАДА ОРТА МЕРЗІМДІК БАСЫМДЫҚТАР
Қаланың экономикалық саясаты Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық дамуы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, қаланың әлеуметтік – экономикалық даму болжамына, Шахтинск аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының мақсаттарына жетуге бағытталған.

Аймақтың бірінші кезектегі даму шаралары аймақ экономикасын диверсификациялауға, әлеуметтік саланы дамытуға және адамдық потенциалды, өмір сүру деңгейін жақсартуға, қала инфраструктурасын қамтамасыз етуге, мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге бағытталатын болады.

Шахтинск аймағының 2011 -2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негігі нысаналы мақсаттары аймақтың дамуына бағытталған:

– ірі және шағын кәсіпорын субъектілері шағын және орта кәсіпорындар бойынша өндіру көлемі 2011 жылы 14% өскен, ал 2015 жылы 38,8% өскен;

– қайта өндеу өнеркәсібінде өндіру көлемі 2011 жылы 15,8 % өскен, 2015 жылға 46,7 %.

– электрэнергиясын, газды, және суды бөлу 2011 жылы 7,9% өскен, ал 2015 жылға 10,4% .

– инновациялық – белсенді кәсіпорындар үлесі 2011 жылы 1,7%, ал 2015 жылы 3,5% өскен.

– өсімдік шаруашылығының өнімдерін жалпы өндеу көлемі 750 млн. теңгеге дейін өскен, 2015 жылы 850 млн. теңге;

– тұрғындардың күтілетін өмір сүру деңгейі 2011 жылы 66 жас, 2015 жылы 68 жас;

– мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 2011 жылы 94,6% құраған, ал 2015 жылы 100%;

– 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі– 4,6% құрайды;

– 2011 жылы мәдениет саласының қызметімен қаңағаттанарлық деңгейі 45% құраған, 2015 жылы 55 %;

– қаңағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 2011 жылы 50% құрайды, 2015 жылы 70%;

– 2011 жылы 1 адамға шаққандағы 0,20 ш.м. тұрғын үйге енгізу, ал 2015 жылы 0,36 ш. метрді құрайды.



4. ИНВЕСТИЦИЯ ҮШІН АЙМАҚТАҒЫ ТАРТЫМДЫ БАҒЫТТАР (СОНЫҢ ІШІНДЕ НАҚТЫ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН МҮМКІНДІКТЕР)

Қарағанды облысының Шахтинск аймағы азық – түлік, металлургия және химиялық өндіріс саласында экономикалық өсім нүктесі болып табылады. Бұл жобалар аймақ территориясының дамуында маңызды рол атқарады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі инвестициялық жобалары жүзеге асырылады:



1. Металды қайта өндеу, аранй құбырларды әзірлеу «Ак Төбе К.Т.» ЖШС. Жобаның жалпы құны 75,0 млн. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2010- 2011 жж. Осы жобаны іске асыру жанадан 15-20 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Ак Тобе К.Т.» ЖШС кәсіпорындарында штрипсті дайындау бойынша жабдық жұмыс істеуде (құбырды әзірлеу) – «Линия продольной порезки металла».

Осы жобаны іске асыру барысында жана бәсекеге қабілетті өндіріс құрылатын болады.

2. «Сұйық майды, азықтық қышаны, медициналық қышаны әзірлеу» жобасы. Жобаның жалпы құны 90,0 млн. теңгені құрайды. Өндірістік қуаты жылына 2,2 тонна. Осы жобаны іске асыру мерзімі 2011 жыл.

Бүгінгі күні жобаны іске асыруға, қыша және күнбағыс дәнін салуға жер телімі 1000 га бөлінген.

Осы жобаны іске асыру үлкен потенциалға жеткізеді, өйткені Қарағанды облысында бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпорын жоқ. Тағы бір оңтайлы кезең базардың жана сегменті пайда болады, бұл облыста бәсекеге қабілетті өндірістерді ашуға мүмкіндік береді.

3. «Компания BIOHIM» АҚ мұнайды қайта өндеу бойынша шағын – зауыт жобасы ашылды. Осы жобаны іске асыру мерзімі 2011 жыл. Өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна.

4. «Көкөніс қоймасын салу» жобасы жалпы көлемі 2,8 га. Осы жобаны іске асыру мерзімі 2012 жыл. Жобаның жалпы құны 120,0 млн теңге. Осы жобаны іске асыру жанадан 15 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Шахтинск аймағында көкөніс сақтайтын қойманы салу аймақтағы азықтық қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі, тұрғындарды көкөніс қорымен қамтамасыз етіп отыратын болады.



5. «Шахтинск металл конструкция зауыты» жобасын іске қосу. Жобаның жалпы құны 450,0 млн теңге. Осы жобаны іске асыру мерзімі 2012 жыл. Осы жобаны іске асыру жанадан 120 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

6. «Синтетикалывқ жуғыш заттарды өндіру зауыты» «Монета Дитерджентс» ЖШС жобасы. Жобаның жалпы құны 3,0 млрд. Теңге, өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тонна. Осы жобаны іске асыру мерзімі 2011 – 2015 жылдар. Осы жобаны іске асыру жанадан 200 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Осы өндірісті іске қосу жана химия өнеркәсіп бағытын құрады. Осы кәсіпорынға Қарағанды облысында ұқсас кәсіпорын жоқ. Отандық жуғыш затттарды пайдалануға мүмкіндік береді. ҚР барлық аумағында тауарды пайланануға болатын болады.

Бұл жобалардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі негізінен жанадан 400 жұмыс орынын құруға, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Сонымен бірге осы өндірістерді іске асыру қазақстандық мазмұн көлемін өсуіне әсер етеді, экономикалық белсенділіктің жоғарлауына және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырады.
5. ФИИД БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

ГПФИИР шеңберінде Шахтинск аймағынан 2010 жылы индустрилаизация Картасына бірді бір инвестициялық жоба енгізілмеген.

Бүгінгі күні Шахтинск аймағында бір жоба жүзеге асуда, оны индустриализация Картасына енгізу мүмкін болатын болады:

«Қыша майын өндіру» «Восток- W» ЖШС (Лобов ЖК

Жобаның жалпы құны– 90 млн. тенге (жеке қаражаты)

Пайдалану мерзімінде жұмыс орындары 20 жұмыс орны.

Май дақылдарын пресстеу зауыты жөнделген (3 пресса шнековых), әр түрлі қуаты бар сөткесіне 300 шиша, 4 сыйымдылығы бар бөшке орнатылған (4 тонн) жылдық өнімді сақтау үшін, дайын өнімді сақтауға қойма бар (30 тонна май) және шикізатты сақтайтын қойма.

Жобаны инженерлік қамтамасыз толығымен дайын, жоба толығымен пайдалануға дайын (жылу желілері, су желілері, электр пайдалану желілері).

2012 жылы жоба басшысы оған пайдалануға берілген 1000 га жер телімін іске қосуды жоспарлауда.

Бүгінгі күні «Қыша майын өндіру» жоба жетекшісі Лобов В.М. Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына ұсынуға, әрі қарай индустриализация картасына енгізуге қажетті құжаттарды әзірлеуде.





Шахтинск қаласы 2011 жыл

ЖӨ, өндірістік өнімдердің көлемі, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, мемлекеттік бюджетке түсымдер көлемінің өсуі, басқа да маңызды көрсеткіштер, Қарағанды облысының масштабында көрсе

254.41kb.

13 10 2014
1 стр.


Бекітілген шахтинск қаласының 2013 -2015 жылдарға арналған кешенді даму жоспары 2012 жыл мазмұНЫ

ТҰРАҚты жұмыс істейтін кәсіпорындардың Өндірістік көлемінен шахтинск қаласын оңтайландыр

357.79kb.

25 12 2014
1 стр.


Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылдың 21 АҚпандағЫ №5/6 Қаулысымен бекітілді

Мемлекеттік мекемесі Шахтинск қаласының мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру

113.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы зайсан қаласы, 2012 жыл мазмұНЫ

Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылад

2186.48kb.

25 12 2014
12 стр.


Жоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»

Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу тур

141.84kb.

16 12 2014
1 стр.


Бекітемін: «Қазпочта» АҚ ОҚоф директоры А. Заманхан «15» қазан 2012 жыл

Казпочта АҚ (010000, Астана қаласы, Әүезов к., 13 ү.) Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 24 үй

70.28kb.

16 12 2014
1 стр.


«Қосалқы бөлшектер» сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Арал қаласы 25 наурыз 2011 жыл

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Арал аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Арал қаласы, Мектеп көшесі, 33, «Өзге де тауарлар сатып алу»

25.74kb.

03 09 2014
1 стр.


«Бекітемін» «Қазпочта» АҚ Қызылорда оф директоры Ә.Әбдімомынов «20» желтоқсан 2012 жыл

Казпочта АҚ (010000, Астана қаласы, Әүезов к., 13 ү.) Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, 38

56.43kb.

25 12 2014
1 стр.