Перейти на главную страницу
№_______бұйрығымен бекітілген
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мекеме Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «21» ақпандағы
2011 жылғы № 20 қаулысымен құрылды.
4. Мекеменің құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы болып табылады.
6. Мекеменің атауы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мекеменің тұрған жері индексі 071410, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі, 38.
Телефон (87232) 34-24-54
2. Мекеменің заңдық мәртебесі
8. Мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді.Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жауапты болады.
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Мекеме қызметінің мәні білім саласындағы оқу- тәрбие істерін жүзеге асыру болып табылады.
14. Мекеме қызметінің мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік өзін-өзі анықтауға қабілетті, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.
15. Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) оқушылар үшін ақпараттық кеңістікті кеңейтуді, білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ, дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиелейтін көп тілдік орта қалыптастыру;
2) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту нәтижесі мониторингінің рейтингілік жүйесін әзірлеу;
3) оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы пәндердің мазмұнын интеграциялауды жүзеге асыру;
4) олардың жеке танымдылығын және өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға, қабілетін іске асыруға және тұлғалық сапасын жетілдіруге, өзіне таңдау мүмкіндігін беру арқылы әрбір оқушыға жеке білім беру бағдарын құруға мүмкіншілік беретін оқушылардың сабақ және сабақтан тыс қызметі тұтастығын қамтамасыз ету.
Мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Мекеме басшысының Мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
18. Білім алушылардың мектептен тыс қызметін жеке түрлер, әр түрлі арнайы курстар, факультативтер, үйірме, клубтар, ғылыми қоғамдар және өзге де қауымдастықтардың жұмыстары арқылы ұйымдастырады.
19. Мекеме «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен лицензиялаудан және аттестаттаудан өтеді.
20. Мекеме білім беру қызметі құқығына берілген лицензия бойынша санитарлық нормаларды басшылыққа ала отырып, оқушылар және тәрбиеленушілер контингентін дербес қалыптастырады.
21. Мекемеде дарынды балаларды үш тілде оқыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келетін Базистік оқу жоспары негізінде әзірленген үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің оқу жоспары бойынша жүзеге асырылады.
22. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес пәндерді оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары және оқу кешендері бойынша жүзеге асырылады.
23. Мекеме білім беру үдерісін осы жарғы мен лицензияға сәйкес ұйымдастырып, үлгерімді аралық, ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және бекітілген білім беру мекемелерінде оқитындардың үлгерімін аралық және мемлекеттік аттестаттау, ағымдағы бақылау ережелеріне сәйкес өткізеді.
24. Медициналық қызметті оқушылардың өмірі мен денсаулығына, олардың жеке дамуына, емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізуге, күн тәртібінің және санитарлық-тазалық нормаларының сақталуына жауапты Мекеменің медициналық қызметкерлері көрсетеді.
25. Мекеме оқу-тәрбие үдерісін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған оқу жоспары және Қазақстан Республикасы гимназиясының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже негізінде ұйымдастырады.
26. Мекеменің тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Мекемеде оқу-тәрбие үдерісі қазақ тілінде жүргізіледі. Мекемеде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі және білім берудің әр деңгейіне арналған ағылшын тілі оқытылады. 5 сыныптан бастап орыс тілінде білім беретін мектептердің бағдарламасы бойынша орыс тілі мен орыс әдебиеті, 7 сыныптан бастап жаратылыстану-математика бағыты бойынша бір немесе бірнеше пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі.
28. Оқушылардың базалық негізгі ғылым жүйесін игеруіне, оларда негізгі басты дағдыларды, жеке және ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, тұлғаның өзін-өзі тануы және кәсіби бағытын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру оқу бағдарламалары оқыту негізі болады. Оқу жоспарының базалық оқу пәндерінің барлық салалары бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бағдарлы оқытуды енгізе отырып, жалпыға міндетті жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарттары негізінде жасалады. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы оқу жоспарына таңдау бойынша және қосымша курстар міндетті түрде енгізіледі.
29. Оқушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген жағдайлардан тыс жағдайда Ұлттық Бірыңғай Тестілеу түрінде өткізіледі,.
30. Мекеменің білім беру үдерісі мынадай жүйеде ұсынылған:
І(бастауыш) саты-мамандандырылған мектеп бағытында оқыту -
1-4 сыныптар;
ІІ (негізгі) саты-үш тілде бағдаралды оқыту-5-9 сыныптар;
ІІІ (жоғары) саты-үш тілде бағдарлы оқыту-10-11 сыныптар;
Мекеме екінші немесе үшінші сатыдан бастап дербес білім беру Мекемесі болып қызмет атқаруы мүмкін.
31. Мекеме 6 күндік жұмыс аптамен жұмыс істейді (егер 5 күндік аптамен жұмыс істейтін болса, 5 күндік аптамен жұмыс істеу үшін қосымша кесте және негіздеме болуы керек).
32. Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс жеке оқу қызметін ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында оқу үрдісі қосарланған сабақтар түрінде жүзеге асырылады ( 8-11 сыныптарда).
33. Сабақтың академиялық ұзақтығы 45 минутты құрайды.
34. Мекеменің оқу жоспарында жекелеген пәндерді оқытуға бөлінген сағаттар саны дарынды балаларға арналған мекемелердің мемлекеттік Базистік оқу жоспарында белгіленген саннан кем болмауға тиіс.
35. Еңбек тәжірибесін өткізудің, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудың түрі мен мерзімін Мекеменің Педагогикалық кеңесі шешеді.
36. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және 20 маусымға дейін аяқталады (емтихандарды және еңбек практикасын өткізуді қоса алғанда).
37. Сыныптағы оқушы саны 25 адамнан аспауы тиіс.
38. Оқыту кезінде Мекеменің бюджеттік қаражатына байланысты орыс және ағылшын тілдері, информатика пәні үш топқа, ағылшын тілінде оқылатын жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер екі топқа,
5-11 сыныптардағы технология және дене шынықтыру (ұлдар және қыздар болып) екі топқа бөлінеді (әр топтағы адам саны 8 адамнан кем болмауы тиіс).
5. Мекемеге оқушыларды қабылдау тәртібі
39. Мекемеге жалпы білім беретін мектептердің 4-ші сыныбын жақсы бітірген оқушылар және мектеп алды сыныптарының конкурстық іріктеуден өткен оқушылары қабылданады.
40. Бос орын болған жағдайда сыныптарға оқушыларды қосымша қабылдау әрбір оқу жылының соңында конкурстық негізде жүргізіледі.
41. Бағдарлы оқыту сыныптарына оқушылар білім жетістіктері, қызығушылықтары және қабілеттері рейтингісі негізінде негізгі мектеп курсы бойынша мемлекеттік аттестаттау қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.
42. Бағдарлы оқыту сыныптарына алдымен негізгі орта білімі туралы үздік куәлік алған оқушылар, оқыту бағдарламаларына сәйкес келетін пәндер бойынша аудандық, қалалық, облыстық және республикалық, өңірлік олимпиадалардың жеңімпаздары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған оқушылар қабылданады.
43. Оқушыларды бағдарлы сыныптарға қабылдау Педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіліп, 1 шілдеде аяқталады. 1 тамыздан 30 тамызға дейін қосымша қабылдау жүргізілуі мүмкін. Қосымша қабылдау үшін Мекеме директорына әрбір бағдар бойынша бес орынды жеке ұстауға рұқсат етіледі;
44. Мекемеге оқушыларды қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Іріктеу талаптарын қабылдау комиссиясы анықтайды. Бұл талаптардың білім деңгейі мемлекеттік білім беру стандарттарының мөлшерінен аспауы тиіс. Қабылдау комиссиясы іріктеуде пән бойынша білімдерінің және дағдыларының деңгейін, шығармашылық қабілетін, кәсіпкерлік қызметке психологиялық дайындығын ескереді.
45. Іріктеу жұмысы мамыр-маусым айларында өткізіледі және
2 кезеңнен тұрады:
1 кезең - оқушылардың білім деңгейін тестілеу түрінде анықтау;
2 кезең - кәсіби ынтасы мен қабілетін анықтау.
46. Іріктеуден өткен оқушыларды қабылдау үшін мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) баланың тууы туралы нотариус растаған куәлігінің көшірмесі;
3) баланың денсаулығы туралы паспорт (131, 063-У, 26-үлгілер);
4) комиссияның балалардың дене бітімі, басым күрделі деңгейлі бағдарламалар бойынша сабақтарға медициналық жарамаудың жоқтығы жөніндегі қорытындысы;
5) тұрғылықты жері туралы анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
6) 2 дана 3х4 фотосуреті.
47. Қабылдау комиссиясы Мекемеге қабылданған оқушыларды, ата-аналарды (немесе оларды алмастырушыларды) жарғымен таныстырады. Ата-аналар (немесе оларды ауыстырушылар) Мекеменің оқу үдерісінің және әдістерінің тармақтарымен келісетіні туралы жазбаша түрде өзінің келісімін білдіреді.
48. Оқушылар оқу мен тәрбиеленуге Мекеме директорының бұйрығымен қабылданады.
49. Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткен Мекеменің негізгі және жоғарғы сатысындағы бітірушілеріне Мекеменің мөрімен расталған тиісті білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын игеруде ерекше жетістіктерге қол жеткізген бітірушілерге үздік бітіргендері туралы «Алтын белгі» төс белгісі және үздік аттестат беріледі.
50. Білім алуды аяқтамаған бітірушілерге бекітілген үлгідегі анықтама беріледі.
51. Мекеменің бағдарламасын меңгере алмаған оқушыларға Педагогикалық кеңестің шешімімен жалпы білім беретін мектептерге ауысу туралы ұсыныс жасалады. Мұндай оқушылардың басқа білім мекемесіне ауысуын Мекеме әкімшілігі бақылайды.
53. Оқушылардың:
1) Мекеменің оқу жоспарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) 4-сыныпты бітіргеннен кейін өзінің бейімділігін, қабілетін, психолог пен мұғалімдердің тілегін ескере отырып, оқу бейінін таңдауға;
3) өзінің бейімділігі мен қажеттілігіне қарай ақылы негізде қосымша білім беру қызметін алуға;
4) оқушылар ұйымдары арқылы Мекемені басқаруға қатысуға;
5) интернетті, оқу кабинеттерін, кітапхананы тегін пайдалануға, медицина қызметкерімен, психологпен қатынасуға;
6) өзіндік пікірі мен сенімін сыпайы, әдепті түрде еркін білдіруге;
7) өзінің адамгершілік қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
8) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметіндегі жетістіктері үшін көтермелеуге және сыйақы алуға;
9) Мекеменің шығармашылық және спорттық өміріне қатысуға;
10) Педагогикалық кеңеске оқу-тәрбие процесін жақсартуға байланысты ұсыныс жасауға құқығы бар.
54. Оқушылар:
1) сабақтарға ұдайы қатысуға, білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білімді, қабілеттерді, іс жүзіндегі икем-дағдыларды, біліктіліктерді меңгеруге;
2) мінез-құлық, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және Мекеме жарғысында көзделген талаптарды орындауға;
3) өзінің сыртқы келбетіне күтіммен қарауға, Педагогика кеңесі бекіткен мектеп киімін киюге;
4) өз денсаулығын күтуге, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға, рухани және тәндік өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға, дәрігердің ұйғарымына сәйкес ұдайы медициналық тексерілуден өтуге;
5) ата-аналарын оқу-тәрбие процесіндегі жеткен жетістіктері, мектепте туындайтын проблемалар туралы ұдайы хабарландырып отыруға;
6) Мекеменің педагог және өзге де қызметкерлерінің абыройы мен қадір-қасиетін, Мекеменің дәстүрлерін құрметтеуге, айналасындағыларға төзімді болуға;
7) Мекеме мүлкіне ұқыпты қарауға;
8) жалпыға танылған халықаралық құқық пен адамгершілік ұстанымдарына қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты және ерекшелікті насихаттауға, милитаристік және басқа да идеяларды таратуға жол бермеуге;
9) сабақтағы қауіпсіздік техникасы ережесін, жол қозғалысы ережесін, судағы және мұздағы мінез-құлық ережесін білуге және сақтауға міндетті.
55. Ата-аналар (заңды өкілдер):
1) Мекеменің педагогикалық кеңесін сайлауға және оған сайлануға, Мекеменің Педагогикалық кеңесімен және әкімшілікпен бірлесіп, Мекеменің істерін шешуге қатысуға;
2) Мекеме жарғысымен және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін өзге де құжаттармен танысуға;
3) өз балаларының оқу үлгеріміне, мінез-құлқы мен оқу жағдайына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестік көмек алуға;
56. Ата-аналар (заңды өкілдер):
1) балаларға өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшінің дамуын, рухани өсуін қамтамасыз етуге;
2) Мекемеге балалардың Мекеме жарғысы мен Мекеменің басқа да жергілікті актілерін сақтауға көмектесуге;
3) балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;
4) өз балаларының заңға қайшы әрекеттері үшін материалдық жауапты болуға міндетті.
58. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) Мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібін Мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
6) Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) қаржы есептілік мерзімін бекітеді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, Мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10) Мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
59. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
60. Мекеменің басшысы Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
61. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және Мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
62. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) Мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
63. Мекеме басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
64. Мекеме басшыларына қызметін Мекемеде немесе Мекемеден тыс білім беру ұйымдарында, өзге де басшылық қызметпен (ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықтан басқа) қоса атқаруға тыйым салынады.
65. Мекеме басшысының қызметтік міндеттері қоса атқарылмайды.
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
67. Мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөліген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
68. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Мекеме облыс бюджетінен қаржыландырады.
69. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
70. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы басқармасы жүзеге асырады.
71. Мекеме осы жарғыға және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарт негізінде мынадай қосымша ақылы қызметтер көрсете алады:
1) жазғы демалысты ұйымдастыру, оқушылар мен тәрбиеленушілерді, білім ұйымдарында өткізілетін түрлі шараларға қатысушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету;
2) оқу-өндірістік шеберханасының, оқу шаруашылықтарының, оқу- тәжірибе телімдерінің өнім өндіруін және өнімдерді сатуды ұйымдастыру. Қызмет көрсету бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады
72. Еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпптен анықталады.
73. Мекеме ынталандыру түріндегі сыйақы, қосымша төлем, үстеме төлемдердің мөлшерін (директорды қоспағанда) өзі белгілейді. Қосымша ынталандыру тек кепілдік еңбекақы бөлігінде қарыздар болмаса ғана бюджет қаражаты есебінен төленеді.
9. Мекемедегі жұмыс тәртібі
74. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
10. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі
75. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
76. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
78. Қайта ұйымдастыру және тарату:
1) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің шешімімен тиісті саланың уәкілетті органымен;
2) заң талаптарында немесе жарғы мақсаттарында рұқсат етілмеген қызметпен айналысқанда сот шешімімен жүргізіледі .
79. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі және мерзімін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен жүзеге асырылады.
12. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы
мәліметтер
80. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
«Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп»
05 09 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджеттің сапалы және уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуге, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет
12 10 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 21 мамырдағы 02/733 хаты негізінде, аусылдың енуінің және таралуының алдын алу мақсатынд
25 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы №37 қаулысына, облыстық бюджет комиссиясының 2011 жылғы 20 сәуірдегі №9 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкі
17 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 10 желтоқсандағы n 832 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнде 2013 жылғы 14 қаңтарда n 2820 тiркелдi
25 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ
17 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ
17 12 2014
1 стр.
Республикасының Заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыс әкімдерінің өкімдері мен шешімдері, облыс әкімінің қаулысымен
17 12 2014
1 стр.