Перейти на главную страницу
«Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы» жобасының аясында бюллетеннің шығарылуына мүмкіндік туды.
Бұл жерден сіз жастардың басқа топтарына қарағанда девиацияларға бейімділік дәрежесі жоғары болатын әлеуметтік санат ретінде, орта-кәсіптік оқу орындары оқушыларының ерекшеліктері туралы ақпаратты таба аласыз
ЖАУАПТЫ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУШЫ:
Негачева О.В. – «Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы» жобасының үйлестірушісі.
«Қазақстан жастары Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің және
ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Жастар саясаты департаментінің
қолдауымен
Шығыс Қазақстан облыстық
Жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы
М
Восточно-Казахстанская областная Ассоциация молодежных и детских организаций
АЗМҰНЫ
1 |
Алғы сөз |
4 бет |
2 |
Жоба туралы қысқаша |
5 бет |
3 |
Оқушылар ерекше әлеуметтік топ ретінде |
7 бет |
4 |
«Қалыпты» оқушының портреті (Шығыс Қазақстан облысы жастарының құндылықтар бағытын зерттеу нәтижелерінен) |
10 бет |
5 |
Оқушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері |
20 бет |
6 |
Глоссарий |
23 бет |
7 |
Алғыстар |
25 бет |
Өзгерістер кезеңі, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай ауытқыған бұрыс мінез-құлықты түзеумен байланысты мәселелерді күрт ушықтырып жіберді. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер бұрынғы мінез-құлықтағы нормалар туралы түсінікті тас талқан етті деуге болады. Айқын әлеуметтік келешек болмаса, бұл жасөспірімдер мен жастардың физиологиялық және рухани денсаулығына әсер етпей қоймайды. Әрине, қоғам мұндай күйде ұзақ уақыт қала алмайды. Жұртшылықтың басым көпшілігінің девианттық мінез-құлығы бүгінгі таңда елімізге аса қауіпті бағыттармен ұштасып жатыр. Сондықтан девианттық мінез-құлық мәселесін зерттеу – айрықша өткірлігімен ерекшеленеді.
Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі міндеттері келесідей:
«Әлеуметтік қызмет – девианттық мінез-құлықты жастарға арналған қайта бейімделу орталығының қызмет етуін қолдау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы»
1. Әртүрлі санаттағы жастардың құндылықтар бағытын зерттеу.
2. Жас шығысқазақстандықтың әлеуметтік-псиохологиялық бейнесін жасау.
3. Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға (төмендетуге) бағытталған іс-шаралардың тиімділігі тұрғысынан «2006-08 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасына талдау жасау.
4. Әр түрлі санаттағы Шығыс Қазақстан облысы жастарында Іріткішіл девианттық құбылыстарды азайтуға арналған алдын-алу іс-шаралар кешенін әзірлеу.
5. Жастардың коммерциялық емес ұйымдарын сайыстар мен топтық пікірталастар өткізу арқылы алдын алу іс-шараларының кешенін жүзеге асыруға тарту.
2. 14 жастан 18 жасқа дейінгі орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары;
3. 17 жастан 25 жасқа дейінгі жоо студенттері.
Қызмет түрі |
Олардың мазмұны |
Сараптамалық қызмет |
|
Тәжірибелік қызмет |
– «Жастар әлеуметтік проблема ретінде»; – «Жастардың девианттылығын түсіндіру және/немесе ақтау»; – «Әлеуметтік айдарлар: дамуға ұмтылыс немесе құлдыруға түрткі ме?»; – «Жастардың субмәдениеттері».
|
Ақпараттық-әдістемелік қызмет |
– «Жоғарғы сынып оқушылары әлеуметтік проблема ретінде»; – «Оқушылар әлеуметтік проблема ретінде»; – «Студенттер әлеуметтік мәселе ретінде»; – «ЖжБҰА-ақпар» – №8 (жоба бойынша қорытынды бюллетень).
|
Л.С. Выготский жетілудің үш нүктесінің сәйкес келмеуін қарастырылып отырған жастың (14-18 жас аралығы) мәні ретінде есептеген: «Жыныстық жетілу жасөспірімнің жалпыорганикалық дамунының аяқталуынан бұрын басталады және жасөспірім өзінің әлеуметтік-мәдени қалыптасуының қорытынды кезеңіне жетпей тұрғанында басталып, аяқталады». Ол жасөспірімге тән белгілерді көрсетті: өзінің уайымдарына деген ерекше қызығушылықтың пайда болуы, сыртқы әлемге қанағаттанбаушылық, тұйықталу, айрықшалық сезімінің пайда болуы, өзін өзі өз орнын табуға ұмтылу, өзін айналсындағыларға қарсы қою, олармен кикілжіңге бару. Осылайша, мінез-құлықтағы ауытқушылықтар жасөспірімнің тұлғасында болып жатқан өзгерістермен байланысты. Психофизиологиялық, ой-саналық, әлеуметтік, эмоционалдық даму сапалы өзіндігімен айрықшаланатындықтан, ол көп жағдайда жасөспірімнің есеюі мен мінез-құлығының ерекшелігімен анықталады.
Алайда ғылымдар жасөспірімдік кезеңнің қайшылықтарын қанша айқындап көрсетсе де, барлығы бір пікірге - әлеуметтену (адамзаттық мәдениет пен қоғамдық құндылықтар әлеміне кірігуі) және жеке тұлғаға айналуы, яғни өзінің ерен және қайталанбас «Мен»-дігін ашу және бекіту кезеңіне келіп тоқталады.
Жасөспірімнің жеке тұлғаға айналуы өз орнын табу түрінде байқалуы мүмкін. Егер оның түрткісі көшбасшылыққа және беделдікке ұмтылу болып табылса, онда бұл қоғамдық және оқу ісінің үрдісі мен нәтижесіне оң әсер етеді. Сондай-ақ жасөспіірмнің өз орнын іздеуі ерліктен бастап, құқық бұзушылыққа дейін барып, әлеуметтік-полярлық негізде болуы мүмкін.
Жасөспірімнің негізгі түрткісі – «Атың шықпаса – жер өрте» болып, соңында ауытқыған мінез-құлықты тудыруы ықтимал. «Шектің мәнін іздеу» өз санасына кері ықпал етеді, «атақ құмарлық», өзін-өзі бағалауының сәйкессіздігі пайда болып, қоршаған ортамен кикілжің оятуы мүмкін. Жас құқық бұзушылар еркіндікке және дербестікке деген бұрмаланған, күшті әрі мерзімінен бұрын дамыған қажеттілікпен сипатталады. Осылайша, жаңалыққа, мінез-құлықтың өзгешелігіне, көшбасшылық пен беделдікке ұмтылысы, күресу, қол жеткізу ниеті оқушыларға тән белгілер болып табылады. Әрі мектептік «шектеулі» өмірінен колледждің немесе КМ (кәсіби мектептің) «абсолютті еркіндігіне» өту жаңа іс үшін кең өріс береді. Тек бұл қандай іс болатындығына таңдау жасау ғана қалды.
Жас жеткіншек басқалардың өзінің тәуелсіздігін сыйлауы мен мойындауына ұмтылып, спорттық, музыкалық және өзге академиялық немесе бейресми топтарға қатынасады. Бейресми субмәдениет ерекше нәрсе емес. Ол әрі әлеуметтік бастамалар тобы, әрі фан-клуб, хиппилер мен панктердің көрнекі қозғалыстары сияқты қызығушылықтар бойынша клуб, әрі жасөспірім бұзақылар тобы болып табылып, дәстүрлі жасөспірімдік «көшелік» субмәдениеттің көптеген сипаттамаларын өзінің бойына жинақтайды. Жасөспірімнің қандай да бір топқа тиісті болуы өз орнын табудың жаңа тәсілдерін береді, өз «Мен»-дігін енді тек әлеуметтік-оң әрекеттер есебінен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-теріс белгілер мен әрекеттер арқылы ұлғайтуға мүмкіндік туғызады.
Ғалымдар бір ауыздан балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған мінез-құлығының қалыптасуына отбасы мен отбасылық қарым-қатынастар зор ықпал ететінін атап көрсетеді. Қадағалаусыздық, ата-аналар тарапынан байқалатын жүгенсіздік, әлеуметтік бақылаудың әлсіреуі («Сен енді мектеп оқушысы емессің!») сыртқы жағдайлар болып табылып, тұлғаның өзін-өзі шектеуге ішкі қабілетсіздігіне өтетін бақылаусыз мінез-құлыққа жол береді.
Қазіргі заманғы зерттеулер жасөспірімдердің ересектерге деген қарым-қатынасының күрделілігін, ұрыс-керіс, қатынасудың жеткіліксіздігі, жасөспірімнің отбасынан алыстауы, оның жаңа достарын ата-анасының құптамауы арқылы көрінетін жасөспірім мен ата-ана арасындағы өгейлікті көрсетеді. Бұл делинквенттіліктің бастапқы тетіктерінің бірі болып табылатын психологиялық бұзылулар мен мінез-құлықтық ауытқушылықтардың пайда болуының қауіп факторы болып табылады. Егер отбасында кикілжіңді жағдай болса жасөспірімде девианттық жауапты әрекет туады және ол жасөспірімнің пікірі бойынша оның алдында кінәлі ата-анаға бағытталады. Мінез-құлықтың наразылық түрлері өкпеге, намысының қорлануына, жақындарының талаптарына немесе қарым-қатынастарына көңіл толмаушылығына жауап ретінде пайда болады. Наразылық себебі ретінде ата-ана арасындағы кикілжіңдер немесе олардың жасөспірімге деген ықылассыз қарым-қатынасы, оның әділетсіз немесе намысы үшін ауыр тиетін жазалау, жасөспірім үшін маңызды әлденеге тыйым салу болып табылуы ықтимал.
Осылайша, девианттық мінез-құлыққа, әлеуметтік ортадан шеттеліп қалған тұлға үйір; «отбасы-бала», «колледж (КМ)-бала» сияқты әлсіз байланыстар жастарды девианттық нормалар көзі болып табылатын құрбылар тобына бағытталуына әсер етеді.
Қоғам өміріндегі осы кезеңнің шынайылығы да жасөспірімдердің мінез-құлығындағы ауытқушылықтардың себебі болып табылады. Жасөспірімдерді әлеуметтік топтарға бөліну кезеңі ерекше толғандырады, олардың көпшілігі үшін қалаулы білім алуының, баршылықта өмір сүруінің мүмкін еместігі соңғы жылдары жастарда жарты немесе бір жыл ішінде құндылықтар бағыттарын өзгереді.
Тұлға әлеуметтік ортасының нормаларына қайшы келетін қатынастары мен мінез-құлқын қайта құра алуға ұмтыла ма?* - бұл сұрақ ашық күйінде қалады.
* – электрондық және баспалық БАҚ материалдары қолданылған.
«Қалыпты» оқушының
ПОРТРЕТІ
(Шығыс Қазақстан облысы жастарының
құндылықтар бағытын зерттеу нәтижелерінен)
«Орта-кәсіптік оқу орындарының оқушылары» санаты бойынша құндылықтарды зерттеу барысындағы іріктеулер көлемі 45 550 адамнан тұратын бас жиынтықтан 1 000 жауап берушіні құрады. Шығыс Қазақстан облысының 20 ОКОО (әрқайсысынан 50 жауап берушіден) қамтылды..
Алғашқы талдау барысында жауап берушілерге ұсынылған барлық құндылықтар анықталып, белгіленді. Егер зерттеу нәтижелерін әлеуметтік санаттарға бөлмей бүтіндей қарастырсақ, рейтинг келесі түрде болады:
Сурет 1. Шығыс Қазақстан облысы жастары мен жасөспірімдерінің құндылықтарының жалпы рейтингтік үлесі (пайызбен)
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы жастарын ең алдымен денсаулық пен отбасы толғандырады. Одан кейін шамалы айырмашылықпен білім, достық, махаббат және ақша орын алған. Жауап берушілердің көпшілігі денсаулықты «Адам ағзасының жақсы физиологиялық және психологиялық күйі» деп анықтаған. «Отбасы» ұғымы бойынша пікірлер бөлініп кеткен. 45% үшін бұл – ата-ана, 25% үшін – күйеуі немесе әйелі және өзінің балалары (бұл 25%-дың басым көпшілігі – бойжеткендер), 15% «отбасы – қоғам ұяшығы» атты стандартты анықтама берген, қалған 15% бұл ұғыммен өзінің қоршаған ортасын: туыстарын, достарын, тіпті жай таныстарын балаған.
ШҚО жастары мен жасөспірімдерінің негізгі құндылықтарын анықтап, оларды бізді қызықтыратын санат – орта-кәсіптік оқушыларға қатысты қарастырайық.
Кесте 1. Құндылықтардың жалпы рейтингтік үлесі (ұпаймен)
Құндылықтар тізімі |
Санат |
ОКОО оқушылары | |
Денсаулық |
764 (1 орын) |
Отбасы |
609 (2 орын) |
Махаббат |
164 (6 орын) |
Достық |
234 (4 орын) |
Ақша |
156 (7 орын) |
Білім |
307 (3 орын) |
Қызмет, мансап |
173 (5 орын) |
Беделдік |
47 (8 орын) |
Шығармашылық |
2 (12, 13 орындар) |
Дербестік |
36 (9 орын) |
Имидж |
2 (12, 13 орындар) |
Қауіпсіздік |
6 (11 орын) |
Белсенді өмір |
11 (10 орын) |
Зерттеу тұжырымдамасында мәлімделгендей, нәтижелер гендерлік аспектіні есепке ала отырып талданған.
Құндылықтар тізімі |
Санат | |
бойжеткендер |
бозбалалар | |
Денсаулық |
1095 (1 орын) |
661 (1 орын) |
Отбасы |
847 (2 орын) |
482 (2 орын) |
Махаббат |
316 (4 орын) |
231 (6 орын) |
Достық |
269 (6 орын) |
319 (3 орын) |
Ақша |
246 (7 орын) |
274 (5 орын) |
Білім |
493 (3 орын) |
293 (4 орын) |
Қызмет, мансап |
288 (5 орын) |
182 (7 орын) |
Беделдік |
45 |
56 |
Шығармашылық |
13 |
9 |
Дербестік |
84 |
73 |
Имидж |
15 |
36 |
Қауіпсіздік |
12 |
10 |
Белсенді өмір |
38 |
16 |
Оқушы әлеуметтік мәселе ретінде. Ақпараттық-әдістемелік бюллетень. – Өскемен, 2007. – 25 б
11 10 2014
3 стр.
Студент әлеуметтік мәселе ретінде. Ақпараттық-әдістемелік бюллетень. – Өскемен, 2007. – 23 б
25 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы n 302 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы n 35/412-iv шешiмi. Шығыс Қазақстан
17 12 2014
1 стр.
ШҚ облыстық әкімдігі, ШҚ облыстық мәдениет басқармасы, ШҚ облыстық кітапханашылар ассоциациясы және А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла!» облысты
15 10 2014
1 стр.
Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы
14 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ
17 12 2014
1 стр.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2887 шешіміне сәйкес Шығыс Қ
17 12 2014
1 стр.
14 12 2014
19 стр.