Шымкент қаласының 2012 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
2012 жылдың 1 қарашасына қарағанда халық саны 660,3 мың адамды құрап, 2011 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 3,1 пайызға өсті.
Шымкент қаласының 2009-2012 жылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
|
2010 жыл қаңтар-қараша
|
2011 жыл қатңар-қараша
|
2012 жыл қаңтар-қараша
|
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, млн теңге
|
119 487,8
|
137 240,4
|
159 441,2
|
Ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі, млн теңге
|
1 752,9
|
2 264,8
|
4 028,8
|
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция, млн теңге
|
42 862,2
|
61 472,2
|
78 885,4
|
Орташа жалақы, теңге
|
57 163
|
66 115
|
75 936
|
Республикалық бюджеттен қаралған трансферттер мен кредиттер:
2010 жылы – 19 316,4 млн.теңге.
2011 жылы – 20 943,9 млн.теңге.
2012 жылы – 12 803.6 млн. теңге.
Бюджеттің өзіндік кірістері
Кірістер,млн.теңге
|
Нақты түскені
|
2010 жыл қатар-қараша
|
2011 жыл қатар-қараша
|
2012 жыл қатар-қараша
|
Өзіндік кірістер, оның ішінде:
|
17 945,8
|
20 229,7
|
29 977,8
|
Салықтық түсімдер
|
15 024,9
|
18 975,9
|
22 872,7
|
Салықтық емес түсімдер
|
635,1
|
121,3
|
148,8
|
Негізгі капиталға түсетін түсімдер
|
2 285,8
|
1 132,4
|
898,2
|
2012 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда Шымкент қаласының халық саны 660,3 мың. адамды құрады немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға өскен.
Шымкент қаласының 2012 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Қалада 68 ірі және орта, 256 шағын және қосалқы 47 кәсіпорындар жұмыс істейді.
2012 жылдың 11 айының қорытындысымен жалпы өнеркәсіп көлемінде өндеу өнеркәсібінің үлесі 85,4 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібі 12,2 пайызды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау кәсібі 1,8 пайызды және 0,5 пайызы кен өндіру өнеркәсібін құрайды.
Өндеу өнеркәсібінің ішінде тамақ өнімдерін өндіру үлесі 34,2 пайызды, кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 14,9 пайызды, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 9,5 пайызды, сусындарды өндіру – 6,0 пайызды, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 2,5 пайызды, тоқыма бұйымдарын өндіру – 2,2 пайызды және киімдерді өндіру – 1,9 пайызды, металлургия өнеркәсібі – 1,3 пайызды құрады.
2012 жылдың қаңтар-қараша айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 159 441,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,7 пайызды құрады.
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өндеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 5,8 пайызға артты, оның ішінде металлургия өнеркәсібі 49,4 пайызға және өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 2,9 пайызға кеміген, ал киім өндіру 38,5 пайызға, тоқыма бұйымдарын өндіру 24,6 пайызға, химиялық өнеркәсп өнімдерін өндіру 16,1 пайызға, тамақ өнімдерін өндіру 7,6 пайызға, сусындарды өндіру 4,5 пайызға және кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 2,2 пайызға артты.
Сонымен қатар, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндеу өнеркәсібінің ішінде тамақ өнімдерін өндіру өнеркәсібі 46 595,2 млн.теңгені құрап, 7,6 пайызға өсті, оның ішінде кофе және шай 39,7 пайызға, жаңа піскен нан 8 пайызға, өнделеген сұйық сүт және кілегей 9,1 пайызға, тазартылған май, қалдықтардан басқа 3,64 пайызға, бидай ұны және суржикалық, жұқа елеу 7,6 пайызға және сыра 6,2 пайызға өсті.
Ерлер жұмыс киімдерін өндіру 56 пайызға, сабын және сабынның орнына қолданылатын органикалық жоғары активті заттар және препараттар 47,6 пайызға, ағаштан жасалған кеңсе жиhазы 20,4 пайызға, мұнай өнімдерін өндіру саласында мотор отыны 6 пайызға, керосин 28,9 пайызға өсті.
Электрмен қамтамасыз ету, газ және бу беру – 19 494,3 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 99,9 пайызды құрады..
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау – 2 939,4 млн.теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы
Шымкент қаласы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 14 331 га, оның – 6 051 га егістік жерлер, оның ішінде суармалысы – 1 507 га, қалған 8 280 га жайылым жерлер.
Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 162 шаруа қожалығы, 15 өндірістік коопаратив және 4 ЖШС-і бар.
2012 жылдың қаңтар-қарашасында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 028,8 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,7 пайызға артты. Бұл көрсеткіш «Асар» шағынауданындағы 21 гектарға жылыжайларды іске қосу есебінен жеткізілді.
Жыл басынан 1379,9 тонна ет (тірі салмақта), 10 234,0 тонна сүт және 3 213,4 мың.бірлік жұмыртқа өндірілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда ет 13,1 пайызға, сүт 0,1 % және жұмыртқа 0,1 % артық өндірілді.
Ірі қара малдың саны 97,7% жұртшылық шаруашылығында, 1,8% шаруа қожалықтарында және 0,5% ауылшаурашылық кәсіпорындарында.
Ірі мүйізді қара малдың саны 18,4 пайызға кеміді, ал жылқы 28,7 пайызға және шошқа 33,7 пайызға артты.
Шағын кәсіпкерлік
2012 жылдың қаңтар-қарашасында кәсіпкерлердің саны 56 495 бірлікті құрады, немесе 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8% өсті. Оның ішінде белсенді кәсіпкерлер саны 39 807 бірлікті құрап, 6,4 пайызға кеміген. Шағырылған өнім көлемі 128 775,0 млн.теңгеден асты.
Кәсіпкерлік саласында 86 943 адам жұмыспен қамтылған.
Сауда саласы
Шымкент қаласы аумағында 2300-ден аса сауда дүкендері мен сауда үйлері, 984 қоғамдық тамақтандыру орындары және 34 базар мен сауда қатарлары халыққа қызмет көрсетуде, аталған нысандарда 24 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылуда.
2012 жылы қаңтар-қараша айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 130 870,8 млн.теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 19,0 % өсті. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 289 527,3 млн. теңгені құрап, 22,9 % артты.
Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 12 058,7 млн.теңгені құрап, 2011 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті.
Автокөлік құралдырына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 1 277,9 млн.теңгені құрап, 24,4% өсті.
Негізгі қорға бағытталған инвестиция
2012 жылдың қаңтар-қарашасында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар, жасырылған және формалды емес қызметтерді қоса есептегенде 61 472,2 млн.теңгені құрап, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға артты.
Жалпы инвестиция көлемінде меншікті қаражаттардан бағытталған қаржылардың үлесі 48,2 пайызды немесе 38,0 млрд.теңгені, республикалық бюджеттен – 33,8 пайызды немесе 26,6 млрд.теңгені, жергілікті бюджеттен – 9,1 пайызды немесе 7,2 млрд.теңгені, шетелдік қаражаттардың үлесі 0,6 пайызды немесе 493,9 млн.теңгені және қарыз қаражат – 8,3 пайыз немесе 6,5 млрд.теңгені құрады.
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 7 320,4 млн.теңгені құрап, 130,3 пайызға өсті. Іске қосылған тұрғын үй 148 831 мың.шаршы метрді құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті.
Көлік саласы
Қала аумағында пайдаланатын жолдар мен көшелерінің ұзындығы 1 034,5 км. құрайды, оның ішінде асфальтпен жабылған жолдардың ұзындығы 412,67 км, шағал тас жолдары 439,10 км. және топырақ жолдар - 182,71 км.
Автомобиль көлігімен (жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда) 2012 жылдың қаңтар-қарашасында 54 199,6 мың. тонна жүк және 658,8 млн.жолаушы тасылды, бұл 2011 жылдың катар-тамызымен салыстырғанда тиісінше 116,7% және 122,1% құрады.
Автомобиль көлігі кәсіпорындары 2 420,3 мың. тонна жук тасылды. Жүк айналымы 326,5 млн.тонна км. құрады, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе артты.
Автомобиль кәсіпорындарымен 39 011,4 мың. жолаушы тасылды, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,8% артық. Жолаушы айналымы 658,3 млн. жолаушыны құрап, 77,5% өсті
Қалада 35 көлік компанияларымен 1215 кестеде 85 маршруттары жұмыс жасауда, оның ішінде 61 автобус бағыты (850 кесте) және 24 шағын автобус (365 кесте) бағыттары қызмет көрсетуде.
Бюджет саласы
Бюджеттің өзіндік кірістерінің жылдық жоспары 2011 жылмен салыстырғанда 4,4 млрд.теңгеге немесе 20 пайызға өсті. Өсім реттелетін және бекітілген салықтардың есебінен қалыптасты.
2012 жылы өзіндік кірістер бойынша болжам-жоспары 99 пайызды құрады.
Салық түсімдерін болжау жоспары жыл басынан 102 пайызға, салықтық емес түсімдердің болжау жоспары 109 пайызға орындалды және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 93 пайызды құрады.
2012 жылға арналған Шымкент қаласының бюджет шығындардың жылдық жоспары трансферттерді қоса есептегенде 54,1 млрд.теңгені құрады, 2012 жылдың 1 желтоқсанына жоспар 50,4 млрд.теңгені құрап оның 93,9 пайызы немесе 47,1 млрд.теңгесі игерілді.
Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 14 064,0 млн.теңге жоспарланып, 12 788,9 млн.теңгесі немесе 91 пайызы игерілді.
Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен 10 219,9 млн.теңге жоспарланып, 9 413,6 млн.теңгесі немесе 92 пайызы игерілді.
Білім беру
Қалада 83 жалпы орта білім беру мекемелері жұмыс жасауда, оқушылар саны 104,145 мың адам.
Химия кабинеттерімен 20 мектеп, биология кабинеттерімен 34 мектеп, физика – 53 және мультимедиялық кабинеттерімен – 110 мектеп қамтылған.
Мектептер 100 пайызға компьютерлермен жабдықталған, 1 компьютерге – 15 оқушыдан келіп отыр.
Бүгінгі таңда қалада 163 балабақша жұмыс жасайды. Оның ішінде 70 мемлекеттік, 58 жекеменшік, 32 мектеп жанындағы шағын орталықтар және бастауыш мектеп балабақша кешендері 3.
Қала бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар саны 117 438 құрады. Қаладағы 3-6 жас аралығындағы 61,3 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылды.
Қалада 13 жоғарғы оқу орындары жұмыс істеуде, оның ішінде 4 мемлекеттік және 9 жекеменшік оқу орындары. 2011-2012 оқу жылында жоғарғы оқу орындарында 65 242 студенттер білім алуда.
Сонымен қатар, қалада 32 орта арнаулы оқу орындары тіреклген, оның ішінде 6 мемлекеттік, 26-жекеменшік. 2011-2012 оқу жылында студенттер саны 32 096 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік кәсіптік және техникалық білім мекемелерінің саны 5 бірлікті құрайды, білім алушылар саны 4 189 азамат.
Мәдениет және спорт
Қалада 5 кәсіби театр, 3 мұражай, 34 кітапхана, 6 мәдени-демалыс мекемелері, 7 демалыс саябақтар, 1 кинотеатр, сүрет галлереясы, Неке сарайы мен зообақ жұмыс жасайды.
Мемлекеттік ресми қала тұрғындарының қатысуымен 7 мерекелік күндерге арналған мәдени және 50-ге жуық қалалық мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып өткізді.
2012 жылы қатар-қараша айларында 595 спорт нысаны жұмыс жасады. Спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 2011 жылдағы 99,8 мың адамнан, 2012 жылы 100,4 мыңға дейін өсті.
2012 жыл басынан 90 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылып, 22,5 мыңнан астам қала тұрғындары қатысты.
Демографиялық жағдай
2012 жылы қаңтар-қараша айларында қаланың халық саны 660,3 мың адамды құрады немесе өсім 3,1 пайызға өсті.
2012 жылдың қаңтар-қазанына халықтын табиғи өсімі 13 001 адам болып 8 пайызға өсті.
Жыл басынан туылғандар саны 16 366 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға өскен, өлгендер саны 3 365 адамды құрап, 6,1 пайызға кеміген.
Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі 61 мемлекеттік мекемені құрады, оның ішінде облыстық 32 мекеме.
61 мекемелердің ішінде 21 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме, 28 аурухана, 1 ФАП, 1ФП, 1 санаторий, бала үйі, паталого-анатомиялық бюро, салауатты өмір салты орталығы, қан құю орталығы, арнайы медициналық құралдарымен қамтамасыз ету базасы, Медициналық колледж, медициналық құралдар мен инструменттерді стерилизациялау орталығы мен Денсаулық сақтау басқармасы.
2012 жылдың 11 айында қалада туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 29,49-дан 30,07-ге дейін өсті.
Өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,77-ден - 6,18-ге дейін төмендеді. Халық өлімінің негізгі себептері - қан айналым жүйесінің ауруы (жалпы өлгендер санының 22,9 пайызы) және жаңа өскіндерден (11,4 пайызы) болды.