Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сұлу сөздің Сардары

(жазушы З. Қабдолов-85 жас толуына байланысты библиографиялық шолу)




«Ешкім жоқ, Өзіңізге мөлшерлейтін,

Мөлшерлеп,салыстырып көрсем дейтін.

Мен үшін асқақ тұрған бір Ағасыз-

Әзірге еш қазақпен өлшенбейтін...!»



С. Иманасов

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы ¥лттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Қабдолов Зейнолла 1927 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген.

¥лы Отан соғысы басталып, әкесі майданға аттанған Зейнолла Доссор кентіндегі орта мектепті бітірісімен 1943-1945 жылдары әкесінің ізін басып, өндірісте жұмыс істеді. Мұнайлы Ембі шындығы, еңбекші қауым тұрмысы 3. Қабдолов шығармашылығына негізгі арқау, өзекті тақырып болды.

1945 жылдың жазында 3. Қабдолов Алматыға келіп, инженер болу мақсатымен Тау-кен институтына түседі. Бала кезден баурап алған сөз өнері – көркем әдебиет «құпиялары» қатты қызықтырған 3. Қабдолов өз қалауымен қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, профессор М. Әуезовтің дәрістерін үзбестен, құмартып тыңдап жүреді. Сол жылдың аяғына қарай ұлы жазушының кеңесімен бір жола университетке ауысып, филология факультетінің толық курсын 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы әйгілі білім ордасына ұстаздық қызметке қалдырылады.

Зейнолла Қабдолов ұстаздық қызметіне қоса, бірнеше жыл жауапты басшылық жұмыстарда да болады. «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы (1950-1957), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі (1957-1959), «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959-1961) қызметтерін атқарады.

З.Қабдолов ғылыми-педагогикалық жұмыстарынан қол үзген жоқ, бұл міндеттерді өзінің университеттегі оқытушылығымен бірге алып жүрді. Сөйтіп, ол туған әдебиетіміздің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттей келе, филология ғылымдары-ның кандидаты («Қазіргі қазақ әңгімесі», 1961) және филология ғылымдарының докторы («Қазак әдебиетінің теориялық проблемалары», 1970) дәрежелерін алу үшін диссер-тациялар қорғады. Жиырма бес жыл табан аудармастан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1975-2000) болды.

Зейнолла Қабдоловтың әдеби талпыныстары мектеп қабырғасында басталады да, университеттегі студенттік жылдары одан әрі ұласады. Жас қаламгердің әралуан тақырыпқа жазған өлең-жырлары, әңгіме-очерктері шәкірт кезінің өзінде-ақ газет-журнал беттерінде жиі жарияланып тұрды, таңдаулылары әр-түрлі жинақтарға енді. «Жайық қызы», «Туған ел» сияқты лирикалық өлеңдері әнге айналып, қалың көпшілікке кеңінен тарады.

З. Қабдолов ғылыми-зерттеу ісімен ерте айналысты: университеттің үшінші курсында жазған «Абайдың лирикасы» атты зерттеуі КСРО Жоғары білім беру министрлігінің Мақтау грамотасымен марапатталған.

1947 жылы З. Қабдолов дарынды жас әдебиетші ретінде КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.

Елуінші жылдардың алғашқы жартысында З. Қабдолов әдеби сын саласында (юмор мен сатира, ұнамды кейіпкер, көркем әңгіме, т.б. тақырыптар жайлы) бірсыпыра күрделі еңбектері басылды; орта мектептің 9, 10-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын жазуға қатысты; Үлкен Кеңес энциклопедиясында көне дәуірден осы дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы жайлы көлемді мақала жариялады; А.Пушкинмен Н.Гогольдің «Күнперзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» сияқты классикалық пьесалары да республикалық, облыстық театрларда З. Қабдоловтың аудармасымен қойылды.

З. Қабдоловтың көркем шығармаларындағы басты тақырып -заман шындығы, басты кейіпкер - замандас бейнесі. Оның есімін оқушы қауымға кеңінен танытқан шығарма «Өмір ұшқыны» (1956) повесі. Повестің қаһармандары негізінен жастар - университет сту-денттері.

Табиғи, таза, суретті, нәрлі тіл автордың жазу мәнерін, машығын өзінен басқа ешбір қаламгерге ұқсатпай, бірден даралап көрсететін жаңа нұсқалы стиль, адамдардың арақатынасына жылы шырай қосып, көмкеретін әдемі юмор, күллі шығарманың өн бойында желі тартып отырған сұлу лиризм 3. Қабдоловтың қаламгер ретіндегі даралық сипатын айқындады. Повесть 1958 жылы орыс тілінде Мәскеуде жарияланып, одақ оқырмандарына белгілі болды.

1963 жылы «Жұлдыз» журналында (№7-11) жарияланған «Жалын» романы кейін қазақ (1970, 1974, 1983), орыс (1971, 1976, 1982) және вьетнам тілінде (1980) жеке кітап болып шықты.

З. Қабдолов еңбектерінің ішінде қазірге дейін төрт рет басылым көрген «Сөз өнері» атты зерттеуінің орны бөлек. «Сөз өнері» - жоғары оқу орындарының студенттері әлі де үзбей пайдаланатын бірден-бір оқу кұралы. Еңбекте көркем әдебиет табиғаты тарихи және теориялық тұрғылардан жан-жақты сараланады. Әдебиет теориясын қалыптастырудағы эстетикалық ой-пікірлердің әдіснамалық мән-маңызы зерделенеді. Әбу Насыр әл-Фараби тәрізді ғұламалардың терең танымдық идеяларын З.Қабдолов қазақ оқырмандары үшін арнайы таратып бағалайды.

Кітапта көркем өнер мен әдебиеттің әлеуметтік табиғаты, әдеби тектер мен жанрлар, өлең құрылымы, мазмұн мен пішін, даралау мен жинақтау, керкем-әдеби тілдің ерекшеліктері сияқты әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелер оқулық талаптарына сай деңгейде сөз болады.

З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалды. Роман-эссесінде Мұхтар Әуезовтің тарихи тұлғасын жаңа бір бағытта, өзгеше бір төселген шеберлікпен төгілген көркемдік алымда ашқан еді. Оған осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Оқымысты назарын аударатын тағы бір күрделі мәселе-көркем тіл мен өлең құрылымы. Тілдегі бейнелілікті зерделеуде ой мен сезімнің бедерлілік табиғатын З. Қабдолов көркем әдебиеттегі ең басты талант өлшеміне балады. Шығарманың тілдік қолданыс ерекшелігі жанр, жағдай, суреттелетін дәуір, кәсіби ыңғай, кейіпкерлердің болмысы мен ой, қиял желісі, әрекет өрісімен сабақтастығы назарда ұсталды. Сан алуан лексика, семантикалық деңгейлердің суреткерге тән мәдени-эстетикалық мұрат, талант даралығымен тамырластығы да ешқашан ұмытылмайды.

З. Қабдолов ағымдағы әдеби үдеріске байланысты ой-пікірлерінде де, іргелі суреткерлер жайлы ықшам зерттеу, мақалаларында, Абай, Махамбет, Жамбыл, М. Әуезов, Б. Майлин, Ш. Айтматов, Ә. Нүрпейісов, Т. Ахтанов, Қ. Ысқақов және т.б. белгілі тұлғалар хақындағы ғылыми-сын эсселерінің бәрінде дерлік мәтін ауқымында - оқырман, дәрісханада-тыңдаушы көкейін тап басатын өзекті ахуалды дәл танытуымен ерекшеленіп тұрады.

Ғалымның қаламынан туған «Жанр сыры» (1964), «Жебе» (1971), «Арна» (1988), «Әуезовтің әсемдік әлемі» (1977), «Менің Әуезовім» (1977), «Көзқарас» (1999) атты еңбектердің студент, магистрант, аспиранттар қауымына берері мол.

З. Қабдолов «Жанр сыры» арқылы қазақ әдебиеттануында әңгіме тәрізді шағын эпикалық туындылардың ішкі құрылымы, ұлттық қасиеттері, стильдік өрнегі туралы алғаш ой толғағандардың бірі. Ол сондай-ақ Абай лирикасы мен эстетикалық әлемі, ақын өлеңде-ріндегі философиялық тереңдік пен шынайылық туралы әсем де нанымды байламдар айтқан.

З. Қабдолов шебер аудармашы да болды. А. Пушкин мен Н. Гогольдің жекелеген шығармаларын, Л. Кассиль, В. Добровольский, В. Закруткин романдарын нақышына келтіре аударды. А. Островскийдің «Ұшынған ақша» пьесасы театр сахналарына З. Қабдоловтың тәржімесі арқылы қойылды.

З. Қабдолов орта мектептің жоғары сыныптарына арналған «Қазіргі қазақ әдебиеті» окулығына жазған тарауларын әрдайым жаңартып отырды. Университетте «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» пәндерінен филологтар мен журналистер үшін ұзақ жылдар бойы дәрістер оқыды, арнайы курстар жүргізді, аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. Зейнолла Қабдоловтың алдынан ондаған, жүздеген шәкірттер өтті. З.Қабдоловтан дәріс тындау бақыты бұйырған көп талапкер кейіннен көрнекті жазушы, ғылым адамы, қоғам қайраткері болды. Олардың барлығы да Зейнолла Қабдоловты ризашылықпен еске алады. Академик Зейнолла Қабдолов өзі де ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовке ғұмыр бойы шәкірттік парызын өтеген еді.

Ғалым-ұстаздың күллі шығармашылығын ой елегінен өткізіп, оның қаламынан қалған әрбір туындының қыр-сырын түбегейлі қарастыратып, танып-талдайтын Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп тұрады.

Асылы, жазушының оқырман жүрегіне жол табуы оңай емес және ол қай тақырыпқа қалам тартқанына да байланысты емес. Міне дәл осы тұста, қаламгердің таланты, дарын күші, суреткерлік шеберлігі алдыңғы қатарға шығады. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов алдымен осы қасиеттері арқылы оқырман жүрегіне жол тапты. Жазушының күллі шығармалары тұтаса келгенде, немесе осы шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін жинақтай айтқанда Зейнолла Қабдолов қазақ әдебиетіндегі парасатты прозаның, осы аядағы алғаш рет шынайы көріне алған қаламгерлік шеберліктің жаңа өлшемін межеледі. Қазақ сөзінің қадір-қасиетін, көркемдік қуатын суреткерлік мақсатта қалайша құбылтуға, құлпыртуға болатындығын аңғартты, шығармашылық процесте әрбір сөйлемді, сөз тіркесін қалайша ұтымды, ұтқыр пайдаланудың жолдарын жаңаша зерделеді.

Қазақ ғылымы мен білімінің, әдебиетімен өнерінің айдынында қайталанбас қолтаңба қалдырып, қазақ қаламгерлері мен әдебиетші ғылымдарының тұтастай бір буынына көшбасшы болған академик-жазушы Зейнолла Қабдолов.

З. Қабдолов аса нәтижелі, жемісті жазушылық, ғалымдық, ұстаздық еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды; КСРО Жазушылар Одагы сыйлығының және ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығыньң лауреаты атанды. Зейнолла Қабдолұлы- ұлтының артық туған ұлы, асыл туған аяулы азаматы. Академик Зейнолла Қабдолұлы өнегелі ғұмыр кешті.

Зейнолла Қабдолов-бергенінен берері көп ғалым, білдіргенінен білдірері көп ұстаз, қаламының нәрі мол жазушы. Ұстаз, ғалым, жазушы Зейнолла Қабдолов еңбектерін, тәлім-тәрбиелік, ғылыми-тағылымдық, әдеби көркемдік қыр-сырларын жете зерттеп, ұрпақ игілігіне жарату сынды келелі мәселелер қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының абыройлы міндеттерінің алғы қатарынан орын алады.

Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер


  • Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 2007.- 360 б.

  • Қабдолов З. Әуезов.- А.: Санат, 1997.- 352 б.

  • Қабдолов Зейнолла тағылымы. Өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен сұхбаттар, өлең жырлар. -А.: Қазақ университеті, 2007.-416 б.

***

  • Жақып Б. Өзіне-өзі сөзінен күмбез тұрғызған... [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов / Жақып Б. // Ана тілі . - 2012. - 6-12 желтоқсан.

  • Қабдолов Зейнолла //Біздің элита. Наша элита. 1-том.-Алматы: Қазақ, университеті, 2009.-б.299-301.

  • Қабдолов Зейнолла //Қазақтың жүз романы: Оқу құралы/ Құрастырып дайындаған Р.Нұрғали.-Астана:Фолиант, 2004.- б.174-175.

  • Қабдолов Зейнолла //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. А.: Қазақстан даму институты.-1999.- б.334-335.

  • Қасқабасов С.Заңғар Зейнолла [Ткст] / Қасқабасов С // Дала мен қала. - 2012. - 6 қараша.

  • Қирабаев С. Біздің Зекең [Текст] : ғалым Зейнолла Қабдолов / Қирабаев С. // Егемен Қазақстан. - 2012. - 6 желтоқсан.

  • Күмісбаев Ө. Бір өзіңдей жан тумас [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов /Күмісбаев Ө. // Айқын апта. - 2012. - 19 шілде.

  • Нұрғали Рымғали. Әдебиет теориясы. Нұсқалық.-Фолиант,2003.-344 б.

  • Селбаев А Кешегі абыз-ертеңгі аңыз... [Текст] : академик Зейнолла

Қабдолов / Селбаев А. // Ана тілі . - 2012. - 6-12 желтоқсан.

  • Тәшенов Т Қабдоловтың қағидасы [Текст] : академик Зейнолла Қабдолов / Тәшенов Т // Айқын. - 2012. - 8 желтоқсан.

Құрастырушы: Казиқанова А.Қ.



ақпараттық-библиографиялық бөлім.

Сұлу сөздің Сардары

Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы ¥лттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, пр

75.94kb.

14 10 2014
1 стр.


Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ

Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Өмір картинкасын, адам образын жасамайды. Тиіс – сан сөздің жиынтығы, ал сөздердің ішінде терең ой

93.13kb.

25 12 2014
1 стр.


3-7 І тарау. Сөздің морфологиялық құрылымы

Сөздің морфологиялық құрылымы Түбір морфема және сөздің негізі

509.86kb.

25 12 2014
3 стр.


«Қозы көрпеш-баян сұЛУ» жырындағы баян образының жасалуы а. Көбетаева Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы, Тараз қ

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының тарихымыздың қай дәуірінде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр тарау пікір айтады

85.13kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық Абай оқуларының жеңімпаздар тізімі «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
40.18kb.

25 12 2014
1 стр.


2. Балалардың тілін дамыту үшін не айтылады ? а мақал в жұмбақ д жаңылтпаш б ертегі г аңыз «Қаңбақ шал»

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман – Шолпан» жырлары ауыз әдебиетінің қай түріне жатады ?

133.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақ тілінен 9 сыныптарға арналған тест сауалдары І нұсқа

Сөйлемдегі қыстырма сөздің түрін анықтаңыз: Әлбетте, өнер сайысына қатысып тұру керек

74.91kb.

12 10 2014
1 стр.


Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің тізімін құру туралы НҰСҚАУ

Библиографиялық туындыларды жазу ережесі пайда болды, ол сөзді сәл өзгертеді (1991ж.), бірақ сөздің мағынасы сол күйінде қалады

115.47kb.

25 12 2014
1 стр.