Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

«Сәттілік формуласы» мобильді (SMS) сұрақ-жауап сайысына

ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС («Ұйымдастырушы»).

SMS-ПРОВАЙДЕР: «АЙ ФРИДОМ» ЖШС.

СҰРАҚ-ЖАУАП САЙЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ: 18 ақпан 2013 жыл.

СҰРАҚ-ЖАУАП САЙЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ: 17 наурыз 2013жыл қоса.

ҰТЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМДЕРІ: 11 наурыз және 27наурыз 2013 жыл.

ӘРЕКЕТ ЕТУ АЙМАҒЫ: Қазақстан Республикасы.
АНЫҚТАМАЛАР:

Оператор – «GSM Қазақстан «Қазақтелеком ААҚ» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ.

Қысқа нөмір – 4268 қысқа SMS-нөмірі.

Қатысушы – нақты тұлғалар тобына кіретін, Оператор желісінің абоненті: 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, темекі бұйымдарын тұтынушы, Ұйымдастырушының дерекқорына енгізілген және сәйкес SMS-хат жолдау арқылы Сұрақ-жауап сайысына қатысуға тілек білдірген адам.

Жеңімпаз – Ойнатылған жүлделердің бірін жеңіп алған қатысушы.

Сұрақ-жауап сайысы – «Сәттілік формуласы» SMS-сұрақ-жауап сайысы».

Портал www.premierclass.kz веб-сайты
Сұрақ-жауап сайысы нақты тұлғалар тобына, яғни кәмелет жасқа толған темекі бұйымдарын тұтынушы, Қазақстан Республикасының азаматы, алдын ала Ұйымдастырушымен дерекқорда тіркелген және сәйкес SMS-хат жолдау арқылы Сұрақ-жауап сайысына қатысуға тілек білдірген тұлғаларға арналған. Ұйымдастырушы бұндай тұлғаларды өз дерекқорының ішінен өздігінше анықтайды. Сұрақ-жауап сайысы жарнама немесе лотерея болып табылмайды. Ұйымдастырушы сұрақ-жауап сайысына және жүлделер ұтысына осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды қатыстырмауға құқылы.


  1. МЕХАНИКА:

Қатысушы-абоненттерге сұрақ-жауап сайысына қатысуға ұсыныс жасау туралы SMS-хабарлама жіберіледі, немесе Қатысушылар Ұйымдастырушының өкілдерінен сәйкес ақпарат алады.

Сұрақ-жауап сайысына қатысу үшін, Қатысушы тіркелу арқылы немесе бұрында алынған құпия сөзді қолдана отырып, Порталға кіру қажет. Ары қарай, Сұрақ-жауап сайысының шарттарымен танысып, сол Ережелермен келісетіндігін растап, Қатысушы бір ұялы телефон нөмірін тіркейді және Код (кодтық сөз) алады. Алған Кодты (кодтық сөзді) Қатысушы ұялы телефон арқылы қысқа қысқа SMS-нөміріне жібереді. Жауап ретінде Қатысушы Сұрақ-жауап сайысының сұрақтарын алады және Сұрақ-жауап сайысына қатысады.


3 сұраққа да дұрыс жауап бергендер Порталдағы Ұтыс ойынына Қатысушылар Тізіміне енгізіледі. Қатысушы жеңіске жету мүмкіндіктерін Sobranie Classic Blue, Sobranie Classic Silver, Sobranie Classic White темекі қораптарының ішіндегі қосымша бетте берілген кодтарды сайттағы арнайы үлгі арқылы жіберу арқылы жоғарылата алады. Бірақ, көрсетілген темекі қораптарының барлығында бірдей коды бар қосымша бет болмайды. Қосымша бетте көрсетілген кодты енгізген кезде, Қатысушының есімі Ұтыс ойынының тізіміне де енгізіледі. Қатысушы шектеусіз түрде кодтарды енгізе алады.
SMS құны: Барлық Операторлар абоненттері үшін – 0 (нөл) теңге.
Қатысушы Коды (Кодты сөзі) бар SMS жібергеннен кейін, ол Сұрақ-жауап сайысының Қатысушысы атанады және бірінші сұрақты алады, жауаптар нұсқаларының біреуіне сәйкес келетін әріпті көрсете отырып, SMS жіберу арқылы оған жауап беруі керек.
Бір сұраққа жауап бере салысымен, Қатысушы бірден екінші сұрақты, одан кейін үшінші сұрақты алады. Қатысушылардың жауаптарының дұрыстығын (дұрыс еместігін), нақтылығын (нақты еместігін), толықтығын (толық еместігін) және т.б. анықтау құқы тек Ұйымдастырушыға тиесілі, ол Қатысушының қандай да бір жауабын өз қарауынша дұрыс (дұрыс емес), нақты (нақты емес), толық (толық емес) және т.б. деп санауға құқылы. Ұйымдастырушының шешімі үзілді-кесілді болып табылады және қайта қарастырылуға жатпайды.
Әрбір дұрыс жауап Қатысушыға 100 (жүз) теңге береді, ол автоматты түрде телефон теңгеріміне толтырылады. Теңгерім үш сұраққа жауап берілгеннен кейін бірден сәйкес сомамен (100 (жүз) немесе 200 (екі жүз) немесе 300 (үш жүз) теңге) толтырылады. Егер де Қатысушы жауап ретінде қате (жаңылыс) таңбалар жіберетін болса, ол Қысқа нөмірден қателік туралы хабарлайтын SMS алатын болады. Мысалы: («Кешіріңіз, жауаптың үлгісі дұрыс емес. Сіздің жауабыңызға сәйкес келетін әріпті ғана жіберіңіз».
Қатысушы барлық 3 сұраққа жауап бергеннен кейін, ол өткізілген Сұрақ-жауап сайысының нәтижесі туралы SMS алады. SMS мәтінінде Қатысушының неше сұраққа дұрыс жауап бергендігі көрсетіледі:


  1. Егер Қатысушы сұрақтардың біреуіне де дұрыс жауап бермеген болса, ол ұялы телефонға бірліктер алмайды.




  1. Егер Қатысушы сұрақтардың біреуіне дұрыс жауап берген болса, оның теңгерімі 100 (жүз) теңгеге толтырылады.




  1. Егер Қатысушы сұрақтардың екеуіне дұрыс жауап берген болса, оның теңгерімі 200 (екі жүз) теңгеге толтырылады.




  1. Егер Қатысушы сұрақтардың үшеуіне де дұрыс жауап берген болса, оның теңгерімі 300 (үш жүз) теңгеге толтырылады. Қатысушы Порталдағы жүлделер ұтысына қатысуға құқылы, сондай-ақ, көрсетілген ұтыс ойынының Ережелерімен қарастырылған шарттар бойынша жеңу мүмкіндіктерін толықтыра алады.

В Сұрақ-жауап сайысына ұсыныс жасау туралы SMS-хабарлама жіберілген немесе өздігінен Порталда тіркелген абоненттер ғана қатыса алады. Егер де Сұрақ-жауап сайысына хабарлама тізіміне енгізілмеген немесе Порталда тіркелмеген абоненттер қатысуға талпынса, олар қателік кеткендігі туралы SMS-хабарлама алады. Мысалы: «Кешіріңіз, бұл телефон нөмірі JTI базасына енгізілмеген. Сұрақ-жауап сайысына тек расталған нөмірлер ғана қатыса алады.




  1. ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫСЫ:

Порталдағы жүлделер ұтысына тек барлық 3 сұраққа дұрыс жауап берген Қатысушылар қатыса алады. Жүлдеге тігілгендер:




Жүлде атауы

Саны (дн.)

Sobranie Classic стиліндегі Алматыда ұмытылмас демалыс күндер




Іскерлік стильде костюм тіктіру




Кәсіби фотосессия




Жамылғы

50

Жиынтық: галстук, жеңілгектер және галстук қысқыш

100

Кофе-машина

6

Барбекю

8

Электр ошқ

4

Термос-саптыаяқ

850

Жүлделердің маркасы, үлгісі және басқа сипаттамаларын Ұйымдастырушы өзі анықтайды.


Жүлделер ұтысы Порталда Ұйымдастырушының жабдығында сандар генераторын қолдана отырып, екі рет өткізілетін болады: 11.03.2013 жылы және 25.03.2013 жылы сағат 16:00 (GMT +6) (Астана уақыты бойынша). Әрбір ұтыс ойыны кезінде жоғарыда көрсетілген жүлделердің жартысы ойнатылады. Бірінші немесе екінші ұтыс ойынының тізіміне енгізілу, Қатысушының қашан барлық 3 сұраққа жауап бергендігіне байланысты.
Қатысу кестесі төменде берілген:


Қатысушы барлық 3 сұраққа дұрыс жауап бергенге дейінгі сайысқа қатысу уақыты

Қатысушы сайысқа қатысу уақытына сәйкес келетін, ұтыс ойынының мерзімі

18 ақпан 2013 ж. сағат 00:00 – 03 наурыз 2013 ж. сағат 00:00

11 наурыз 2013 ж. сағат16:00

04 наурыз 203 ж. 00:00 – 17 наурыз 2013 ж. 00:00

27 наурыз 2013 ж. сағат 16:00

Ұтысқа ие болған қатысушыларға жеңістері туралы Порталда, сол сияқты телефон арқылы немесе Ұйымдастырушының қалауынша басқа кез келген әдіс арқылы хабарлайды. Ұйымдастырушы Жеңімпаздарды SMS хабарлама арқылы хабардар етуге құқылы.


Осы Сұрақ-жауап сайысы шеңберінде жүлделерді ақшаға ауыстыру қарастырылмаған. Жеңімпаз жүлделерді алуды үшінші бір тұлғаларға тапсыра алмайды. Жүлделер қоры шектеулі. Ұйымдастырушы жүлделердің сапасы үшін жауапты емес. Жүлделердің сапасы бойынша барлық шағымдарды сатушыларға немесе өндіруші-зауыттарға жолдау қажет. Жеңімпазға жүлдені табыстаған сәттен бастап, жүлде меншігі және жүлдемен байланысты барлық қауіптер мен шығындар Жеңімпазға тиесілі.



  1. ЖҮЛДЕЛЕРДІ ТАБЫСТАУ:

Жүлделер Жеңімпаздың Порталдағы тіркеу үлгісінде көрсетілген мекен-жайы бойынша шабарман арқылы жеткізіледі. Жеңімпаз қате деректер беруі салдарынан, жүлде қате мекен-жай бойынша жіберілген жағдайда, Ұйымдастырушы жауапты емес.
Жүлделерді алу үшін Жеңімпаздар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. СТН көшірмесі.

Жеңімпаз жүлдені алудан бас тартқан жағдайда, жүлдені жеткізу кезінде алушы жоқ болған жағдайда, Жеңімпаз жүлдені алуға қажетті құжаттарды табыстамаған жағдайда жүлде қайталап жіберілмейтін болады. Бұндай жағдайда, сәйкес Жеңімпаз жүлдені алу құқынан айырылады және жүлденің немесе қандай да бір басқа өтемақының төленуін талап етуге құқысы жоқ.




  1. САЛЫҚТАР:

Ұйымдастырушы Сұрақ-жауап сайысының жүлделерін жеңіп алған тұлғалардың жүлделерді алуы кезеінде, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасының талаптарына сәйкес төленетін, табыс салығын төлеуге жауапты. Сұрақ-жауап сайысының Жеңімпаздарының жүлделерді алуымен байланысты болатын басқа барлық төлемдерді Жеңімпаз өзі төлеуі қажет.


  1. ҚОСЫМША ШАРТТАР:

Бағдарламаны өткізуге жұмылдырылған Ұйымдастырушының қызметкерлері және олардың жақын туысқандары және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмейтін немесе толық емес және (немесе) қате ақпаратты немесе құжаттарды ұсынған тұлғалар Сұрақ-жауап сайысына қатысуға, сол сияқты қатысқан жағдайда Жүлде алуға талпынуға құқылары жоқ.

Ұйымдастырушы Қатысушылар ұсынған ақпараттар мен құжаттардың толықтығы мен нақтылығын тексеруге құқылы. Қатысушылардың Жүлделерді алуға қажетті ақпараттар мен құжаттарды толық және уақтылы бермеуі Ұйымдастырушы тарапынан ешқандай төлемақы төлемей, Қатысушының жүлдені алудан бас тартуына теңестіріледі.

Ұйымдастырушы Қатысушылармен Сұрақ-жауап сайысының өткізілуімен байланысты емес, жазбаша келіссөздерге немесе басқа байланыстар жасамауға құқылы.

Ұйымдастырушы үшінші бір тараптардың кесірінен кешіктірілген немесе жоғалтылған хаттар немесе хабарламалар үшін жауапты емес. Ұйымдастырушы Қатысушыларды тіркеумен байланысты кемшіліктер үшін, үялы байланыс немесе пошта қызметтерінің жұмысындағы қателіктер үшін, сол сияқты олардың жұмысын қамтамассыз ететін мекемелер әрекеттері (әрекет етпеулері) үшін жауапты емес.

Порталда тіркелу арқылы қатысушы Қазақстан Республикасында тұратын, әрекет істеуге бейім, Қазақстан республикасының азаматы екендігін, кәмелет жасқа толған темекі бұйымдарын тұтынушы екендігін, осы Ережелермен танысқандығын, олармен келісетіндігін растайды, сол сияқты Ұйымдастырушының және оның уәкілетті өкілдерінің өз есімін, суреттерді (фото, видео) және сұхбатты кез келген әдіс арқылы қолдана алуына және кейінненҰйымдастырушыдан және оның уәкілетті өкілдерінен кез келген ақпаратты, өнімді және материалдарды алуына келісімін береді.
Сұрақ-жауап сайысына қатысу арқылы Қатысушылар Ұйымдастырушыға олардан алынған және олардың қатысуы бар есімдерді, суреттерді (фото, видео) және сұхбатты және басқа материалдарды жаңғырту (әр түрлі әдістер бойынша), тарату, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, эфирге беру, жалпыға бірдей танысу үшін хабарлама жасау, аударма жасау құқығын береді және де сол есімдерді, суреттерді (фото, видео) және сұхбатты және басқа материалдарды басқа тұлғалардың қолдануына және бұндай құқықтарды үшінші бір тұлғаларға берілуіне рұқсат бермеу құқығын береді.
Сұрақ-жауап сайысына қатысу Қатысушылардың толығымен осы Ережелердің шарттарымен танысқандықтарын білдіреді. Егер Ұйымдастырушының ойынша, Қатысушылар осы Ережелерді және көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық нормаларды бұзған болса, Ұйымдастырушы бұндай Қатысушылар үшін Порталдың қол жетімді болуына тосқауыл қоюға құқылы және (немесе) оларды ары қарай Сұрақ-жауап сайысына қатысушылар қатарынан шығарып тастауға және Ұйымдастырушы тарапынан ешқандай өтемақы төлемей, ары қарай сайысқа қатыстырмауға құқылы. Бұндай жағдайда, бұндай Қатысушылар Жүлде алуға талпынуға құқылары жоқ.
Ұйымдастырушы осы Ережелерді Қатысушылардың алдын ала келісімінсіз немесе хабардар етпестен өз бетінше өзгертуге және толықтыруға құқылы.
Ұйымдастырушы SMS-хабарламалары бар ұялы телефондарға қатысты жеке меншік, иелену немесе пайдалану құқылары туралы қандай да бір даулар үшін жауапты емес. Ұйымдастырушыға SIM-картаны ұсынған тұлға, оның нақты иесі болып саналды. Ұйымдастырушы және/немесе SMS-провайдер осы Ережелерге сәйкес жүлдені алу құқығын растайтын талаптар қатысында қандай да бір хат алысуға түсу немесе жауап беруге жауапты емес.
Ұйымдастырушы Оператордың ұялы желілерінде және/немесе SMS-провайдердің жабдығында болуы мүмкін өндірістік ақаулық жағдайлары, және техникалық және технологиялық қателіктері үшін жауапты емес.
СҰРАҚ-ЖАУАП САЙЫСЫНА ҚАТЫСУ АРҚЫЛЫ СІЗ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН КЕЛІСЕСІЗ.

Сәттілік тілейміз!

«Сәттілік формуласы» мобильді (sms) сұрақ-жауап сайысына Қатысу ережелері

Оператор желісінің абоненті: 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, темекі бұйымдарын тұтынушы, Ұйымдастырушының дерекқорына енгізілген және сәйкес sms

95.89kb.

16 12 2014
1 стр.


Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7507 НҰСҚА 7-сынып Нұсқау!

Сұрақ кітапшасындағы тапсырмалармен танысып, дұрыс деп тапқан жауабыңызды жауап парағында белгілеңіз

291.62kb.

17 12 2014
1 стр.


«sms-сервис» Принцип работы системы sms-информирования клиентов ”sms-сервис” «sms-сервис»

«sms-сервис» – это информирование о проведении финансовых операций по счету с использованием мобильной связи (sms -сообщений) с указанием вида операции, суммы, даты и времени совер

133.77kb.

10 10 2014
1 стр.


Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 9-сынып 4 НҰСҚА

Сұрақ кітапшасындағы тапсырмалармен танысып, дұрыс деп тапқан жауабыңызды жауап парағында белгілеңіз

457.87kb.

16 12 2014
1 стр.


Руководство по использованию «sms-сервиса»

«sms-сервис» это удаленный доступ к карточному счету на основе sms-сообщений, предоставляемых зао «Национальные кредитные карточки» владельцам карт ncc, Union Card, visa и MasterCa

204.1kb.

10 10 2014
1 стр.


Сұрақ: Бізде каsе қор биржасы бар екендігі барлығына мәлім, ал енді сұрақ: біздің қор нарығы өтімді ме немесе жоғарыда отырған ағалар барлығын өзара бөліп алды ма? Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? Жауап

Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлерді-дилерлерді қоса нарықтың кәсіби қатысушылары, тіркеушілер және кастодиан-банктер

31.93kb.

25 12 2014
1 стр.


9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары Сұрақ: Қай сөз антоним бола алмайды? Жауап
106.21kb.

25 12 2014
1 стр.


-

Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығад

684.68kb.

17 12 2014
5 стр.