Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Өткізген:Умербекова Г.А.

Класы: 2

Мақсаты: а)Сөйлем туралы,сөйлемнің түрлері,оның ішінде сұраулы түрін еске

түсіріп,әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізе отырып,балалардың білімдерін

нығайту.

ә)Тілін дамытып,сөздік қорын молайту.

б)Сауатты,әдемі жазуға төселдіру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: ат,арба,ереже,ребус,сөзжұмбақ,кеспе қағаздар,сюжетті суреттер

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын

Пәнаралық байланыс:ана тілі,бейнелеу өнері,тарих
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі

А.Оқушылардың мұғалімдермен амандасуы

Қош келіпсіз сіздер бізге,

Сәлем бердік біздер сізге.

Құрметті ұстаздар

Амансыз ба,мына сіз де.

Ә.Оқушылар отырып,сабаққа дайындалады.

-Балалар,осы алдымызда қандай мейрам келе жатыр?

-16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

-Неге бұл күнді мейрам дейміз?

-Себебі,бұл күні республикамыз өз тәуелсіздігін алды.

-Басқа мемлекеттер сияқты біздің қандай құндылықтарымыз бар?

-Әнұран,елтаңба,ту,дініміз,тіліміз бар.

-Ал тіліміз қандай?

-қазақ

-Қазақ тіліміз-ұлттық,туған тіліміз.


Оқушылар бірге:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім.

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім.

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

-Ендеше,балалар және құрметті қонақтар, бүгінгі қазақ тілі сабағына қош келіпсіздер.


2.Кіріспе сөз.

- Балалар,бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан да ерекше болмақ. Өйткені, бүгін біз «Жеті ата» аулына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық.Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған,машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?

-атты,түйені,өгізді.

Саяхат жасау үшін біз атты көлік ретінде пайдаланайық.

-Ат қандай жануар?

-Ақылды,жүйрік,тез.

-Бізде балалар жылқы сияқты жүйрік, ақылға салып жұмыстарды орындайық.

-Бірінші «Ата» аулына жету үшін мынадай тапсырмаларды орындайық.Бұл сұрақтарға жауап беру үшін «Сақина салу» ойынын ойнайық.

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Қандай түрлері бар?

3.Кез –келген сөйлем құра.

4.Сөйлемнен кейін қандай тыныс белгілер қойылады?

5. Хабарлы сөйлем құра.Оны сұраулы сөйлемге айналдыр.


Ребус шешу

с, Көйлек -сөйлем

-сонымен балалар,біз сөйлеммен таныстық. Сөйлем түрлері-хабарлы, сұраулы сөйлеммен таныстық.

-Жақсы балалар,біз бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.

-Одан әрі жүре отырып,міне «Әке» аулына да келдік.Бұл ауылда мынадай тапсырма бар екен-жұмбақ шешу.

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады. Бұлт

Жұмбақ неше сөйлемнен құрылған?

Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қай түрі?

-Балалар,одан әрі жүрейік.

Міне «Бала » аулына да келдік.

Бұл ауылдың тапсырмасы: 189-жаттығу.Оқулықпен жұмыс. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Сабақтан кешікпе. 2.Айдос ауылдан келіп пе? 3.Ешқашан өтірік айтушы болма. 4.Қар қалың жауды ма?


«Немере» аулына саяхат: бұл ауылда мынадай ереже бар екен.

Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,,па,пе бөлек жазылады.Апаң үйге келді ме?

А.ережені түсіндіру

Ә.қайталау

Б.мысалдарды талдау
«Шөбере» аулына саяхат.

-Міне,көзді ашып-жұмғанша шөбере аулына да келдік,бұл ауылда мынадай тапсырма бар екен:



Өзіндік жұмыс

190-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыру

Қар еріді. Қар еріді ме?

Толқын кітап алды. Толқын кітап алды ма?

Біз үйге сағат екіде қайтамыз. Біз үйге сағат екіде қайтамыз ба?

Осы сөйлемдердегі сұраулық мағынаны білдіріп тұрған сөздерді табу.


«Шөпшек» аулына саяхат.

Топтық жұмыс.191-жаттығу

Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Хабарлы сөйлемдерді көшіріп жаз.

Өлең мазмұнына лайық сурет салып көр.


«Немене»аулына саяхат.

-Міне,балалар, ең соңғы ауылға да келіп қалдық.

-Бұл ауылда біз «танграмм»ойынын пайдаланамыз.

-Яғни,қиық қағаздарды құрастыру.Қиық қағаздарды құрастыру барысында біз мақал-мәтелді оқып шығуымыз керек.

«Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер»

-Міне,балалар, біз сыныпқа да келдік.

-Саяхат ұнады ма? Жеті ауылдың адамдары білімдеріңе риза.

Бүгін біз 7 атамызбен таныстық. Қайталап өтейік.



Ата

Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене

Қорытындылау.
Қазақ халқы 7 санын өте қасиетті сан деп білген.Өйткені, жаңа нәрестенің шілдеханасын 7-ші күні жасаған. Қайтыс болған адамның жетісін берген, 7 қазынаны,7 жұтты тектен-текке атамаған.
Үйге тапсырма. Сурет салып келу

-Балалар, сабақ қызықты өтті ме?



Балаларға-сабаққа жақсы ,белсенді қатысқандары үшін,

Қонақтарға-келіп,назар салып тыңдағаны үшін көп-көп рахметімді айтқым келіп отыр.

Тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері Өткізген: Умербекова Г. А. Класы: 2 Мақсаты

Ендеше,балалар және құрметті қонақтар, бүгінгі қазақ тілі сабағына қош келіпсіздер

36.76kb.

09 10 2014
1 стр.


1 «Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз «Киіз үй» тақырыбына диалог құрастарыңыз. Сөйлем. Сөйлем түрлері №2
46.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Тапқыр достар Өткізген

Мақсаты: ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу

38.18kb.

14 09 2014
1 стр.


Нұсқа 1 Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз

А аралас құрмалас сөйлем. С/ Жай сөйлем в толымды сөйлем. Д/ Сабақтас құрмалас сөйлем

28.41kb.

08 10 2014
1 стр.


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Тақырып 1: Протозойлы аурулардың лабораториялық диагностикасы және алдын алу. Саркодтылар класы. Талшықтылар класы

160.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Қойгелді орта мектебі Тақырыбы: Әкем мен шешемнен,Үлгі алып өсем мен! Өткізген: Елеуова Гүлнар Тоқтыбаевна Мақсаты

Мақсаты: Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру,адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту

85.47kb.

25 12 2014
1 стр.


Тақырыбы: Біздің айналамыздағы су Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру; Оларды су құрамымен және қасиетімен таныстыру, оның адам өміріндегі және тіршілікте алатын орны;

Оларды су құрамымен және қасиетімен таныстыру, оның адам өміріндегі және тіршілікте алатын орны; Мектепке дейінгі балаларға суды таза ұстауға тәжірибе өткізу барысында қарым-қатына

41.68kb.

11 10 2014
1 стр.


Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

Мақсаты: студенттерді ҚР-ның сот және сот билігі жайында мәлімет беру. Оның негізгі қағидаларына тоқталу

58.13kb.

14 12 2014
1 стр.