Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тақырыбы: «Тәуелсіздік –теңдігің, егемендік-елдігің»

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін айқындау. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық аясында жеткен жетістіктерін ұғындыра отырып, ұлттық тарихымызды қастерлеуге тәрбиелеу.

Барысы: Кіріспе.

  • Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар!

  • Армысыздар, құрметті әріптестер мен оқушылар!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – теңдігің, егемендік - елдігің» атты салтанатты кешімізді бастаймыз.

Әнұран

Тәуелсіздік – қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.

20 жыл бұрын Қазақстан тарихында ескі кезең аяқталып, дамудың жаңа парақтары ашылды.

Бүгінгі өз келешегіне бағыт алған Тәуелсіз Қазақстан өзін әлемге паш етіп бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танылды.

Қазақстан – біздің ортақ мақтанышымыз! Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтай отырып, сіздерге жанұялық бақыт пен шығармашылық табыстар тілейміз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін айқындау;

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық аясында жеткен жетістіктерін ұғындыра отырып, ұлттық тарихымызды қастерлеуге тәрбиелеу біздің бүгінгі кешіміздің басты мақсаты.

1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

2-жүргізуші: 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстанның Тұңғыш президенті мандатына ие болды.

1-оқушы: Серпігінде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ел арманы өрілген.

Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

Дәлелденді, тура , әділ жолымыз,

Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.

Ер Нұр-аға, тек қана алға бастаңыз,

Біз ереміз, сіз аман-сау болыңыз!

1-жүргізуші: Ежелден қазақтың ең асыл мұраты-еңселі ел болу. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Осы бабаларымыздың асыл мұраты орындалып, 1991 жылғы 16-шы желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.

2-оқушы: Төбем көкке жетпей қалды бір елі,

Енді, міне, бүкіл әлем біледі.

Қазақ деген жомарт халық едік қой,

Аузын ашса көрінетін жүрегі.

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан,

Барлық ұлтты - туыс бауыр көреміз,

Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Қалықтасын көгімізде қыран құс,

Ерлігіміз болсын елге жыр-аңыз.

Ата-бабам армандаған сан ғасыр,

Тәуелсіздікке тәубе, тәубе, мың алғыс!
Ән: «Жаса, Қазақстан!»

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен бекіту бағытында құрылған Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды.

1-жүргізуші: 7 мамырда Қазақстнның дербес Қарулы күштері құрылды.

2-жүргізуші: 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы ЮНЕСКО – ға мүше болды.

1-жүргізуші: 25 мамырда Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында екі Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Б.Ж.Ельцин достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт және Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

2-жүргіуші: 4 маусымда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.

Би: «Домбыра».

1-жүргізуші: 1993 жылы 28 қаңтарда егемен Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясын қабылдады. Ал осыдан екі жыл кейін 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы қолданысқа енгізілді.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениеттік дамуды таңдаған мемлекет пен қоғамның ең негізгі, жоғарғы нормативтік құжаты.

3-оқушы: Ұлттық дәстүр негізінде жасалған,

Аңсағаным, күткенім де осы арман!

Табиғаттың шуағынан нір алған,

Қазағымның өз заңы бар жаңарған!

Адамшылық қағидадан жаралған,

Шұғыласы әділ заңнан таралған,

Белгіленген сонда бақыт бар арман

Азат болдық төнген басқа түнектен,

Қазақ болдық өз ұрпағын түлеткен!

Жеке болдық-әлемге елді тең еткен,

Дара болдық құқым ортақ бар ұлтпен

Баян қылған барша қазақ мұратын,

Аян болған Қазақстан шын атым.



1-жүргізуші: Бұл жылдың негізгі жаңалығы – 15 қарашадан бастап ұлттық валютамыз теңгенің айналымға енуі.

2-жүргізуші: Алғашқы теңгеде қазақ халқының ұлы тұлғалары Әбу Насыр әл-Фараби, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Әбілқайыр, Абылай хандар бейнеленді.

Күй: «Балбырауын»

1-жүргізуші: 1994 жыл – өркениетті демократиялық қоғам құруға ұмтылған еліміздің реформаларды тереңдету, жалпыұлттық келісім арқылы жаңарған Қазақстан құру кезеңі.

2-жүргізуші: 1995 жыл- қазақтың ұлы ақыны Абай жылы болып белгіленді.

1-жүргізуші: 1996 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында Шотаман Уәлиханов басшылығындағы авторлық ұжымының адамзатқа сыйлаған Тәуелсіздік монументі ашылды.

2-жүргізушңі: Республика алаңындағы Қазақстанның бірінші символы болып табылатын Алтын адам монументінде қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

1-жүргізуші: 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленді.

2-жүргізуші: 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» жаңа заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра.

4-оқушы: «Тілім менің» Қ.Мырзалиев

Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,

Оянсам, сөйлеп кеттім кідірмедім.

Анаманың ақ сүтімен сіңген тілім,

Бітпейді менің одан бұрын демім.

Сырласпай адамдармен тұра алмаған,

Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.

Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,

«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.

Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,

Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.

Бұл тілде желмаям жортып келіп,

Кемеңгер кеңес берген Асан атам.

Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам.

Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.



1-жүргізуші: Елбасы 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2030». Барлық Қазастандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» атты жыл сайынғы жолдауын арнады.

2-жүргізуші: Әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болдық. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей, Қазақстан халқы байсалдылық және төзімділік, кеңпейілділік пен ақ жарқындылық үлгісін көрсетуде. Бұл жеңісімізді бүкіл әлем халқы бағалауда.

Хор: «Атамекен»

1-жүргізуші: 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өтті.

2-жүргізуші: Астана – біздің барлық азаматтардың үміті мен болашаққа деген сенімінің рәмізі. «Бұл – біздің қала, бұл – біздің Елорда, бұл біздің – Астана!»

1-жүргізуші: Астанадағы «Бәйтерек» кешені- керемет құрылыс. 97 метрді құрайтын Монументтің көрініс кешені қаланың көркем бейнесіне айналды.

2-жүргізуші: Астанамыз самғатып Бәйтеректі,

Сан сарайды самсатып бәйгелетті

Елім де осы Бәйтерек бейнесімен,

Бар әлемге өсуін әйгілетті.



1-жүргізуші: Әлемге аты шыққан Астанамның,

Гүлденген көшелері бас қаламның.

Елбасы бата берген ақ ниетпен,

Жастарым болсыншы деп құт қадамың



2-жүргізуші: Әлемге мақтан етем Астанамды,

Астанам асқақтатты асқақ әнді,

Көтеріп қалың елдің мәртебесін,

Бақытты болашаққа баста мәңгі.



Ән: «Астана»-Мурзакешов Серік 9 «Г» сынып.

1-жүргізуші: Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы ретінде жарияланған 1999 жыл еліміздің тарихындағы ақтаңдақтар зерттеліп, оны зерделеу жолындағы ауқымды жұмыстар жүрді.

2-жүргізуші: 2000 жыл-«Мәдиниетті қолдау жылы» ЮНЕСКО көлемінде Жамбылдың 150 жылдығы аталып өтті. Осы жылдың 16-17 қазанында Түркістан қаласының 1500 жылдығы тойланды

1-жүргізуші: 2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстан жастарының Бірінші Конгресі өтті.

2-жүргізуші: 2002 жыл - « Денсаулық жылы». Тегін медициналық көмектің кеңеюіне жол ашатын денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдар-«Ауыл жылы». Бұл жылдар еліміз үшін қазақстанның ауыл щаруашылығының жаңа кезеңі болған ауылды қолдау жылы ретінде есте қалды.

Би: «Қара жорға»

2-жүргізуші: 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының жаңа мәтіні «Менің Қазақстаным!» қабылданды. 1956 жылы жазылған танымал әннің Мемлекеттік Әнұран мәртебесін иеленуіне байланысты мәтіндеріне түзетулер енгізілді .

1-жүргізуші: Түзетулер енгізген Елбасы Әнұран мәтінінің авторларының бірі ретінде саналады. Жалпы 55 жылдық тарихы бар әннің композиторы Шәмші Қалдаяқов және сөзі Жұмекен Нәжімеденов.

2-жүргізуші: 2007 жылы Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық жылы.

1-жүргізуші: 2008 жылдың 23 қазаңында Бейбітшілік және келісім сарайында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 сессиясы өтті.

1-жүргізуші: 2009 жылдың 24 ақпан айындағы Қазақстан Республикасындағы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16,3 млн.адам асқан.

2-жүргізуші: 2010 жылы 1-2 желтоқсанда еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.Бұл-өз Отанымызға деген мақтаныш пен құрметті асқақтатын іс-шара.

1-жүргізуші: 2011жылдың 30 қаңтар-6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларында 7 Қысқы Азия ойындары өтті. Нәтижесінде еліміздің Ұлттық құрамасы 32 алтын, 21 күміс,17 қола, барлығы 70 медальмен жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді.

Ән: «Туған жер» Мұхамбетжанова Назерке 11 «А» сынып.

2-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан- әлем назарында, өзінің болашағынан үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.

1-жүргізуші: Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын.

2-жүргізуші: Қазақстан-туған Отан,алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп,жарқылдап.

Қазақстан-көпті көрген қария,

Қазақстан мейірімді ана жер қымбат.



1-жүргізуші: Атады әлі-тағыда бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып.

Қазақстан-біздің туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен,жайнай бер сен,мәңгілік!



Ән: «Қазақ елі».

Қорытынды: Қонақтарға сөз беру

Ю.А.Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектеп



Тақырыбы: «Тәуелсіздік- теңдігің, егемендік-елдігің»

(Қалалық іс - шара. 9- 11кл. )



Байқоңыр қаласы, 2011 жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіздік –теңдігің, егемендік-елдігің» Мақсаты

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін айқындау. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық аясында жеткен жетістіктерін ұғындыра отырып, ұлтты

85.16kb.

17 12 2014
1 стр.


Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы. Орындаған: Ахметова

Сабақтың мақсаты: Қазақтың тарихын оқыту. Тәуелсіздік бағаларын түсіндіру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын сүюге ықпал ету

107.36kb.

12 10 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Конкурса «Тәуелсіздік толғауы»

«Тәуелсіздік толғауы» (далее Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» и определяют порядок и у

80.74kb.

12 10 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-24/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от04. 07. 2007г

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Қазақстанның егемендік жолындағы қалыптасуы, ішкі және сыртқы саясаттың құрылы мен ерешеліктерін түсіндіру

36.56kb.

24 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық. Мақсаты

Мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу

81.18kb.

25 12 2014
1 стр.


Тақырыбы: Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала» Білімділік мақсаты

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ. Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; Дамытушылық мақсаты: Қ. Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға

30.46kb.

25 12 2014
1 стр.


Тоқсандық тақырыбы: Ақыл, Нақыл, Өсиет. Сабақтың тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Сабақтың мақсаты
133kb.

15 10 2014
1 стр.