Тарбағатай ауданы әкімдігінің
«___» ____________20_____ жылғы
№______ қаулысымен бекітілген
«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
-
Миссиясы мен пайымдауы
-
Ағымдағы жағдайды талдау
-
Мемлекттік қызмет органының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
-
Мемлекеттік органдардың функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
-
Нормативтік құқықтық актілер
-
Бюджеттік бағдарламалар
1. Миссиясы мен пайымдауы
Аудан әкімі аппаратының қарастыратын жұмыстары тек қана ақпараттық аналитикалық ұйымдастырушылық, құқықтық материалдық техникалық қамтамасыз ету жұмыстарымен шектелмей аудан әкімі және оның орынбасарлары, облыстық мемлекеттік органдардың қызметімен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек.
Аудан әкімі аппаратының пайымдауы - аудан әкімі мен аудан әкімдігінің қызметін құқықтық-ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасын арттыру.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
-
Мемлекеттік қызмет көрсетуді корпоративті сапалы
басқарудың жүйесін дамыту
Аудан әкімінің аппараты аудан әкімі мен оның орынбасарларының және аудан әкімдігінің барлық үлгідегі ағымдағы қызметтерін ұйымдастырып, ақпараттық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың қызметінде өзара іс-қимыл нәтижесін жоғарылату алдыңғы қатарда тұрған жоспардың бірі.
Осындай мақсатпен 2006 жылы облыс әкімшілігінің жұмысы электронды түрде ұйымдастырылған болатын. Қазіргі таңда телекомуникация инфрақұрылымды қамтамасыз ететін бірыңғай транспорт орталығы (одан әрі - БТО) құрылды. Тарбағатай аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен мекемелердің ақпараттық алмасуы қамтамасыз етілуде. БТО құрамына әр сатыдағы мемлекеттік қаржы мекемелері кіреді. Тарбағатай ауданы әкімінің интернет порталы мен ішкі парталы құрылды. Аудандық мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай транспортты желісінің тұтынушыларына қол жетімді мемлекеттік мекемелер арасында біріңғай электрондық құжат алмасу жүйесі енгізілді. Аппаратта электрондық құжат айналымының жүйесі енгізілгеннен кейін қағаз түріндегі құжат айналымы біртіндеп төмендеп келеді. Біртіндеп дамып келе жатқан бақылау жүйесіне қарамастан республикалық және облыстық, аудандық деңгейдегі тапсырмаларды орындау жоспарларынан басқа әлеуметтік мазмұндағы жобаның бақылау жүйесі белгілі түрде қалып жатқанда жаңа енгізіліп жатқан ақпараттық коммуникациялық технологиялар арасында аудан әкімі аппаратының жұмыс сапасын көтеруге мүмкіндік болмай отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің қойған мақсаты аймақтық басқаруды шапшаң әрі нәтижелі іске асырып, оның маңызды қалыптасуы мен әлеуметтік мағынадағы аймақтық бағдарламалардың алға жылжыту арқылы электрондық әкімдікті қалыптастыру.
2006 жылғы 7 наурыздағы Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысы және 2007 жылғы 14 ақпандағы Тарбағатай аудандық мәслихатының шешімі негізінде Тарбағатай ауданының «электрондық әкімдігін» қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып жүзеге асыруда аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аталған бағдарлама ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру және дамытуға бағытталған. Барлық ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және жергілікті атқарушы органдар факс, компьютерлермен қамтылған.
Материалдық техникалық жарақтандыру және лицензиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін 2 комплект компьютер (Rating Credo 6270 және Windows server Cal 2003) жиыны 1177,0 мың теңгеге сатып алынып, «Rating» ЖШС арқылы құрылып жұмыс істеуде.
Аудан әкімінің аппаратына «ВК Сервисный центр» ЖШС арқылы телекоммуникациялық желілері монтаждалып мекеменің локалды желісі 4 млн теңгеге жүргізіліп құрылды. Қазіргі уақытта локалды желіге қосылған жұмыс орындарының саны 50.
Электрондық құжат айналымының жүйесін жүзеге асыруда аудан әкімі аппараты кеңсесіндегі компьютеріне мегалайн жүйесі қосылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы №891 Қаулысының талаптарына сәйкес, аудан әкімінің ВЕБ-сайтын ашуда "Восток Он-Лайн" ЖШС-мен 27.10.2006 жылы № ЛН-058/06-WH келісім шарт жасалып, аудан әкімінің ресми ВЕБ- сайты ашылған және осы сайттың тәулік бойы интернет жүйесінде болуын қамтамасыз етуде «Восток ОН-Лайн» ЖШС-не 2008 жылға 632800 теңге аударылған. Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтындағы виртуалды қабылдау бөлмесіне 2009 жылдың 10 айында түскен 32 өтініштің 32 жауап қайтарылған.
Ақпараттық жүйесін дамытуда облыстан алынған спутниктік станция жабдықтары аудан әкімдігінің ғимаратында орнатылып, «Kazsatnet Ұлттық компаниясы» АҚ арқылы бейне конференц байланысы құрылған.
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын іске асыру аясында 2008 жылға Республикалық бюджеттен 694,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Бұл бағдарлама бойынша 180 мемлекеттік қызметкер компьютерлік сауаттылық курсынан өтті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 408 «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін тұрақты пайдалануға енгізу туралы» қаулысы негізінде «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» және «Аудандық сәулеттендіру және қала құрылысы бөлімі» мекемелеріндегі «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің онамастика және архитектурасы бойынша жұмыстарын жүргізуге бөлімдерінен жауапты қызметкерлер тағайындалған.
Ақпараттық жүйені жүргізу үшін бөлімдерде арнайы қалааралық спутниктік байланыстары тартылған.
Бүгінгі күнде ономастика саласы бойынша 265 геоним (көше атаулары), архитектура саласы бойынша 4899 көше енгізілген.
Аудандағы 17 ауылдық округтер мен елді мекендердің көшелері мен көше атаулары бойынша толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Инфокиоскілер (ПОД- І ) «Қоғамдық қосылу қосындары» ауданда 5 жерге, яғни аудан әкімі аппаратының ғимаратында, Ақсуат ауылдық округінің ғимаратында, аудандық әділет басқармасы ғимаратында, «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында және аудандық кітапхана ғимаратында орналастырылған.
Аудан әкімі аппаратының бөлімдері МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізуде 12 қаңтар 2007 жылы «Қазақстан сапа ұйымы» ЖШС-мен № 03-09-07 келісім шарт жасалған. 15.03.2007 жылы №44 бұйрықпен ПРК, ОТК және 10 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылған. 04.04.2007 жылы ПРК, ОТК және жұмыс тобының Ережесі бекітілген.
Аудан әкімінің 13.07.2007 жылғы № 113 өкімімен ішкі аудиторлар бекітілген. Аудиторлар «Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиті» бағдарламасы бойынша теориялық дайындық курсынан 2007 жылдың 4 шілдесінде өтіп сертификатталған.
«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес «Қазақстан сапа орталығы» ЖШС-нің 23.10.2007 жылғы №KZ..7500001.07.03.00945 және «Русский Регистр» сертификациялық бірлестігінің 30.10.2007 жылғы № 07.671.026 сәйкестік сертификаттарымен сертификатталған.
Аудан әкімінің аппаратында «Заң» электрондық базасы орнатылған. Қазіргі уақытта электрондық заң базасын 1 қызметкер пайдаланып отыр. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмыс сапасын көтеру үшін қалған қызметкерлер электрондық заң базасын бір уақытта локальдік желі арқылы пайдаланып, «Заң» электрондық базасын 100 % игеруі қажет.
Аудан әкімі аппаратының жұмысын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсетудің жүйесін дамыту мақсатында 2009 жылдан бастап аудан әкімінің аппараты өз қызметінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тұрақты талдау жасап отыруды кіргізді. Алайда, бұл үшін талдау және баға беру жүйесіне тексеру жүргізіп отыру, сонымен қоса оны қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді тәсілдеріне бейімдеу арқылы жаңарту қажет.
Мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу.
Бүгінгі таңда аудан әкімі аппаратының осы бағыттағы жұмысының ашықтығы мен есептілігінің деңгейі нәтиже қорытындысы арқылы көтеруді талап етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің және басқа да мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істейді, аудандық сайтта тұрақты түрде тұрғындардың сұрақтары қабылданады.
2010-2014 жылдар аралығында стратегиялық маңызды құжаттар мен шешімдерді әзірлеу мүмкіндігін әлеуметтік пікірталас құралдарының санын арттыру арқылы және азаматтық қоғам институттарының қатысуымен жетілдіру жоспарлануда. Аудан әкімі аппараты қызметінің табысты болуы оның кәсіптік дайындалған кадрларына да байланысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау Ережесіне сәйкес 2009 жылы аудан әкімі аппаратының 3 мемлекеттік қызметшісі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында біліктіліктерін арттыру курстарында оқыса, 48 мемлекеттік қызметші Шығыс Қазақстан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында оқыды. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының 3 мемлекеттік қызметшісі компьютерлік сауаттылыққа оқытудың толық курсынан өтті. Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес аппарат оқуы өткізіліп тұрады. 2009 жылғы аттестацияның қорытындысы бойынша барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарына сәйкес деп танылды. Сонымен қоса, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін аудан әкімі аппаратының кадрларымен жұмысты одан әрі жетілдіру қажет. Сондықтан, аудан әкімі аппаратының негізгі қажет ететін жүйесін дамытудағы біркелкі басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет:
Республикалық және облыстық тапсырмаларды орындауды бақылауға алу мен тіркеу жүйесінің төмендігі;
Әлеуметтік маңызы бар жобалар мен жоспарлардың орындалуын бақылау жүйесі деңгейінің дамуы қолданыстағы ақпараттық - коммуникациялық технологияларға сәйкес келмеуі;
Жергілікті мемлекеттік органдармен кешенді стратегиялық маңызы бар құжаттарды дайындауда ведомствоаралық және салааралық қызметтегі жоғары деңгейдегі қарым-қатынастың жеткіліксіздігі;
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен олардың күнделікті жаңартылған электрондық заң жинағымен жұмыс жасауына мүмкіндік жасау арқылы аудан әкімі аппаратының қызметіндегі шығармашылық сапаның деңгейін көтеруге қолдау көрсету;
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын бағалау және талдау жасау жүйесі жұмысының төмендігі;
Ауданның дамуына байланысты стратегиялық маңызды құжаттарды дайындау барысында тұрғылықты халықпен азаматтық қоғам институттарын қатыстыру деңгейін көтеру;
Осы жағдайларды мемлекеттік қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды процестерінің пайдаланушыға тиімді әрі қол жетімді болуын үкімет пен облыс және аудан әкімдігінің веб-қорлар порталы арқылы жақсарту қажет.
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатының
мемлекеттік стратегиялық мақсатпен сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаты
|
Мемлекеттік органның қызметін іске асырудағы мемлекеттік стратегияның мақсаты
|
Нормативтік құқықтық актілер
мен стратегиялық құжаттың атауы
|
Стратегиялық бағыт 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен біркелкі
басқару жүйесінің дамуы
|
Мақсат 1.1.
Жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігінің жоғарылауын жан-жақты жақсарту
|
«Біздің басты міндетіміз - Қазақстанда адамзаттың мүддесін қорғайтын нарықтық экономикада қолайлы әрі тиімді жаңа үлгідегі мемлекеттік қызмет пен оның басқару құрылымындағы мақсатты істерді іске асыратын Үкімет жасақтау»
«......Әрбір министрлік, ведомства, әкімдік аймақтық дамуда өзара тең және жалпы мемлекеттік стратегиға нақты іс бойынша белгіленген мақсатты бағынышта болуы керек. Бұл сөзсіз, жаңа тәсілге біртіндеп көшуді қажет етеді.
Стартегиялық жоспарлау, қаржылық болжам жасау және жобалық менеджмент жақын болашақтағы мемлекеттік басқаруды жаңартудың мәні болуы қажет.
Электронды құжат айналымы төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі:
1) электронды құжат айналымының әр-түрлі қызмет жүйесін енгізу;
2) мәліметтерді жіберу мен өңдеуде оны сақтауда қолданылатын ақпараттық технологияларды кез-келген салада қолдану..... «Бұл саланы дамыту үшін негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатты мақсатты бағытта жүргізу қажет. Бұл саланың мақсаты-саланы басқаруда қол жеткен жетістіктерді бағалау және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану»
|
Қазақстан-2030
«Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 11.10.1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының 07.01.2003 жылғы
«Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы»
№ 370-II Заңы
|
Мақсат 1.2.
Ауданның дамуы мен басқаруға байланысты қабылданатын шешімдер мен стратегиялық құжаттарды дайындағанда азаматтық қоғам институттары мен жұртшылықтың қатысуын қалыптастыру.
|
«..... жергілікті өзін-өзі басқару заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленгендей халық арасынан құрылатын жергілікті мәслихат және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынаста жергілікті жерде өздігінен шешім қабылдағанда жауапкершілікте болатын қызмет саласы.....»
«Үкімет алдына қойылған тапсырма-айқындалған әкімшілік реформаны халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып жылдам іс-жүзіне асыру, Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың қоғамға тәуелділігі мен ашықтығына негізделген жүйесін қалыптастыру»
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекет Басшысының
07.02.2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
|
Мақсат 1.3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды процестерінің пайдаланушыға тиімді әрі қол жетімді болуын Үкімет пен облыс әкімдігінің веб-қорлар порталы арқылы жақсарту
|
«...... жұртшылықты тұрақты түрде ақпараттандырудың жаңа тәсілін қарастыру арқылы мемлекеттік билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы саяси басқаруы Казнеттің ақпараттық қорларының жұмысына байланысты»
Бұл бағдарламаның басты бағытының бірі «Мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық пен бақылауды жоғарылату» Күтілетін нәтиженің бірі «Мемлекеттік қорды басқару тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету және автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуді 30 % жеткізу;
Арыз-шағымдарды 90 % дейін төмендету.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Интернет желісі Қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»
17.04.2008 жылғы
№ 358 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.2007 жылғы
№ 1155-I қаулысы
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
|
следующая страница>