Перейти на главную страницу
Мысалы, А. Құнанбаевтың шығармашылығын оқып үйренгенде ықпалдастық сабақ түрін қолдануға болады. Болашақ тарихшы Абайдын өміріндегі маңызды оқиғаларға тоқталса, әдебиетші М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясы мен оның өмірбаянын салыстыра әнгімелейді, ал болашақ суретші ұлы ақынның суреттері мен мүсіндерінің бейнелеу ерекшеліктерін тілге тиек етсе, орыс тілі бойынша аударма еңбектерге сипаттама беріледі.
Тарих пәні бойынша бір күнде бірнеше сабақ өткізу тәсілін де қолдануға болады. Онда сабақтар дәріс, жаңа материалды игерудегі оқушылардын дербес жұмысы, пактикалық сабақ болып түрленуі мүмкін. Бұл тәсілдін кемшілігі- сабақ кестесінде тұрақсыздық туғызады.
Блогтық немесе тақырыптық оқуды арнайы жоспар бойынша түрлі сабақ формаларын блогқа біріктірік жүргізуі. Ол көбінесе тарихи мазмұны ұқсас тақырыптарды 6-10 сағатқа топтастыру арқылы іске алады.
Жинақтау- сабақты орта буын оқушылары арасында жоғарғы сынып оқушылары жүргізе алады. Бұндай топтық әңгімелесуге жоғары сынып оқушылары қызығушылықпен және жаупкершілікпен дайындалады тіпті сабқта оларға оқушылардың білімін бағалауды да сеніп тапсыруға болада, тек қорытынды бағаны блог бағасын ескеріп қою керек.
Оқудың сынықтық жүйесі соңғы кезде мектеп практикасында кен қолданыс табуда. Сабаққа белсенді қатысатын оқушылар автоматты түрде сынақталады. Тек білімінде оқулықтар байқалп, оны жоюға тиісті оқушылар ғана сынақ тапсырады сынақталған оқушылар арасынан мұғалімге көмекшілер тағайындауға болады. Мұғалім оларға сынақты өткізудің сұрақтарымен тапсырмаларың береді немее оны оқушылардың өдері дайындайды. Соңғы жағдайда мұғалім ол сұрақтар мен тапсырмаларды қарап шығып, түзету енгізеді.
Жоғарғы сынып оқушыларына тарих пәнін оқыту оқу әрекетін ұйымдастыру мен оны өткізу әдістерінің көп түрлілігін қажет етеді. Сондықтан олармен жұмыс жүргізетін пән мұғалімнің теориалық, әдістемелік және дикдактикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс.
2. Семинар, зертханалық сабаққа қойылатын талаптарды ата.
3. Мектеп дәрістерін қойылатын талаптар. Бір тақырыпқа дәріс конспектісін жаса.
4. Баяндама, реферат қалай дайындалады?
5. Оқытудын қандай эврестикалық түрлерін білеміз?
6. Ықпалдастық сабақ дегеніміз не?
1) Тарих пәнінен симинар, зертханалық сабақ жүргізудің әдістері;
2) Жоғары сыныптарда тарих сабағың өткізудін әдістемелік ерекшеліктері;
3) Сабақ оқытудың эвристикалық түрлерін қолдану әдістемесі;
4) Тарих пәнінен өткізілетін мектеп дәрісі және оны ұйымдастырудың жолдары;
5) Жоғары сынып оқушыларын тарих тақырыбында баяндама, реферат дайындауға үйрету.
1) Тарих сабағына қалай дайындалу керек?
2) Оқу материалына құрылымдық- функциалық талдау.
3) Конспект және сабақ жоспары.
Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақтыемес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында тереңдеп, нақтылана түсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалуы сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жеткізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жеке танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу- тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.
Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні – сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру.
Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардың дербес игеруіне оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыныптағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақ жоспарын түзеді.
«Б.д.д. V-IV ғасырларда эллинділік мәдениетінің гүлденуін тақырыбындағы сабақ былацша жоспарлануы мүмкін:
1) Б.д.д. V-IV ғасырларда элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері (Афина Акрополіне оәша саяхат);
2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ);
3) Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ);
4) Олимпиядалық ойындар (репортаж-сабақ);
5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ).
Оқытуды материялды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжіребиесін талдауға дейінгі барлық кезенін қамтиды.
Сабаққа дайындалу функциялары (міндеттері, қызметтері). Сабаққа дайындалудың әр кезеңінің атқаратын өз фцнкциялары бар.
1) Тексерушілік функция сабаққа дайындықтың мынадай негіздерін қамтиды:
а) оқу материалының мазмұнын ой елегінен өткізу; - тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық мақсатты тұжырымдау;
б) сабақ типін анықтау;
в) сабақ құрылымын белгілеу.
Бұл кезеңде қажетті іскерлікті қалай қалыптастыруға, қандай сезімдерді ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін таңдаған мұғалім оның іске асыруға көмектесетін тәсілдерді таңдайды. Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады.
Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтың үйге берілген тапсырмасын талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа тақырыптық мазмұнына байланысты болуы шарт:
1) құрастырушылық функция:
а) нақты сыныптағы оқушы құрамының ерекшеліктеріне талдау жасау;
б) оқушы әрекетінің басым сипатын айқындау. Оқушының таным деңгейі еске түсіруші, өзгертуші және шығармашылық-іздецшілік болып бөлінеді. Еске түсірушілік таным деңгейіндегі оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті тыңдай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді. Ең күрделісі – шығармашылық-іздеушілік деңгейде оқушы құжаттарды талап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы жағдай ойластыра алады.
Оқушылардың талдаған әрекет деңгейі мұғаллімнің сабақтағы жұмыс әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда, мұғалім дайындығы төмен сыныпта түсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс:
1) ұйымдастырушылық функция алдындағы функциялармен тығыз байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалам: сабақты қалай бастау керек; оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге, қандай тапсырма беруге болады деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап қарастырады.
Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленуі мүмкін.
Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойған оқу процесінің міндеттерін іске асыруда оларға дербестілік берілуі тиіс;
Мұғалім сабақ үстінде оқулық материалын жалаң баяндап қоймайды, оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды кеңінен түсіндіріп, тақырыптық басты мәселелерінің мәнін ашады. Мқғалім бағдарламалық материалдан нені алып тастауды, нені қысқа немесе жан-жақты мазмұндау керектігін белгілейді. Оқулықтағы нақты фактілермен жаңа ұғымдардың мәнін ашып, оқулық материалын көркем және бейнелі етіп мазмұндайды:
2) Түзетуші функция сабаққа қорытынды жасайды. Ол материал дұрыс жинақталды ма, деректер маңызды ма; сабақтың дидактикалық мақсаты дұрыс қойылды ма және оған қаншалықты қол жетті; сыныптың ерекшелігі ескерілді ме; қолданған оқу әдістері, тәсілдері, түрлері талапқа сай келе ме; тапсырмалар орынды және қызықты болды ма; білімді игеру деңгейін қалай бағалауға болады деген сұрақтарды қамтиды.
Түзетушілік функцияны мұғалім жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, әрбір сабақтан соң пайдаланады. Конспект немесе сабақ жоспарына « Сабақтың теориялық бөлімін кеңейту », « артық деректерді алып тастау » деген сияқты қысқа жазбалар түсіреді. Ол ескертпелер келер оқу жылында ескерілуі тиіс.
Оқу материалына құрылымдық- функциялық талдау
Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық- функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесу мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.
Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнының фатологиялық негізін құрып, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарының оқушылардың дүниетанымдық идеялары мен ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық мағұлматтар болуы мүмкін. Ториялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді.
Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйренуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.
Сабақта басты деректкрден басқа қосалқы оқу материалдары – қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық және басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстінде қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсенттін Римдегі олимпиадалық ойындарда чимпион болғандығын екенің бірі біле бермейді.
Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тәжірибелік және териялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды Тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құблысты «дайын күйінде» ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысаннаның сытрқы белгілерін қабылдап, ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытындыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.
Сабақ мақсатын айқындау. Тәжірибелі мұғалім оқу курсымен алдын ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе бөлімдерді оқып-үйренуге келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты сабаққа дайындық кезңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.
Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.
Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.
Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегенді білдіреді.
Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.
Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеру керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар; сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырылымдылық, кішіпейілдік, адалдық, еңбексүйгіштік ) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.
Дамытушылық мақсаттары; оқу материалына сүйеніп қандай дағаылар дамытылды (жоспар құра білу, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б ). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылар мен шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық қызығушылық ) дамуын да жатқызуға болады.
«Ежелгі Рим» тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты – мәдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты – қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты – жекелеген бөлшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйеленеді:
1) тақырыптың оқу мазмұнынан (тақырыптық жоспарластыру кезінде) және сабақтан (әр сабаққа сабақ жоспарын жасау барысында) туындайтын нақты мақсаттарды жоспарластыру керек;
2) жоспарластыру кезінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын біртұтас бірлікте және өзара байланыста қарастыру керек;
3) мақсаттарды жоспарластырғанда сабақ тақырыбы оның негізгі мазмұнын талдауына және пәншілік, пәнаралық, курсаралық байланыстыруға сүйену керек;
4) оқу материалын талдау барысында осы сабақтың жалпы тарихи білім міндеттерін шешуге қосатын үлесі айқындалуы тиіс.
Сабақ жүргізудің тиімділігі мұғалімнің күткен нәтижені болжай алу, оны сабақ үстінде іске асыру, оқушылармен кері байланыс ортату (оқыту мен оқудың бірлігі) шеберлігіне тәуелді. Белгілі әдіскер Н. В. Кухарев сабақты ұйымдастыру мен өткізудің төрт деңгейін бөліп қарастырады. Жоғары деңгейдегі сабақта мұғалім оқушыларға түсетін ауыртпалықты ескере отырып, сабақтағы оқу нәтижесін алдын-ала құрастырып, оған қол жеткізе алады. Биік деңгейдегі сабақта мұғалім қол жеткен нәтижелердің себеп-салдарын нақтылап, сабақта тиімді жұмыс тәртібін қйымдастыруға қабілетті деп танылады. Орта деңгейдегі сабақта мұғалім тексеру кезінде оқушылардың білімдері мен дағдыларын айқындауға шамасы келсе, төменгі деңгейдегі сабақта мұғалім нәтижеге қол жеткізу жолдарына басын ауыртпай, тек қана сабақ жоспарын жазумен шектеледі. Соңғы екі деңгейде мұғалім тек оқушылардың білімі туралы ақпарат жасап, сабақ үстінде олардың тәртібін сақтауға бар күш-жігерін жұмсайды
Әдебиеттер
1 Амонашвили Ш. А. Воспетательная и образовательная функция оценки учения школьников. – М., 1984. – 345 с.
2 Апперович Н. И., Полторок Д. И. Кабинет истории и обществоведении в средней школе. – М., 1982. – 328 с.
3 Аманжолов К. Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. – Алма-Ата, 1989. – 269 с.
4 Бабанский Ю. К. Оптиматизация учебно-воспитательного процесса. – М., 1982. – 245 с.
5 Бап-Баба С. Жанату негіздері. – Алматы, 2002. – 198 с.
6 Боголюбов Л. Н. К вопросу о методологических основах методики обучения истории. Сов. Педагогика. – М., 1975. – № 12. – 175 с.
7 Вагин А. А. Методика обучения истории. – М., 1972. – 168 с.
8 Гора П. В. Методические примеры и средства наглядного обучения истории в срндней школе. – М., 1991. – 177 с.
9. Гора П. В. Повышение эффективности обучения истории в срндней школе. – М., 1988. – 208 с.
10.Годер Г. И. Ежелгі дүние тарихына арналған методикалық құрал. – Алматы, 1980. –148 с.
|
Алғыс сөз................................................................................................3 |
1 |
Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мен қалыптасуы......................4 |
1.1 |
Тарихты оқытудың әдістемесі-педагогикалық пән............................4 |
1.2 |
Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып – үйрену.............7 |
1.3 |
Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану....................................14 |
1.4 |
Жоғары сыныптардағы оқу сабақтары..............................................19 |
1.5 |
Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы.................................... 25 |
|
Әдебиеттер........................................................................................... 32 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
Жұмыс Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалған
18 12 2014
3 стр.
Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі
25 12 2014
1 стр.
М011200-Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
25 12 2014
1 стр.
Оқыту мен тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш, орта және жоғары білім беру саласындағы бейнелеу өнері, 13. 00. 08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандықтар
25 12 2014
1 стр.
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту қҰралдарын жасау әдістемесі
23 09 2014
1 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ПӘні бойынша сырттай бөлім студенттерінің бақылау жұмыстарын орындауына
23 09 2014
1 стр.