Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 7страница 8






Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын

есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №927 қаулысы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 9 шілдедегі

№927 қаулысымен

бекітілген


Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну

нормаларын есептеу және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және газды есептеу аспаптары болмаған кезде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өлшем бірлігі – тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормативінің көрсеткіші;

2) көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің конструктивтік және техникалық параметрлері – коммуналдық ресурстарды тұтыну көлеміне (санына) әсер ететін көрсеткіштер (қабырға материалдары, шатыр, қабаттылығы);

3) абаттандыру дәрежесі – тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтарының болуы;

4) климаттық жағдай – жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы, жылуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы, жылу беру кезеңіндегі желдің жылдамдығы мен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну көлеміне әсер ететін өзге де климаттық параметрлер;

5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) өтінім – қызмет көрсетушінің уәкілетті органға тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы ресми өтініші (арызы);

7) қызмет көрсетуші – тұтынушыларға тауарлық және сұйытылған мұнай газын ұсыну бойынша қызмет көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

8) объект өкіл – газды тұтынудың нақты көлеміне бақылау жүргізілетін көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, жеке тұрғын үй немесе көп пәтерлі тұрғын үй.

Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
3. Тұтыну нормаларын есептеген кезде көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің мынадай конструктивтік және техникалық параметрлері ескеріледі:

1) жылыту мұқтажына газды жұмсаған кезде – қабырғалардың материалдары, шатырлар, тұрғын үй-жайлардың көлемі, қоршау конструкцияларының алаңы және терезелер, үйішілік инженерлік коммуникациялар мен жабдықтардың тозуы;

2) суды ысытуға газды жұмсаған кезде – үйішілік инженерлік желілер мен жабдықтардың тозуы.

4. Сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) тамақ дайындауға және суды ысытуға тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда килограмммен белгіленеді.

СМГ-да тұрғын үй-жайларды жылытуға тұтыну нормалары айына жылытылатын алаңының бір шаршы метріне немесе жылытылатын көлемінің бір текше метріне килограмммен белгіленеді.

5. Тұтыну нормалары бірдей конструктивтік және техникалық параметрлері, сондай-ақ абаттандыру дәрежесі бар көп пәтерлі үйлер және жеке тұрғын үйлер үшін бірыңғай белгіленеді.

6. Тұтыну нормалары оны пайдаланудың мынадай бағыттары бойынша анықталады:

1) тамақ дайындау;

2) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда шаруашылық және санитарлық-гигиеналық мұқтаждар үшін ыстық су дайындау (кір жууды қоса алғанда);

3) газбен суды ысыту болған кезде;

4) газбен суды ысыту болмаған кезде;

5) тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтер бойынша) жылыту.

7. Ғимараттың жылытылатын алаңы сыртқы қабырғаның ішкі бетінің шегінде өлшенетін ғимараттың қабат (оның ішінде мансардтық, жылытылатын цокольды және жертөлелік) алаңы ретінде анықталады. Ғимараттың жылытылатын алаңына жылу шатырлары мен жертөлелердің, жертөленің (еден астының), суық жылытылмайтын кіреберістің, сондай-ақ суық шатырдың немесе мансард емес оның бөліктерінің алаңы кірмейді.

Ғимараттың жылытылатын көлемі бірінші қабаттың еденінен бастап соңғы қабаттың төбесіндегі бетке дейін өлшенетін ішкі биіктік бойынша қабаттың жылытылатын алаңы ретінде анықталады.

8. Халықтың тұрмыстық мұқтаждықтарына тауарлық және сұйытылған мұнай газының тұтыну нормаларын есептеген кезде мынадай әдістер қолданылады.

1) ұқсастық әдісі;

2) есептеу әдісі.

9. Ұқсастық әдісі конструктивтік және техникалық параметрлері, абаттандыру дәрежесі және климаттық жағдайлары ұқсас объекті өкілдерде орнатылған ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемін өлшеу нәтижесінде алынған деректер болған кезде қолданылады.

10. Есептеу әдісі, егер конструктивтік және техникалық параметрлері, абаттандыру дәрежесі және климаттық жағдайлары ұқсас тұрғын үйлердегі ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен өлшеу нәтижелері, сондай-ақ объекті өкілдерде болмаса, қолданылады.

11. Әдістердің біреуін қолдану туралы шешімді қызмет көрсетуші қабылдайды.

12. СМГ-ның тұтыну нормалары тұтынылған газды бір жылдың айларына тепе-тең бөлу негізінде есептеледі немесе оны маусымдық біркелкі тұтынбауға байланысты сараланады.

13. Бірнеше бағыттар бойынша тұрғын үй-жайларда газды пайдаланған кезде тауарлық газды тұтынудың тиісті нормалар бойынша анықталған көлемі қалыптасады.

14. Қолайлы болу үшін тұтыну нормаларын есептеу тұтынылатын газды жылдың айларына тепе-тең бөлу есебінен жүргізіледі.

Тамақ дайындауға және суды ысытуға тауарлық газды тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда текше метрмен белгіленеді.

Тұрғын үй-жайларды жылытуға тауарлық газды тұтыну нормалары айына жылытылатын алаңының бір шаршы метріне немесе жылытылатын көлемінің бір текше метріне текше метрмен белгіленеді.

15. Тұтыну нормалары газбен жабдықтау объектілері орналасқан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының табиғи-климаттық, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып әрбір үшін есептеледі және бекітіледі.


Ұқсастық әдісімен тауарлық және сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
16. Ұқсастық әдісімен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу газды тұтынудың нақты көлемін таңдап бақылау негізінде жүргізіледі.

17. Тұтынылған газдың көлемі көп пәтерлі үйлердің пәтерлерінде немесе жеке тұрғын үйлерде орнатылған жеке есептеу аспаптарымен немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерге орнатылған ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен анықталады.

18. Таңдап бақылау жүргізу үшін объекті өкілдері іріктеп алынады.

19. Таңдап алынатын объекті өкілдердің саны (іріктеп алу көлемі) газды пайдаланудың әрбір бағыты бойынша анықталады.

Объекті өкілдерді таңдаған кезде мынадай шарттар сақталады:

1) объекті өкілдер тұрақты газбен, жылмен және сумен жабдықтау аймағында болуға тиіс;

2) объекті өкілдер ерекше сипаттағы инфрақұрылымы бар (пәтердің ішіндегі газды тұтыну көлеміне әсер ететін моншамен, кір жуу орнымен, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен, балабақшалармен, емдеу және басқа кәсіпорындармен қамтамасыз етілген) елді мекендерден таңдап алынады;

3) таңдау көлемі ең аз қажетті шамадан кем болмауға тиіс;

4) қосылу желісіне қосылған тұрғын емес үй-жайлары бар және есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үй объекті өкілдер бола алмайды;

5) объекті өкілдер таңдап алынатын елді мекендер өңір үшін қалыпты климаттық жағдайда болуға тиіс.

20. Таңдаудың ең аз қажетті көлемін анықтаған кезде ерікті көлемге сынама таңдау жүргізіледі. Бірінші тәсіл талдау үшін таңдаудың қажетті көлемін қабылдауға негізделген. Егер осы таңдап алудың көлемі деректердің қажетті дәлдігін алуға жеткіліксіз болса, осы таңдап алуды қажетті көлемге дейін толтыру қажет.

Екінші тәсілде сыналатын таңдап алу әдетте бастапқы жиынның көлемінен 1 %-ға тең алынады. Осы сыналатын таңдап алудың негізінде түпкілікті таңдап алудың қажетті көлемі анықталады. Одан әрі берілген көлемдегі таңдап алу жүзеге асырылады және ол бойынша таңдап алуды зерттеу жүргізіледі.

Сыналатын таңдап алуды талдау мынадай дәйектілікпен жүзеге асырылады.

Алын ала алынған таңдап алудың орташа арифметикалық шамасы мынадай формула бойынша анықталады:


(1)

мұндағы:


n' – алдын ала таңдап алынған объекті өкілдер, пәтерлер (немесе үйлер) саны;

Xi – бақыланатын кезең ішінде объекті өкілдердің i бойынша бір адамға шаққанда газдың айлық орташа шығысы, м3;

– алдын ала таңдап алынған таңдап алудың орташа арифметикалық шамасы, м3.

Таңдап алу жиынтығының дисперсиясы мынадай формула бойынша есептеледі:


(2)

мұндағы:


– таңдап алу жиынтығының дисперсиясы.

Таңдап алу жиынтығының дисперсиясы таңдап алынған сынаманың деректері бойынша формула бойынша есептеледі:


(3)

мұндағы – таңдап алу жиынтығының дисперсиясы.

Шағын таңдау үшін (n<30) таңдап байқаудың орташа қатесі (μ) мынадай формула бойынша анықталады:
(4)

Сынама алынған таңдап алу бойынша () шекті қатені мынадай формула бойынша анықтайды:


(5)
мұндағы t – сенім коэффициенті (Стъюдент өлшемі) – еркіндік дәрежесінің санына f=n'-1 және сенім ықтималдығына (нәтижелердің сенімділік деңгейі) байланысты негізгі орташа шама осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген кесте бойынша айқындалатын таңдап алынған орташа шамадан қаншалықты өзгешеленетін ықтималдықтың нақты мәнін көрсететін параметр.

Егер үлкен сыналатын таңдап алу пайдаланылатын болса, онда шекті қатені бере отырып, оны сыналатын таңдап алу бойынша есептелген (нәтижелердің сенімділік деңгейінің қандай да бір мәні болғанда) шекті қатемен салыстыру қажет. Егер болса, онда сыналатын таңдап алудың көлемі жеткілікті және түпкілікті.

Егер болса, бұл аз көлемдегі таңдап алу кезінде болуы мүмкін, онда орташа шаманы анықтау үшін қажетті ең аз көлемдегі таңдап алу мынадай формула бойынша анықталады:

қайта іріктеп:



(6)
іріктеуді қайталамай:
(7)
мұндағы:

n – таңдап алу жиынтығының, пәтердің (немесе үйдің) ең аз қажетті көлемі;

N – негізгі жиынтықтың көлемі (қаралып отырған топ бойынша газ жүргізілген пәтер (пәтер немесе үй) саны);

– таңдап алудың рұқсат етілген шекті қатесі ( алдын ала алынған таңдаудың шекті қатесінің шамасынан артық емес үлеске тең қабылданады, бірлік).

(6), (7) формулалар таңдап алудың ең аз қажетті көлемін береді.

21. Тауарлық газ пайдаланылған жағдайда газдың шығыны «Газдар. Көлемін анықтауға арналған шарттар» МЕМСТ 2939-63 бойынша стандарттық шарттарға келтірілген текше метрде есептеледі. Егер орнатылған есептеу аспаптарында температура бойынша немесе қысым бойынша арнайы түзеткіш болмаса, онда есептеу аспабы арқылы өткен газдың көлемін стандарттық шарттарға сәйкес келтіру мынадай формула бойынша есептеу арқылы жүргізіледі:

, (8)

мұндағы:


– стандарттық шарттарға сәйкес келтірілген газдың шығын көлемі, м3;

– есептеу тетігі бойынша есептеу аспабы арқылы өткен газдың шығыны, м3;

– есептеу аспабының немесе оның қасында орналасқан газ құбырының ішінде бар (артық) қысым, мм сынап бағанасында;

– атмосфераның барометрлік қысымы (750,1 мм сынап бағанасында деп қабылданады);

– есептеу аспабының немесе оның қасында орналасқан газ құбырының ішіндегі СМГ-ның бу фазасындағы нақты температурасы, °С.

 (8) формулаға кіретін параметрлердің мәні тиісті аспаптардың көрсеткіштері бойынша немесе метеорологиялық қызметтің деректері бойынша қабылданады.

22. Тұтынушылар жұмсаған газды есептеу аспабының көлемі бойынша анықталған СМГ-ның саны (, м3) стандарттық шарттарға сәйкес келтіріледі () және мынадай формула бойынша (кг) есептеледі:
, (9)

мұндағы:


– газдың массалық шығыны, кг;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның тығыздығы, кг/м3, оны компоненттердің қоспадағы үлестік мәніне стандарттық тығыздықта жүргізілген компоненттердің жиынтығы ретінде анықтайды;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның i компонентінің тығыздығы, кг/м3;

– СМГ-ның i компонентінің көлемдік мәні, көлемдік %.

Егер СМГ компонентінің массалық (%) құрамы белгілі болса, онда оларды мынадай формулалар бойынша (10), (11) мольдік (%), содан кейін көлемдік (%) мәнге ауыстырады:


, мольдік % (10)
, көлемдік %, (11)
мұндағы:

, , – СМГ-ның i компонентінің массалық, мольдік және көлемдік мәндері, тиісінше – массалық %, мольдік %, көлемдік %;

– СМГ-ның i компонентінің молекулярлық массасы;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның i компонентінің сығылу коэффициенті.

СМГ-ның құрамына кіретін көмірсутектер үшін , , мәндер «Табиғи газ. Физикалық қасиетін есептеу әдістемесі. Тауарлық газды, оның компоненттерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің физикалық қасиетін анықтау» МЕМСТ-қа 30319.1-96 (бұдан әрі – 30319.1-96 МЕМСТ) сәйкес келтірілді.

23. Газды тұтынудың маусымдық біркелкі еместігін ескере отырып, әрбір объект өкіл бойынша газдың шығынын бақылау күнтізбелік бір жыл ішінде жүргізіледі.

24. Есеп жүргізген кезде есептеу аспабы көрсеткішінің есебіндегі қатенің салдарынан туындаған газ шығынының ерекше өзгешеленетін мәнін, мәнді тіркеген кездегі қатені алып тастау қажет.

25. Бақылау нәтижелері бойынша бақылататын кезең ішінде газдың нақты шығынының жиынтық ведомосы жасалады.

26. Есептеу аспаптары пәтердегі барлық газ аспаптарына және аппараттарына орнатылған жағдайда жылытуға жұмсалатын газдың шығыны жергілікті жылыту жүйесі болған кезде тексерілетін объект өкіл бойынша және олар болмаған кезде осындай ұқсас объектілер бойынша газды тұтыну көлемінің арасындағы айырма ретінде анықталады.

27. СМГ-ны пайдаланудың әрбір бағыты бойынша оны айлық орташа тұтынуды мынадай формула бойынша анықтайды:
, (12а)
Тауарлық газды пайдаланудың әрбір бағыты бойынша оны айлық орташа тұтынуды мынадай формула бойынша анықтайды:
, (12б)

мұндағы:


– бір адамға шаққанда немесе жылытылатын алаңның 1 м2 СМГ-ды айлық орташа тұтыну, кг/адам∙ай немесе кг/м2∙ай;

– бір адамға шаққанда немесе жылытылатын алаңның 1 м2 тауарлық газды айлық орташа тұтыну, м3кг/адам∙ай немесе м/м2∙ай;

– бақыланатын уақыт аралығындағы объекті өкілдер бойынша СМГ-ның нақты шығысы (1-ден n-ге дейін), м3;

– бақыланатын уақыт аралығындағы объекті өкілдер бойынша тауарлық газдың нақты шығысы (1-ден n-ге дейін), м3;

– есептеу аспабынан көрсеткіштер алынатын уақыт аралығы, күн;

– СМГ тұтынатын тұрғындардың тиісті саны, адам немесе жылытылатын алаңның мөлшері, м2;

– айдағы күндердің орташа саны ().

Маусымдық біркелкі еместік ескерілген жағдайда есептеу аспабынан көрсеткіштерді алуды жылдың салқын, өтпелі және жылы кезеңдерінде жүргізу қажет, ал жылдың әрбір кезеңі үшін айдың орташа ұзақтығын берілген өңір үшін олардың қабылданған ұзақтығына сәйкес анықтау қажет.

28. СМГ-ды пайдаланудың әрбір бағыт бойынша оны тұтыну нормасы мынадай формула бойынша анықталады:
, (13а)
Тауарлық газды пайдаланудың әрбір бағыт бойынша оны тұтыну нормасы мынадай формула бойынша анықталады:
, (13б)

мұндағы:


Нm ­­­­– СМГ тұтыну нормасы, кг/адам∙ай немесе кг/м2∙ай;

Hv – тауарлық газды тұтыну нормасы, м3/адам∙ай немесе м32∙ай;



К – есептеу аспаптары болмаған жағдайда газды шектен тыс тұтынуды есептеу коэффициенті (1,1 қолдану ұсынылады).


Есептеу әдісімен сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
29. Тұрғын үй-жайларда газ плитасы немесе орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындауға СМГ-ды тұтыну нормасы жылу шығының жылдық нормасының негізінде есептеледі.

30. Бір адам үшін тамақ дайындауға, Н1, кг/адам∙ай, СМГ-ды тұтынудың айлық орташа нормасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:


, (14)

мұндағы:


– осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген бір адамға тамақ дайындауға кететін жылу шығының жылдық нормасы, МДж/адам∙ай;

– СМГ жануының төменгі массалық жылуы, МДж/кг;

12 – жылдағы айлар саны.

СМГ жануының төменгі массалық жылуын (, МДж/кг) мынадай формула бойынша анықтайды:
, (15)
мұндағы:

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның газ тәрізді компонентінің 1 м3 келтірілген СМГ-ның і компоненті жануының төменгі көлемдік жылуы, МДж/м3 («Табиғи жанатын газ. Жану жылуын, салыстырмалы тығыздығын және Вобб санын анықтаудың есептеу әдісі» МЕМСТ 22667-82 (СТ СЭВ 3359-81) деректері);

– СМГ-ның і компонентінің массалық мәні, массалық %;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның і компонентінің тығыздығы, кг/м3;

– СМГ-ның і компоненті жануының төменгі массалық жылуы, МДж/кг.

СМГ жануының төменгі жылуын есептеген кезде пропан-н-бутан шартты қоспасына арналған деректерді пайдалануға болады. Бұл ретте жеңіл компоненттер (метан, этан) пропанға көбейтіледі, ал ауыр компоненттер (пентан) бутанға көбейтіледі.

Осы Қағидаларға 3-қосымшада стандарт шарттар кезінде пропан және н-бутан үшін тығыздығы, сығылу коэффициенті, жануының төменгі көлемдік жылуы және олардың молекулярлық массасы (МЕМСТ 30319.1-96 бойынша), сондай-ақ оларда пропан мен бутан әртүрлі құрамда болған кезде СМГ жануының төменгі жылуының есептік шамасы келтірілген.

СМГ-ның құрамы туралы мәліметтер болмаған кезде мыналарды қабылдау ұсынылады:

жылдың суық (жылытылатын) кезеңінде «Сұйытылған көмiрсутектi жылу газдары. Техникалық шарттар» МЕМСТ Р 52087-2003 (бұдан әрі – МЕМСТ Р 52087-2003) және «Коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін сұйытылған көмiрсутектi жылу газдары. Техникалық шарттар» МЕМСТ 20448-90 (бұдан әрі – МЕМСТ 20448-90) бойынша ПТ маркалы СМГ қолданылады, оның шартты орташа құрамы: пропан – 80 массалық %, н-бутан – 20 массалық %, жанудың төменгі жылуы 46,3 МДж/кг (90,9 МДж/м3);

жылдың жылы кезеңінде ПБТ, СПБТ маркалы СМГ пайдаланылады (МЕМСТ Р 52087-2003 және МЕМСТ 20448-90 бойынша), оның шартты орташа құрамы: пропан – 60 массалық %, н-бутан – 40 массалық %, жанудың төменгі жылуы 46,2 МДж/кг (90,9 МДж/м3).

31. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда тамақ дайындауға және ыстық суға СМГ тұтыну нормаларын есептеу:

1) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда тамақ дайындауға және ыстық суға газ су қыздырғышты пайдаланып жүргізіледі, ал ол болмаған жағдайда газ плитасы пайдаланылады.

2) тамақ дайындауға және ыстық суға СМГ тұтыну нормалары осы Қағидаларға 2-қосымшадағы жылу шығыстарының жылдық нормалары негізінде анықталады.

3) газбен су қыздырғышты пайдаланып, бір адам үшін тамақ дайындауға және ыстық суға СМГ тұтынудың айлық орташа нормасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі, (Н2, кг/адам∙ай):


, (16)

мұндағы:


– тамақ дайындауға жұмсалатын жылу шығысының жылдық нормасы, МДж/адам∙жыл (осы Қағидаларға 2-қосымшадан алынады);

– СМГ-ның бу фазасында жануының төменгі массалық жылуы, МДж/кг ((15) формула бойынша есептеледі немесе осы Қағидаларға 3-қосымшадағы 3.2-кестеден алынады);

12 – жылдағы айлар саны.

4) газбен су қыздырғыш болмаған кезде тамақ дайындауға және ыстық суға СМГ тұтынудың айлық орташа нормасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі, Н3, кг/адам∙ай:

, (17)

мұндағы:

– газбен су қыздырғыш болмаған кезде тамақ дайындауға және ыстық суға СМГ тұтынудың айлық орташа нормасы, МДж/адам∙жыл (осы Қағидаларға 2-қосымшадан алынады);

– СМГ-ның бу фазасында жануының төменгі массалық жылуы, МДж/кг ((15) формула бойынша есептеледі немесе осы Қағидаларға 3- қосымшадағы 3.2-кестеден алынады);

12 – жылдағы айлар саны.

32. Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтерішілік) жылытуға СМГ тұтыну нормаларын есептеу:

1) жеке (пәтерішілік) жылытылатын немесе газды есептеу аспаптарымен жабдықталмаған тұрғын үйлерді жылытуға СМГ тұтыну нормалары жылу энергиясының есептік жылдық шығыстарына сәйкес есептеледі. Бұл ретте:

өңірдің климаттық параметрлері;

тұрғын үй-жайлардағы микроклиматтың параметрлері;

тұрғын үй-жайлардың орташа көлем-жоспарлық көрсеткіштері;

қабырғалардың материалдары және табиғи тозу бойынша өңірлердегі тұрғын үй қорын бөлу;

жылыту аппараттары мен пештердің орташа өлшенген пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) есептеуге арналған бастапқы деректер болып табылады;

2) тұрғын ғимараттарды (үйлерді) жылытуға СМГ тұтынудың өңір бойынша айлық орташа нормасы, Нотср, кг/(м2∙ай) немесе кг/(м3∙ай), тұрғын үй қоры бойынша ақпараттың болуына байланысты мынадай нұсқалардың біреуімен есептеледі:

ірілендірілген – өңірдегі тұрғын үй қоры бойынша жалпы статистикалық деректердің негізінде;

сараланған – тұрғын ғимараттардың (үйлердің) өзгеше топтары үшін кейін ғимараттар тобының үлесіне сәйкес орташа мәнге келтіру;

3) тұрғын үй қоры бойынша жалпы статистикалық деректерді пайдаланған кезде Нотср, кг/(м2∙ай) немесе кг/(м3∙ай) шамасын өңірдегі бір пәтердің орташа алаңы негізінде есептейді;

4) тұрғын ғимараттардың (үйлердің) өзгеше топтары үшін нормаларды саралап есептеген кезде жылытуға СМГ тұтынудың өңір бойынша айлық орташа нормасы, Нотср, кг/(м2∙ай) немесе кг/(м3∙ай), тұрғын ғимараттардың (үйлердің) өзгеше топтарының үлестері бойынша орташа өлшенген шама ретінде мынадай формуламен есептеледі:


, (18)

мұндағы:


отай)i – ғимараттың өзгеше і тобы үшін СМГ тұтынудың айлық орташа нормасы, кг/(м2∙ай) или кг/(м3∙ай);

di – газды есептеу аспаптары болмаған кезде жеке (пәтерішілік) жылытылатын өңірлер бойынша жалпы пәтер алаңындағы ғимараттың і тобының үлесі;

m – ғимараттың қаралатын тобының саны.

Жылытуға СМГ тұтыну нормаларын есептеген кезде өзгеше топ ретінде ғимаратты (үйді) бөліп алады, ол мыналар бойынша ерекшеленеді:

көлем-жоспарлық көрсеткіштері (жылытылатын алаңның шамасы , ғимарат қабатының ішкі биіктігі және қабаттар саны);

ғимараттар (үйлер) қабырғаларының материалдары;

ғимараттардың (үйлердің) табиғи тозуы.

Өңірлерде кеңінен таралған тұрғын ғимараттардың (үйлердің) өзгеше топтары үшін есеп жүргізуге қажетті орташа көлем жоспарлау көрсеткіштері осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

Осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген нысандардың көмегімен СМГ тұтынудың өңірлік нормаларын анықтаған кезде өңірдегі тұрғын үй қорындағы үлесі көп di ғимараттардың (үйлердің) бірнеше өзгеше (і) тобы бөліп алынады. Одан әрі есеп СМГ тұтынудың нормаларын орташаландыра отырып (Нотай)i, әрбір өзгеше і тобының ішінен бір ғимарат үшін орташа көлем-жоспарлық көрсеткіштерге сәйкес (Нотай)i  мынадай (18) формула бойынша орындалады;

5) өзгеше топты анықтау үшін тұрғын ғимараттарды (үйлерді) жылытуға СМГ тұтынудың айлық орташа нормаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

не жылытылатын алаңның 1 м2 есептегенде Нотай, кг/(м2 ∙ай):

, (19)

не жылытылатын көлемінің 1 м3 есептегенде Нотай, кг/(м3 ∙ай):


, (20)

мұндағы:


– ғимаратты жылытуға СМГ-ның есептік жылдық орташа шығысы, кг/жыл;

– ғимараттың жылытылатын алаңы, м2;

– ғимаратың жылытылатын көлемі, м3.

6) ғимаратты жылытуға СМГ тұтынудың есептік жылдық орташа нормасы () жылдың жылыту маусымы ішінде жылу энергиясының шығыстары бойынша мынадай формуламен анықталады:



, (21)

мұндағы:


– 8°С тең және төмен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасын сипаттайтын жылыту маусымының ішінде ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылу энергиясының шығыны, МДж;

– СМГ жануының төменгі массалық температурасы ((15) формула бойынша есептеледі немесе осы Қағидаларға 3-қосымшадағы 3-кестеден алынады);

– жылыту жүйесінің КСК (жылытатын пештер үшін =0,65...0,8, әртүрлі типтегі газ қазандықтары үшін =0,75...0,9).

7) сыртқы қоршау конструкциялары арқылы ғимараттың жалпы жылу ысырабын, тұрмыстық жылудың бөлінуін және күн радиациясынан терезе арқылы жылудың түсуін ескеретін жылу беру кезеңінде ғимаратты жылытуға жылу энергиясының шығысы (, МДж) мынадай формула бойынша есептеледі:




, (22)

мұндағы:


– 20-22°С аралықта тұрғын ғимараттың тиімді температурасының ең аз мәндері бойынша қабылданатын ғимараттың ішіндегі ауаның есептік орташа температурасы, °С;

– 0,92 қамтамасыз етілген бес күндік қатты суықта сыртқы ауа температурасы, °С;

– пайдаланылатын тұрғын ғимараттарда сіңіру және желдету есебінен жылу ысырабын ескеретін ғимаратың жылу беруінің шартты коэффициенті, Вт/(м2 ∙°С);

– жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, °С;

– жылыту маусымының ұзақтығы, тәулік;

– жылу беру кезеңінде нақты бұлтты күндері кезінде тік бетке күн радиациясының орташа шамасы, МДж/м2;

Аzoк – жылытылатын үй-жайларды жылытылмайтын үй-жайлардан, сыртқы ауадан және топырақтан бөліп тұратын қоршау құрылыс конструкцияларының ішкі бетінің жалпы алаңы, м2;

– ғимараттың жылытылатын алаңы, м2;

АF – жарық ойықтарының жиынтық алаңы, м2.

, , , , шамаларының мәндері нақты өңірлер үшін осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.

Аzoк және АF шамалары осы Қағидаларға 4-қосымша бойынша ғимараттың таңдап алынған өзгеше тобына сәйкес қолданылады.

коэффициенті осы Қағидаларға 7-қосымшада баяндалған алгоритм бойынша есептеледі.

8) тұрғын ғимараттарды (үйлерді) жылытуға СМГ тұтыну нормаларының бастапқы деректерінің тізбесі және оларды есептеудің нәтижелері осы Қағидаларға 8-қосымшадағы ұсынылған нысанда келтірілген.




следующая страница>


Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №927 қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

772.5kb.

15 10 2014
8 стр.


Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі №906 қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»

Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

1064.75kb.

04 09 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1041 Қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

257.23kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №912 қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

222.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

367.84kb.

12 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз

1215.78kb.

25 12 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы №287 қаулысы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

96.45kb.

16 12 2014
1 стр.


Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамыр №588

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 3 тармақшасына

155.41kb.

18 12 2014
1 стр.