Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп

Теңге – ұлттық

табыстың кепілі



Дайындаған: 5 «А»сынып жетекшісі

Кемпирова Ғ.А

Петропавл қаласы 2011жыл



Мақсаты:

  1. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірнші айрықша белгісі-теңгемен тереңірек таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы ,айналымға ену кезі туралы мағлұмат беру;

  2. Оқушылардың бойында елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту;

  3. Елін,жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншіктерді елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд «Төл теңге тарихымыздан»

Барысы:

  1. жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 5 «А» сыныбы дайындаған «Теңге –ұлттық табыстың кепілі» атты сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор болды. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық.

  1. жүргізуші: Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба,Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі- ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қараша күні дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

1-жүргізуші: Алғашқы теңге «Харрисон Санс» фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылып шықты. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты. Әр теңгеде қазақ өміріндегі ең ірі тұлғалардың бірі және сол кезеңнің кескіндемесі бейнеленген. Адамның ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16 -ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.



  1. жүргізуші: Енді тарихқа шолу жасап жіберейік: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы ортағасырлардан бастау алады. VІІІ- ІХ ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. ХІV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

  1. жүргізуші: ХVІ-ХVІІІ ғасырда мыс тиындар да қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды.

Қазақтың «теңге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте

замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда

жасаған.

2-жүргізуші: 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды.


  1. Жүргізуші: Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты болды.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік көмиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады.

  1. оқушы:

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы,

Ел ырысы – тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге –ел тірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.



  1. оқушы:

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен осыдан 18 жыл бұрын 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8.00 ден бастап айналымғға енгізілді. Бұл күнді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні ретінде атап өтеді.

3 - оқушы: Ұлттық валюта –«теңге» банкнота және монета түрінде айналысқа

енгізілді. Банкнота-Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында,

ал монета- Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылды.



4-оқушы : Ең бірінші бағамы бір АҚШ долларына 4 теңге, 75 тиын болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. 2006 жылы 15 қарашада екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.



Шағын көрініс. «Қонақжайлы теңге»

5-оқушы: Теңге – ұлттық ақша атауы. Сол сияқты әр ұлттың өз ақшасы бар.

Мысалы, қырғызда-сом, өзбекте-сум, орыста-рубль, немісте-марка, қытайда-юань, америкада-доллар.





6- оқушы: Қазақстан елінде САММИТ балады дегенді естіген олар осы елге сапар шекпек болады. Ал біздің «теңге» болса менмендігі бар ақша еді. Ол келген қонақтарға мінезін көрсетпекші болады.

7- оқушы: Қарсы.алыңыздар, көрші валюталар

8- оқушы:

Ресей «Рублі» мен болам!

Байтақ елде орнаған.

Қаншама ұлт пен ұлыстың,

Қаражатын қорғаған.

9-оқушы:

«Евро» деген дөкеймін!

Қажетіңді өтеймін.

Өзім кіші болсам да,

Баршадан тез есейдім!

10-оқушы:

Мен «Доллармын, доллармын!»

Барлық елде мол жүрмін.

Барша әлем біледі,

Көрдіңдер ме, мен кіммін?!

11- оқушы: ( қаһармен)

Мен «Теңгемін, теңгемін»!

Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік- тұғырым,

Жарқын менің ғұмырым!

Мен «Теңгемін, теңгемін»!

Өз елімде өрледім.

Босағамда тұрып ап,

Сөйлейтін жоқ жөндерің!

12- оқушы: Теңгенің қаһарынан қорқып қалған көрші елдердің валюталары:

Барлық валюта:

- Енді қайтіп қазақ жеріне аяқ баспайтын боламыз. Одан да өз еліміздің ұлттық валютасы болып басқара берейік.



1-жүргізуші:

- Демек, балалар, әр елдің өзінің «ұлттық валютасы» болу керек. Әр ел азаматы өз ақшасының құнын, қалай келетінін түсініп, қадірлеу керек.



Петропавл қаласы

Теңге – ұлттық табыстың кепілі Дайындаған: 5 «А»сынып жетекшісі Кемпирова Ғ. А

Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірнші айрықша белгісі-теңгемен тереңірек таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы,айналымға ену кезі туралы мағлұмат беру

48.26kb.

09 10 2014
1 стр.


92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Тақырып

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан тарихы мен ұлттық – салт дәстүр жайында білімдерін тереңдету, оқушы бойында ұлтжандылық пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, өзін-өзі қ

68.68kb.

14 10 2014
1 стр.


Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі
935kb.

25 12 2014
5 стр.


Оқу жылының І жартыжылдыққа арналған 2 «Г» сынып жетекшісінің есебі. Сынып жетекшісі: Кутешова Ж. С

И-й, н-ң әріптерінің емлесін, тасымалдап жазу ережелерін меңгерту мақсатында қосымша жұмыс жасау

57.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Сынып жетекшісі: Сергазина А. А. 2 «Б» сынып оқушыларына тапсырмалар: Ескерту: Тапсырмалар жеке дәптерге орындалған болсын. Математика
9.5kb.

05 09 2014
1 стр.


Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі

Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын

826.91kb.

25 12 2014
4 стр.


Жоспар Кіріспе. Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні Негізгі бөлім

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында

772.61kb.

25 12 2014
3 стр.


92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы

Мақсаты Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету

59.64kb.

15 10 2014
1 стр.