Перейти на главную страницу
облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген
2. «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) реттеледі.
3. Мемлекеттік қызметті осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап.
7. Білім беру ұйымдары көрсететін қызметі білім беру ұйымы бекітетін және құрылтайшымен келісілген қызмет тарифіне сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.
8. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды даярлауға қолайлы жағдай жасалынады (қажетті құжаттардың тізбесі мен рәсімдеу үлгілері, даярлық жүргізілетін мамандықтар тізімі көрсетілген ақпараттық стендтермен жарақтандырылған толтыру орындары). Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ғимараттар арнайы жабдықталған пандус қарастырылған.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) оқудың күндізгі нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне - 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкі және сырттай оқу бөліміне - 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау күндізгі оқу бөліміне - 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі;
Белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00 ден 14.00 сағатқа дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 60 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін;
11. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі оқу орнының фойесінде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
12. Өтініш, сондай-ақ барлық қажетті құжаттар білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушылардың ұсынған құжаттары «Білім алушылар қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркеледі. Құжаттарды өткізген тұлғаларға құжаттарды қабылданғаны жөнінде осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініштің қабылданған күні мен нөмірі, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсететілген қолхат беріледі.
14. Ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
15. Жазбаша дәлелденген мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады. Қабылдау комиссиясы қабылдау нәтижелері туралы білім беру ұйымдарының ақпараттық стендтарында немесе интернет ресурстарында орналастыру арқылы оқуға түсушілерге жеткізеді.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымданыға беруге құқы бар.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктерінің өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламеттің 3 қосымшасында берілген (бұдан әрі - ҚФБ):
1) қабылдау комиссиясының мүшесі құжаттарды қабылдайды, қабылдау комиссиясының төрағасына ұсынады (ҚФБ-1);
2) қабылдау комиссиясының төрағасы келіп түскен құжаттарды қарайды, қабылдау емтихандарын тапсыру үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына жолдайды (ҚФБ-2);
3) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау емтихандарын өткізуге құжаттарды жолдайды, емтихан қабылдайды және қорытындысын қабылдау комиссиясы отырысына ұсынады (ҚФБ-3);
4) қабылдау комиссиясының төрағасы құжаттарды қарайды, қабылдау емтихандардың қорытындысы оң шешілген жағдайында құжаттарды конкурстық іріктеуге жібереді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды (ҚФБ-2).
6) қабылдау комиссиясының төрағасы конкурстық іріктеу комиссиясы отырысында іріктеуден өткендерді оқуға қабылдайды (ҚФБ-2).
21. Білім беру ұйымы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының қабылдау комиссиясы төрағасынан алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда телефонмен, поштамен немесе жұмыс күндері білім беру ұйымының қабылдау бөлмесі арқылы қолма-қол қабылданады.
23. Білім беру ұйымы тікелей қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, азаматтардың шағымы білім беру ұйымы басшысының атына жазбаша түрде қабылданады.
24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
25. Шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті береді.
26. Қабылданған шағымдар оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне
1- қосымша
Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
№ |
Білім беру ұйымның атауы |
Білім беру ұйымының орналасу мекенжайы |
Телефон нөмірі |
Жұмыс кестесі |
1 |
«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов көшесі, 221, Psh_1_uralsk73l @mail.ru
|
8(7112)517771 |
Демалыс және мейрам күндерін ескермегенде аптасына бес күн,
9-00 ден 18-30 сағ. дейін, Түскі тамақ 13-00 ден 14-30 сағ.дейін
|
2 |
«Орал «Сервис» технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Циолковская көшесі, 2 [email protected] |
8(7112)233148 | |
3 |
«Технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Д.Нұрпейісова көшесі, 40 |
8(7112)503914 | |
4 |
«Орал политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы. Евразия даңғылы, 238 [email protected] |
8(7112)543534 | |
5 |
«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Пойменная көшесі, 2/1, |
8(7112)538096 | |
6 |
«Сервис және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Строитель» ықшам ауданы, 21/1, [email protected]
|
8(7112)534857 | |
7 |
«Шынғырлау колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Шынғырлау ауданы, Шынғырлау ауылы, Өтемисов көшесі, 14 [email protected] |
(871137)33343 | |
8 |
«Жанақала колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Жанақала ауданы, . Жаңақала ауылы, Д.Нұрпеиісова көшесі,34 [email protected] |
(871141)21786 | |
9 |
«Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Абай көшесі, 1, |
(871135)22070 | |
10 |
«Тайпақ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Молдағалиев көшесі, 39 makhambet- [email protected], |
(871142)21610 |
|
11 |
«Теректі колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Целинная көшесі, 1 [email protected] |
(871132)36739 | |
12 |
«А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Иманов көшесі, 39, [email protected] |
(87112) 27 62 80 | |
13 |
«Зеленов колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Киров көшесі, 19, |
(871130)22733 | |
14 |
«Ақжайық аграрлық техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Есенжанова көшесі, 38, [email protected], [email protected]
|
(871136)92143 | |
15 |
«Ақсай техникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай каласы., С.Датов көшесі, 1, [email protected] |
8(71133)20018 | |
16 |
«Рубежка колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Рубежка ауылы, Ситников көшесі,1, [email protected]
|
8(71131)33244 | |
17 |
«Казталов колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Жалпақтал ауылы, Масалиев көшесі, 21, [email protected] |
8(71138)21383 | |
18 |
«Бөкейордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Бөкей орда ауылы, Бөкей хан көшесі, 65, [email protected]
|
8(71140)21162 | |
19 |
«Сырым колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Жұмағалиев көшесі, 18, [email protected] |
8(71134)31258 | |
20 |
«Тасқала колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, М.Маметова көшесі,, 52, |
8(71139)21350 |
|
21 |
«Қаратөбе колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы, Құрманғалиев көшесі, 16, [email protected] |
8(71145)31612 | |
22 |
«Орал колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Широкая көшесі, 2, [email protected] |
8(7112)521672 | |
23 |
«Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Достык даңғылы, 173, [email protected], |
8(7112)506417 | |
24 |
«Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Т. Масин көшесі, 48, |
8(7112)512970 | |
25 |
«Кұрманғазы атындағы саз колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Кусаинов көшесі, 38, [email protected] |
8(7112)513060 | |
26 |
«Батыс Қазақстан медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Жәнгір хан көшесі, 67, [email protected] |
8(7112)516652 | |
27 |
«Ауыл шаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Садовая көшесі, 97, Burlin-colledg@mail |
8(71133)25103 | |
28 |
«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Достық даңғылы., 162, college_wksu@mail |
8(7112)500114 | |
29 |
«Мақсат» Орал медициналық колледжі» жеке мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Жәңгір хан көшесі, 67, [email protected] |
8(7112)502191 | |
30 |
«Орал қаржы экономикалық колледжі» мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Достық даңғылы, 218/2, |
8(7112)536071 | |
31 |
«Орал гуманитарлық-техниқалық колледжі» мекемесі
|
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , К.Аманжолов көшесі, 108 |
8(7112)513096 |
|
32 |
«Орал гуманитарлық колледжі» мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Ғ.Қараш көшесі,12, [email protected] |
8(7112)500284 | |
33 |
«Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледж» мемлекеттік емес білім беру мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Ықсанов көшесі, 44/1 [email protected] |
8(7112)506097 | |
34 |
«Экономика және Ақпараттық технологиялар колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
|
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , М.Мәметова көшесі, 81, [email protected] |
8(7112)545878 | |
35 |
«Жоғары техникалық мектеп» мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Фрунзе көшесі,20/1, [email protected] |
8(7112)503420 | |
36 |
«Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Батыс Қазақстан академиялық колледжі» жеке мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Д.Нұрпейісова көшесі, 12/1, [email protected] |
8(7112)510891 | |
37 |
«Евразия» гуманитарлық- экономикалық колледжі мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Достық даңғылы, 194 |
8(7112)503024 | |
38 |
«Болашақ» Орал көп профилді колледж мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы , Жәнгір хан көшесі, 31 |
8(7112)501226 | |
39 |
«Ақсай инженерлік-экономикалық колледжі» мемлекеттік емес мекемесі |
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы , Советская көшесі, 10, [email protected] |
8(71133)34679 |
«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары
бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
Негізгі үрдіс (жұмыс барысы,ағыны) | ||||||
Іс әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының)№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
ҚФБ 1 |
ҚФБ 2 |
ҚФБ 3 |
ҚФБ 2 |
ҚФБ 3 |
ҚФБ 2 |
Іс әрекеттің (үрдісінің, рәсімнің, операцияның атауы және оның сипаттамалары) |
Қабылдау комиссиясының мүшесі құжаттарды қабылдайды, қабылдау комиссиясының төрағасына ұсынады |
Қабылдау комиссиясының төрағасы келіп түскен құжаттарды қарайды, қабылдау емтихандарын тапсыру үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына жолдайды |
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау емтихандарын өткізуге құжаттарды жолдайды, емтихан қабылдайды және қорытындысын қабылдау комиссиясы отырысына ұсынады |
қабылдау комиссиясының төрағасы құжаттарды қарайды, қабылдау емтихандардың қорытындысы оң шешілген жағдайында құжаттарды конкурстық іріктеуге жібереді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды |
қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау комиссиясының отырысына конкурстық іріктеуді өткізу үшін құжаттарды ұсынады |
қабылдау комиссиясының төрағасы конкурстық іріктеу комиссиясы отырысында іріктеуден өткендерді оқуға қабылдайды |
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) |
Қабылдау комиссия төрағасына жолдама |
Қабылдау комиссиясынын жауапты хатшысына жолдайды |
Емтихандар қорытындысын қабылдау комиссиясы отырысына ұсынады |
Конкурстық іріктеуге жолдама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім |
Конкурстық іріктеудің өткізу үшін қабылдау комиссиясының отырысына құжаттарды ұсыну |
Оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап |
Орындау мерзімідері |
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 60 минуттан аспайды, мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін |
«Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне
17 12 2014
1 стр.
«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін
12 10 2014
1 стр.
«Балаларға қосымша білім беру үшін қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде келесі ұғымдар пайдаланылады
25 12 2014
1 стр.
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
25 12 2014
1 стр.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дей
15 10 2014
4 стр.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қаб
13 10 2014
1 стр.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау және құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
25 12 2014
1 стр.
Змет осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыра
11 10 2014
8 стр.