Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

2 Лот «Артқы ілмек аспасын түсіру және орнатуының инженерлік-техникалық қостауы бойынша қызметтері»



  1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

Жұмыстарды орындау орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан «Сайғақ» кен орны болып табылады.
Артқы ілмек аспасын түсіру және орнатуының инженерлік-техникалық қостауы бойынша қызметтері екі бар ұңғымаларда екі бүйір оқпандарды бұрғылау барысында талап етіледі. Ұңғыманың бір бүйір оқпанын дайындау және құрастыру жұмысының шамамен ұзақтығы 37 тәулікті құрайды.
Жұмыстар тәулік бойы 24 сағат +40 ºC бастап –38 ºC дейін температура аралығында жылдың кез-келген мезгілінде жүргізіледі. Барлық жабдықтар көрсетілген жағдайларда ұзақ пайдалануға жарамды болуы тиіс.
Компанияның жабдықтау базасы Шұбардұдық, Қазақстан елді мекенінде орналасқан.
Жеткізушінің жабдықтар және қызметкерлерінің моблизация мен демоблизация пункті – Сайғақ кен орны, Компания нұсқамасы бойынша ұңғыма алаңы.


  1. ҰҢҒЫМАЛАР БОЙЫНША МӘЛІМЕТТЕР

1 Кесте. Жиынтық деректер

Бұрғылау мақсаты

Мұнай шығару

Бұрғылау түрі

Еңкіштік-бағытталған, өнімді қабатында көлденең аяқталуымен

Ұңғымалар міндеті

Эксплуатациялық

Бұрғылау тәсілі

Роторлық, бұрандамалы

Бүйір оқпанды жасау тәсілі

№ 1 ұңғыма–эксплуатациялық бағанада диаметрі 244,5 мм «терезе» жасау

№2 ұңғыма - эксплуатациялық бағанада диаметрі 177,8 мм «терезе» жасау



Ұңғыма бүйір оқпанының ақиқат вертикальдітереңдігі

№1 ұңғыма- 1769 м

№2 ұңғыма- 2616 м



Ұңғыма бүйір оқпанының өлшенген жалпы тереңдігі

№1 ұңғыма- 2587 м

№2 ұңғыма- 3178 м



Бұрғылау ерітіндісі

KCL/полимерлі

Болжалды температура

№1 ұңғыма- 39 оC (1769 м тікелей)

№2 ұңғыма - 57 оC (2616 м тікелей)



Болжалды қабат қысымы

№1 ұңғыма- 176 атм (1769 м тікелей)

№2 ұңғыма- 277 атм (2616 м тікелей)





2 Кесте. №1 ұңғыманың құрылымы

Шеген бағанасы

Қашау диаметрі, мм

Бағана диаметрі, мм

Маркасы

Салмағы, ppf

Нақыс

Өлшенген жалпы тереңдігі, м

Нақты деректер

Кондуктор

660,4

508

К-55

106,5/94

BTC

80,9

Аралық бағана

444,5

339,7

К-55

68

BTC

0-497,7

Эксплуатациялық бағана

311,1

244,5

L-80

47/40

NEW VAM

0-1873,0

Эксплуатациялық бағана

«артқы ілмек»



215,9

177,8

L-80

29

AMS

1806,5-2120,0

Жобалық деректер

Эксплуатациялық бағана

«артқы ілмек»



215,9

177,8

L-80

29

NEW VAM

810-1820

Эксплуатациялық бағана

«артқы ілмек»



152,4

114,3

L-80

12,6

NEW VAM

1770-2587

Ұңғыманың еңкею бұрышы

90º

Оқпанды жасау тереңдігі

865 м - 30º

3 Кесте. №2 ұңғыманың құрылымы

Шеген бағанасы

Қашау диаметрі, мм

Бағана диаметрі, мм

Маркасы

Салмағы, ppf

Резьба

Интервал, м

Нақты деректер

Кондуктор




323,8

D

57

BTC

0-105

Аралық бағана

311,1

244,5

D

40/43.5/47

BTC

0-1175

Эксплуатациялық бағана

215,9

177,8

C-95

38

NEW VAM

0-2292

Жобалық деректер

Эксплуатациялық бағана

«артқы ілмек»



139,7

114,3

L-80

12,6

NEW VAM

1750-3178

Ұңғыманың еңкею бұрышы

98º

Оқпанды жасау тереңдігі

2100 м - 0º



  1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Жеткізуші Қызметтерді көрсетуді аптасына 7 күн тәулік бойы 24 сағат үзіліссіз қамтамасыз етуге міндетті.

Жеткізуші Қызметтерді сапалы, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып және мұнай саласында көпшілік мақұлдаған қағидаттар мен тәжірибелерге, сонымен бірге бұл ұқсас қызметтерді көрсететін білікті және тәжірибелі мердігерлерге лайықты, қағидаға сәйкес, сондай біліктілік, қамқоршылық және абайлаушылық деңгейге сай көрсетуі тиіс.

Жеткізуші Қызметтерді жетістікті көрсету үшін жабдықтау мен материалдардың толық тізімін жасауы тиіс.
Жеткізуші жиырма төрт сағаттық (24) негізінде пайдалану үшін жабдықтауды тексеруі, жөндеуі және жақсы жұмыс күйінде ұстауы тиіс.

Жеткізуші Компанияға барлық техникалық есептемелер мен Компания жарлығы бойынша басқа құжаттамаларды дайындауы және беруі тиіс.

Жеткізушінің қызметкерлері бұрғылау алаңына келісімен, жабдықтау тексерілген, жиналған, тестіленген және осы талаптарға сәйкес қызметтерді көрсетуге дайын болу тиіс.

Жеткізуші өзінің Қызметкерлерін, Жабдықтауды және материалдарды мобилизация пунктіне дейін, сонымен бірге қолданылатындарды ауыстыруға арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және жабдықтауды тасымалдауға жауапкершілік артады.

Жеткізуші Компанияның өкілі берген барлық нұсқамалар мен нұсқауларды орындауы тиіс. Ондай нұсқаулар өндірістік әдістемелердің өзгертуін немесе орындалатын жұмыстардың тоқтатылуын қамтуы мүмкін. Жеткізуші Компанияның өкіліне жұмыс процесі барысында пайда болатын кез-келген қиындықтар туралы дереу баяндауы тиіс.

Жеткізуші енгізілген ISO 9001 немесе жоғары сапа жүйесіне ие болуы тиіс.



  1. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Жеткізуші әр тармақта Жеткізушінің, ең кемі, осы талаптарға сәйкес екендігі туралы анық белгілеуі тиіс. Техникалық біліктілік келесімен қамтылуы, бірақ шектелмеуі тиіс:

Қызметтер

Конкурстық өтінімде келесі мағлұмат болуы тиіс:



  1. Жеткізушінің қауіпсіздік техникасы саласындағы бар саясат және соңғы екі жыл ішінде өнеркәсіпте болған жазатайым оқиғалар статистикасы.

  2. Жабдықтаудың бұзылу жағдайында әрекеттер жоспары.

  3. Қазақстанда расталған ұқсас жұмыс тәжірибесі.

  4. Бар өндірістік базаларының сипаттамасы.

Жұмыс көлемі және қамтуы

Жұмыстар келесіні қамтиды:



  1. Артқы ілмек аспасын түсіру және орнату үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізу;

  2. Артқы ілмек аспасы жабдығын тексеру, тестілеу және жинау

  3. Жұмыстарды өткізуді жоспарлау, жұмыс жаспарларын жасау, жабдықты түсіру мен орнату бойынша нұсқамаларды өңдеу.

  4. Орындалған жұмыстар туралы есептемені жасау.

  5. Артқы ілмек аспасын түсіру және орнату бойынша қызметтерді көрсету.


Жабдықтау

Жеткізуші осы талаптарға сәйкес артқы ілмек аспасын түсіру және орнату үшін Жабдықтауды беруі тиіс. Барлық жабдықтау АНИ (API) стандарттарына сай болуы тиіс.

Сонымен бірге жұмыстарды орындауға барлық қосалқы бөлшектер және керек-жарақтар берілуі тиіс.

Жеткізуші анық техникалық сипаттаманы және Жабдықтау тексерісі туралы есептемелерді қоса тіркеуі тиіс.



Қызметкерлер

Жеткізуші жұмыстарды орындаумен байланысты барлық техникалық сұрақтарды шешу үшін техникалық үйлестірушіні тағайындауы тиіс. Осы өкімі Компанияға келісім-шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойы 24 (жиырма төрт сағаттық) қолдау көрсетуі тиіс.

Жеткізушінің барлық қызметкерлері сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сертификаттарына және рұқсаттарына ие болуы тиіс.

Сонымен бірге Жеткізушінің қызметкерлерінде Қазақстанда жұмыс жасауға барлық қажетті рұқсаттар және визалардың бар болуы Жеткізушінің жауапкершілігі болып табылады.

Жеткізушінің қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар:


  1. Қажетті өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша оқудан өткен және сәйкес сертификаттары бар техникалық білікті қызметкерлерді беру. Жеткізуші Компания келісіміне барлық жұмысшылардың түйіндемелерін жұмыс басталғанға дейін табыс етуі тиіс. Компания себептерді түсіндірусіз Жеткізуші жұмысшыларының қайсысын болса да қабылдамауға және оны ауыстыруды сұрауға құқылы.

  2. Артқы ілмек аспасын түсіру және орнату бойынша супервайзер ұқсас жұмыстарды өткізуге 5 (бес) жыл расталатын тәжірибесі болуы тиіс. Супервайзердің ағылшын тілін еркін білу Компанияның талабы болып табылады.

Қызметкерлерінің және Жабдықтарының мобилизациясы туралы Жеткізушінің Хабарландыру мерзімі 2 (екі) күн құрауы тиіс.

Есеп-қисап

Орындалған жұмыс туралы барлық деректер жұмыс аяқталғаннан кейін кідірмей жұмыс учаскесінде Компания өкіліне табыс етілуі тиіс.

Орындалған жұмыс туралы соңғы есептеме жұмыс аяқталғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей Компания өкіліне табыс етілуі тиіс. Есептеме орындалған жұмыстың талдауын, ауытқу себептерін (егер бар болса) және ұсыныстарын енгізуі тиіс.


  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА

Жабдықтауды жалға алу мөлшерлемесінің әрекет ету уақытының басталуы мен аяқталуы анық көрсетілуі тиіс.

Жойылған және аяқталмаған жұмыстар мөлшерлемесі анық көрсетілуі тиіс.

Жабдықтың мобилизация/демобилизация мөлшерлемелері анық көрсетілуі тиіс.

Жабдықтаудың бүліну үшін барлық мөлшерлемелер тәптіштелуі тиіс.

Мүмкін қосымша қызметтердің толық тізімі және олардың бағалауы конкурстық құжаттамамен берілуі тиіс.

Жеткізушінің Қызметкерлері үшін мөлшерлеме Қызметкерлердің жұмысты орындау объектісіне келу күнінен бастап және Компанияның сұрауы бойынша объектіден кету мезетіне дейін қолданылады.

Компания қандай болса да айтылмаған және жазбаша түрде бекітілмеген қосымша шығындарды қабылдамайды.

Ұсынылған мөлшермелер және бағалар келісім-шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойы өзгертусіз қалады.

Қызметтер құнына байланысты кез-келген түсіндірмелер және/немесе ерекшеліктер конкурстық құжаттамада анық көрсетілуі тиіс.

Есептеу мақсатында бір артқы ілмек аспасын түсіру мен орнатудың жұмыс ұзақтығы 7 (жеті) күніне қабылданады.

Қызметтер төлемі нақты орындалған жұмыс көлеміне сәйкес жасалады.



Жеткізушілер әрекет ететін сатып алуды өткізу ережелеріне сәйкес конкурстық өтінімнің жалпы құнын көрсетуі тиіс.

Құрастырған: Пан С. - ҰҚЖ жөніндегі менеджері

_______________________

2013 ж. «___»_________

Техникалық тапсырма №2 Лот «Артқы ілмек аспасын түсіру және орнатуының инженерлік-техникалық қостауы бойынша қызметтері»

Жұмыстарды орындау орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан «Сайғақ» кен орны болып табылады

126.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Техникалық тапсырма №3 Лот «Еңкіштік-бағытталған бұрғылауының инженерлік-техникалық қостауы бойынша қызметтер»

Жұмыстарды орындау орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан «Сайғақ» кен орны болып табылады

203.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Техникалық тапсырма лот №4 «Сына-ауытқыштарды түсіру және орнату бойынша қызметтер» жалпы мағЛҰмат

Жұмыстарды орындау орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан «Сайғақ» кен орны болып табылады

197.4kb.

25 12 2014
1 стр.


«бекітемін» «АзияКредитБанк» АҚ ит директоры Н. А. Беккалиев

Осы техникалық тапсырма, Мәліметтерді өңдеу орталығы және қосалқы үй-жайларды құру бойынша техникалық және бағалық шешімдерді өңдеуге негіз болып табылады

305.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін: «Қр тжм казселденкорғау» мм –сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының Директоры Тәжібаев Т. А

Лот №3. «Арнайы техникаларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары»

1538.96kb.

02 10 2014
5 стр.


Техникалық тапсырма №2 Лот «Сына-ауытқыштар»

Жұмыстарды орындау орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан «Сайғақ» кен орны болып табылады

89.78kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Жалпы деректер Қатысушылардың саны

«Бота» ҚҚ конференциясын өткізу бойынша техникалық тапсырма

30.91kb.

25 12 2014
1 стр.


Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердін құрылыс құрылымына техникалық тексеру жүргізу

Кутузов көшесі, 28,32,34, Катаев көшесі,46, Торайғыров көшесі,6, 1 Май көшесі,32,40, Қамзин көшесі,350 бойынша 8 тұрғын үйдін құрылыс құрылымына техникалық тексеруге арналған тапсы

171.41kb.

25 12 2014
1 стр.