Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында БЕКІТІЛДІ
Төрайымы Муздыбаева Г.С. _________

«_____»________________2007 ж.


ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ

пәні бойынша


КУРСТЫҚ КЕЙС

мамандығы 050102 Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі

оқу түрі сырттай, жеделдетілген
Курстық кейс анатомия және

физиология кафедрасының

отырысында талқыланып, ұсынылды

Хаттама №____«____»___________2007ж.

Кафедра меңгерушісі_______________

ӨСКЕМЕН, 2007



Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы

Байланыс телефоны: анатомия және физиология кафедрасы 427448

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Лекция

Практикалық

(лаб.) сабақ



СӨЖ

Барлығы

Бақылау

нысаны


1

2

6

4

20

30

Емтихан


Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.

Курстың міндеттері:

  • болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;

  • студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;

  • оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;

  • өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;

  • халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.

Курстың мазмұны: Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиена пәні ғылымның екі саласын адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жас ерекшеліктер физиологиясы мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар  жасайтын мектеп гигиенасы ғылымдары қамтиды. Берілген курстың мазмұнына онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағза тіршілігінің ерекшеліктері, ағзаның өсу мен дамуына байланысты органдар мен органдар жүйесінің және біртұтас ағзаның функцияларын, осы функциялардың әрбір жастық кезеңдердегі өзгерістері және т.б. кіреді.

Студент курс аяқталғаннан кейін мыналарға міндетті:

1. өзінің білімін тәжірибеде пайдалана білуге;

2.        жас ерекшеліктер физиологиясының  және мектеп гигиенасының қазіргі заманғы мәселелерін білуге;

3.        көрнекіліктер мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білуге;

4.        негізгі эксперименталдық зерттеу әдістерін пайдалана білуге;

5.        тәжірибелерді дұрыс қоюға, алынған нәтижелерді дұрыс бағалап, қорытынды жасай алуға;

6.        пәнаралық байланыстарды жүзеге асыра алуға.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Сабақтың тақырыптық жоспары


Тақырыптың атауы
Сағаттар саны

Лекция
Практ.

Лаборат.
СӨЖ

1

Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері

0,5




0,25

2

2

Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері. Нерв жүйесінің бөлімдерінің құрылысы,

дамуы және функционалдық маңызы



0,5




0,25

2

3

Сезім мүшелерінің жастық физиологиясы мен гигиенасы. Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

1




0,5

4

4

Эндокриндік жүйе және оның жастық ерекшеліктері

0,5

0,5




2

5

Тірек-қимыл жүйесінің жастық ерекшеліктері. Мектеп мүлкі және оның пайдаланылуы

0,5




0,25

2

6

Асқорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері. Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

0,5




0,5

2

7

Қан және қан айналу жүйесінің жастық ерекшеліктері

1




0,5

2

8

Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

0,5

0,25




2

9

Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері физиологиясы

0,5

0,5




1

10

Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы

0,5




0,5

1




БАРЛЫҒЫ

6

4

20


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӘДІСТМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

СӨЖ шңбрінд студенттер кітапхана барып, аталмыш пән бойынша әдбиеттермен жұмыс істеулері тиіс. СӨ шеңберіндегі жұмыстар рефераттар түрінде орындалады. Әрбір тақырып брйынша студент меңгерген білім дәрежесін бекітіп, нығайту мақсатында кроссворд құрастырулары қажет. Студенттер СӨЖ шеңберіндегі жұмыстарды орындау барысында әдебиеттермен жұмыс істеу, негізді қорытынды жасай алу дағдаларын көрсете алулары тиіс. СӨЖ жұмыстары арнайы қойылған талаптар бойынша рсімделіп, оқытушыға өткізіледі. СӨЖ жұмыстарын өткізбеген немесе қанағаттанарлықыз баға алған студенттер емтиханға кіргізілмейді.



ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

1-тақырып Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері

Негізгі сұрақтар: Жас ерекшеліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зертееу тәсілдері. Жас ерекшеліктер физиологиясының педагогика мен психологиядағы маңызы. Мектеп гигиенасының мақсаты мен міндеттері. Өсу және даму түсініктері. Онтогенетикалық даму заңдылықтары. Ағзаның даму кезеңдері. Дамудың әр кезеңдеріндегі дене пропорциясы мен өсуі

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена­сының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады

. Физикалық дамуды бағалау.

Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.
2-тақырып Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері. Нерв жүйесінің бөлімдерінің құрылысы,

дамуы және функционалдық маңызы

Негізгі сұрақтар: Нерв жүйесінің жалпы құрылысы және маңызы. Нерв жүйесінің элементерінің негізгі қасиеттері мен қызметі. Рефлекс - нерв қызметінің негізгі формасы. Жұлынның қызметі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Ми бағанасының қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Алдыңғы мидың қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Вегетативтік нерв жүйесі.

Негізгі қызметі ақпаратты тез және дәл беру, жинақтау болып табылатын нерв жүйесі мүшелер мен мүшелер жүйесін бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді; оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы әр түрлі мүшелердің қызметін реттеп, үйлестіреді, біртұтас жүйе ретіндегі бүкіл ағзаның қызметін өзгермелі қоршаған және ішкі орталар талаптарына бейімдейді. Нейрон ­нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға, беруге және интеграциялауға бейімделген құрылымдық және функционалдық бірлігі. Нейрон денеден және өсінділерден тұрады. Нерв жүйесі құрылымдарының негізгі қасиеттері мен қызметтері: тітіркенгіштік, қозғыштық. Нерв қызметінің негізгі нысаны рефлекторлық актілер болып табылады. Рефлекс – ағзаның сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштеріне орталық нерв жүйесінің қатысуымен жауап беруі. Рефлекс кезінде қозу жүретін жол рефлекс доғасы деп аталынады.

Жұлын омыртқа жотасының өзегін толтырып тұрады. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады. Өткізгіш және рефлекторлық қызмет атқарады. Нәресте жұлынының ұзындығы 14-16 см. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Алдыңғы миға базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарлары жатады. үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлiмi. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының салмағы жалпы ми салмағының 80% құрайды. Құрылысы жағынан ми сыңарлары бiр-бiрiмен сүйелдi дене арқьлы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбiр жарты шар 5 бөлiмнен турады: маңдай, орталық төбе, шүйде және самай.

Вегетативтік нерв жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын және зат алмасуды реттейді. Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерін ажыратады.


3-тақырып Сезім мүшелерінің жастық физиологиясы мен гигиенасы. Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар: Шартты және шартсыз рефлекстер. Шартты рефлектердің пайда болып, тежелу механизмдері. Адамның жоғарғы нерв қызметінің сапалы ерекшеліктері. Жоғарғы нерв қызметінің түрлері. Екінші сигналдық жүйенің дамуы баланың тіл қызметінің негізі. Сенсорлық жүйенің жалпы сипаттамасы. Көру анализаторының жасқа байланысты ерекшелігі. Балалардың және жасөспірімдердің көзінің көруі нашарлауының профилактикасы. Есту анализаторының жасқа байланысты ерекшеліктері. Есту гигиенасы.

Сыртқы және iшкi орталардың әсерлерiн қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезiм тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар дейді. Барлық анализатор 3 бөлiмнен тұpaды: 1) шеткi бөлiм; 2) өткiзгiш бөлiм; 3) орталық бөлiм.

Сенсорлық процестердің жастық динамикасы анализатордың әр түрлі бөлімдерінің біртіндеп жетілуімен анықталады. Рецепторлық аппараттар пренаталдық кезеңде жетіледі. Постнаталдық даму барысындағы өткізу жүйесі мен проекциялық аймақтың қабылдау бөлімдерінде болатын айтарлықтай өзгерістер сыртқы тітіркендіргіштерге деген реакция көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеледі. Бірнеше айлық балада ақпаратты өңдеу механизмдері жетіліп, стимулды талдап, өңдеу мүмкіндігі артатынын байқауға болады. Сыртқы сигналдарды қайта өңдеу процесінің одан кейінгі өзгерістері күрделі нерв торларының қалыптасуымен тығыз байланысты.

И. П. Павлов барлық рефлекстердi eкi топқа - шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлді. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тiрлiгiн сақтау үшiн қажет. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерiнiң орындалуы үшiн ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейдi. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнiң әр түpiнe тек өздерiнiң шартсыз рефлекстерi болады. Шартты рефлекстер өмip тәжірибесiнiң негiзiнде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Шартты рефлекстің пайда болу негізі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.

Мидағы қозу мен тежелу бiр-бiрiмен байланысты өтедi. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажеттi сәтте организмнiң қызметiн не үдетiп, не баяулатып отырады. Тежелу екі түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және iшкi немесе шартты тежелу.

Адамдарда да жануарларда да әр белгі, зат, сыртқы орта құбылыстарына талдау, түзілу процесі жүреді. Бұл бірінші сигналдық жүйе деп аталады. Ал адамның жоғарғы нерв жүйесінің ерекшелігі: сөз сигналдарының пайда болуы. Ол ми қыртысының әрекетіне жаңа қыртыс болды. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарғы нерв қызметінің топқа бөлінуі әрине шартты ұғым. Әр адамның жүйке жүйесі туа біткен ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне байланысты. И.П.Павлов келесі көрсеткіштерді негіз ете отырып, адамдардың жоғарғы жүйке қызметін 4 топқа бөлді. Көрсеткіштер: күш, ұстамдылық, қимыл. Топтар: 1) Күшті, ұстамсыз, тежелуден қозу процесі басым - холерик; 2) күшті, ұстамды, нерв процестері жылдам - сангвиник; 3) күшті, ұстамды, нерв процестері баяу - флегматик; 4) әлсіз, нерв жасушалары тез әлсізденеді - меланхолик.

Ми қызметінің жан-жақтылығына шартты рефлекстің маңызы зор. Ми қыртыс іші, қыртыс-қыртысасты байланыстары арқылы жүйке орталықтары бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Бұл жайлы А.А.Ухтоминский өз көзқарасын тұжырымдаған: ОНЖ-нің әр бөлігінің жүйке элементтері бірігіп, белгілі бір жағдайды шешу үшін бір уақытта қызмет жасауға жұмылдырылады. Оны доминанттық қозу ошағы деп атайды. П.К.Анохиннің концепциясы бойынша: әр уақытта рецепторлар, мидың нерв элементтері, атқарушы органдар бірігіп күрделі функционалдық жүйе құрады.
4-тақырып Эндокриндік жүйе және оның жастық ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар: Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік. Ішкі секреция бездерінің физиологиялық маңызы және оның онтогенез процесіндегі дамуы. Балалардың және жасөспірімдердің жыныстық дамуы. Балалардың және жасөспірімдердің эндокриндік жүйесі қызметінің жоғарғы нерв жүйесіне әсер етуі.

Организмнің қызметін реттеуде ішкі секреция бездері маңызды роль атқарады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездері, айрықша без, ұйқы безі жатады. Iшкi секреция бездерінің өнiмдерiн гормон деп атайды. Гормон - өте белсендi химиялық зат. Ол қанға немесе лимфаға сіңiп, мүшелер мен мүшелер жүйесiне, тiптi күллi организмге әсер етедi.

Ағзаның өсуі мен дамуы, жас кезеңдерінің алмасуы ішкі сереция бездерінің қызметімен байланысты. Эмбрионның үшiншi аптасында жыныстық жетiлу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгiлер пайда болады. 4-5 айлық ұрықта жыныстық белгiлер айқын көрінеді. Осы кезден бастап аталық жыныc бездерінің өcу қарқыны 1 жасқа дейiн бiркелкi, 1 жастан бастап жынстық жетiлу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшерi де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныc безiнің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айыңда және 1 жасқа дейiн күштi болады, сонан соң 7-9 жасқа дейiн өсуін күрт баяулайды. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейiн созылады. Аталған мерзiмдерге дейiн ер балалар мен қыз балалардың өcyi мен дамуы бiрдей болады. Олар бiр-бiрiнен алғашқы жынстық белгiлер мен ер жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшелiктер бойынша ғана ерекшеленедi.

5-тақырып Тірек-қимыл жүйесінің жастық ерекшеліктері. Мектеп мүлкі және оның пайдаланылуы

Негізгі сұрақтар: Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы ұғым. Қаңқаның бөлімдері және оның дамуы. Бұлшық ет жүйесі Әр жас кезеңдердегі ағзаның физикалық жүктемеге беретін реакцияларының ерекшелігі. Қимылдың дамуы және жасқа байланысты координацияның жетілуі. Мектеп жабдықтары және оны қолдану.

Тiрек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттерi жатады. Қаңқа eкi жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негiзгi қатты тұлғасы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ, қол сүйектерінен тұрады. Балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектер тез бұзылып денсаулыққа зиян келеді. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекiтiлген. Олардың көбi eкi сүйекке бекiгеңдiктен олардың қозғалысын iскe асырады. Бұлшық еттің негiзгi қызметi - сүйектердi қозғау. Сол арқылы адамның еңбек eтyiн, күрделi жұмыстарды орыңдауын қамтамасыз етедi. Жаңа тyғaн нәpecтeнiң денесiнiң, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бiрақ олар дұрыс үйлеспеген, ерiксiз шым-шытырық қимылдар түрiнде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмiрiңде көpiнe бастайды: ең алдымен жарық көзiне немесе дыбыс шыққан жақа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейiннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының epiктi қимылдары пайда болады. Соның нәтижесiңде нәресте көзiне түскен затты ұстай алады.


6-тақырып Асқорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері. Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

Негізгі сұрақтар: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Энергия және зат алмасу. Балалардың тамақтануы және оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Адам өз тiршiлiгiне қажеттi қopeктiк заттарды тамақтану арқылы алады. Желiнгeн тамақ сол күйiнде бойға сiңбейдi. Астың құрамыңдағы заттар бiрнеше сағаттың iшiнде бөлшектенiп, қорытылып, ыдырауы тиic. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейiн он eкi елi iшекте, ащы iшекте бiртiндеп қорытыла және сiңiп, ақырында қажетсiз қалдық заттар тік iшек арқылы сыртқа айдалады. Зат алмасу тipi табиғаттың ерекше маңызды және организмнiң негiзгi қызметi. Зат алмасу тоқталысымен тiршілiк жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректiк заттар, тұздар мен су кiредi де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсiз улы заттар ағзадан шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан ағзада жасушаларға қажетті заттар жасалынады. Бұл ассимиляция деп аталады. Мұнымен бiрге организмде клеткалар мен олардың бөлшектерi ескiредi, олар ыдырайды, яғни диссимиялция жүреді. Ағзаның қажеттiлiгiн толық қамтамасыз етуге белок май, көмірсу, су, витаминдер және минералдық тұздар жеткiлiктi мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшерi есте болуы керек, әcipece бұл балалардың тәулiктік тамақтану тәртiбiнде ескерiлуі тиіс.


7-тақырып Қан және қан айналу жүйесінің жастық ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар: Қан және оның маңызы. Қанайналым шеңбері. Қанның қан тамырларымен қозғалуы.Қанайналуды реттеу және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қанның құрамы өте күрделі. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына қызыл қан клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер, қызыл қан пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары бүкіл қанның 55-60%, плазма 40-45% құрайды. Қан ағзада қоректік заттар мен оттегіні және зат алмасу процесінің өнімдерін тасымалдайды, дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. Қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Оның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында. Денедегі қан үлкен және кіші қан айналу шеңберлерімен тасымалданады. Қан айналу шеңберлері қоректiк заттарды ұлпаларға, клетка­ларға тасиды; ал қажетсiз заттарды зәр шығару мүшелерiне тасымалдайды; заттардың тотығуына қажеттi oттeгiнi өкпеден клеткаларға жеткізіп, клеткада пайда болған көмiрқышқыл газын өкпеге алып келедi; гормондарды, ферменттердi, антиденелердi тасымалдайды. Жүрек тынымсыз жиырылып тұрғандықтын қан қан тамырларына үздіксіз өтіп тұрады. Бұл құбылыс тамырлардың икемділігі, майысқақтығымен, жүректің жиырылып қанды айдауымен, тамырлардағы қысымның әр түрлілігімен, қан сұйықтығының қалыпты мөлшерде болуымен жүзеге асады. Өсіп, дами келе балалардың жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктемеге деген реакциясы өзгереді. Оны арнаулы сынақтар жүргізу арқылы анықтауға болады. Динамикалық физикалық жүктемеге балалардың жүрек соғысы жиілеп, максималдық қан қысымы жоғарылайды.


8-тақырып Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар: Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Тыныс алудың реттелуі және жасқа байланысты ерекшеліктері.

Тыныс алу - тiршiлiктің сақталуы үшiн оттегiнiң үнемі денеге кiрiп, көмipқышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз ететін процесс. Бұл қызметтi кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы денедегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Тыныс алу жолдарына мұрын қуысы, көмей кеңірдек, бронхылар, өкпе жатады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Тыныс циклына жауапты жүйке топтарын тыныс алу орталығы деп атайды. Ол сопақша мида орналасқан және үнемі белсенді күйде болады. Бөлмедегі ауаның таза болуы, физико-химиялық құрамы денсаулыққа және жұмыскерлік қабілетке көп әсер етеді. Тыныс алу мүшелерiн жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелерi арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабiлетiн арттырады.


9-тақырып Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері физиологиясы

Негізгі сұрақтар: Бүйректің құрылысы мен функциясы. Терінің құрылысы мен қызметі.

Организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар, су кіреді де, заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Олар өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарылып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтығы сақталады. Сыртқа шығару мүшелерiнiң iшiнде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегi жұп мүше. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады және электролиттік қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Сондай-ақ, артерия қысымын және қанның мөлшерін реттеуге қатысып, эритроциттердің түзілуіне әсер етеді.

Адам тepici 3 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма және шел қабаты. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Шел қабатында тері бездері, май бездері болады.
10-тақырып Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы

Негізгі сұрақтар: Балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттілігі. Сабақ ұзақтығы. Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Әр түрлі бағдардағы сабақтардың кезектесуі. Жазу және оқудың гигиенасы.

Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарынң басты мiндетi ­жастардың ой-өрісін дамыту, сабақ, үлгерiмiне қажеттi жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, ағзаны шынықтыру. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан-жылға күрделенiп отырады. Оқу жылы iшiнде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс берiліп отырылады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке бiртiндеп үйрене бастайды. Бiрiншi тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейiнi төмен болғандықан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекiтуге арналады. Оқу жылының барысында мектеп бағдарламасы бiртiндеп қиындап, жыл аяғында қайта жеңiлденедi. Оқу жоспары балалардың жыл бойындаrы еңбек қабiлетiн де ескередi. Сабақ кестесі оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабiлетiне сәйкес жасалынады. Ол аптаның дүйсенбi-сәрсенбi күндерi жоғары болады. Аптаның соңына қарай шаршау белгiлерi пайда бола бастайды, жұмыс қабiлетi төмендейдi. Демалыстан соң, дүйсенбi күні оқушының сабаққа зейiнi төмен болады. Осыны ескерiп бұл күні сабақ кестесiнде қиын пәндердiң санын азайтып, сейсенбi-бейсенбi кундерi оларды көбiрек қояды. Жұма-сенбi күндерi сабақ санын және қиын пәндердiң мөлшерiн азайтқан жөн. Бұл күндерi жеңiл пәндердi көбiрек қояды. Жеңiл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндерi жатады. Қиын сабақтардң алдында денешынықтыру пәнiн қоюға болмайды.



ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ



ПРАКТИКАЛЫҚ (ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ) САБАҚТАРДЫ

ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
Практикалық (лабораториялық) жұмыстарды орындауға берілетін әдістемелік нұсқаулар: “Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы” пәнін оқып, үйрену барсыныда теориялық сабақтармен қатар, практикалық (лабораториялық) сабақтарда қарастырылған. Бұл сабақтардың негізгі мақаты – болашақ педагогтың теориялық білімін тереңдетіп, физиологиялық тәжірибелерді орындау дағдыларын жетілдіру.

Жұмысты орындамас жұмыстың мәні мен мақсатын түсініп, мұқият оқып, нені істеу керек, жұмысты қалай орындау керектігін ұғыну қажет. Сонан кейін ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша теориялық материалды оқыған жөн. Тапсырмаларды орындағаннан кейін, тәжірибенің барысын жазып, қорытынды жасалынуы тиіс. Ең соңында бақылау сұрақтарына жауап беріледі.

Оқытушы ұмыстар бойынша кеңес-нұсқауларды кафедрада көрсетілген уақытта береді.

Орындалған жұмыстардың хаттамалары емтихан алдында оқытушыға текерсуге өткізіледі.


1-жұмыс Өлшеу жұмыстары мен есептеу формулаларының көмегімен физикалық даму деңгейін анықтап, бағалау

Сұрақтар:

1.Физикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

2.Антропометрия, антропометриялық зерттеу әдістерінің түрлері.

Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:


  1. Лабораториялық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптармен танысу

  2. Негізгі антропометрлік көрсеткіштерді анықта әдістемесімен танысу.

  3. Есептеулер жасау.

  4. Алынған мәліметтер бойынша физикалық дамуды бағалау.

  5. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-9, 11-13, 15, 17-21
2-жұмыс Адамның рефлекторлық реакцияларын зерттеу

Сұрақтар:

  1. Нерв жүйесінің маңызы.

  2. Рефлекс түсінігі

  3. Рефлекторлық доға компоненнтерін атап, сипаттама беріңіз.

Лабораториялық сабақты өткізу жоспары:

1.Адамның кейбір рефлекстерімен танысу

2.Аданың әр түрлі шартсыз рефлекстер түрлерімен танысу.

3.Рефлекторлық доғаның схемасын сызыңыз.

4. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-5, 7-15, 17-20
3-жұмыс Жоғарғы нерв қызметі типтерін анықтау

Сұрақтар:

1.Жоғары нерв әрекетінің топтары туралы ұғым.

2.Нерв процестерінің қасиеттері.

3.Жоғары нерв әрекеті топтарының классификациясы мен физиологиялық сипаттамасы.

4.Жоғары нерв әрекеті топтарының икемділігі.

5.Балалар мен жасөспірімдерде жоғары нерв әрекеті топтарының қалыптасуы.



Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:

  1. Жоғарғы нерв қызметінің түрлерін зерттеу.

  2. Жоғарғы нерв қызметінің түрлерін анықтау.

  3. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б.қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-15, 17-20
4-жұмыс Эндокриндік жүйе және оның жасқа байланысты ерекшелігі

Тапсырмаларды орындаңыз:

1-тапсырма Адам ағзасында ішкі секреция бездерінің орналасу схемасын сызыңыз

2-тапсырма. Ішкі және сыртқы секреция бездерін салыстырып, кесте құрсатырыңыз.

3-тапсырма. “Гипофиз гормондары” атты кестені толтырыңыз

Задание 3













Гипофиздің алдыңғы бөлімі

Гипофиздің аралық бөлімі

Гипофиздің артқы бөлімі

Гормон










Гормондардың әері






















5-тапсырма. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы мен қызметі туралы кесте құрастырыңыз

6-тапсырма. Тақырып бойынша кроссворд құрастырыңыз.

7-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-15, 17-19
5-жұмыс Динамометрия

Сұрақтар:

1.Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.

2.Бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен негізгі қасиеттері.

3.Қаңқа бұлшық еті.

4.Бұлшық ет күші.

5.Бұлшық еттің динамикалық және статикалық жұмысы.



Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:

  1. Саусақтардың бұлшық етінің күшін анықтау.

2. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-13, 15-21
6-жұмыс Тамақ рационын құру

Сұрақтар:

  1. Тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар.

  2. Ақуыз, май, көмірсулардың алмасуы.

  3. Минералдық заттар алмсуының ерекшеліктері.

  4. Энергетикалық алмасу.

Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:

1.Екі топқа тамақ рационын құрастырыңыз:



  1. 5 – 7 жас аралығындағы балалар

  2. 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер

2.Есептеулер нәтижесін кестеге толтырыңыз

3.Тиісті қорытынды жасаңыз.



Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 6-21
7-жұмыс. Жүрек соғысын анықтау

Сұрақтар:

1.Қан айналудың маңызы.

2.Қан айналу жүйесінің көреткіштері және оның жастық ерекшеліктері.

Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:

1.Әртүрлі жағдайлардағы жүрек соғысын анықтаңыз:



  • отырғанда,

  • тұрғанда,

  • 10 рет отырып, тұрғаннан кейін

2.Алынған нәтижені оратша статистикалық көрсеткіштермен салыстырыңыз

3.Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.



Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-13, 15-20
8-жұмыс Спирометрия

Сұрақтар:

1.Тыныс алудың маңызы

2.Тыныс алу жүйесінің құрылысы

3.Тыныс алу қозғалыстары

4.Тыныс алудың реттелуі, оның жастық ерекшеліктері

Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:


1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемін анықтау тәсілін меңгеру.

2. Алынған мәліметтер бойынша тыныс алу жүйесінің функционалдық күйін бағалау.

3.Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.

Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-13, 15-20
9-жұмыс Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Сұрақ


  1. Бүйректің қызметтік - құрылымдық сипаттамасы

  2. Бүйрек қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері

  3. Зәр түзілу механизмі

  4. Зәр шығару мүшелер қызметінің реттелуі
Тапсырмаларды орындаңыз

1-тапсырма Зәр шығару жүйесі құрылысының жалпы схемасын салыңыз

2-тапсырма Кестені толтырыңыз.

Зәр шығару мүшелерінің маңызы, құрылысы мен қызметі






Бүйрек

Тері

Маңызы







Құрылысы







Қызметінің жастық ерекшеліктері







3-тапсырма. Тақырып бойынша кроссворд құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 6-13, 15-20
10-жұмыс Сыныптың сабақ кестесіне гигиеналық баға беру

Сұрақтар:

1. Балалардың және жасөспірімдердің жұмыс қабілеті


  1. Шаршау туралы түсінік

  2. Сабақтың ұзақтығы

  3. Оқушылардың сабақ кестесі мен күн тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар

Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:


1.Қандай-да бір сыныптың сабақ кестесін көшіріп алыңыз.

2.Аптаның әрбір күніне және апталық сабақ кестесіне гигиеналық баа беріңіз.

3.Осы сыныпқа барлық гигиеналық талаптарға жауап беретін сабақ кестесін құрастырыңыз.

4.Қорытынды жазыңыз.


Лабораториялық жұмысты орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: 10-б. қараңыз


Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 4-9, 11-13, 15-19, 21

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Семестр уақытында студенттер келесідей жұмыстарды орындап, тапсырулары қажет:

1.Кроссворд құрау.

Кроссвордты орындауға қойылатын нұсқаулар: Кроссворд студенттердің жазбаша шығармашылық жұмысы болып табылады. Кроссвордта  25-30 терминдер болуы керек.

Кросвордтың құрылымы: 1)сыртқы беті; 2) кроссвордтың сызбанұсқасы; 3) сұрақтар; 4) дұрыс жауаптар.

Ресімдеу ережесі: Кроссвордтың мәтіні қолдан немесе компьютерде 1,5 интервалда стандартты ақ қағазға жазылуы керек. Парақтың шет сызығына қойылатын талаптар: сол жақ шеті 30мм, төменгі-20мм, жоғарғы-20мм, оң жағы –15 мм.

2. Реферат дайындау.

Рефератты орындауға берілетін  әдістемелік нұсқаулар: Реферат белгілі бір тақырып бойынша студентке өздік жазбаша жұмысы болып табылады. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша әдебиетке талдау жасап, ғылыми материалдарды жүйелеу керек.

Рефераттың құрылымы: а)сыртқы бет; б) мазмұны; с) кіріспе; д) негізгі бөлім; е) қорытынды; ж) пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Реферат көлемі 15-20 бет басылған мәтіннен құралады. Реферат мәтіні қолдан немесе компьютерде 1,5 интервалда стандартты ақ қағазға жазылуы керек. Парақтың шет сызығына қойылатын талаптар: сол жақ шеті 30мм, төменгі-15мм, жоғарғы-15мм, оң жағы –15 мм.
Өзіндік жұмыстардың тақырыптары
1.Мотивация мен эмоцияның нейрофизиологиялық механизмдері.

2.ұйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық механизмдері.

3.Ес және еске сақтау қабілеті.

4.Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері.

5.Жоғары дәрежелі нерв қызметінің аурулары (невроз, психоз және т.б.).

6.Гиподинамия.

7.Шаршау.

8.Мотивация мен эмоцияныңнейрофизиологиялық механизмдері.

9.ұйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық механизмдері.

10.Ес және еске сақтау қабілеті.

11.Зейінніңнейрофизиологиялық механизмдері.

12.Жоғары дәрежелі нерв қызметінің аурулары (невроз, психоз және т.б.).

13.Дене сымбаты. Жалпақтабандылық.

14.Гиподинамия.

15.Дене жаттығуларының адам оргнаизміне әсері.

16.Шаршау.

17.Ішкі секреция бездерініңаурулары.

18.Туберкулез.

19.Тері аурулары.

20.Стресс және оныңтүрлері.

21.ұтымды тамақтану негіздері.

22.Ақуыздың адам организміндегі ролі.

23.Көмірсулардың адам организміндегі ролі.

24.Майлардың адам организміндегі ролі.

25.Иммунитет.

26.Витаминдер.

27.Денсаулық және зиянды әдеттер.

28.СПИД.


29.“Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы” пәнінің даму тарихы.

30.Күн тәртібі – жоғарғы жетістіктер мен денсаулық кепілі.

31.Сөйлеу қабілетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері.

32.Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануы.

33.Денсаулық және есірткі.

34.Денсаулық және спорт.

35.Тамақтанудағы ақуыздың, майдың, көмірсудың маңызы.

36.Токсикомания! Ол не?

37.Иммунитет және оның түрлері.

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Есейгенге дейін адамның өмір циклі қанша кезеңнен тұрады.:

А) V


В) IV.

С) VI.


D) VIII.

Е) VII.

2. 4 жастан 7 жасқа дейінгі кезең қалай аталады.:


    1. Ерте балалаық шақ

    2. Екінші балалық шақ

    3. Бірінші балалық шақ

    4. Жасөспірім кезеңі.

Е) Бозбалалық жас.

3. Бала ағзасының өсу ерекшелігі неде?



    1. Біркелкісіз өсу.

    2. Біркелкі өсу.

    3. Кезеңнің барлық ағымында тез өсу.

    4. Өтпелі кезеңнің болмауы.

Е) Кезеңнің барлық ағымында өсудің төмендеуі.

4. Жұмыртқа клетканың ұрықтануынан бастап өлімге дейінгі адамның жеке дамуы қалай аталады:

А) Филогенез.

В) Онтогенез.

С) Партеногенез.

D) Гистогенез.

Е) Эмбриогенез.

5. Қай элемент қан жасушасы емес:

А) Плазма.

В) Тромбоциттер.

С) Эритроциттер.

D) Лейкоциттер.

Е) Энтероциттер.

6.Адам денесіндегі қанның көлемі:

А) 1 литрге жуық.

В) 2 литр.

С) 5 литрге жуық.

D) 8 литр.

Е) 10 литр.

7. Балалардың сүт тістері қай жаста шығады.

А) 6 - 8 айда.

В) 6 - 7 жаста.

С) 9 жаста.

D) 2 - 3 жаста.

Е) 2 - 3 айда.

8. Мешел ауруы қай витаминнің жетіспегенде пайда болады.

А) А.

В) С.


С) Р.

D) D.


Е) В.

9. Ақуыздың негізгі көзі:

А) Ет, балық, жұмыртқа.

В) Нан, қант, күріш.

С) Картоп, қызылша, жүзім.

D) Орамжапырақ, алма, сәбіз.

Е) Қант, кәмпит, торт.

10. Сору рефлексі қашан пайда болады:

А) Туа сала.

В) Бірінші аптаның аяғында.

С) Екінші аптаның аяғында.

D) Бірінші айдың аяғында

Е) Бір жылдың аяғында.

11. Нәрестенің тәуліктік ұйқысының ұзақтығы:

А) 8 сағат.

В) 10 сағат.

С) 12 сағат.

D) 14 сағат.

Е) 21 сағат.

12. Тыныс алу орталығы қай жерде орналасқан?

А) Сопақша мида.

В) Аралық мида.

С) Алдыңғы мида.

D) Мишықта.

Е) Орталық мида.

13. Өкпе тынысы дегеніміз не:



  1. Ұлпалар арасындағы газдың алмасуы.:

  2. Митохондрияда өтетін биологиялық процестер.

  3. Өкпеде альвеолалық ауа мен қан капиллярларында жүретін газ алмасу.

  4. Сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу.

Е) 1 минутта жұтылған ауа көлемі.

14. Екі көзбен көру қалай аталады?

A) Биноуральды.

B) Қисық.

C) Бүтін.

D) Бинокулярлық.



  1. Аккомодация.

15. Көз ауруына арналған алдын алу шаралары:

A) Қолды жиі жуу.

B) Жеке бас орамалдарын жиі жуу.

C) Тиімді тамақтану.

D) Арнаулы қорғаныш көзілдірік қолдану.


  1. Барлық жауап дұрыс.

16. Анализатордың қыртысын немесе орталық бөлімін құрайтын құрылымды атаңыз:

A) Орталыққа тепкіш нейрондары.

B) Орталықтан тепкіш нейрондары.

C) Арқа мидың артқы мүйіздері.

D) Арқа ми және көпір.


    1. Үлкен ми сыңарларының бөлімдері.

17. Орталық құлақтың құрылымы:

A) Сыртқы есту тесігінің қалқаншасы.

B) Барабан қуысындағы есту сүйектері мен есту түтікшесі.

C) Сүйек және перепонкалық лабиринт.

D) Эндолимфа и перилимфа.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

18. Бір біріне сәйкес емес қанды құйғанда қандай құбылыс жүреді:

А) Лейкоцитоз.

В) Фагоцитоз.

С) Агглютинация.

D) Анемия.

Е) Гемопоэз.

19. 1-2 сынып оқушыларының үзіліссіз оқу ұзақтығы:

А) 20 мин.

В) 10 мин.

С) 3 мин.

D) 5 мин.

Е) 30 мин.

20. Оқу бөлмелеріндегі тақтаның бояуы:

А) Қою жасыл.

В) Сұр

С) Қар қошқыл.

D) Көгілдір.

Е) Еш маңызы жоқ.


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Жас ерекшеліктер физиологиясының пәні.

  2. Денсаулық туралы ұғым.

  3. Балалардың денсаулығының жағдайының жұмыс қабілетіне және мамандық таңдауға әсері.

  4. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын бағалау.

  5. Өсу және даму заңдылықтары.

  6. Ағзаның даму кезеңдері.

  7. Балалар мен жасөспірімдердің даму акселерациясы мен ретардациясы.

  8. Нерв жүйесінің құрлысының жалпы схемасы. Нейрон – жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігі.

  9. Нерв орталығы жайлы түсінік.

  10. Нерв ұлпсының физиологиялық қасиеттері.

  11. Рефлекс және рефлекторлық доға.

  12. Орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу.

  13. Балалар мен жасөспірімдердегі нерв процестерінің үйлесімділігі мен олардың онтогенез процесінде жетілуі.

  14. Жұлынның құрылысы, дамуы және функционалдық маңызы.

  15. Бас миының құрылысы, дамуы және функционалдық маңызы

  16. Ми қыртысының құрылымдық- функционалдық құрылысы.

  17. Вегетативті нерв жүйесінің ерекшеліктері.

  18. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстен айырмасы.

  19. Шартты рефлекстің биологиялық маңызы. Шартты рефлекстің пайда болу шарты.

  20. Динамикалық стереотип.

  21. Жоғарғы нерв қызметінің түрлері.

  22. Жоғарғы нерв қызметінің түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық көзқарас.

  23. Ұйқы мен түс көрудің физиологиялық механизмдері.

  24. Зейін мен есте сақтаудың физиологиялық механизмдері.

  25. Балалар мен жасөспірімдердің көру мүшелерінің морфофункционалдық ерекшеліктері.

  26. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылуын алдын алу шаралары.

  27. Балалар мен жасөспірімдердің есту анализаторының морфофункционалдық ерекшеліктері.

  28. Вестибулярлық анализатордың функционалдық маңызы.

  29. Дәм сезу, иіс сезу, тері анализаторларының функционалдық маңызы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

  30. Тірек-қимыл аппаратының маңызы.

  31. Балалар мен жас өспірімдердің физикалық және психаикалық дамуындағы қозғалыстың рөлі.

  32. Қаңқа жүйесінің дамуы.

  33. Балалар мен жасөспірімдердің тірек-қимыл аппаратының бұзылуы.

  34. Мектеп мүлігі және оны қолдану.

  35. Бұлшық ет ұлпасының құрылысы, негізгі қасиеттері.

  36. Бұлшықеттің дамуы.

  37. Дене тәрбиесінің міндеттері, нысандары, құралдары.

  38. Дене шынықтыру және спорт өтетін орындарға қойылатын гигиеналық талаптар.

  39. Ағзаның ішкі ортасы.

  40. Қан, оның құрамы, маңызы, жалпы қасиеттері.

  41. Қан жасушалары.

  42. Қан тобы.

  43. Балалар мен жасөспірімдер қанының ерекшелігі.

  44. Қанның иммундық қасиеті.

  45. Донорлық және оның түрлері.

  46. Қан айналым жүйесінің жалпы схемасы.

  47. Жүрек циклы.

  48. Қан қысымы.

  49. Лимфа.

  50. Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік.

  51. Қалқанша безінің физиологиялық маңызы.

  52. Бүйрек үсті бездері.

  53. Ұйқы безі.

  54. Гипофиз.

  55. Жыныс бездері.

  56. Қыздардың жыныстық жетілуі.

  57. Ұлдардың жыныстық жетілуі.

  58. Тыныс алу мүшелерінің жасқа байланысты еркшеліктері.

  59. Сыртқы тыныс алуды зертеу әдістері.

  60. Тыныс алу бұлшық еті мен тыныс алу жолдары.

  61. Өкпе вентиляциясы.

  62. Газдардың қан бойымен тасымалдануы.

  63. Нәрестенің тыныс алуы.

  64. Тыныс алу паттерні.

  65. Физикалық жұмыстың балалар тыныс алу мүшесіне әсері.

  66. Балалар ас қорыту жүйесінің анатомо–физиологиялық ерекшеліктері.

  67. Астың ауыз қуысында қорытылуы.

  68. Ішекте астың қорытылуы.

  69. Бауыр, құрылысы мен қызметі.

  70. Асқазан-ішек ауруларының профилактикасы.

  71. Тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар.

  72. Терморегуляция.

  73. Зат және энергия алмасудың жасқа байланысты ерекшеліктері.

  74. Витаминдер және оның маңызы.

  75. Зәр шығару органдарының жастық ерекшеліктері.

  76. Балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттелігі.

  77. Шаршау ұғымы.

  78. Сабақ ұзақтығы.

  79. Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

  80. Оқушылардың күн тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

  81. Ұйқы гигиенасы.

  82. Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастыру.

  83. Оқушылардың кәсіби бағдары.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:


1. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы., 2003.

2. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. – А., 1993.

3. Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. - М.:Просвещение, 1990.


  1. Безруких М.М. Возрастная физиология: (Физиология развития ребенка): Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений/ М.М. Безруких, В.Д. Сонькин, Д.А. Фарбер. – М.: Издательский центр «Академия», 2003.

5. Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М., 1990 г.


Қосымша әдебиеттер:

6. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. – Алматы, 1985.


7. Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. – М., 1976.

8. Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. – М., 2000.

9. Смирнов В.М. Особенности физиологии детей: Учебно – методическое пособие. – М., 1993.

10. Физиология человека /Под ред. проф. Л.З.Тель, чл.-корр. РАН Н.А.Агаджаняна. – Алма-Ата, 1992.

11. Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. - М.: Высш. шк., 1985.

12. Маркосян А.А. Основы морфологии и физиологии организма детей и подростков. – М., 1969.

13. Физиология развития ребенка /под ред. В.И. Козлова, Д.А. Фарбер. – М., 1983.

14. Смирнов В.М., Яковлев В.Н. Физиология центральной нервной системы. – М., 2000.

15. Хрипкова А.Г. Возрастная физиология. - М., Просвещение,1975.

16. Антропова М.В. Гигиена детей и подростков. – 6-е изд. – М.: Медицина, 1982.

17. Морфофункциональное развитие основных физических систем организма детей дошкольного возраста. Под ред. Антроповой М.В., Кольцовой И.М. Педагогика, 1982 г.

18. Физиология подростка/ под. ред. Д.А. Фарбер. – М., 1989.

19. Фарбер Д.А., Корниенко И.А., Сонькин В.Д. Физиология школьника. – М., 1990.

20. Рохлов В.С., Сивоглазов В.И. Практикум по анатомии и физиологии феловека. – М.: 1999.



21.Карташев Н.Н., Соломатин С.С., Трегубов Е.М. Руководство к учебно – исследовательской работе по возрастной физиологии и школьной гигиене в межсессионный период. – М., 1985.



Төрайымы Муздыбаева Г. С. 2007 ж

Жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді

347.71kb.

15 09 2014
1 стр.


Цюрих (Швейцария) Zürcher Weinmesse 2007 Винная ярмарка 26. 03. 2007 28. 03. 2007 Утрехт (Нидерланды)

Международная выставка гостиничного бизнеса и оборудования предприятий общественого питания. 28. 03. 2007

65.71kb.

14 12 2014
1 стр.


''бекітемін'' Аудандық тұрғын үй комиссиясының төрайымы М. Аманиязова 2013 ж
1485.38kb.

25 12 2014
6 стр.


''бекітемін'' Аудандық тұрғын үй комиссиясының төрайымы М. Аманиязова 2013 ж
57.61kb.

25 12 2014
1 стр.


''бекітемін'' Аудандық тұрғын үй комиссиясының төрайымы М. Аманиязова 2013 ж
125.97kb.

25 12 2014
1 стр.


''бекітемін'' Аудандық тұрғын үй комиссиясының төрайымы М. Аманиязова 2013 ж
50.49kb.

25 12 2014
1 стр.


Інформаційний вісник 4 (24) 2007 Київ 2007 ббк 78. 37 Б59 Бібліосвіт

Бібліосвіт : інформ вісн.; вип. 4 (24) 2007 / Держ б-ка України для юнацтва; [редкол.: Г. Саприкін (голов ред.) та ін.]. – К. [б в.] 2007. – 74 с

900.88kb.

07 10 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 214 Заңы

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар n 20-21; "ресми газет" 2007 ж., наурыз, n 9

598.15kb.

25 12 2014
3 стр.