3. Тұрғын үй кооперативтерiнiң, сондай-ақ үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнiң қызметiне, егер осы Заңға қайшы келмесе, кооперация туралы заңдар қолданылады.
4 БӨЛIМ
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 67-бап толықтырылды
67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру шарттары
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына;
3) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қоспағанда, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына:
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
69-бап. Азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж деп тану
Азаматтар егер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығымен өздерiнiң тұрғын үйi болмаса;
2) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, сондай-ақ меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi үйлерде, соның iшiнде тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативтерiнiң үйлерiнде өздерiнiң тұрақты пайдаланатын үйлерi болмаса;
3) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй нормативтiк санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
4) оқшауланбаған, шектес тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып (заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулардың тiзiмi бойынша), бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үй беру тәртiбi
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.
Осы Заңның 67-бабында аталған азаматтар есепке қойылады.
2. Есепке алу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Азаматтардың қандай да болсын қосымша құжаттар беруiн талап етуге тыйым салынады.
3. Азаматтардың өздерiн және өздерiнiң отбасы мүшелерiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебiне қою туралы арыздары тұрғылықты жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органда бiр ай iшiнде қаралады.
Арыз берушiлерге қабылданған шешiм туралы аталған мерзiм аяқталғанға дейiн жазбаша түрде хабарланады.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 72-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді
72-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру үшiн есепке қоюдан бас тарту негiздерi
Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) оның Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді, жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелігінен шығаруы;
3) тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
4) тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюдан бас тартылады.
2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге мұқтаждар есебінен шығару негіздерi
1. Азаматтар:
1) егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі үшін негіздер жойылса;
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кетсе;
3) азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуіне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтер берсе не есепке алу туралы мәселені шешу кезінде лауазымды адамдар заңсыз әрекет жасаса;
4) жер учаскесін алса және өзінің тұрғын үйін салуды аяқтаса немесе тұрғын үй сатып алса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінен шығарылуы мүмкін.
2. Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса, отбасының онымен бірге есепке тұрған өзге мүшелерінің кезегі сақталады.
3. Мүдделі адамдарға есептен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзім ішінде есептен шығарудың негіздері көрсетіліп жазбаша түрде хабарланады.
4. Азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебіне ол үшін негіздер болмаса да қойылып, тәртіп бұзушылық байқалған, бірақ кейіннен мұндай негіздер пайда болған (отбасы мүшелері санының көбеюі, отбасының жиынтық табысының кемуі және сол сияқтылар) жағдайларда ол негіздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегі соған сәйкес ауыстырылады.
09.07.04 ж. № 587-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезегi
1. Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар;
3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек) тізім бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлуді, егер осы Заңда немесе басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек) тізімдердің санына қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің бөлек тізімдерін жыл сайын бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды. Тұрғын үй алған адамдардың тізімдері тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің тізімдерімен белгіленген олардың кезегі көрсетіле отырып, жергілікті атқарушы орган тұрғын үй беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды.
2010.29.05. № 283-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 75-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру нормасы
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде, бірақ Республикада бір адамға қолданылатын санитариялық нормадан кем емес тұрғын алаң және кемінде бір бөлме мөлшерінде берілуі мүмкін.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледі.
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарына және аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын азаматтарға дара (бөлек) қосымша бөлме беріледі. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейді.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй мөлшерін анықтаған кезде отбасында жүкті болғанына жиырма аптадан асқан әйелдің болуы ескеріледі.
6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 76-бап толықтырылды; 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлеріне қойылатын талаптар
1. Азаматтарға тұру үшін берілетін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елді мекеннің жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елді мекеннің шегінде болуға тиіс.
Осы тармақпен белгіленген талаптарға сай келмейтін тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерінің жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезінде бір бөлмеге жеті жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлі-зайыптылардан басқа) олардың келісімінсіз тұрғызуға жол берілмейді.
3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлерден беріледі.
Сауықтыру жөніндегі дербес бағдарламаға сәйкес, мүгедектерге үйдің үлгісін, қолайлылық деңгейін және тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы шешiм
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы Заңның 100-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берудiң жариялылығы
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің босаған бөлiгiн беру
Егер әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден дара (бөлек) тұрғын бөлме (бөлмелер) босаса, ол мұқтаждар есебінде кезекте тұрғандарға беріледі. Бұл орайда осындай тұрғын үйде тұратын және қолда бар тұрғын жағдайларын жақсартуды мұқтаж ететiн азаматтар босаған бөлменi (босаған бөлмелердi) осы Заңның 69-бабының талаптарына сәйкес пайдалануға алуда басым құқыққа ие болады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
11-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
үйлерді жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен міндеттері
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы органның немесе мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі (жалға беруші) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуден өткізілмеуге тиіс.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешімнің негізінде жергілікті атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың үлгі шартын, тұрғын үйді пайдалану, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының мәнi
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы дара (бөлек) тұрғын үй болып табылады.
2. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кіретін) есігі бар тұрғын бөлме, бөлменің бір бөлігі, сондай-ақ пәтердегі қосалқы үй-жайлар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәні бола алмайды.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
82-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:
1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
5) заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
83-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi
1. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.
3. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 84-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
84-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзi тұратын мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге өз отбасының мүшелерін кіргізу құқығы
1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзі тұратын тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша келісімін алып кіргізуге құқылы.
Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бірге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерінің келісімі талап етілмейді.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелері ретінде кіргізілген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кіргізілген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің арасында өзгеше бір жазбаша келісім болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бірдей пайдалануға құқық алады.
3. 2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
<предыдущая страница | следующая страница>