Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 4страница 5страница 6страница 7
олардан шығару

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді
жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау)
шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негіздер бойынша жол беріледі.

3. Мемлекеттік тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берілмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 104-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа
тұрғын үй беру арқылы шығару
1. Азаматтар осы Заңның 101-бабының 5 және 6-тармақтарында, 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.

2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында, 101-бабының 8-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.

3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


105-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы
басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мына реттерде:
1) егер тұрғын үй орналасқан тұрғын үй (тұрғын жай) жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн алынуына (сатып алынуына) байланысты бұзылуға жататын болса;
2) егер тұрғын үй (тұрғын жай) онда одан әрi тұруға жарамсыз болғандықтан тұрғын үй емес жай ретiнде қайта жабдықтауға жататын болса;
3) егер тұрғын үйге құлау (бұзылу) қаупi төнсе;
4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);
5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.
2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


106-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына
байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.

2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.

3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.

4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.

5. Тұру үшiн жарамды тұрғын үй сол елдi мекеннiң шегiнде болуға, санитариялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.
Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.

6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi.


Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


107-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден басқа тұрғын
үй берiлмей шығару негiздерi
Жалдаушыны, (қосымша жалдаушыны) оның отбасы мүшелерiн немесе онымен бiрге тұратын басқа адамдарды басқа тұрғын үй бермей шығаруға, егер:
1) олар тұрғын үйдi үнемi қиратса немесе бүлдiрсе;
2) олар тұрған үйдi осы Заңның 4-бабының талаптарын бұза отырып пайдаланса;
3) олар жатақхана ережелерiн үнемi бұзу арқылы басқалардың өздерiмен бiр бөлмеде немесе бiр тұрғын үйдi тұруына мүмкiндiк бермейтiн болса;
4) олар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;
5) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса және олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бiрге тұруы мүмкiн емес деп танылса;
6) адам тұрғын үйге өз бетiмен басып кiрiп алса;
7) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабындағы 1-тармақта көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса;
8) олар меншiк құқығымен орналасқан жерiне қарамастан өзге тұрғын үйдi сатып алған болса;
9) Осы Заңның 111 (101-баптың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ 5-тармақтың екiншi бөлiгiнде, 7, 8-тармақтарында көзделген реттердi қоспағанда) және 114-баптарында көзделген негiздер пайда болса, басқа тұрғын үй берiлместен шығаруға жол берiледi.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


108-бап. Тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу)
шартын жарамсыз деп танудың салдары
1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерінің салдарынан тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берілместен шығарылуға тиіс.

2. Егер тұрғын үйді жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар өздерінің бұрын тұрып келген тұрғын үйі немесе басқа жайлы тұрғын үй беріп шығарылуға тиіс. Басқа тұрғын үй беру міндеті шартты жарамсыз деп тануға әрекеті негіз болған заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл жағдайда соттың шешімінде берілетін тұрғын үйдің мекен-жайы көрсетілмеуі мүмкін.

3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезінде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
15-тарау. Қызметтiк тұрғын үйлердi және мемлекеттiк
тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын
бөлмелердi пайдалану

2004.20.12 № 13-III Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)


109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлер жалдау шарты бойынша өздерiнiң еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиiстi азаматтарды тұрғызуға арналады.

2. 2009.08.06. № 163-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Тұрғын үй ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қызметтiк тұрғын үйлердiң қатарына кiргiзiледi және олардың қатарынан шығарылады.

110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану


1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан қызметтiк тұрғын үйдi беру және пайдалану тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де нормаларымен белгiленедi.
Қызметтiк тұрғын үйдi пайдалануға осы Заңның 90, 93, 95-баптарының ережелерi қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы қызметтiк тұрғын үйлердi ауыстыруға қызметтiк тұрғын үйдi берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен жол берiледi.

111-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерден шығару


1. Осы Заңның 101-бабындағы 5-тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты тұрғын үй берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан қызметкерлер өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
2. Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.

ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 112-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 112-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)


112-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан
тұрғын үй-жай беру тәртiбi
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi.
Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады.

113-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы


тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi
1. Жатақханалардағы тұрғын үй-жай төсектiк және бөлмелiк үлгiлерде болуы мүмкiн.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын алаңның көлемi бiр тұрушыға Республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңның санитариялық нормасынан кем болмауға тиiс.


Бөлмелiк үлгiдегi жатақханада тұрушыға отбасы мүшелерiнiң санына қарай екi және одан да көп бөлмелерден тұратын тұрғын үй-жай берiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханаларды пайдалану ережесiн, сондай-ақ бұл жатақханалардағы тұрғын үй-жайларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

4. Қажет болған жағдайда жатақхана берген кәсiпорынның немесе мекеменiң әкiмшiлiгi жатақханада тұратын адамдарды (отбасы мүшелерiмен бiрге) сол немесе басқа жатақханадағы басқа тұрғын үй-жайларға көшiруге құқылы. Бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайда тұратын адамға көшiру кезiнде басқа бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жай берiледi.

ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 114-бап өзгертілді


114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс.
Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.
2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн.

5 БӨЛIМ
16-тарау. Тұрғын үй беру жөнiндегi шарттық


Мiндеттемелер

115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi


1. Тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тұрғын үйдi меншiкке немесе пайдалануға беру туралы шарт негiзiнде берiлуi мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шарттар атап айтқанда:
1) күрделi жөндеу кезiнде тұрғын үй беру туралы;
2) бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi сол жерден немесе жақын маңдағы жер учаскесiнен салынатын тұрғын үйдiң орнына тұрғын үй беру шартымен босату туралы;
3) құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бұзылуға тиiстi тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды орнына басқа тұрғын үйлер беру шартымен шығару үшiн тұрғын үйлер беру туралы;
4) басқа жерге кетуiне байланысты тұрғын үйдi сол елдi мекенге қайтып келгеннен кейiн басқа тұрғын үй беру шартымен жергiлiктi атқарушы органға немесе заңды тұлғаға өткiзу туралы;
5) тұрғын үйдiң (үйдiң бiр бөлiгiнiң) немесе тұрғын үй кешенiнiң құрылысына еңбек етiп қатысқан адамға немесе құрылысты қаржыландыруға өз қаражатымен қатысқан адамға тұрғын үй беру туралы;
6) еңбек шартының ережелерi бойынша тұрғын үй беру туралы жасалуы мүмкiн.

ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 116-бап өзгертілді


116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға
тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт
1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн бөлiнуiне байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда тұрғын үйдi бұзушы құрылыс салушылар мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғын үй-жайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесiндегi жаңадан салынған тұрғын үйлерден меншiгiне (жалға) тұрғын үй беру туралы шарт жасалуы мүмкiн.
Бұл жағдайда құрылыс салушы меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi орналасқан үй-жайларды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.
Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Көшiрiлуге тиiстi азаматтар тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiлгенге дейiн осы елдi мекенде орналасқан әрi техникалық және санитариялық нормаларға сәйкес келетiн уақытша тұрғын үйлерге (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғын жайға ақы төлеу жөнiндегi шығындар құрылыс салушыға жүктеледi.

2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, құрылыс салушы соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.

6 БӨЛIМ
17-тарау. Өтпелi ережелер

117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар


кезегiнiң сақталуы
1. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бұрынғы тәртiппен тұрғын үй алу құқығын сақтайды.
2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тұрғын үй қорымен бiрге жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтардың тiзiмi де берiледi.

Бұл орайда тұрғын үй қоры берiлген кезде жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын адамдар оларды жұмыс орны бойынша есепке қабылдау күнiн негiзге ала отырып тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiзiмге енгiзiледi. Егер аталған адамдар тұрғылықты жерi бойынша да есепке тұрса, олар арыз берушiнiң таңдауымен жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша есепке қойылған күнiне қарай тiзiмге енгiзiледi.


Жергiлiктi атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмiне өзгерiстердi осы Заңның 78-бабында белгiленген тәртiп бойынша, енгiзiлген өзгерiстер себебiн көрсету және анықтау арқылы он күн мерзiм iшiнде жария етедi.

ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 118-бап өзгертілді


118-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте
және кезектен тыс тұрғын үй беру
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үй:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына және белгiленген тәртiппен соларға теңестiрiлген адамдардың отбасыларына;
2) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған және бұрын "Ардақты ана" атағы берiлген аналарға, сондай-ақ Даңқ, Еңбек Даңқы, "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн" ордендерiмен марапатталғандарға;
3) азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi басқа да жауынгерлiк операциялар кезiнде ұрыс қимылдарын жүргiзген армия құрамында болған адамдарға, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандарына, жауынгер-интернационалистерге, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi жауынгерлiк операцияларға қатысқан басқа да адамдарға;
4) I және II топтағы мүгедектерге (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
5) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде не өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң (партизандардың) отбасыларына;
6) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;
7) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша экологиялық зiлзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектiлердегi жарылыстардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға;
8) заңсыз сотталу немесе саяси тұрғыда сотсыз қуғын-сүргiнге ұшырау (сот тәртiбiмен саяси қуғын-сүргiн құрбандары деп таныту немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шегу) фактiлерi сот тәртiбiмен анықталған азаматтарға;
9) 30 жасқа дейiн алғаш некеге отырған және некеге отырғаннан кейiнгi алғашқы үш жылда балалы болған жас жұбайлар отбасыларына;
10) мүгедек балаларды тәрбиелеушi адамдарға;
11) көп балалы отбасыларға;
12) III топтағы мүгедектерге, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса;
13) жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейiнгi тұрған жерiне қайтып оралған кезде;
14) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагогикалық қызметкерлерiне;
15) мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде халыққа тiкелей медициналық және дәрi-дәрмек көмегiн көрсетушi медицина және фармацевтика қызметкерлерiне;
16) судьяларға, прокуратура органдарының, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тең дәрежеде берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезектi тәртiппен тұрғын үй алған азаматтар жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша ғана бiрiншi кезектi тәртiппен басқа тұрғын үй алудың тiзiмiне тағы да енгiзiлуi мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй: 1) тұрғын үйi Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғат апаттарының салдарынан тұру үшiн жарамсыз болып қалған азаматтарға;
2) мемлекеттiк балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралған адамдарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда;
3) заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйiнен айрылған ақталған адамдарға, бұрынғы тұрғын үйiн қайтару мүмкiн болмаған кезде, егер тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейiнгi бiр жылдың iшiнде мәлiмделсе;
4) кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға берiледi. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
5) еңбек шартынан туындайтын мемлекеттiк мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға;
6) бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттiк қызметке сайланған адамдарға берiледi.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы.

119-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан шарт арқылы
тұрғын үй беру
1. Осы Заң қабылданғанға дейiн қолданылып келген тұрғын үй заңдарына сәйкес жасалған шарттар осы Заңда мұндай шарттар жасау көзделмеген жағдайларда да орындалуға тиiс.

2. Тұрғын үй-жай беру туралы шарт жасасқан мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндетi бұл қорды өз иелiгiне қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қоры мен аяқталмаған тұрғын үй құрылысы басқа құрылыс салушыға берiлген кезде оған бұрынғы құрылыс салушының шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндеттерi жүктеледi.

ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 119-1-баппен толықтырылды


119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алып қоюға (сатып
алуға) байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде меншiкке
тұрғын үй беру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алып қойған (сатып алған) кезде алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы алып қойылатын (сатып алынатын) тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.
Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 119-2-баппен толықтырылды


119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету
құқығын беру ерекшелiктерi
Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.

ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 120-бап өзгертілді


120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi
Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:
1) I және II топтағы мүгедектердi (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды;
3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;
5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;
6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.

121-бап. Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген


заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi пайдалану
Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.
Қазақстан Республикасының

Президентi

<предыдущая страница


Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен

1124.33kb.

25 12 2014
7 стр.


Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 Қазақстан Республикасының Заңы

Р 2012 жылғы 13 ақпандағы №553-iv заңы қараңыз

1514.22kb.

14 12 2014
9 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1421 Қаулысы «Тұрғын үй қатынастары туралы»

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 2 тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы ет

92.35kb.

25 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

75.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Атом энергиясын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi n 93 Заңы

Ескерту. Мәтiндегi сөздер ауыстырылды ҚР 2004. 12. 20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен

180.48kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 12 мамыр n 103

Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертiс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 нау

198.69kb.

14 12 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бөлігінде тұрғын үй қатынастары ту

97.56kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 28 қазандағы n 170

Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

95.1kb.

17 12 2014
1 стр.