Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенты
Негізгі ұғымдар
Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы.

Қамқоршылық (қорғаншылық) – кәмелетке толмағандар мен сотпен қабілетке жарамсыз (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалардың мүддесін және құқығын қорғайтын құқықтық нысан;

Қамқоршы (қорғаншы) – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша белгіленген заңның ережесінде міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;

Қорғаншылық және қамқоршылық органы – республикалық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органы, астаналық, аудандық (облыстық маңызы бар қала);

Теректі ауданының білім беру бөлімі – 2006 жылғы 24 қаңтардағы №39 Әкімдіктің қаулысымен бекітілген, заңды тұлға , мемлекеттік мекеме «Теректі ауданының білім беру бөлімі» Ережесінің негізінде қызметтер орындалады;

алушы (бұдан әрі - тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін, жеке тұлға.



1. Жалпы ережелер

    1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқығын анықтау:

Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беру.

1.2. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеменің атауы: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» қамқоршылық және қорғаншылық органы мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Бойнов көшесі, 18, 3 кабинет, телефон: 23-3-57.

1.3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 

1.4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 - 24-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптары және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.


1.5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесі белгіленген үлгідегі анықтаманы беру болып табылады.

1.6. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады:

1) Қамқоршылық және қорғаншылық органын қамтитын Теректі ауданының білім беру бөлімі

2) Халыққа қызмет көрсету орталығы.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
2.1. Мемлекеттік органдардың жұмыс орны мен кестесі туралы, олардың құрылымдық және аумақтық органдары туралы ақпарат:

Уәкілетті органның мекен жайы «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ға дейін) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайы «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беру» халыққа мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күнделікті жүргізіледі:

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 19.00-ге дейін.

2.2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ атқарушы органның жауапты тұлғасында және халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне бірнеше мүдделі органдар қатысады.

1. ММ «Теректі ауданының білім беру бөлімі».

2. Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы.

Қамқоршылық және қорғаншылық органы тұтынушыларға белгіленген үлгідегі өтініш бланктері мен басқа да құжаттарды береді. Қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы құжаттарды қабылдайды, құжаттарды алғаны туралы қолхат береді. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесі білім беру бөліміне жүгінген тәсілде ғана жүзеге асады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі.

Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, білім беру бөлімі дайын анықтамалар мен қаралған құжаттарды екі ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Орталыққа тұтынушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді алу үшін толтырылған бланктерді, нысандарды, өтініштер мен басқа да құжаттарды алғаны туралы қолхат беретін инспекторға тапсырылады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі

2.4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: тұтынушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күндi (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

1. Теректі ауданының білім беру бөлімі – бес жұмыс күні ішінде.

2. Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы - бес жұмыс күні ішінде.

өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;

өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

2.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

Тұтынушының қажетті құжаттың біреуін тапсырмаған жағдайда; 2.6.Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тапсырыс түскен мерзімнен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін алғанға дейінгі мерзім мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі.

Қамқоршылық және қорғаншылық органы тұтынушыларға белгіленген үлгідегі өтініш бланктері мен басқа да құжаттарды береді. Қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы құжаттарды қабылдайды, құжаттарды алғаны туралы қолхат береді. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесі білім беру бөліміне жүгінген тәсілде ғана жүзеге асады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі.

Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, білім беру бөлімі дайын анықтамалар мен қаралған құжаттарды екі ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Орталыққа тұтынушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді алу үшін толтырылған бланктерді, нысандарды, өтініштер мен басқа да құжаттарды алғаны туралы қолхат беретін инспекторға тапсырылады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі

2.7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаумен айналасатын ең аз адам саны: бір адам

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде

әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау
3.1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тұтынушымен оның тапсырысын қабылдау туралы ақпарат алу және кіріс құжаттарын рәсімдеу тәртібі:

3.2. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы білім бөліміне немесе орталыққа мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      1) осы стандарттың 5, 6-қосымшаларына сәйкес кәмелетке толмаған
балалардың қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронаттық тәрбиешілерінің өтініші;

2) тұтынушының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;


      3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

4) пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (келісімшарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, пәтердің техникалық төлқұжаты, азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы);


      5) қорғаншылардың (қамқоршылардың), патронаттық тәрбиешілердің кепілді тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші;

6) неке туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

7) басқа да құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері (некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы куәлік, некеге тұрмағандығын растайтын құжат;
      8) банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хат (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып, несие берген жағдайда).

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар тұтынушыға қайтарылады.

Анықтама ресімдеуде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес 10 жастағы және одан асқан баланың (18 жасқа дейін) өзі келуі талап етіледі.

3.3. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

3.4. Құрылымдық-функционалдық бірлік (одан әрі - ҚФБ), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушылар (ҚФБ – ақпараттық жүйе және олардың ішкі жүйесі, мүдделі органдардың жауапты тұлғалары):

1. Қорғаншылық және қамқоршылық органы құжаттарды қарап өтініштерді қабылдайды, белгенген үлгіде анықтама береді – ҚФБ 1.

2. Білім беру бөлімінің бастығы анықтамаға қол қояды – ҚФБ 2.

3.5. ҚФБ-тің әрекетінің сипаты аталған «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінің 3-ші қосымшасының 1,2,3 кестесінде.

3.6. Көрсетілген сипаттамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процессінде аталған регламенттің 4-ші қосымшасы және «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету арасындағы логикалық бірізділікті көрсететін сызбалары.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін, лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

4.1. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне)


шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бөлiм және орталық жүзеге асырады.

4.2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым осы регламентке 1,2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету орны бойынша бөлiм басшысының атына немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмiне, қызмет орталық арқылы көрсетiлген жағдайда орталық директорының атына берiледi.

4.3. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым бiлiм бөлiмiне немесе орталыққа берiледi. Бiлiм бөлiмi басшысының жұмыс және қабылдау кестесi: белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, орталық директорының: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.

4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4.5. Ресми апелляция жасау немесе шағымдану үшiн тұтынушы еркiн нысанда өтiнiш бередi, өзiмен бiрге жеке басын растайтын құжаты болуы қажет.

4.6. Қабылданған шағым бiлiм бөлiмiнiң, орталықтың кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.

Шағымды қарау нәтижесi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

4.7. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты аудандық бiлiм бөлiмiнен, сондай-ақ осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарынан ала алады.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентына


1-қосымша 
Теректі ауданындағы атқарушы органның мекені мен байланысы


Р/с


Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

«Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

Федоровка ауылы,

Бойнов к-сi, 18



8 (711) 32-23-3-57

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша  

    


Теректі ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының мекені мен байланысы


Рр/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5



Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейный к-сі №24

8(71132) 23-3-79

8(71132) 23-3-79 қабылдау бөлмесi



Теректі ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық к-сі 4

8(71132) 91-3-16

8(71132) 91-3-16 қабылдау бөлмесi

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына


3-қосымша

                 

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

АББ-нің бас маман

АББ-нің бастығы


ҚФБ 3



Іс - әрекеттің (үдерістің,

процедураның, операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы


Жеке тұлғалардан түскен құжаттарды, өтініштерді, қабылдап, анықтама беру

Құжаттарды қарау, анықтамаларға қол қою

Анықтама алу



Аяқтау нысаны (деректер,

құжат, ұйымдық-өкімгерлік

шешім)


Анықтама беру

Анықтамаға қол қою






Орындау мерзімдері

Жұмыс күнінің ішінде



Жұмыс күнінің ішінде







Келесі іс-әрекеттің нөмірі











2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

 


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы

№1 іс-әрекет - құжаттарды қабылдау



№2 іс-әрекет- құжаттарды қарау

№3 іс-әрекет – құжаттарды алу



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.


Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

 ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы

№ 1 іс-әрекет. Өтініштерді қабылдау.

№2 іс-әрекет – құжаттарды қарау




№3 іс-әрекет – құжаттарға қол қою



«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет регламентына


4-қосымша

                    



Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет регламентына


5-қосымша 

                   



Үлгi

Қазақстан Республикасы

Ауданның білім беру бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын жүзеге асыратын аудандық (қалалық) білім бөлімі кәмелетке толмаған балалар мүддесіне әрекет ететін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 – 24 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабына сәйкес


_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________ мекенжайы бойынша
№ ___ үй, № ____ пәтерді _____________________________ рұқсат береді

     


Аудандық бiлiм
беру бөлiмiнiң бастығы                  _______________қолы (Т.А.Ә.)

      М.О.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын


кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін
қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін
қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының
анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет
көрсету стандарты
6-қосымша 

Теректі аудандық білім беру бөліміне


___________________________________

мекенжайында тұратын, телефоны


ерлі-зайыпты

________________________________

(Т.А.Ә., толық, қысқартусыз,
жеке басын куәландыратын құжат бойынша дәл)

Өтініш

      Сізден ______________________________ мекен-жайында орналасқан пәтерді сатуға (айырбастауға, сыйға беруге) рұқсат беруіңізді сұраймыз.


Балаларымыз:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________

(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады) Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)



_______________________________________________________________
_____________________________________________ қолы ______________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
_________________________________________________________________
_____________________________________________ қолы ______________
Келешекте тұратын мекенжайы _____________________________________
      «Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады» деген үзінді жазылады (өз қолымен)

      Күні __ ____ жыл «__»      Ерлі-зайыптылардың қолдары _______

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенты Негізгі ұғымдар

Амқоршылық (қорғаншылық) – кәмелетке толмағандар мен сотпен қабілетке жарамсыз (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалардың мүддесін және құқығын қорғайтын құқықтық нысан

135.87kb.

13 10 2014
1 стр.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру –

602.79kb.

08 10 2014
2 стр.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2011. 03. 31 №336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

591.93kb.

17 12 2014
2 стр.


«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Тұрғын үй көлемі – Тұрғын үйдің бөлмелерінің ( жатар бөлме, қонақ бөлме, балалар бөлмесі, кабинет т б.) шаршы метрмен өлшенетін жалпы көлемі

66.25kb.

25 12 2014
1 стр.


«Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қорғайтын мәмiлелердi ресімдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет регламенті

Осы «Тұрғын үй меншік иесі болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүддесін қозғайтын мәмлелер үшін қамқоршылық және қорғаншылық кеңесінің шешімдерінің анықтамасын бер

232.11kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Тұрғын үй көлемі – Тұрғын үйдің бөлмелерінің ( жатар бөлме, қонақ бөлме, балалар бөлмесі, кабинет т б.) шаршы метрмен өлшенетін жалпы көлемі

66.87kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті

Осы «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету рег

240.94kb.

15 10 2014
1 стр.


«Зейнеткерлік қорларға, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламенті

Регламенттің құқықтық реттеу құралы мемлекеттік қызмет стандарттын қамтамасыз етуді қалыптастыру болып табылады

253.13kb.

25 12 2014
1 стр.