Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі - Департаменттер) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің: www.kgen.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себебтері көрсетіліп, дәлелді жауап жіберу беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға – (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Департаменттің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекетік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастапө 15 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде департамент әтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді.

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан артық емес;

3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі рұқсат етілетен қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан артық емес.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Департаментердің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құжаттарды күту және қажетті құжаттарды әзірлеу үшін (күту креслосы, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар, құжаттар тізбесі бар және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады) жағдай жасалады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары белгіленіп, өткізу тәртібі ескерілген. Мемлекеттік қызметті кедергісіз алу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұтқалар, пандустар және сүйеніштер қарастырылған.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алушы (не уағдаластық бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін департаментке мынадай құжаттар тапсырады:



1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері;

3) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, қабылдау-тапсыру сынақтарының және өлшеулердің і хаттамалары немесе актілердің көшірмелері;

4) салыстыру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, орындалған электрлік құрастыру, іске қосу-баптау, электрлік өлшеу жұмыстарының тапсыру-қабылдау актілерінің көшірмелері;

5) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, электр техникалық персонал және электрлік қондырғы үшін жауапты тұлға туралы мәліметтер (тағайындау туралы бұйрықтардың, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы біліктілік куәліктерінің, дипломдардың көшірмелері) немесе мамандандырылған ұйыммен электрлік қондырғыларды пайдалануға жасалатын шарт;

6) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, энергия беруші ұйымның тұтынушылардың электр қондырғылырые қолданыстағы желілерге қосу дайындығы туралы қорытындысы.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар құжаттар тізімдемесі бар папкада, тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген уәкілетті тұлғаның және/немесе қолымен куәландырылады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш еркін нысанда жазылады.

13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген департаменттерде жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кездінде мемлекеттік қызметті алушыға:

1) сұралып отырған мемлекетік қызмет түрін;

2) қоса берілген құжаттардың атаулары мен саны ;

3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);

4) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алған күні мен орнын;

5) құжаттар ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы тізбенің көшірмесі беріледі (қайтарылады).

15. Мемлекеттік қызметтің нәтижелері алушығы не оның сенімхат бойынша өкіліне осы Стандарттың 14-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы тізбенің негізінде қолма қол немесе почта байланысы арқылы беріледі.

16. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

2) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардағы дұрыс емес мәліметтерді ұсыну.


3. Жұмыс қағидаты
17. Департаменттердің мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалары өз қызметтерінде мынадай қағидаларды басшылыққа алады:

1) адамдардың конституциялық құқықтары мен еркендіктерін сақтау;

2) заңдылықты сақтау;

3) сыпайы және әдепті болу;

4) мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

5) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шараларды қабылдау;

6) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

 

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін мемлекеттік қызметті алушы осы Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін департаментерде құжат айналымына жауапты тұлға түсіндіреді, мекенжай осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тиісті департаменттің басшысына шағым береді, мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген .

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін.

22. Егер мемлекеттік қызметті алушы қабылдаған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын талап етсе, мемлекеттік қызметті алушы шағымды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті басшысының атына мынадай мекенжай бойынша жібере алады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс, телефон факс: (7172) 74-12-19, сенім телефоны: (7172) 74-12-0525.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін;.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген департаменттерде жұмыс күндері жазбаша нысанда почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол қабылданады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңда көзделген тәртіпте және мерзімде іске асырылады.

25. Шағымды қабылдағандығын растау шағым берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымға жауапты алу мерзімі мен уақыты, шағымды қарау туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды беру болып табылады.

26. Қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады: www.kgen.gov.kz.

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша



Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана және Алматы облыстарының, қалаларының аумақтық департаменттерінің мекенжайлары

№ р/с

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Интернет-ресурстар

1

2

3

4

5

1.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Астана қ., Кенесары көшесі, 40-үй

8(7172)
96-84-01

www.kgen.gov.kz

2.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Алматы қ., Байзақов көшесі, 221

8(727)
378-07-52

www.kgen.gov.kz

3.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Талдықорған қ.,
Ақын Сара көшесі, 207 «а» үй

8(727)
268-42-71

www.kgen.gov.kz

4.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Көкшетау қ., Әуелбеков көшесі, 139-үй

8(7162)
76-01-42

www.kgen.gov.kz

5.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтөбе қ., 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 42 «В» үй

8(7132)
77-39-24

www.kgen.gov.kz

6.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Атырау қ., Махамбет Өтемісұлы көшесі, 110-үй

8(7122)
99-43-24

www.kgen.gov.kz

7.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ»

Өскемен қ.,
Михаэлис көшесі, 1-үй

8(7232)
55-12-64

www.kgen.gov.kz

8.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Орал қ., Хамид Чурин көшесі, 164/1 үй

8(7112)
54-53-75

www.kgen.gov.kz

9.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Тараз қ., Сыпатай батыр көшесі, 5-үй

8(7262)
45-54-48

www.kgen.gov.kz

10.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қарағанды қ., Чкалов көшесі, 8-үй

8(7212)
94-25-54

www.kgen.gov.kz

11.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қызылорда қ.,
Бейбітшілік көшесі, н/ж

8(7242)
25-94-89

www.kgen.gov.kz

12.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қостанай қ., Әл-Фараби көшесі, 109-үй

8(7142)
52-81-01

www.kgen.gov.kz

13.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтау қ.,
22-шағын ауданы, «ТВС және В» МҚК ғимараты

8(7292)
60-53-52

www.kgen.gov.kz

14.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Павлодар қ., АСәтпаев көшесі, 136-үй

8(7182)
62-19-94

www.kgen.gov.kz

15.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Петропавл қ., Советская көшесі, 37-үй

8(7152)
46-78-29

www.kgen.gov.kz

16.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Шымкент қ., Б. Момышұлы көшесі, 27-үй

8(7252)
97-35-22

www.kgen.gov.kz

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдығыі жылдағы мақсатты мәні

Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % -ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметтер көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1. Қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)










3.3. Ақпаратты электронды пішімде қол жеткізүге болатын қызметтердің % -ы (үлесі)










4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесі)










«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау ком

153.29kb.

16 12 2014
1 стр.


«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» атты мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты

Мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау ко

159kb.

09 10 2014
1 стр.


1 Қызметтің атауы

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің төлқұжаты

45.23kb.

08 10 2014
1 стр.


«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Рі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа қызмет көр

182.84kb.

12 10 2014
1 стр.


«Радиоқабылдағыш аппаратураны қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы Жалпы ережелер «Радиоқабылдағыш аппаратураны қолдануға рұқсат беру»

Радиоқабылдағыш аппаратураны қолдануға рұқсат беру мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық ави

84.84kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Осы мемлекеттік қызмет стандарты кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру тәртібін анықтайды

522.53kb.

08 10 2014
3 стр.


«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары негізінде көрсетіледі

479.88kb.

12 10 2014
1 стр.


«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптары негізінде көрсетіледі

456.78kb.

15 10 2014
1 стр.