«Тәуелсіздік, тұғырыңда тұр мәңгі!
Көрініс: «Хан Кене» драмасынан үзінді
Нұрбек:
Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс.
Құндыз:
Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
Бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам.
Нұрбек:
Сол батыл қадамдардың, ерен ерліктің нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздіктің бағасы әр қазақ үшін тым қымбат.Олай болса, азаттықтың арайлы ақ таңында амандықта жүздесіп отырған алаш жұртына Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын демекпіз!Бүгінгі 16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Құндыз:
Сан ғасырлық тарихын ұмытпаған,
Алашымның айбыны асқақ жыр-әнім
Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған,
Өршіл рухпен шырқалар әнұраным
ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Нұрбек:
Атаулы мерекемен құттықтау үшін сөз кезегі ауыл әкімі Уразов Нұрлан Қылышбекұлына беріледі.
..............................................................................................................................
Құндыз:
Келесі сөз кезегі ардагер ұстаз, ауылымыздың ардақты азаматы Нәубетов Жамбыл ағайға беріледі.
.............................................................................................................................
Құндыз:
Қуан, жұртым, халайық!
Қыздырған тойдың талайын.
Арулар келер ортаға,
Шаттыққа бөлеп маңайын!
«Тойға Шашу»
Орындайтын: «Жауқазын» би тобы
Нұрбек:
Елім менің, егеменді, еңселі,
Талай асу, белестерді еңсерді.
Ұрпағымын асыл туған алаштың,
Еш түсірмен мен сондықтан еңсемді.
Композиция «Қазағым менің тәуелсіз»
Құндыз:
Жүрегім қалықтатып ән салады,
Мақтанышпен жер жаһанға жар салады
Өткенің, бүгінің мен ертеңіңе
Бар әлем қайран қалып тамсанады.
Ән: «Қазақтай ел қайда?» Орындайтын: Қонарбаев Нұрлан
Нұрбек:
Қайта түлеп, жаңғырып жатыр далам,
Құдіретіңе бас иер күллі ғалам.
Сахнада туған жердің төл перзенті,
Ұрпағы ер Адайдың ұрандаған.
Құндыз:
«Қазақ» биі Орындайтын: Балабақша бүлдіршіндері
Нұрбек:
Ащы да болса ақиқат, шерлі болса да шындық қымбат. Еліміздің егемендікке қол жеткізуі өрімдей ұл – қыздың ерен ерлігімен, қиылған қыршын өмірдің өтеуімен келді.
Құндыз:
Алайда, қазақ қалқы 1986-шы жылғы желтоқсанда болған қанды оқиғаны ұмытпақ емес. Егемендік үшін, елі үшін жан пида еткен ерлер есімі алтын әріптермен қашалып, ел есінде қалмақ.
Нұрбек:
Бөрі Исаның күйі - «Желтоқсан» Сүйемелдеуші: Оразова Дарья, Өмірханова Алтынгүл
Жансая Сәбитова «Жан жарасы» монолог. Орындайтын: Тұрарбекова Мадина
«Желтоқсан тағылымы» Орындайтын: Молдағараева Амангүл
Нұрбек:
Бұзылмасын балалардыңұйқысы,
Тиылмасын сәбилердің күлкісі.
Аман болсын ақ жаулықты аналар,
Аман болсын ақ сақалды даналар.
Құндыз:
Еш сөнбесін бейбітшілік алауы,
Биік болсын байтақ елдің жалауы.
Кім-кімге де достық құшақ жаятын,
Тек тыныштық - азат елдің қалауы.
«Бейбітшілік» күйі Орындайтын: домбырашылар ансамблі
«Ерке сылқым» күйі
Нұрбек:
Жалынды ұран жаныма шабыт береді,
Ездер емес, еліме ерлер керегі.
Айбынды асқақ атаның асқар ұлдары
Жігер мен қайрат халыққа бүгін берері
«Патриоттық әндерден попури» Орындайтын: Ұлдар хоры
Құндыз:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімніңбар Президенті.
Нұрбек:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабағы.
Құндыз:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Нұрбек:
Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым бар менің!
Құндыз:
Ән: «Көк тудың желбірегені» Орындайтын: Көптілеуов Мерей
Нұрбек:
Ұрпағың бар еліңді сақтап өтер,
Ерлігіңді паш етіп, мақтан етер.
Ұрпағың бар марғасқа марқаятын,
Азаматтық борышын ақтап өтер.
Композиция «Азаттықтың ақ таңы»
Нұрбек:
Ән:«Әнбасы» Орындайтын: Ізғалиев Сұңғат
«Туған жер» орындайтын: Көптілеуов Мерей
Құндыз:
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,
Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!
Нұрбек:
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Құндыз:
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің ырысым,
Қазақстаным менің
Қазақстаным менің
Тіршілігім-тынысым!
«Атамекен» әні Орындайтындар: Шалабаев Қондыбай мен Қонарбаев Нұрлан
Нұрбек:
Ата заңымыз ақиқаттан аттамай, Елбасымыз ел қорғаны болып, елтаңбамыз елдігімізді айғақтап, көк туымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз асқақ үнмен шырқала берсін әрдайым!
Құндыз:
Тәуелсіз еліміздің мерекелі де берекелі күндері көп болғай!Қош сау болыңыздар!