Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ярославка селосының әкімі Д.Ештаеваның

селоның 2012 жылы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы ақпараты
Қазіргі уақытта село аумағында 110 аула бар. Халқы - 383 адам, оның ішінде 226 адам жұмысқа жарамды. Зейнеткерлер - 52 адам, мүгедектер-9, оқушылар саны -50, мектеп жасына дейінгілер-25.

Селода 13 ұлт өкілі тұрады, оның ішінде қазақтар -125 немесе 32%, орыстар -79 немесе 20%, украйндар -85 немесе 22%, басқа ұлттар - 94 немесе 36%.


01.01.2013 жылға жеке сектордың қосалқы шаруашылығы

Ірі қара мал -408 бас, оның ішінде 178 сиыр.

Қой мен ешкі 501 бас, шошқалар 158 бас, жылқылар 213 бас, құстар саны-2000.

Жазғы кезде мал бағымы ұйымдастырылды, бір ІҚМ бастың құны - 800 теңге. Ауылшаруашылық малдарынан қан алу және вакцинация жасау ветеринарлық іс-шаралары жүргізіледі. Малды индентификацияландыру мен құжаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізіледі.

2012 жылдың маусым айында «Жаңа Жер» ЖШС-і қоғамдық табынға «Герефорд» тұқымды бұқа сатып әперді. «Светлана-1», «Дос», «Жанатлек» шаруашылық қожалықтарынан осы малды ұстауға жем- шөп бөлінді.
Аграрлық сектор

Село аумағында «Жана Жер» ЖШС-нің №2 өндірістік учаскесі жер көлемі 13640 га, оның ішінде егістік жері 9558 га, сонымен қатар «Агро Фуд» ЖШС-4488 га, «Ильяс-2030» ЖШС -1456 га және жалпы алаңы 6498 га құрайтын 12 шаруашылық қожалықтары бар, олар:

1. «Жанатлек» ШҚ- 2145 га. егілді

2. «Наррус» ШҚ - 650 га.

3. «Дос» ШҚ - 390 га.

4. «Ярославка» ШҚ - 402 га.

5. «Алуа» ШҚ – 114 га

6. «Светлана» ШҚ – 197 га

7. «Алтын » ШҚ - 137 га

8. «Назгуль» ШҚ - 494 га

9. «Аманжол» ШҚ – егілген жоқ

10. «Алина» ШҚ – 96 га

11. «Алтын Дала» ШҚ - егілген жоқ

12. «Бейбарыс» ШҚ мал шаруашылығымен айналысады.

ШҚ орташа өнімділігі – 6,0 ц\га.

Село тұрғындарының аудан орталығына барып келуіне «Жаңа Жер» ЖШС-нің автобусы қатынап тұрады. Ауылдан аудан орталығына дейін қашықтық 46 км, Красивое селосына дейін 17 км, жетісіне екі рет қатынайды.

Қысқы уақытта жолға «Мираш» ЖШС-і қызмет көрсетеді, аудандық бюджеттен 2012 жылға селоның кіре беріс жолдарын қардан тазартуға 233 мың теңге бөлінген.

Шағын бизнес

Село аумағында шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 3 субъект тіркелген. Ауыл тұрғындарын азық- түлік және күнделікті қажетті тауарлармен жеке меншік дүкендер қызмет көрсетеді. Наубайхана жұмыс істейді. Күніге 100 нан пісіріледі, әр нанның бағасы 50 теңге.


Әлеуметтік сала

Село тұрғындарын әлеуметтік қорғау азаматтардың өтініштері бойынша жүргізіледі. Село әкімі аппараты жанынан атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейін балалары бар отбасыларына жәрдем ақы тағайындау комиссиясы құрылған. Балалар жәрдемақысы 2 отбасыға, тұрғын үй көмегі 6 отбасына көрсетілді.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша екі мектеп түлегі Көкшетау қаласының коледжінде оқып жатыр.

Егде адамдар да көңілден тыс қалған жоқ. Жыл бойына 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні мен Қарттар күніне, Тұңғыш Президент күніне арнап қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды, газет– журналдарға жазылу жүргізілді, ақшалай көмектер көрсетілді

Осы іс-шараларды өткізуге «Жаңа Жер» мен «Ильяс-2030» ЖШС- тері, «Светлана-1», «Дос», «Жанатлек», «Алина», «Назгуль», «Алуа»,«Бейбарыс» шаруашылық қожалықтары демеушілік көмектер көрсетті.

Білім беру

Қазіргі уақытта мектепте 50 оқушы білім алуда, оның 11 мектеп алдындағы дайындықта оқиды. 13 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімділер саны 10, арнаулы орта -3. Мектепте спортзал жұмыс істейді, компьютерлік сынып бар.

Мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектеп алды балалардан бастап 4 сынып аралығындағы оқушылар ЖШС-і демеушілігімен ыстық тамақпен қамтылған. Жаппай білім беру бағдарламасы бойынша жағдайы төмен отбасыларының 10 оқушысы білім беру бөлімінен тегін тамақтандырылады.

Мектепте жыл сайынғы жөндеу жұмыстары ата-аналардың көмегімен өткізіледі. 2009 жылы мектептің төбесін жөндеуге ЖҚҚ дайындалды, осы төбе жөндеу жұмыстары 2013 жылы осы шешімін табады деп ойлаймыз. Мектепте аптасына үш рет спорттық секция жұмыс істейді, балалар инспекциясында есепте тұрған оқушылар жоқ.

Мектепте жазғы демалыс кезінде «Қарлыгаш» мектеп жанындағы алаңы жұмыс істеді және онда тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Мектеп жанында балалар алаңы бар.


Денсаулық сақтау

Селода медициналық пункт жұмыс істейді, екі медициналық қызметкер село тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған, аурулар мезгілінде қабылданады, бүкіл дәрігерлік әрекеттер жасалады, шақыру болса үйде де көмек қөрсетіледі, әйелдер мен жас балалар бақылауға алынған. 2012 жылы 4 бала өмірге келді, ал қайтыс болғандар саны 3 адам. Флюрографиялық тексерістен 212 адам өтті. Туберкулезбен ауыратын ошақтар анықталған жоқ.

Медициналық пункте ағымдағы жөндеу жұмыстары «Агро Фуд» ЖШС-і көмегімен жүргізілді. Сонымен қатар қазандық қондырғы ауыстырылды. Ауыстыру жұмысына «Светлана-1» шаруашылық қожалығы көмек көрсетті.
Мәдениет және спорт

Селода клуб және кітапхана жұмыс істейді. Кітапхананың қоры 7616 дана, оның 1477 қазақ тілінде. Клубта аптасына үш рет дискотека өткізіледі.

Красивое селосында «Ақмола жұлдыздары» атты аудандық байқау өтті, осы байқауға біздің өнерпаздарымыз да қатысты. Байқауға мектеп оқушылары және зейнеткерлер, атап айтсақ Бакирова Багдат, Мейрманова Сакыш, Сыздыкова Нұрша апайлар белсенді қатысты.

Негізінен барлық спорттық іс-шаралар мектепте өткізіледі. Село жастарына секциялар ұйымдастырылған. Жазғы уақытта жастар спорт алаңында спортпен айналысады. Селода спортпен шұғылдану жоғары деңгейде.

Село құрамасы аудандық жазғы спартакиадасына белсенділікпен қатысты және жалпықұрам бойынша төртінші орын иеленді. Біздің құрама отбасылық старттан – Курумбаевтар отбасы жүлделі 2 орын алса, шахмат, дойбы және баскетболдан 3 жүлделі орын алды.

Жеңіс әр-түрлі спорт түрлерінен мектеп оқушылары: Савин Анатолий, Кучинский Анатолий, Христюк Дмитрий, Жангабулов Темирлан, Сердюк Ксения, Сердюкова Наталья; мектеп түлектері: Ващейкин Сергей, Косяк Сергей, Христюк Ольга, Сердюкова Светлана, Загривая Виктория, Ялынская Татьяна, Елеманова Дана; сонымен қатар село тұрғындары Кожебаева Мая, Мангерт Александр, Косиченко Наталья, Плотникова Светланалардың белсене арласуымен нәтижеге жетті.

Оның ішінде зейнеткерлер Карасаев Жұмабай (президенттік көпсайыс) мен Лакбай Кошмухамедке (шахмат) алғысымды айтқым келеді.

Қатысушыларға демеушілік көмек көрсеткен «Жаңа Жер» ЖШС-і.


Электроэнергия және байланыс

Село аумағында «Қазпошта» бөлімшесі жұмыс істейді, басылымдарға жазылу жоспары түгелдей орындалды. Тұрғындар телефон жүйесімен қамтылған, абоненттер саны 86. Теледидар жүесінің тарауы: «Ел Арна», «Қазақстан», «Хабар», «Евразия» бағдармалары, ауылдың 90% тұрғындарында спутникті антенналар бар. 2012 жылы 9 тұрғын спутникті «Отау-ТВ» антеннасын орнатты.


Сумен қамту

Село тұрғындары ауыз сумен түгелдей қамтамасыз етілген. 2 скважина және 2 су мұнарасы жұмыс істейді. Су тарататын желі үзілген кезде жөндеу жұмыстарына, су сорғыштарды айрбастауға село тұрғындары көмектеседі, ал «Жана Жер» ЖШС-і техника бөледі.



Көркейту

Жазғы кезеңде ауыл ішін көркейту, тазалау жұмыстары жүргізілді. Бірнеше мәрте бұқаралық сенбіліктер ұйымдастырылды. Ағаштар отырғызылып, қоршаулар жөнделді. Көптеген тұрғындар белсенділік танытты.

Көркейту жұмыстары кезінде Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері күшімен екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ярославка селосы әкімі аппаратында үш адам жұмыс істейді. Аппараттың жұмысы жартыжылдық және айлық жоспарлар негізінде жүргізіледі.

Азаматтардың өтінішіне ерекше назар аударылады. 2012 жылы 5 өтініш тіркелді. Барлық өтініштер уақытында қаралды.



Қорғаныс жөніндегі бөлімде есепте 11 әскерге шақырылатындар тұр. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы күштер қатарында 4 сарбаз өз жауынгерлік міндетін өтеуде.

Село әкімі аппараты жанынан Ардагерлер кеңесі мен Жастар ісі жөніндегі кеңес құрылған.

Ярославка селосының әкімі Д. Ештаеваның селоның 2012 жылы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы ақпараты

Халқы 383 адам, оның ішінде 226 адам жұмысқа жарамды. Зейнеткерлер 52 адам, мүгедектер-9, оқушылар саны -50, мектеп жасына дейінгілер-25

58.54kb.

25 12 2014
1 стр.


Қадірменді көпшілік!

Райымбек ауданының әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлының ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша 2011 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2012 жылы алда тұрған міндеттері

176.54kb.

04 09 2014
1 стр.


Красногорский кентінің әкімі Алферов В. И. 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы

Округтің 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі және 2013 жыл міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер

79.6kb.

14 12 2014
1 стр.


Баянауыл ауданының әкімі Е. Әйткеновтың ауданның 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезистері

Аудан аумағында көлемі 50,5 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан

158.27kb.

17 12 2014
1 стр.


Юбилейный селолық округінің әкімі Генералова Г. А. селолық округтің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Қазақстан -2050»

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, «Қазақстан -2050» стратегиясы нық тұрған мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Осы маңызды стратегиялық құжатта негізгі және қосалқы ба

71.76kb.

14 12 2014
1 стр.


Инвестиция және бизнес Мұнайлы ауданының 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысы Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді, Үкіметтің

40.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Каменка ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Бұл жұмыс тұрғындардың мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық және саясаттық реформаларының жүргізуі туралы ақпараттандырылуының дамуы үшін бағытталған, сонымен қатар, біз

73.46kb.

25 12 2014
1 стр.


Ақсай селосы әкімінің міндетін атқарушы Е. Хамзинның 2012 жылғы селоның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

Шс «Ақсай» жәнеде 15 жеке шаруашылық, 6 сауда дүкендері, Ақсай орта мектебі, почта, фельшерлік дәрігерлік пункт, Ақсай орта мектебінің жанынан құрылған шағын орталық, 20 шақырымдық

98.75kb.

25 12 2014
1 стр.