Перейти на главную страницу
2) Әр санның мән-мағынасын ашу.
3) Математикалық тілде меңгере отырып, қарым-қатынаста пайдалана білу.
Зерттеу әдістері:
Қазақ тіліндегі әліпбидің 42 әрпімен көп сөздердің жиынтығын құрастыруға болады. Математикада цифрлар да қазақ тіліндегі әріптер сияқты рөл атқарады. Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады.
Сөзімді бастамас бұрын сан деген ұғымның өзі нені білдіреді. Осыған тоқталып өтуді жөн көріп тұрмын.
Сан – математикадағы заттардың, нәрселердің мөлшерін анықтауға, санаудың немесе өлшеудің нәтижесін өрнектеуге арналған бірліктерден құрастырылған жиын.
Цифрлар әріптерге қарағанда аз. Олар бар болғаны он цифр – 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Мені осы сандар қалай пайда болғаны қызықтырады.
ІІ. Негізгі бөлім
Адамдар қалай санай бастады?
Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болу керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған.
Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңені қолайлы санау кезінде саусақтарыңды пайдалансақ, ешқашан есептен жаңылмайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне заманнан бері бар.
Көптеген ғасырлар бойы адамдарға сандардың қажеті болмады. Егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болғанға дейін адамдар «жинаушы-аңшылар» болған, олар жабайы табиғаттан күнкөріске қажет мөлшерде ғана азық тауып, айырбас немесе қорға азын-аулақ мөлшерін ғана қалдырған. Сондықтан олар бірдеңені санауға зәру болмаған. Алайда олар уақытты күнге, аймен жұлдыздарға қарап бақылап отырған.
Әлемде әлі де аз да болса жинаушы-аңшылар сияқты тіршілік ететін адамдар бар. Олардың көпшілігі санай біледі, бірақ кейбіреулері санақпен басын қатырып жатпайды.
Егер адамдар сандарсыз-ақ өмір сүре алатын болса, неліктен біреулер бір кездері санай бастаған? Алаяқтыққа жол бермеу үшін. Сандардың пайда болуының себебі де осы. Айталық, сен 10 балық ұстадың да, оның досыңнан үйіңе апаруды өтіндің. Егер сен санай білмесең, ал досың бірнеше балықты өзіне қалдырса, сен ол туралы ешқашан білмес едің.
Қол саусақтарымен тек онға дейін санау ғана ыңғайлы. Адамзат баласы ғасырлар бойы дене мүшелерін пайдалану арқылы 10-нан кейінгі сандарды есептеудің көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Тіпті қазірдің өзінде де кейбір халықтар осындай тәсілдерін пайдаланады.
Жаңа Гвинеядағы Папуа аралдарындағы тайпаларда санаудың кем дегенде 900 әр түрлі жүйесі бар. Көптеген тайпа қол саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды, яғни – 20-дан.
10 – оларда екі қол.
15 – екі қол мен бір аяқ.
Ал 20 – адам.
Осыдан 5000 жылдай бұрын Иракта өмір сүрген вавилондықтар алпыс-алпыстан санаған. Олар бір жылдағы 360 күнді 6х60 ретінде елестеткен. Олар санау кезінде саусақтарды қалай пайдаланғаны бізге белгісіз, бірақ олар бас бармақпен бір қолдың саусақтарындағы 12 сегментті көрсеткен деген болжам бар. Ал екінші қолдың әр саусағы 12 санын білдірген, сондықтан саусақтардың қосындысы 60 санын құрайтын болған. Вавилондықтар минуттар мен секундтарды ойлап тапқан, осы уақыт өлшемдерін біздер әлі күнге дейін 60-тан есептеп отырмыз.
Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, сонымен бірге көбейту үшін де пайдалануға болады. Осы айлалы әрекетті 9-ға көбейтуға қолданып көр. Қолдарыңды алдыңа қой да, сол жақтан қарай санай баста. Қайсібір санды тоғызға көбейту үшін тиісті саусағыңды бүк. Мысалы, 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк. Енді сол жақта 6 саусақ және оң жақта 3 саусақ қалды, демек, жауабы 63 болды. (9-ды 5-ке көбейткенде 45 саны шығады.)
Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық, мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды.
Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастаған адамдар базарларда сауда жасауға кірісті. Оларға қолдарында қанша нәрсенің бар екенін, қаншасын сатқанын немесе сатып алғанын нақты білу керек болды, әйтпесе адамдар бірін-бірі алдауы мүмкін еді. Сондықтан фермерлер жазба жасап отырды, ол үшін ағаш таяқтарға немесе сүйектерге кертіріктер түсірді. Немесе жіптерге түйіндер байлады. Иракта өзен басшылығының дымқыл кесегінебелгілер жасап отырады. Дымқыл кесек күнге кепкен кезде, ондағы жазбалар ұзақ сақталатын еді.
Сөйтіп, Ирактағы фермерлер тек сандардың белгілерін ғана емес, сонымен бірге жалпы жазу өнерін де ойлап тапты. Бұл өркениеттің бастамасы еді және ол сандардың арқасында мүмкін болды.
Осыдан 6000 жылдай бұрын Вавилондағы (Ирак) фермерлер сауданың есебін жүргізу үшін қыш жетондар жасай бастады. Олар заттарды белгілеу үшін түрлі символдарды пайдаланды.
Сонымен, сопақ пішіндегі жетон бір қап бидайды білдіреді.
... ал дөңгелек жетон – бір құмыра май. Екі немесе үш құмыра майды соған сәйкес екі немесе үш жетонға айырбастауға болады.
Көне сандарды белгілейтін ең бірінші символдар көне жетондарға ұқсас шеңберлер мен конустар болды, бірақ ағаш қарындаштарды (таяқшаларды) үшкірлеу етіп ұштауға үйренген адамдар сандарды конустар арқылы бейнелей бастады.
Олар 10-ға жеткен кезде символды бір бүйіріне қаратып бұрады ...
... ал, 60-қа жеткенде оларды қайтадан тік қояды.
Вавилондықтар 99 санын былай жазған болар еді:
Ал, мысырлықтар ондықтармен санаған және сандарды әр түрлі бейнелермен немесе «иероглифтермен» белгілеген№ жай сызықтар 1, 10 және 100 санын білдірген. Лотос гүлі 1000-ды, саусақ 10000-ды, ілмек 100000-ды белгілесе, ал миллионды құдайдың бейнесімен таңбалаған.
Үлкен сандарды таңбалау үшін иероглифтерді бірнеше бағанға және сызықтарға жазған. Мына мысал мысырлықтардың 1996 санын қалай жазғанын көрсетеді.
Солтүстік Американың байырғы тұрғындары да сондай-ақ мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Олар сандарды жазудың өздеріне тән тәсілін ойлап тапқан. Майя тайпасының сандар жүйесі тіпті египеттіктердің жүйесінен де артықтау болған. Олар күнді анағұрлым дәл анықтаған. Жылдың 365, 242 күнге созылатынын нақ сол тайпаның адамдары есептеп шығарған. Олар жиырмалықтармен санақ жүргізген, бәлкім, санау кезінде аяқ башпайларын да пайдаланса керек. Сандардың бейнесі оларда бұршақтарға, таяқшалар мен улутастарға ұқсас болған, осы заттарды абактар (есепшоттар) ретінде пайдаланған.
Ал, Рим империясы үстемдік құрып тұрған кезде рим сандары бүкіл Еуропаға тарады. Римдіктер ондықтармен санаған және әріптерді сан ретінде пайдаланған. Еуропалықтар үшін бұл 2000 жыл уақыт бойы сандарды жазудың негізгі тәсілі болды. Біз осы уақытқа дейін рим сандарын сағаттардан, корольдік лауазымдар есімдерінен (Королева Елизавета ІІ) немесе параграфтарды нөмірлеу үшін қойылатын кітаптардан кездестіреміз – (І), (ІІ) және (ІІІ).
Есептеудің көптеген жүйелеріндегі сияқты, римдіктер символдарды қайталау тәсілін пайдаланған.
1-дегеніміз І 2 дегеніміз ІІ 3 дегеніміз ІІІ
Үлкен сандар үшін түрлі әріптерді пайдаланған.
V X L C D M
5 10 50 100 500 1000
Қайсыбір санды жазу үшін сәйкес әріптерді солдан оңға қарай кезекпен жазу қажет, бұл ретте ең аз сандар оң жаққа, ал ең үлкен сандар сол жаққа орналасуы тиіс. Бұл оп-оңай амал, бірақ сандар тым ұзын және арбиған болып шығуы мүмкін.
49 санын жазу үшін 9 әріп керек болады:
Өздерінің өмірлерін жеңілдету үшін римляндықтар кейбір сандарды айырма түрінде жазатын ереже ойлап тапты, бірақ азайтқыш сол жағында жазылды (5-1). Сондықтан ІІІІ – 4 санының орнына олар IV деп жазды. Бірақ адамдар бұл ережені үнемі сақтай бермейді. Тіпті қазірдің өзінде де кейбір сағаттардан 4 санын ІІІІ деп белгілегенді көресің.
Көне замандарда арифметикалық амалдарды орындаудың ең озық тәсілі шоттарды (абактарды) пайдалану болды, ол есептеуге арналған амал, мұнда бұршақтар немесе ұсақ малта тастар қатарларға тізілетін. Бірақ осыдан 1500 жылдай бұрын үнділер санаудың орналасу жүйесі – сандардың жазылу тәсілін ойлап тапты. Ондағы символдар шоттағы қатарларға сәйкес келді. Бұл қиын (арифметикалық) амалдарды орындау шоттың көмегін қажет етпеді, сандарды жай жаза береді. Бірақ бос қатар үшін таңба қажет болды, сондықтан үнділер нөлді ойлап тапты. Бұл асқан даналық еді. Жаңа сандар Азиядан Еуропаға тарады, біз оларды күні бүгінге дейін пайдаланамыз.
Үнділер жазудың жатық стилін пайдаланып, пальма жапырақтарына сияның көмегімен сандар жазған, сондықтан сандар иілген. 2 мен 3-ке арналған символдар сызықтар тобын құраған, бірақ адамдар осы сандарды тез жазған кезде, осы сызықтар бірігіп кеткен.
Басқа есептеу жүйелерінен айырмашылығы – үнділер тек 10 символды ғана пайдаланған, бұл амал жүйені оңайлатқан. Символдар бүкіл әлемге тарай отырып, ғасырлардан ғасырларға қарай өзгеріп отырды да, біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.
Б.д.д. 2000ж. Осыдан 4000 жыл бұрын Иракта вавилондықтар саз балшықтағы белгілер арасында бос орындар қалдыру арқылы нөлді бейнелеген және осы бос қалдырылған орындардың шын мәнінде санды білдіретіні олардың тіпті қаперіне де келген емес.
Б.д.д. 350ж. Ежелгі гректер тамаша математиктер болған, бірақолар нөл ұғымын саналарынан мүлде шығарыптастаған. Грек философы Аристотель былай деген: «Нөлге тыйым салу керек, өйткені соның салдарынан адамдар сандарды нөлге бөлуге әрекеттенген кезде, есептеуде ретсіздік орын алды».
Ал, Римдіктер нөлді пайдаланбаған себебі нөл олардың есептеу жүйесінде қажетсіз болған. Олар: Егер санайтын ештеңесі болмаса, онда осы сан жалпы не үшін керек? – деп пайымдаған.
600 жыл. Үнді математиктері нөлді ойлап тапты. Олар санның орналасуы оның мәнін анықтайтын жүйені ашты, ал бос орындарды көрсету үшін олар нүктелер мен дөңгелектерді пайдаланған. Неге дөңгелектерді? Себебі – бұрын есептерді шешу кезінде үнділіктер құмға ұсақ малта тастарды қатарлап тізген, ал қиыршық тастарды алған кезде, құмда дөңгелек түріндегі іздер қалып қояды.
1150 жыл. Нөл Еуропаға араб елдері үнді сандарын пайдаланған кезде ХІІ ғасырда келді. Адамдар есеп айырысу кезінде ештеңені пайдаланудың өте қолайлы екенін түсінді.
Қазақта сандардың пайда болуы жоғарыда атап өткеніміздей сан дегеніміз – заттардың, нәрселердің мөлшерін анықтауға негізделген жиын болып табылады. Мен өз зерттеу жұмысымда адамдардың қалай санай бастағанын, сандардың қалай пайда болғандығын, олардың белгіленуін зерттей, зерделей келе сандар әлемнің сиқырына терең бойлай білдім деп ойлаймын. Әр халықтың, ұлттың санау жүйесінің қалай шыққандығымен қатар, қазақ халқының да сандарға қалай назар аударатынын, олардың адам өміріндегі, болмысындағы маңызына тоқтала кеткім келеді.
Бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған.
Мәселен, қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде елді сәулеттендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып, жинақталып, жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. Қазақтың би-шешендерінің ішіндегі сандар арқылы ақыл, насихат айтып кеткен шешендеріміздің бірі – Бөлтірік шешен. Ол қазақ ұғымындағы киелі жеті санына негізделген қасиеттер, дәстүрлер тағылымын толғайды. Мәселен, «Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Жеті жақсы», «Жеті жетім», «Жеті жетіні білгенді адам дейді», «Бес жаман», т.б. толғауларын атап айтуға болады. Демек, қазақ халқының сандарды қастерлеуі, олардың қасиетіне терең бойлауы артында қалған ұрпаққа тәлім-тәрбие берері анық. Қасиетті сандарға келетін болсақ 3, 5, 7, 9, 30, 40 сандарын атауға болады. Мен осы сандардың ішіндегі 3 және 7 сандарының қасиетіне тоқтала кетейін.
«3 арсыз»
«3 даусыз»
«3 Арыс»
«3 Дана»
«3 Би»
«3 жүз»
«3 қасиет»
«3 көз»
«7 ата»
«7 күн»
«7 нота»
«7 жұт»
«7 қазына»
«7 керемет»
Сандар туралы санамақтар, өлең-есептер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар көп кездеседі.
Өзімде бар сан қанша,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі төс қалта,
Және екі тыс қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте, кәне, ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы, айтпақшы, пальтон бар.
Онда да төрт қалтам бар.
* * *
Түйе бота маң басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой.
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
Мың найзалы жалғыз батыр,
Жауларына алғызбай жүр.
(кірпі)
7 бауыр – туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық – уыспыз.
(апта күндері)
Екіншісі жылытады, жер кеңіп.
Үшіншісі көк теңізге бар дейді,
Төртіншісі ұсынады бар дәмін.
(қыс, көктем, жаз, күз)
12 ағайын бірінен соң бірі жүреді,
Бірақ таппайтынын біледі.
(айлар)
Жылына кім төрт рет ауыстырар киімін?
(жер)
Сандарды ыңғайына қарай құрастыра немесе тіркестіре отырып әр түрлі бейнелерді жасауға болады. Немесе қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді әр түрлі сандарға ұқсатуға болады.
Өмір бойы жан-жануар бейнесін,
Жасап келген суретшіге не дерсің!
Жауабын кім тез береді білсе егер,
Қай сандардан сурет салдым мен шебер?
Мінеки, сандардың алуан түрлерін біліп, олардың сырына терең бойлай білу арқылы осындай бейнелерді мысал ретінде келтіруге болар еді.
Мен, өз тарапымнан сандар сырын зерттеуді осымен тоқтатып қоймай, сандардың күрделенуін, олардың математика әлеміндегі орнын, қиын амалдарды шешумен шұғылданамын. Мен, осы орайда сандардың жазылуының таңбалануына назар аудара отырып әр түрлі табиғаттағы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы құбылыстарды бақылай келе, сандар арқылы алуан түрлі нәрселерді ойлап табуды ұйғардым.
Ал сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік. Сандарсыз біз заттарды да сатып ала алмаймыз. Өзімізде бар нәрсені қайта санау үшін немесе бізге тағы да қанша қажет екендігін сандардың көмегімен анықтаймыз. Біз не істесек те, барлығы математикамен сабақтасады. Бізге қайта санауға, өлшеуге, санап шығуға және болжауға, сондай-ақ түрлі есептер шығаруға тура келеді. Осы сандардың көмегімен осылардың барлығын ойдағыдай жасауға болады.
Зерттеу мақсаты: Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Осы сандар қалай пайда болғанын анықтау. Олардың шығу тарихы туралы білгім келеді. Достарымды сиқы
07 10 2014
1 стр.
Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу материалдары
17 12 2014
3 стр.
Мақсаты: студентерді нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісімен таныстыру. Оларға әлеумттанулық зерттеу техникасын түсіндіру
09 10 2014
1 стр.
Мақсаты: Плевралық сұйықтық және қақырықты лабораториялық зерттеу әдісін өзіндік меңгеру. Лабораториялық зерттеуге қақырық және плевральді сұйықтық жинау техникасын үйрену
25 12 2014
1 стр.
Азіргі заманда қолданылатын биологиялық мембраналарының құрылымы мен функцияларын зерттеу әдістері туралы анықтама алу
15 10 2014
1 стр.
Сабақтың мақсаты: Жарық поляризациясының физикалық негізі жайлы түсінік алу және биологиялық обьектілерді зерттеу барысында осы әдісті қолдану мүмкіншіліктері. Спектроскопты градуи
15 09 2014
1 стр.
Мақсаты: көрсетілген және қосымша әдебиет қолданумен сабақ тақырыбын өзін бетінше зерттеу және презентация түрінде зерттелген материалды жасау
09 10 2014
1 стр.
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі мәселелері
06 10 2014
1 стр.