Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 8страница 9
Бәсекелестік туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсанындағы

N 112-IV  Заңы
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты

      1. Осы Заң нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін айқындайды. Заң Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. 


      2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

      2-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы 


              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында күші болады және нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. 
      2. Осы Заңның ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде нарық субъектісі жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса: 
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса; 
      3) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай іс-әрекеттерге де қолданылады.

      4-бап. Бәсекелестік принциптері

      Бәсекелестіктің негізгі принциптері: 
      1) жарыспалылық; 
      2) адалдық; 
      3) заңдылық; 
      4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.

      5-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат

      1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады. P080001220
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады. 
      3. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.

       6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
      2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
      3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
      4) мемлекеттiк монополия – осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы;
      5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
      6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;
      8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
      9) нарық субъектісі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғасы, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі);
      10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
      11) реттеуші орган - реттелетін нарықтарда бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
      12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;
      13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
      14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;
      15) тергеу - монополияға қарсы органның осы Заңның бұзылуын растайтын фактілерді анықтауға, оларды тіркеуге және тиісті шешім қабылдауға бағытталған іс-шаралары;
      16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
      17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       7-бап. Тұлғалар тобы

      1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса: 
      1) тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес проценттен астамына тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) билік етуге құқығы болса; 
      2) заңды тұлғаның немесе бірнеше аффилиирленген заңды тұлғалардың басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса; 
      3) жеке тұлғаның, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органы өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса; 
      4) тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың әрқайсысымен осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша бір топқа кірсе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады. 
      2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қарастырылады. Осы Заңның нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.


следующая страница>


1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер

Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді

924.37kb.

25 12 2014
9 стр.


1-бөлім. Жалпы ережелер

Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген

2718.52kb.

12 09 2014
16 стр.


I. Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер

Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды ретте

1532.63kb.

25 12 2014
6 стр.


1-бөлім. Жалпы ережелер

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (58-шығарылым) Жалпы мамандықтар, Киностудиялар және Теледидар мен радиотарату к

1321.88kb.

17 12 2014
3 стр.


1-бөлім. Жалпы ережелер

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (36-шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Таскендір техникалық бұйымдарын өндіру»

275.89kb.

08 10 2014
1 стр.


1-тарау. Жалпы ережелер

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi

201.58kb.

25 12 2014
1 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

427.34kb.

13 10 2014
4 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

410.81kb.

14 12 2014
4 стр.