Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
3-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
7-1) маңдайша – сауда жасау (қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау) субъектісі тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстарды орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын, оның эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъектінің атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат;
8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және
арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.
2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.
3. Алынып тасталды.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.
Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.
2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.
3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды.
Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
Көлiк құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды,
1. Мыналарды:
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi
Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның iшiнде банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен
1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түпнұсқа тілінде келтіріледі.
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде
Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшiрмелерiн, оларға кейiннен енгiзiлетiн өзгерiстердiң бәрiн қоса алғанда, жарнама берушi, жарнама жасаушы бiр жыл бойы, жарнама таратушы - жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемiнде бiр ай бойы сақтауға мiндеттi.
3-тарау. Жарнама саласындағы
мемлекеттік реттеу
17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу
1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.
Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi тиiстi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) ұлттық мүдделердi қорғау;
2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.
17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) жарнама туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
2) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.
17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жарнама саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 № 264, жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлетті органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.
Егер жарнама берушi, ескертуге қарамастан, өзiнiң жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзiнiң жарнамалық ақпаратының дәйектi екендiгiне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсiз жасауы мүмкiн өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, белгiленген тәртiппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуiн талап етуге құқылы.
19-бап. Терiске шығару
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөнiндегi шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.
2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртiбiнiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда уәкiлетті органның шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді
25 12 2014
9 стр.
Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда болатын қатынастарды ретте
25 12 2014
6 стр.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттiк мiндеттер Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕнамасымен мемлекеттiѕ, оныѕ органдары мен мемлекеттiк ќызмет атќаратын адамдардыѕ ґкiлеттiгiне жатќызылєан iс жїргiзу мјндерi
10 10 2014
1 стр.
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар n 20-21; "ресми газет" 2007 ж., наурыз, n 9
16 12 2014
4 стр.
Тарау серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері
16 12 2014
3 стр.
Салыстыруларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық немесе оның нұсқауымен еншілес кәсіпорын ұйымдастырады және жүргізеді
25 12 2014
1 стр.
Жалпы ережелер (1 135 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық (1 4 баптар)
10 10 2014
18 стр.