Перейти на главную страницу
Есепті стандарттау термині дегеніміз есепті жүргізу мақсатында субъектілер қызметін реттеу мақсатында заңнамамен бекітілген процедуралардың жиынтығын қолдану.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың пайда болуы ең алдымен мынандай объективтік алғышарттармен байланысқан:
1) интеграция, әлемдік экономиканың өзара тәуелділігі, өзара байланыстылығы, және қаржылық әрі инвестициялық нарықтардың жан-жақты қажеттілігі;
2) трансұлттық корпорациялардың , интеграцияланған бірлескен кәсіпорындардың , корпорациялардың кеңеюі және әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуі;
3) әлемдік өндіргіш күштердің жаппай, жаһандық және интернационалдық деңгейге дейін дамуы;
4) жетекші елдердің валюталарының еркін конвертациялануы, сонымен бірге ортақ еуропалық валюталардың енгізілуі;
5) әлеуметтік, экономикалық, қаржылық салаларда ұлтаралық бағдарламаларды жүзеге асыруда және экономикалық үрдістерді басқаруда біріздендіру және стандарттау сияқты ортақ тәсілдемелердің қажеттілігі;
6) ұлттық қағидалар мен ережелер шеңберінде қалудың мүмкінсіздігі;
7) халықаралық ережелерге немесе серіктес елдің ұлттық нормаларымен сәйкес есептілікті жүргізу үшін едәуір қаржыларды жұмсамай-ақ дұрыс шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы, түсінікті ақпаратты иелену тілегі.
ҚЕХС-ның айырықша ерекшелігі есептік мәселелерді шешуге қатысты тәсілдемелердің көп варианттылығы. Мұның мысалы ретінде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) есептеудің, запастардың, инвестициялардың есебін жүргізудің балама әдістерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Көптеген себептерге байланысты ҚЕХС әр түрлі елдерде, әсіресе АҚШ-тағы есепті енгізу тәжірибесінің ықпалында тұрады.
Айтылғанға байланысты, халықаралық стандарттар кәсіпорындардың іс жүзінде барлық аспектілерін регламенттей отырып, оның әрекет етуінің жеткілікті кең салаларын қамти алмайды. Сондықтан да ҚЕХС-ын зерттей отырып, оларды қолдану кәсіпорынға өте кең қолданылатын жалпы қабылданған нұсқаларын таңдауына мүмкіндік береді.
ҚЕХС-ын сәйкес қалыптасатын есептік және есептілік ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктері бар, оларды біз төмендегі 1-кестеде топтастырдық.
1-кесте - ҚЕХС –ның артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
|
|
Сәйкесінше, мынаны айтуға болады, яғни ақпараттық базаның негізі ретіндегі ҚЕХС-ын бухгалтерлік есептің отандық жүйесіне енгізудің мақсаты – есептіліктің ұлттық айырмашылықтарын азайту және әр түрлі пайдаланушылар шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету.
Есептік жүйені стандарттау – бұл әр түрлі елдердегі есеп жүйесін зерттеу, жіктеу және топтастыру және де есеп пен есептілікті жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.Бұл жағдайда әрбір елде есептің өзіндік ұлттық жүйесі қабылданған, ол белгіленген дәрежеде жалпы қағидаларға бағытталған.
2.2 Халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды
жіктеу және бағалау
Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).
16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.
Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.
Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді (16 ХҚЕС 7.б).
Неізгі құралдар – материалдық активтер олар:
А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:
«Негізгі құралдар – бұл:
Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.
Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:
Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС – нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 – «Негізгі құралдардың есебі» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51- ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.
А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс – қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы № 6 қаулысымен бекітілген қаржы – шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс – қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Негізгі құралдар міқұралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісімен ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік – сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісімшартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал – жабдықтар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу – сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:
Шаруашылық операциялаңрыны мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
а) жарияланған жарғы капиталы сомасына |
5020 «Төленбеген капитал» |
5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» |
1 000 000 |
ә) негізгі құралдар салымы |
2412-2416 «Негізгі құралдар» |
5020 «Төленбеген капитал» |
600 000
|
|
2412-2416 «Негізгі құралдар» |
4110 «Төленуге тиісті шоттар» |
324 000 |
|
2412-2416 «Негізгі құралдар» |
6280 «Басқадай» қосымша қызметтен түскен табыс |
127 800 |
|
2412-2416 «Негізгі құралдар» |
4110 «Төленуге тиісті шоттар» |
300 000 |
Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады, белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.
25 12 2014
7 стр.
Жшс «Игілік Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы
16 12 2014
8 стр.
14 12 2014
6 стр.
Курстың негізгі мақсаты электрэнергетика саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда т
15 10 2014
1 стр.
Аталған дипломдық жоба -алматы- тараз жолдың құрылысытың экономикалық жобаларын жасауға арналған. Бұл жоба екінші техникалық категорияға жатады, жолық саны 2, жол төсемі асфальтбет
17 12 2014
6 стр.
Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндік
17 12 2014
15 стр.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі әлеуметтік-саяси жүйе және қазіргі кезеңдегі жағдай жаңа тарихи тұрғыда талқы
25 12 2014
1 стр.
Тақырып: Қосжарнақтылар класы. Біріккенжапырақтар класс асты. Жауылша тұқымдасының сипаттамасы. Сабынкөк тұқымдасының сипаттамасы
08 10 2014
1 стр.