Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

2. Ет сорпасымен араластыру;

3. Тұз қосып 20 минут қайнату;

4. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу

2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды.

Азық – түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше).

Дайындалу технологиясы:

1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады;

2. Пісуге жақындағанда қант, тұз, бұрыш, лимон, сірке қышқылын қосады;

3. Тұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалғанкөкөністердітұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды;

4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу.

V. Бекіту сұрақтары:

1. Тұздық дегеніміз не? (қысқаша)

2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі?

3. Тұздықтарды неше түрге бөледі?

VІ. Бағалау.

Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау.

Қорытынды.

Оқушылардың білімін сұрақ – жауап арқылы қорыту.

Не білдім?Не үйрендім ,Не білгім келеді,Үйге тапсырма: Тұздық түрлеріне қарай сөзжұмбақтар құрастырып келу.

4сабақ 9-сынып



Сабақтың тақырып: Екінші тағамға тұздық және гарнир таңдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.

Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері.

Пәнаралық байланыс: тарих,

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылырмен сәлемдесемін;

Оқушыларды түгендеймін;

Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Жаңа сабақ

Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі еті-нің бір-бірінен айырмашылы-ғы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гиста-мин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Ет-те толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сор-паға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнім-дерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.

Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың тү-ріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.





І. Кіріспе №1 сабақ 10-сынып

І- тарау.

Тігін бұйымдарының түрлері

ІІ. Негізгі бөлім

Педогогикалық тәжірибе

а. Үлгі таңдау, өлшемдердің түрлері.

ә. Тігін бұйымдарын пішу ерекшеліктері.

б. Тігін бұйымдарын оқушыларға оқыту әдістері.

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.



Тігін бұйымдарының түрлері

Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес болуын қадағалаған жөн. Казіргі заманғы киімдер көп қырлы, киюге ыңғайлы және қолай-лы. Алайда тігін бұйымы өмір ағымына сай, яғни қандай болғанда негізгі талаптарға сай да болуы керек. Олар:

- гигиеналық жағынан —әдемі, сәнді;

- пайдалану жағынан — төзімді,ұзақ киілетін;

- экономикалық жағынан — бағасының қымбат болмауы.

Осының барлығына қарамастан киімге қойылатын талаптың ең біріншісі оның сәнді болуы, яғни ыңғайлы ұзындықта,салалы матадан, лайықты түсте, сәнді нақышта т.б. тігілуі тиіс.

Сән (мода) — француздың mode, ол өзіне дейінгі латынша modus сөзінен шыққан, ол өлшем,бейне, тәсіл деген мағынаны білдіреді. Сән ұғымының әр түрлі анықтамасы бар.Белгілі орыс жазушысы В.Дальдің айтуынша сән дегеніміз — "күнделікті тұрмыста,қоғамда, киім кию үлгісінде болатын өзгермелі, уақытша бір күй, бап таңдау". Мынадай да анықтама кездеседі: сән дегеніміз — бұл белгілі бір уақыт аралығында барынша танымал болған және көпшілік мойындаған ең үлкен таралым. Бұйымның қаншалықты сәнді екенін анықтауға немесе сәнді бұйымды таңдауға арналған көптеген сән журнал-дары бар. Олардың ішінде кең тарағандары: "Маусым сәндері" ("Модели сезона"), "Boutigue", "Burda". Бұл журналдардың бәрінде пішім үлгілері жинақталган қосымшалары бар.

Әрбір үлгінің өз нөмірі болады, қосымшадағы осы нөмірдің астында оны дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады. Одан үлгінің суретін, материалдық шығынды, қосымша парақты, тішімдердің кішірейтілген сызбасын, жайылманың жоспарын, түсініктеме мәтінді табуға болады.



Үлгінің суреті —онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.




Арнайы жабдықталған кәсіптіктігін машиналары

№2-сабақ 10-сынып



Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

1. Кәсіптік оңалту: кәсіптік қызығушылықты анықтау; мамандарды жеке таңдап алу, жоғалтылған еңбек дағдыларын қайта жандандыру.

2. Психологиялық оңалту: психологиялық көмек көрсету; жоғалтылған өзіндік қабілетін қалпына келтіру; тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау.

3. Әлеуметтік — тұрмыстық оңалту: жеке таңдау және оңалтудың техникалық жолдарын үйрету.

4. Әлеуметтік мәдени оңалту: мүгедектерге мәдени бағдарламалар ұйымдастыру және өткізу.

5. Ақпараттық ресурстарға қол жетімділік: кітапхананы пайдалану.



Кәсіптік оңалту

Тігін цехы – қазіргі заманғы әмбебап тігін машиналармен қамтылған, (3 — 5 жіптік оверлогты, петельді, паропарлық машиналар, дисктік пышақтар) арнайы машиналар.

lsstr1.jpg

Барлық өлшемді және жоғары сапалы маталардың әр түсінен жасалған төсек жабдықтарының кең көлемді түрлері бар. Барлық өлшемдері: сәбилерге, балаларға, 1,5 және 2 өлшемді.


lsstr2.jpg

Тауық жүнінен жастық өлшемі 65 х 65 , 70 х 70
Жүнді , жүн аралас , бәйке , силиконды көрпелер , жылы орамалдар , жапқыш және т.б.


lsstr3.jpg

Кең көлемді сапалы жүннен жасалған сүлгілер, орамалдар, халаттар.

Арнайы киім үлгілері: Медициналық қызметкерлер, сауда және қоғамдық тамақтандыру жұмысшылары үшін .


lsstr4.jpg

Өлшемдерді тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша өзгертуге болады


lsstr5.jpg

Картон цехы — қағаз кесу машинасы,Папшер, және т.б.

lsstr6.jpg


Қағаздан жасалған конверттер, пакеттер.

Крафт-қағаздан үшбұрышты клапанды А4, А5, А6 және т.б. форматтағы конверттер.



lsstr7.jpg

Үшбұрышты клапанды конверттер ақпаратты қорғауды ерекше талап ететін мемлекеттік құрылымда, банктік секторларда және басқа компанияларда қолданылады. Үшбұрышты клапанды конверттер сургун мөрін бекіту үшін басылады. Крафт қағазынан жасалатын конверттер тапсырыс берушінің қалауына қарай.



Баспахана— «Ромайор», Ризограф сондай-ақ темірмен тігу станоктарымен қамтылған.


lsstr8.jpg

Бланкілер, Журналдар

А4, А5 және т.б. форматтағы медициналық бланк, карточка, кітап және журналдардың сапалы офсетті басылымы ҚР ДСМ 2010 жылғы 23 қарашадағы бұйрығындағы барлық өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес.


lsstr9.jpg

Бізге тапсырыс бере отырып сіз өз үлесіңізді мүгедектермен еңбекке оңалтуда маңызы зор көмек бересіз.

Технология №4 сабақ 10-сынып

Иықбұйымдарынмодельдеужәнежобалау

Мақсаты: Қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет-ғұрпын меңгерту. Иық киімдері туралы түсінік беру.Камзолдың шығу тарихымен таныстыру.

· Тіл байлықтарын арттырып, өнеге қызығушылығын, шеберлігін дамыту.

· Әдептілікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2- слайд

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктері: буклет, ұлттық киім үлгілері, камзолдың сызба нұсқасы, нұсқау карталар,т.б.

Техникалық құралдар:тігін манинасы, үтік

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, тігу, сызу.

Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, ауыз әдебиеті.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.



Психологиялық дайындық:

Бүгін менің көңіл күйім өте жақсы!

Менің қолымнан бәрі келеді!

Мен мұғалім қойған сұрақтың бәріне жауап бере аламын!



3-слайд

ІІ. Өтілгенді қайталау:

4-слайд

- Әжемнің қобдишасында нелер жатыр?

- Бұл зат ертеде тас дәуірінде пайда болған. Ертеде оны сүйектен, темірден, болаттан дайындаған. Еуропа еліне бұны дайындайтын металды ХV ғасырда әкелген. Қазір бұны медицинада, тігін өнеркәсібінде кеңінен қолданады. (Ине)

- Бұл зат бірнеше ғасырлар бойы келе жатыр. Бас кезінде беті тегіс темір бөлшегі ғана болған. Оны қызып тұрған отта ұстаған. Ертеде ол от арқылы жұмыс істеген. Қазір тоқ күшімен жұмыс істейді. (Үтік)

- Тұтқалы құрал ол қолды және механикалы болып келеді. Бұл тұтқаны ертеде Еуропада Хғасырда дайындаған. Тұтқаны болаттан, күмістен, алтыннан да дайындаған. Үй жағдайларыңда нағыз керек зат, өзіңе серік, еркін қызмет атқаратын құрал. (Қайшы)

ІІІ. Жаңа сабақ

5-10- слайдтар

- Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық

бұйымдарды атайды. Оларға көйлек, халат, шапан, камзол, тон, жейде, костюм, т.б. жатады. Иық бұйымдарының белдешеден айырмашылығы – мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады.

- Сонымен қатар сәніне қарай ұзын-қысқа түрлері де кездеседі.



Жаңа сөздер:

Сән, көркемдеуші-сәнгер, коллекция, шығармашылық процесс, техникалық сәндеу, көркем сәндеу, эскиз.

- Камзол – қазақ киімінде ерекше орын алады. Ол әрі жылы, әрі сәндік киім.

- Камзолдың материалы – көбіне түкті пүліш маталар, оны барқыттан, шұғадан тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі.

- Камзолда жең болмағандықтан, жаға да жасалмаған. Камзол өңірі өрнекпен әдіптелген.

11-слайд

ІV. Сергіту:«Сөздің көркі – мақал»

- Жұмбақ жасыру арқылы жауабына сәйкес мақал-мәтел айту.

Жұмбақ: Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан.

(Қайшы)

Мақал: Асыл қайшы пішуге сән,



Күміс қасық ішуге сән.

Жұмбақ: Қиылдаса қос шебер

Қырау-қырау іс өнер.

(Қол)


Мақал: Көз – қорқақ, қол – батыр.

V. Сарамандық жұмыс

1. Камзолдың суреттерін салу (модельдеу)

2. Иық бұйымының сызбасын тұрғызу.

3. Нұсқау картасымен жұмыс.

14-слайд

(Нұсқау картасымен жұмыс)



VІ. Сөзжұмбақ шешу

15-слайд

Сұрақтары:

1. Әжелерге арналған бас киім – кимешек

2. Ұлттық иық киім – шапан

3. Аналарға арналған бас киім – орамал

4. Қымбат, әрі бағалы бөрік – құндыз бөрік

5. Ежелгі аяқ киім түрі – шоқай

6. Ерлерге арналған белден төмен киілетін киім – шалбар.



VІІ. Бекіту

№1сабақ 11-сынып

Сабақ тақырыбы:Кірспе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйелеу, алған білімдерін бекіту, іс жүзінде пайдалану.

Дамытушылық: Творчестволық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Буклет , мата, жіп үлгілері, карточкалар, алтын сандық.

Пән аралық байланыс: Химия, биология, физика

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыу

Жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындығын тексеру.


  1. бала тағамын жылытқыш— 200 грамдық шөлмектегі сүтті, кілегейле ботқаны т.б. тағамдарды жылытуға немесе ыстық тағамды суытпай сақтауға арналған электрлі жабдық.

  2. Жылытқышты электр жүйесіне қоспас бұрын оның ішіне су толтырыл, оған шөлмекті салып қою керек. Ол іске қосылып, жұмыс істей бастаған кезде белгі шамы жанады. Тарамды 340С температураға дейін жылы ту үшін 3—4 минут ұстау керек.

  3. Жылуын 20—34°С температура аралығында күшейту немесе азайту қуат реттегіштің тұтқасын бұру арқылы іске асырылады. Жылытқышты пайдаланған сайын ішіндегі суын ауыстырыл отыру шарт. Тұтыну қуаты —75 Вт.[1]

  4. ауаны жылытып, оны шанақка және автомобиль шанағының шыныларына жіберетін құрылғы.[

V. Сабақты бекіту, қорыту.

Сұрақтарға жауап беру.

VІ. Үй тапсырмасын беру

№2 сабақ 11-сынып

Сабақ тақырыбы: Жылытқыш материалдармен тігілген бұйымдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйелеу, алған білімдерін бекіту, іс жүзінде пайдалану.

Дамытушылық: Творчестволық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Буклет , мата, жіп үлгілері, карточкалар, алтын сандық.

Пән аралық байланыс: Химия, биология, физика

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыу

Жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Ойынға қатысушылармен және ойын шарттарымен танысу.

ІІІ. «Алтын сандық» ойыны

1-тур: Іріктеу кезеңі

А) Талшық, жіп дегеніміз не?

-Талшық деп ұзындығы көлдеңінен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі мықты затты айтады. Ұзындығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты жіп дейді.

Б) Иірілген жіптің қасиетін қандай көрсеткіштер сипаттайды?

- Тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістілігі.

В) матаның құрамын қандай көрсеткіштер анықтайды?

- Матаның құрамы негізгі және арқау жіптердің өзара орналасуы, тығыздығы, тоқылу түріне байланысты анықтайды.

Г) Матаның өлшемдік сипаттамасына не жатады?

- Матаның қалыңдығы, ені, массасы, ұзындығы.

Д) Маталардың қандай қасиеттері технологиялыққа жатады, тігін өндірісінің барлық кезеңінде олар қалай ескеріледі?

- Бұйымды пішу, құрастыру және ылғал-жалумен өңдеу сияқты процестерінің әртүрлі кезеңдерінде байқалатын қасиет.

2-тур: «Тас» қақпа сұрақтары

1. Неге жасанды былғарыдан мүмкіндігінше тігісі аз модельдер ұсынылады?

- Тіккенде қатты тесіліп түсетіндіктен

2. Бұл мата су өткізбейді, химиялық төзімді, мықты, серпімді, созылғыз, жақсы драпталынады, жанбайды, шірімейді, күйе түспейдә, ұзақ сақтаудан қасиет жоғалтпайды. Кемшілігі: ауа өткізбейді, суыққа төзімділігі нашар, 70С-ден жоғары температурада жұмсарады.

- Үлпектік материалдар.

3. Қосарланған материал дегеніміз не?

- Екі немесе үш бастапқы материалдарды желіммен, отпен немесе тігу тәсілімен біріктіру арқылы алынады.

4. Былғарыны өңдеудің негізгі процестері.

- Илеу-хромдық, майлы, алюминилік.

5. Таза былғарының ішкі беті не деп аталады?

- Бахтарма.

3-тур. «Күміс қақпа» сұрақтары

1. Матадан, трикотаждан, жасанды былғардан, мехтан бұйымдар тіккенде бөлшектерін біріктіру үшін пайдаланатын материал.

- Тігін жіптері.

2. Негізгі тігін жібіне қойылатын талап?

- Өте мықты болуы тиіс.

3. Тігін мақта жіптері қандай операциялар арқылы алынады?

- Қабаттау, ширату, өңдеу.

4. Жібек жіптердің саудалық нөмірлері:

75,65,33,18,13

5. Синтетикалық жіптердің қандай қасиеттері бар, олар қалай пайдаланылады?

- Тартқанға және үйкеліске мықты, жарық-ауа райына, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді, өнбейді.

4-тур. «Алтын қақпа» сұрақтары

1. Таза мех дегеніміз не ?

2. Таза мех туралы не білесің?

3. Жасанды мех туралы не білесің?

4. Тоқыма емес материалдар дегеніміз не?

5. Түкті жамылғы неше түрден тұрады?

- Үш (бағыттауыш, қылшық, түбіт)

6. Біздің аумақта кездесетін тері түрлерін ата?

Қақпалардан өткен оқушы «Алтын сандық» ішіндегі сұрақтаға жауап береді:

1. Қызылорда қаласының мөлтек ауданының аты және таза былғарының бет қабатындағы табиғи өрнегін бір сөзбен атаймыз.(Мерей)

2. Сандық ішінде 6 әріптен тұратын, қазақтың атақты халық композиторы, ақын Жаяу Мұсаның әнінің атына сәйкес бір зат бар: ол не зат? Оны не үшін пайдаланылады?(Ақсиса матасы)

ІV. Жаңа сабақ.

Әртүрлі мақсаттағы киімдерді тіккенде жылу сақтайтын төсем ретінде ватин, паролон пайдаланылады.

Ватин кенептікпе, инеөткізбе, трикотаждық және каркастық болады.

Кенептікпе ватин өте кең қолданылады. Мақта жібімен тігу арқылы алынған тоқыма емес материал. Кенептікпе ватиннің ені 150-160 см1м-нің массасы 215-450 г.

Паролон (пенеполиуреатан)- жеңіл, жұмсақ, серпімді материал. Киімге салу үшін поролонды ұзындығы 15-17м, ені 100см, қалыңдығы 3-4мм етіп шығарады. Ватинге қарағанда поролонның ауа өткізгіштігі нашар, гигроскопиялық көрсеткіші төмен. Бірақ ылғалды оңай тартып алады, жеңіл сығылады, тез кебеді. Поролонның серпімділігінің арқасында киімнің формасы жақсы сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды. Поролдон 150С балқиды.

Кемшіліктері, балқығанда улы заттар бөлінеді, сондықтан қауіпсіздік сақтау, арнаулы еңбек қорғау ережедерін қатаң ұстау керек. Ескіргенде серпімділігін жоғалтады, құрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды.

V. Сабақты бекіту, қорыту.

Сұрақтарға жауап беру.

VІ. Үй тапсырмасын беру

№3сабақ 11-сынып

Сабақ тақырыбы: Жаңа тігін жабдықтары машиналар түрлері

Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын ұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1.Тақырыпты меңгерту.
2. Машинада жұмыс жасау.
3. ТҚЕ қайталау.

Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,интерактивті тақта.


Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.

І. Ұйымдастыру.


1. Сәлемдесу.
2. Бөлме тазалығын қадағалау.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4. Ережелерді қайталау.

ІІ. Үй тапсырмасы.



Қайталау сұрақтары арқылы:
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Мата неден тұрады? (Талшықтан)
4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже)
6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте

<предыдущая страница


1сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы

468.44kb.

15 12 2014
3 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 24. Гомер және ежелгі гректер Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек халқының ақыны Гомер мен оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығын түсіндіру, Г. Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып

96.3kb.

18 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Грамматикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтарға «Морфология», «Синтаксис» деп ат қоямыз. Сонымен бірге топтарға бағалау парақшалары да таратылады

45.37kb.

12 10 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.