Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1






ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент 2010


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Агро-өнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

Облыс жер аумағы 3224,9 млн. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылған. 2009 жылы облыстың егін алқаптары 636,7 мың га қысқарған (13,3%).

2010 жылы облыстың ауыл шаруашылық өндірушілерін 61372 меншік формаларының барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көрсетеді, оның ішінде 2,5 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 58,8 мың шаруа қожалықтары.

2003-2009 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Жалпы, ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі байқалған, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 137,9 млрд. теңге деңгейіне жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 67,5 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімі 70,4 млрд. теңге.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымдық қатынастары да өзгерген. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 71%-ын өсімдік шаруашылығы өнімдері құраса, сәйкесінше 29%-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған. 2009 жылы бұл қатынас өзгерген, мал шаруашылығының өнім үлесі артып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 51%-ын құраған, ал өсімдік шаруашылығының үлесі 49% төмендеген.

2004 жылдан кейін Оңтүстік-Қазақстан облысының өсімдік шаруашылығының дамуында жағымсыз тенденция қалыптасқан. Сол жылы шаруашылықтың барлық категорияларында егіс алқабы 762 807 гектарға жеткен. 2009 жылы егіс алқаптары 636 700 гектарға немесе 16,5%-ға қысқарған.

Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Алдыңғы қатарлы технологиялар жоқ жерлерде егін алқаптарын суғаруда бір гектарына 17 000 метр куб су жұмсалынады. Мұнда, норматив 6 000 метр кубты құрайды. Алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіп жатқан шаруашылықтарда – Арыс ауданында, Түркістан ауданында – тамшылап суғару есебінен су шығыны гектарына 3-3,5 мың метркубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады.

2008 жылы облыста 195 мың тн. астық жиналған. 2009 жылы 408 мың тн. астық жиналды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

Шит-мақтаны жалпы жинау бойынша күрт төмендеу 2009 жылы байқалған, бұл жыл облыстың жалпы ауыл шауашылығы үшін ауыр жыл болған.

Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырау себептері ретінде, жиі екі факторды қарастырады: егіс алқаптарының қысқаруы және түсімнің қысқаруы. Бұл екі фактор да өзара байланысты және екеуі де, алғашқыға қарағанда, табиғи-климаттық сипатқа ие: Арал теңізінің құрғауы әсерінен климаттың құрғақтануының артуы және Сырдариямен Қырғызстаннан келетін су ресурстарының азаюы. Мұнда, бірінші, екінші факторда облыстық әкімшілік және әкімшілік-территориялық құрылымдардың ықпалынан тысқары.

Соңғы екі жылдың ішінде тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайды. 2008 жылы 1010 га, 2009 жылы 2136 га құрады, ал 2010 жылы 16000 га, 2011 жылы 22000 га жеткізу жоспарлануда. Тамшылатып сағару әдісін ендіру нәтижесінде судың шығының 2,5-4 есеге, минералдық тыңайтқыштарға шығындарды 2 есе дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, қарапайым суғару технологиясымен салыстарғанда түсім 3-4 есеге артады. Сонымен қатар, 1 га жұмсалатын шығын 2-3 мың АҚШ долларын құрайды, бұл тікелей өнімнің өзіңдік құнына әсер етеді, осыдан басқа кейбір жағдайларда жылда жүйек аралық құбырлар мен басқа да агрегаттар ауыстырылады.
Мал шаруашылығы

Соңғы жылдары барлық мал түрлері бойынша мал басы ұлғаюда. Оның ішінде ірі қара 749,2 мың бас, қой мен ешкі 3570 мың бас, жылқы 151,9 мың бас, түйе 17,1 мың бас, шошқа 34,7 мың бас, құс 2282,4 мың. Ет сойыс салмағында 83,1 мың тонна, жұмыртқа 247,1 млн.дана, жүн 7,0 мың тонна, сүт 617,7 мың тонна, орташа бір сауынды сиырдан 2088 кг сүт алынды.

Бүгінгі күнге 150 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді. Бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды ірі қара 5493 бас (2009 ж-3874), қой мен ешкі 238,3 бас (2009ж - 268,5 мың), жылқы 7905 бас (2009 ж - 8815), түйе 3842 бас (2009 ж - 3826), құс 61056 (2009ж - 33000), шошқа 7159 бас (2009 ж - 7163). Тиісінше барлық малдан ірі қара 0,7%, қой мен ешкі 7%, жылқы 4,5%, түйе 20%, құс 6%, шошқа 19%.

«Қырым қанды безгегі» бағдарламасы аясында қосымша 28 мал тоғытатын ванна (кубка), 2 беккари шұңқыры және 18 мал өлексерін тастайтын шұңқыр салынды.


Ауыл шаруашылығы шикі заттарын қайта өңдеу

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 67 ірі, 718 орта және кішігірім цехтар бар.

2010 жылы еттің қайта өңдеу үлесі 14,5 пайызды, сүттің 18,5 пайызды, көкөніс 6 пайызды құрады.

2009 жылдың қортындысымен:

- өңделген ірі қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті және тағамдық ішек-қарын, 8085 тоннаны құрады, сәйкесінше 2008 жылмен салыстырғанда 47 тоннаға артық, немесе 100,6 пайыз; ет өңдеумен айналысатын 2 ірі 3 орта кәсіпорындар бар олардың тәуліктік қуаттылығы 65,5 тонна, қамтамасыз етілуі 56,5 тонна, немесе 86,3 пайыз.


  • өңделген сұйық сүт және кілегей өнімдері 14656 тонна, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14510 тонна немесе 1,0 пайызға артық, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 5 орта кәсіпорындар бар, олардың тәуліктік қуаттылығы 202 тонна ал қамтамасыз етілуі 128 тонна, немесе 63,3 пайыз.

  • өсімдік майы және тазартылған мал майы 77422 тонна, сәйкесінше 57188 тонна, немесе 135,4 пайызды құрайды, облыста 4 ірі май өңдеу кәсіпорындары бар, олардың тәуліктік қуаттылығы 1375 тонна, ал қамтамасыз етілуі 746 тонна, немесе 54,3 пайыз.

  • жеміс және көкөніс шырыны 4396,5 мың литр, 2008 жылы 4436,6 мың литр болған, немесе 99,1 пайызды құрайды. Көкөніс және жеміс өңдеу бойынша 2 ірі кәсіпорындар бар, олардың жылдық қуаттылығы 8800 тонна, ал қамтамасыз етілуі 8540 тонна, немесе 97 пайыз.

Ет, сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қайта өңдеу пайызының төмендігі кәсіпорындардың аздығы, қолда бар кәсіпорындардың айналым қаржыға тапшылығы, сол себепті нақты пайдалану қуаттылығының төмендігін көрсетеді

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықта бәсекелестігін арттыру мақсатын ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Облыста 13 мекеме ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген, 2015 жылға дейін 17 мекеме енгізуді көзделуде.


Агроөнеркәсіп кешенін ғылым және кадрмен қамтамасыз ету

Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап 019 «Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу қызметі» бюджеттік бағдарлама субсидиялануда.

Облыста ауыл шаруашылығының ғылыми жұмыстарымен «Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығы институті» айналысады, Мақтарал ауданында «Мақта институты», Оңтүстк Қазақстан Мемлекеттік университеті. Және «КазАгроМаркетинг» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ақысыз оқыту және консультациялық қызметін көрсетеді.
Облыстың инвестициялық жобалары

2010 жылы облыстың қаржы институттарымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18342 млн. теңге қаржы тартылды. Оның ішінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығымен 2438 млн.теңге, «Ырыс» ЖШС 1245 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясымен» АҚ 356,2 млн.теңге, «КазАгроФинанс» АҚ 292,2 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 484,4 млн.теңге, 18 ауылдық несие серіктестіктерімен 1480,0 млн.теңге, мақта зауыттарымен 557,5 млн. теңге.

Бүдан бөлек «КазАгроФинанс» АҚ жалпы құны 10 633,3 млн. теңге 3 ірі нивестициялық жобаларын қарауда (Сайрам ауданында сүт-тауарлы ферма және жылыжай, Ордабасы ауданында тамшылатып суғаруды енгізу).

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жылпы құны 751,0 млн. теңгеге 4 жоба (Бәйдібек ауданында 1-мал бордақылау алаңы, Сайрам ауданында 2, Түлкібас ауданында 1 мал сою алаңы).

2011 жылы жалпы құны 17 859,0 млн. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде, онда 823 жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде «Максимум» АИО-мен 14 жоба 1 105,5 млн. теңгеге, «КазАгроФинанс» АҚ-мен 7 жоба 14 932,5 млн. теңгеге. Дүниежүзілік даму банкімен 1 жоба 1 070,0 млн.теңгеге. Өз қаржысы есебінен 5 жоба 751,0 млн. теңге.
Облыстағы АӨК дамуының өзекті мәселелері:
1 Егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында ірілендіру механизмін жасап, тауар өндірушілерін ынталандыру қажет;
2. Мал шаруашылығындағы үрдістерді механикаландыру деңгейінің төмендігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық және азықтық қауіпсіздігінің сақталмауы;

3. Жеңіл өнеркәсібтің дамымауы және жүнге, мақтаға, былғары шикізатқа сұраныстың болмауы;

4. Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету мақсатында тік қашыртқы мен кәріз жүйесін қалпына келтіру қажет. Қолда бар 1903 бірлік тік қашыртқыдан 1529-ы жарамсыз (80%);

5. Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей мәселелер орын алған:

- жердің гидрологиялық жағдайы төмен деңгейде болуы, жердің тұздық қабатының көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы жерлердің айналымынан шығуы, т.б;

- жер асты суларының жоғары деңгейлілігі;

- уақтылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан су шаруашылығы жүйесі (кәріс, канал) қанағаттанарлықсыз күйде болуы;

Алдын ала жасалған есеп бойынша жоғарыда айтылғандардың барлығы қаражат құюды қажет етеді, нақты айтқанда суармалы жердің гидромелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін 8,5 млрд. теңге қажет.

Бұл жердің екінші реттік тұздалуын азайтуға және ауыл шаруашылығы айналымына қолданылмай жүрген суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған есеп су ресурстар комитетіне тапсырылды.

- заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі және жоғары репродуктивті тұқымымен қамтамасыз етілмеуі;

- өсімдіктерді қорғауда минералдық тыңайтқыштар мен химиялық заттарды пайдаланудағы жеткіліксіздігі;

- агроқұрылымдардағы техникалық паркынің моральдық және физикалық тозуы:

- қорғалған топырақ пен көкөніс сақтау қоймаларының жетіспеушілігі.
3. АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Оңтүстік-Қазақстан облысы Еуразия континентінің халықаралық транзиттік орталығы болады; агроөнеркәсіп, мақта-тоқыма, таукен, фармацевтикалық, мұнай өңдеу кластерлерінде бәсекеге қабілетті өнімдердің экологиялық таза және жоғары технологиялық өндіріс орталығы; спорт, экологиялық туризм және жалпы, элиталық діни табыну орталығы, өмір сапасын арттыру және адам әлеуетін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндігі өсіп келе жатқан аймақ болады.
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Бағыт: Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы

Мақсаты: Экономиканың аграрлық секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы нарықта алдыңғы қатарлы орындарды алу мақсатында ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін тиімді негізде өндіру.
Агроөнеркәсіп кешенінде экспортқа бағытталған өндіру мен өңдеу бойынша 9 бағыт белгіленген: мақта, дәнді дақыл, ет, сүт, құс шаруашылығы, жүн, жеміс-жидек, майлы дақылдар, балық.

Оңтүстік Қазақстан облысының басымды дақылдарының бірі мақта және облыста мақта кластерінде негізделген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ құрылғандықтан «Мақта агрокешені» құрылады. Ол Мақтарал, Шардара, Түркістан, Ордабасы аудандарын қамтиды. Жүйеқұрылым мекемелері «Корпорация Ақ Алтын», «Мырзакент», «Контал», «Айша Бибі», «Шардара мақта». Агрокомплекс жылына 285,0 мың тонна мақта өңдейтін болады.

Облыс халқы нормативке сәйкес ұнмен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бидай алқаптарын 306 мың гектарға (2010 жылы – 192,0 мың га) ұлғаяды, ал бидайдың жалпы өнімі 500,0 мың тонна құрайды. Осы бидайды сақтау және өңдеу үшін «Астық агрокешені» құрылады. Жүйеқұрылым мекемелері: «Алтын Дән», «Мельнично-промышленная компания», «Корпорация Атамекен», «Ақмаржан ЛТД», «Амангелді», «Югпищепром» ЖШС.

Облыста Казығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарында майлы дақылдар егетін багара жерлері көп және мақта майын өндіруге шикізат көп. «Майлы дақылдар агрокешені» жүйеқұрылым мекемелері: «Шымкент май», «Қайнар май», «Арай», «Карму». Бұл мекемелер 80,0 мың тонна майлы дақылдарын өңдейді.



«Жеміс-жидек агрокешені» «Жаңа Ақдала» ЖШС Арыс қаласы, «ЭкоПродуктГрупп» Түлкібас ауданы, «Кентавр ШЗА» Түркістан қаласы, «Наурыз-5» ЖШС Сайрам ауданы негізінде құрылады. Олар 42,8 мың тонна көкөніс, жеміс-идек өнімдерін өңдейді.

«Сүт агрокешені» «Компания Фудмастер», «Балмұздақ» ЖШС Төлеби ауданы, «Шымкент сүт» ЖШС Шымкент қаласы, «Сайрамсүт», «Эм Нур» ЖШС Сайрам ауданы, «Көкалаң» ШҚ Созақ ауданы негізінде құрылады.

«Ет агрокешені» «Алма» СТК Сайрам ауданы, «Қарқын-2030», «Қазығұрт Агро» Қазығұрт ауданы, «Шар-Шара» СТК Сарыағаш ауданы, «Демеу Таукент» ЖШС Созақ ауданы негізінде құрылады.

«Құс шаруашылығы агрокешені» Биылғы жылы индустриалдық бағдарламасы аясында «Ордабасы құс» жылына 4500 тонна құс етін өндіретін кешен іске қосылады. 2011 жылдан Ордабасы ауданында жылына 3000 тонна құс етін өндіретін «Инфрастрой ЛТД» ЖШС іске қосылады. Және Сайрам ауданында «Шымкент құс» ЖШС жұмыс істейді.
Мақсатты индикаторлар:

  1. Сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2. АӨК жалпы қосымша құнды 35 пайызға арттыру;

3. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігінің көлемін 2015 жылы

2 есеге арттыру;

4. Ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін бәсекеге

қабілеттілігін арттыру.




Көрсеткіштер


1 кезең

2 кезең

2011ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Міндет 2. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің орташа жылдық өсімі, алдыңғы жылға %-бен

104,0

104,5

104,8

105,3

106,3

2

Облыстың инвестициясының жалпы көлемінде АӨК инвестиция үлесі, алдыңғы жылға %-бен

3

3,2

3,7

4,0

4,2

3

Егін шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

107,8

108,2

108,3

108,6

109,4

4

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді шығымдылығы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, %

70,0

75,0

80,0

90,0

100,0

5

Тұқым шаруашылықтарының санының артуы, бірлік

21

25

26

28

33

6

Барлық егіс алқаптарының кеңеюі:

- астық - мың га

- мақсары - мың га

- күнбағыс

- мал азықтық дақыл - мың га

- көкөніс - мың га

-бақша – мың га

- картоп – мың га

- мақта – мың га

- қант қызылша – мың га

- темекі – мың га

- жеміс – мың га

- жүзім – мың га


732

230,1 82,6

9,9

165,8 30,2 35,4



13,7 134,9 4,5

1,55 14,1

9,14


744

236,4 84,8

10,2

169 31,9


36,4 14,1

130,3 4,7

1,6

14,7


10,1

759

243,7 85,7

10,6

173,7 33,3



37,7 14,6

126,1 4,9

1,66

16,5


10,7

776

250,3 87,3

11

177,8 34,5



38,8 15,2

126,5 5,0

1,7

16,2


11,4

847

306


90

11,44


182,0

36,2 39,6

15,8

127,2


5,2

1,77


16,8

12,3


7

Қорғалған топырақ алаңдарын кеңейту-жылыжай салу арқасында облыс тұрғы-ндарын жыл бойына көкөніс пен жеміс-термен қамтамасыз ету, га (2010-200га)

247

276

307

340

380

8

Көкөніс сақтау қоймаларын салу мың. тн.

11

8

6

6

5

9

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде интенсивті ылғал үнемдеуші технологияларды игеру. Тамшылатып суғару әдісін ендіру, га

7 500

9 000

11 000

14 000

17 400

10

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру үлесі, %

70

75

85

95

100

11

Мал шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

105,5

106,0

106,5

107,0

107,5

12

Мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі (01.01.2010 ж)



















Ет сойыс салмағында 83,1 мың тонна

88,2

90,8

93,5

96,3

99,2




Сүт 607,0 мың тонна

570,1

587,2

604,8

623,0

642,0




Жұмыртқа 247,1 млн.дана

276,4

290,0

304,5

320,0

336,0




Жүн 6,6 мың тонна

6,9

7,1

7,3

7,6

8,0

13

Сүт қарамал шаруашылығында асыл тұқымдық шараушылықтар саны, бірлік

18

25

34

38

42

14

Қолдан ұрықтандыру пайызы

20

25

30

35

40

15

Қой шаруашылығында асыл тұқымды шараушылықтар саны, бірлік

85

96

108

120

131

16

Жылқы шаруашылығында асыл тұқымдық шараушылықтар саны, бірлік

34

42

50

50

60




Барлық малдардың ішінен асыл тұқымдылары, %



















Ірі қара – 1,1

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5




Қой мен ешкі – 7,9

8,0

8,7

9,4

10,2

11,0




Жылқы – 6,7

7,0

7,3

7,5

8,2

9,0




Шошқа – 28,2

28,3

28,5

28,7

28,9

30,1




Құс – 7,3

7,8

8,3

8,8

9,5

10,0

17

Облыс ауыл шаруашылықтарының ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтерімен қамамасыз етілуі, %

100

100

100

100

100




Тамақ өнімдерін энзоотиялық ауруларынан қауыпсіздігімен қамтамасыз етілуі

100

100

100

100

100

18

Мал сою алаңдарының саны, бірлік (70)

104

136

168

203

243

19

Мал сою бекеттер саны, бірлік (12)

21

30

36

43

50

20

Тауарлы сүт фермасы, бірлік

22

25

29

32

36

21

Жалпы ауыл шаруашылық мекемелерінің ішінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау бойынша (ИСО, ХАССП) халықаралық сертификациядан өткен мекемелерінің саны, бірлік

12

14

16

18

21

22

Оның ішінде мал шаруашылық мекемелер, бірлік

6

7

8

10

12

23

Аграрлық саласының экспорттық мүмкіндігі барлық экспорттан 8 пайызға дейін өседі

6

7

7

8

8

24

Ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы, %

2,0

2,1

2,3

2,6

3,0

25

Өңдеу бойынша өңдеуші кәсіпорындардың саны, бірлік:

- ет


- сүт

- жеміс-жидек өнімдері

- жүн


5

4



5

1


8

9



7

2


13

14



11

3


16

15



14

4


17

19



19

4


26

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша

Ет

Сүт



Көкөніс, жеміс

15

22



8

17

26



11

20

30



16

25

35



23

30

35



23

27

Жылына ауыл шаруашылық шикізаттарының өңделуінің жалпы өнімдерінің орташа жылдық өсімі, %

107

108

109

109

110

28

АӨК саласындағы мамандарының санын өсуі, алдыңғы жылға %-бен

5,0

7,0

10,0

14,0

18,0




Мақсатты индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2009 ж. (есеп)

2010 ж. (бағалау)

болжам

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ВДС

млн.теңге

85736

107194

124666

134888

146354

159527

173883

% алдыңғы жылға

103,9

125,0

116,3

108,2

108,5

109,0

109,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млн.теңге

137898,3

170150

197882,5

214108,8

232308

253217,7

276005,1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің НИК

% алдыңғы жылға

103,9

104

104

104,5

104,8

105,3

106,3

Тамақ өнімдерін өндірудің НИК

% алдыңғы жылға

115,1

120

125

130

135

140,4

146

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға инвестициялар

млн.теңге

3856,4

3934

17908,1

3210,6

7087,6

10918,3

12741,5

% алдыңғы жылға

102

102

455,2

17,9

220,8

154

116,7

Жалпы экспорт көлемінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі

жалпы облыс экспорт көлемінің %

15,4

16,2

17,8

19,9

22,4

25,4

29,1

Облыстың жалпы экспорты

млн. долл.

1538

1553

1575

1607

1655

1722

1808

АӨК өнімінің экспорты

млн. долл.

236,7

251

281

320

371

438

526

АӨК өндірілген өнім келемі

млн.теңге

137898,3

170150

197882,5

214108,8

232308

253217,7

276005,1

АӨК жұмысшылар саны

мың.адам

461

461,5

461,7

461,4

461

460,7

460,5

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы көлемінен өңдеу үлесі :

 






















ет өңдеу үлесі, %

%

12

14,5

17,5

21

25,2

30,4

30,4

ет өндіру, мың.тонна

мың.тонна

83,1

85,6

88,2

90,8

93,5

96,3

99,2

ет өңдеу, мың.тонна

мың.тонна

10

12,4

15,4

19,1

23,6

29,3

30,2

сүт өңдеу үлесі, %

%

15,8

18,5

21,7

25,5

30

35,2

35,3

сүт өндіру, мың.тонна

мың.тонна

537,4

553,5

570,1

587,2

604,8

623

642

сүт өңдеу, мың.тонна

мың.тонна

84,7

102,5

124

150

181,5

219,6

226,6

көкөніс және жеміс өнімдерін өңдеу үлесі,%

%

4

5,5

8

11,3

16,2

23,3

23,3

көкөніс және жеміс өнімдерін өндіру, мың.тонна

мың.тонна

621,6

640,2

646,7

653,1

659,6

666,2

673

көкөніс және жеміс өнімдерін өңдеу, мың.тонна

мың.тонна

25,1

35,1

51,1

73,9

107,1

155,1

156,8

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен еңбек өнімділігінің өсуі


Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

1 кезең

2 кезең

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж

Жалпы өнім көлемі, млн.теңге

137898

170125

197882,5

214108,8

232308

253217,7

276005

о.і. егін шаруаш

67516,3

93518,8

109190,5

118321,5

128570,4

140660,5

153038

мал шаруашыл

70382

76606,2

88692

95787,3

103737,6

112555,2

122966

Ауыл шаруашылығында жұмысшылар саны, мың адам



461,0



461,5


461,7


461,4


461,0


460,7


460,5

1 жұмысшыға еңбек өнімділігі мың теңге


299,1


368,6

429,0

464,0

503,9

549,6

599,4


5 БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚОЙҒАН МАҚСАТТАРЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту




Жобаның аталуы

Жүзеге асырылу кезеңі, жылдар

Қаржыландыру млн. теңге

1

2

3

4

1

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының экономикалық жағдайлары мен тұрақты механизмдерін құру

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

2

Аймақтың ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түліктік тауарлар өндірісінің тұрақты өсімі

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

3

Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортқа-бағытталған өндірісін дамыту

2011-2015

Қажет етпейді

4

Рентабельді дақылдар алқабын кеңейту жолымен, егін алқаптарын диверсификациядау

2011-2015

Қажет етпейді

5

Мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыру

2011-2015

1318,7

6

220 қолдан ұрықтандыру бөлімдерінің жұмыстарын қалпына келтіру

2011-2015

60,0

7

Қой және жылқы шараушылықтары бойынша асыл тұқымды шараушылықтарды құру

2014-2015

Қажет етпейді

8

Ауыл шаруашылық техникасын лизинг негізінде жаңарту

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

9

Облыстың ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

10

Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және шетелдік нарықтарға шығу үшін АӨК өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сертификаттау

2011-2015

Қажет етпейді

11

Бидай, мақта және көкөністер бойынша тұсімділігі жоғары тұқымдарды жалпылама кобейту, тұқымдық шаруашылықтарды құру

2011-2015

Қажет етпейді

12

Облыстың Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш аудандарында көкөніс пен жеміс сақтау қоймаларын салу

2011-2015

1742,0

13

Жылыжай орындарының құрылысы есебінен сақталған жер қабаттарының аудандарын кеңейту

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

14

Шымкент қаласында аул шаруашылық өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін көлік-логистикалық терминал құрылысы

2011-2015

3757,0

15

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендруді ынталандыру

Тұрақты негізде

Қажет етпейді

16

Ауыл шаруашылық өндірісін несиелендіру жүйесін жетілдіру және дамыту

Тұрақты негізде

Қажет етпейді


6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңі 2011-2015 жылдар. Бағдарламада қойылған мақсаттарға жету тиімді болу үшін, ол екі кезеңге бөлінеді:

- 1 кезең – 2011-2013 жж.

- 2 кезең – 2014-2015 жж.

Бірінші кезеңнің өзі екі кезеңдерге бөлінеді.

Біріншісі – дайындық – 2011 жыл – «Тәртіпке келтіру және алғышарттарды құру», іс-шаралар және жүзеге асыруды қамтамасыз етудің мәні келесіде:

- жерді және суды пайдалануды сертификаттау және сәйкес стандарттарды қабылдау есебінен ауыл шаруашылық өндірісінің масштабы мен тиімділігін арттыру, бос жатқан жерлерді анықтау және оларды екінші реттік шаруашылық айналымына енгізу, көкөніс қоймаларының құрылысы, мақта өндірісінде бағаның құрылуын реттеу; ресурс – әкімшілік – 80%-ға және қаржылық – 20%-ға (көкөніс қоймасы - әлеуметтік өндірістік корпорации қаражатынан –СТК);

Екінші кезең соңғы – 2014-2015 жылдар – «Шешуші нәтижелерді жүзеге асыру», іс-шаралар және жүзеге асыруды қамтамасыз етудің мәні келесіде:

- бағдарламаның бірінші кезеңінің іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін шығаруды ұлғайту.


7. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

Қаржыландыру бағыттары

(млн. теңге) 

2011ж *

2012ж *

2013ж *

2014ж *

2015ж *

Барлығы

33 588 288

11 621 975

11 913 196

12 441 705

13 000 151

Республикалық бюджет

4 087 599

2 400 849

2 520 089

2 663 538

2 798 065

Облыстық бюджет

5 774 544

5 914 516

5 900 667

5 944 727

5 972 646

Аудандық бюджет

214 145

205 610

213 440

213 440

213 440

Жеке инвестициялар

23 512 000

3 101 000

3 279 000

3 620 000

4 016 000

* тиісті қаржы жылдың бюджеттері бекітілгеннен соң сомалары нақтыланады.


8. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Оңтүстік-Қазақстан облысының 5 жылға территориялық даму бағдарламасын басқаруды, бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  • мониторинг;

  • бағалау;

  • бақылау.

1) Территорияның дамуы бағдарламасының мониторингі жылына екі рет жүргізіледі: жарты жыл қортындысы бойынша және жылдық қортынды бойынша.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша территорияның даму бағдарламасының мониторингін жүргізу үшін, оның жасалуы мен жүзеге асырылуына жауапты мемлекеттік органдар, өздерінің құзіреті шегінде, өкілетті органдарға территорияның даму бағдарламасының мониторингін жүргізуге, есептік кезеңнің бітуінен кейін екі апта мерзім ішінде есеп беруді ұсынады.

Мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар және нәтижелік көрсеткіштер» тарауында көрсетілген, міндеттер көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

2) Оңтүстік-Қазақстан облысының территориялық даму бағдарламасын бағалау, Оңтүстік-Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасымен үш жылда бір рет жүргізіледі.

Облыстың даму бағдарламасын бағалау «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар және нәтижелік көрсеткіштер» тарауында көрсетілген, мақсатты индикаторлардың жүзеге асырылуын талдау негізінде, облыстың мемлекеттік жергілікті органдарының стратегиялық жоспарларын бағалау негізінде жүргізеді.

Облыстың даму бағдарламасын бағалаудың жүргізлуі нәтижелері қортындысы, есепті кезеңнен кейінгі, жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне облыстың даму бағдарламасын бағалауды жүргізуге өкілетті органға ұсынылады.

Облыстың даму бағдарламасын бағалау нәтижелерін қарастырғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі сараптамалық қорытынды жасап және еспті кезеңнен кейінгі, жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынылады.

3) Территорияны дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бақылауды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесімен анықталған, Бағдарламаның жүзеге асырылуын бағалау және мониторинг жолымен өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.




ОҚО ауыл шаруашылығы

басқармасының бастығы Қ.Оспанбеков



2. АҒымдағы жағдайды талдау агро-өнеркәсіп кешені

Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкінд

374.27kb.

15 10 2014
1 стр.


«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларын (сфераларын) дамыту үрдісі 3

1640.13kb.

25 12 2014
8 стр.


Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №735 қаулысына

Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

1071.29kb.

25 12 2014
5 стр.


Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы «3» қаңтардағы №724 қаулысына

Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

502.1kb.

25 12 2014
4 стр.


Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті саласының(аясының) даму үрдісі

Стартегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

567.03kb.

30 09 2014
2 стр.


«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

87.04kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау

185.12kb.

15 10 2014
1 стр.


2. Ағымдағы жағдайды талдау

Аймақтық жағдайдың жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер етуі 8

1671.84kb.

25 12 2014
8 стр.