Перейти на главную страницу
Жоғарыдағы кесте бойынша 2003 жылы жалпы өндірістің 8,5% немесе 365,4 мың тонна сүтін өндіретін орта және ірі тауарлы өндірісті құрайтын 635 тауарлы сүт фермалары жұмыс істеуде. Биылда өндіріс көлемін 650 мың тоннаға немесе 15%-ға дейін жоғарылатуды жүзеге асыруға болады.
|
1990 |
1995 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
Ақмола |
2110 |
1600 |
2226 |
2303 |
2381 |
2434 |
Ақтөбе |
1651 |
1212 |
1420 |
1428 |
1465 |
1640 |
Алматы |
2255 |
1702 |
2290 |
2357 |
2439 |
2591 |
Атырау |
716 |
577 |
678 |
720 |
757 |
944 |
Шығыс Қазақстан обл |
1955 |
1725 |
1928 |
1973 |
2035 |
2044 |
Жамбыл |
1814 |
1492 |
2137 |
2211 |
2289 |
2438 |
Батыс Қазақстан обл |
1592 |
1092 |
1525 |
1396 |
1420 |
1523 |
Қарағанды |
1870 |
1249 |
1505 |
1684 |
1743 |
1405 |
Қостанай |
2055 |
1703 |
2445 |
2453 |
2469 |
2469 |
Қызылорда |
1308 |
821 |
887 |
831 |
840 |
852 |
Маңғыстау |
1080 |
707 |
727 |
665 |
932 |
879 |
Павлодар |
2042 |
1814 |
2122 |
2077 |
2316 |
2316 |
Солт. Қазақстан обл |
2210 |
1921 |
2744 |
2769 |
2775 |
2784 |
Оңт Қазақстан обл |
2118 |
1891 |
1770 |
1796 |
1807 |
1808 |
Астана қ |
|
|
2548 |
2338 |
2629 |
2636 |
Алматы қ |
|
|
1787 |
2515 |
2972 |
2742 |
Республика бойынша |
1988 |
1642 |
1969 |
1992 |
2044 |
2072 |
2003 жылы республика бойынша орташа сауылым 2000 жылмен салыстырғанда 103 кг (5,2%)-ға өссе, 2001 жылы 4 пайызға өсіп, 80 кг-ды құрады, сәйкесінше 2002 жылы 28 кг-ға өсті. Әсіресе бұл көрсеткіштер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінде өсу қарқыны байқалды.
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикада алатын орны
Өнеркәсіптік секторды одан әрі дамытудың басты міндеті тек қана өндірісті тұрақтандыру мен өсіру емес, сондай-ақ оның қайта құрылуы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, оның экспорттық әлеуетінің жоғарылауы. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жағдайын төмендегі №11 кестеден көруге болады. Жалпы төмендегі кестені талдап беретін болсақ, берілген өнеркәсіп өнімдерінің деңгейі жылдан жылға өсу қарқынын қарастырған болатынбыз.
ОҚО өнеркәсіп өндірісінің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер арқылы келесідей мәліметтерді көруге болады. 2004 жылды қарастырып көрейік, жоғарыда атап өткендей өнеркәсіп өндірісі облыс экономикасының негізін құрайды. Облыстың аумақтық жалпы өніміндегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 34 пайызды (республикада - 32,9%) құрайды.
Өнеркәсіп саласында 42,9 мыңға жуық адам, немесе облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың бестен бір бөлігі жұмыс істейді.
Тау кен өндіру өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен дамуда. 2004 жылы өндіріс көлемі 7573,3 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,7 пайызға артты. Өнекәсіп өнімі көлемінің 84,8% тиеселі өңдеу өнеркәсібінің, тамақ және тігін, металлургия өнеркәсібі, тері өндірісі, резина мен пластмасса бұйымдары, басқа да металл емес минералды өнімдер өндіру, машина жасау салаларында өнім өндіру көлемінің өсуі байқалуда. Облыста: «Химфарм» ААҚ, «Южполиметал өндірістік корпорациясы» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Трансформатор зауыты» АҚ; «Шымкентпиво» ЖШС, «Джей ти ай сентрал эйжа» ЖАҚ, «Карона макарон фабрикасы» ЖШС, Алекс ЖШС, «Мақтарал» ЖАҚ және басқа да кәсіпорындар жоғарғы қарқынмен жұмыс атқаруда.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 21,7 пайызға жуығын құрайтын тоқыма және тігін өнеркәсібі қарқынды даму үрдісіне ие болды. Егер 2003 жылы 19057,02 млн теңгенің өнімі өндірілсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11,5 пайызға артық өндіріліп 21248,6 млн теңгені құрады. Облыстағы мақта тазалау зауыттарының қазіргі қуаттары жиналған шитті мақтаны толығымен өңдеуге жеткілікті. Мақта талшығын өндіру өткен жылымен салыстырғанда 4,7 пайызға артып, 138,9 мың тоннаны құрады.
Қазіргі таңда облыста жоғары нөмірлі мақта жібін өндіретін, 156 жұмысшылар бар «Ютекс» ЖШС жаңа кәсіпорны іске қосылды. Айына 500 тонна жіп өндіре алатын мақта талшығын шығаратын «Альянс Казахский Русский текстиль» ЖШС бірлескен кәсіпорында құрылыс – монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібінде 2004 жылы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға артып 38349,3 млн теңгені құрады.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу секторында 11084,7 млн теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,9 пайызға артық. Ал енді Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп өндірісінің Қазақстан Республикасында алатын орнына талдау жасайтын болсақ, келесідей мәліметтерді алуға болады, оны төмендегі №14 кестеден көруге болады. соңғы бес жылда ОҚО бойынша өнеркәсіп өндірісінің Қазақстан Республикасындағы үлесі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. 2004 жылы 0,2 пайызға төмендегендегі байқалады.
Өндірумен айналысатын кәсіпорындардың өнім көлемін ұлғайтуынан болып отыр. Шымкент қаласындағы «Britex Line» ЖШС жеңілдетілген кірпіш өндірісінің көлемін ұлғайтуда, Қазығұрт ауданында құрылыс материалдарын шығаратын цех іске қосылды, Сарыағаш ауданында – кіпіш зауыты, Сайрам ауданында – негізгі өнімі - әйнек және шөлмек болатын «Шымкентстекло» ЖШС әйнек зауыты салынуда. Сонымен қатар пенополистиролдан жасалған құрылыс материалдары зауыты іске қосылды.
Машина жасау саласында қалыптасқан өсу үрдісі сақталып отыр. Машина мен қондырғылар 2003 жылмен салыстырғанда 45,0 пайызға артық шығарылып, 5027,5 млн теңгені құрады, бұл отандық ірі тұтынушылармен, атап айқанда темір жол көлігі үшін, мұнай – газ өнеркәсібіне арналған, импорт алмасу аясында жасалынған келісім шарт бойынша өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты болып отыр.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу секторында 11084,7 млн теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,9 пайызға артық. Ал енді Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп өндірісінің Қазақстан Республикасында алатын орнына талдау жасайтын болсақ, келесідей мәліметтерді алуға болады, оны төмендегі №9 кестеден көруге болады. Соңғы бес жылда ОҚО бойынша өнеркәсіп өндірісінің Қазақстан Республикасындағы үлесі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған, 2004 жылы да 2002 жылдың көрсеткішінен 0,5 пайызға төмендегенін көруге болады. Өңдеу өнеркәсібінде 2004 жылы 2003 жылдан 0,95 пайызға төмендегенін көруге болады. Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу 2004 жылы 0,2 пайызға төмендегендігі байқалады.
Экономикалық іс әрекет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің 2003 жыл басындағы негізгі қорлары. пайызбен
15-кесте
|
ҚР |
ОҚО | ||
Тозу дәрежесі |
Жаңару коэффициенті |
Тозу дәрежесі |
Жаңару коэффициенті | |
Негізгі қорлар, барлығы
|
38,6 |
11,1 |
39,36 |
11,1 |
Тау – кен өндіру өнеркәсібі |
4,7 |
22,6 |
40,7 |
23,5 |
Өңдеу өнеркәсібі |
42,0 |
9,7 |
43,7 |
9,8 |
Электр энергиясы, газ бен су өндіру және бөлу
|
39,5
|
6,3
|
39
|
6,4
|
Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің экономикалық іс - әрекет түрлері негізгі қорларының 2003 жылдың басындағы жаңаруы мен тозу дәрежесін №9 кестеден көруге болады. жалпы негізгі қорларың тозу дәрежесі Оңтүстік Қазақстан және Қазақстан Республикасы бойынша жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. ҚР-38,6%, ОҚО-39,3%, ал жаңару коэффициенті -11,1% тең. Қазақстан Республикасы бойынша тау – кен өндіру өнеркәсібі 40,7%, жаңару коэффициенті 22,6% бола, ОҚО-сы бойынша тозу дәрежесі 40,7%, жаңару коэффициенті 23,5%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің тозу дәржесі республика бойынша 42,0% болса, жаңару коэффициенті 9,7% ға жетті. Электр энергиясы, газ бен су өндіру және бөлу бойынша тозу дәрежесі – 39,5%, жаңару коэффициенті 6,3%. ОҚО бойыншада сәйкесінше тозу дәрежесі 39%, жаңару коэффициенті 6,4% болды. Жалпы өнеркәсіп өндірісінің жабдықталу деңгейінің төмен болуы, өнім сапасын нашарлатып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Өндіріс орындарының техникамен жабдықталуына инвестицияның таратылуы өз ықпалын тигізеді.
Жалпы облыстағы 60 кәсіпорынның қызметкерлері өз кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Облыстың инновациялық басымдылығы жеткілікті күшті ғылыми әлеует және өндіріс ресурстары негізінде құрылуда. Сонымн қатар, жоғары технологиясы өндірістерді құру, кәсіпорынның өндіріс қондырғыларын модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Таукент поселкесінде – аффинаж зауыты және Сайрам ауданында пеноплаистиролдан шығатын құрылыс бұйымдары зауыты іске қосылды.
2004 жылы тоқтап тұрған кәсіпорындарды. Жаңа кәсіпорындар-ды іске қосу, жаңа өнім түрлерін өндіру мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту нәтижесінде облыстың 26 кәсіпорында 1903 жұмыс орны ашылған. Стратегиялық жоспарға сәйкес, облыста мақта, шарап кластерлерін құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Енді жоғарыда атап өткендей, өнеркәсіп саласында өнім көлемінің 84,8%-ын өңдеу өнеркәсібі алады дегендей, өңдеу өнеркәсібінің азық түлік өнімдерін оның ішінде сүт өңдеу өнеркәсібіне талдау жасайық. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сүт өнеркәібінің дамуының бастауы болып, 1932 жылы «Казмаслопром» трестінің бөлімінің құрамына кірген Шымкенттің, Әулиеатаның (Жамбылдың), Қызылорданың «Союзмаслопром» агентігінің құрылуынан басталған болатын. 1933 жылы шылы сүт ірімшігін сақтайтын қойма салынған. Шымкенттегі ең алғашқы гормолзауыт 1937 жылы салынған болатын. 1959 жылы тәуліктегі сүт өнімдерін өндіретін қуаттылығы 25 тонна блоаты гормолзауыт Шымкент гормолзауыт базасында облыстық сүт комбинатының базасында ашық түрдегі «Шымкент сүт» акционерлік қоғамы құрылған. 1998 жылдың қаңтар айында «Шымкент сүт» акционерлік қоғамы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілді.
Қазіргі таңда «Шымкент сүт» АҚ-мы ортақ бір мақсатқа ұйымдасқан түрде бірігіп, тұтынушының талғамын қанағаттандыру үшін жоғары сапалы өнім шығару болып табылады. Ол үшін: жоғары мамандандырылған мамандар, техникамен жабдықтау, қазіргі заманғы техникалық құрал – жабдықтар, ал ең бастысы – тұтынушының сенімін ақтау қажет екендігін ескерген. Бұдан басқа Шымкент қаласындағы Георгиевка поселкесінде «ФудМстер» компаниясының филиалы 1998 жылдан бері жұмыс істеп келуде.
компаниясының алатын орны
жоғарыда атап өткендей «Фуд Мастер-Шымкент» компаниясы 1998 жылдаң 5 сәуір күнінен бастап жұмыс істеп келуде. Ендеше компания жөнінде қысқаша тоқталып өтейік, Қазіргі таңда зауыт оннан астам өнім түрлерін өндіреді, соынмен қатар фирма «Роверси», «Хугарт», «Микстер» сынды әйгілі еуропа елдерінің қазіргі заманғы құрал жабдықтармен жабдықталуынан жоғары сапалы әртүрлі сүзбе мен ірімшік түрлері өндіріледі. Зауытта сүтің апасын анықтайтын экспресс – лаборатория жұмыс істеуде. «Фуд Мастер-тек қана пайдалы, сапалы өнім атты» басты концепсиясын қолдануына байланысты өнімді бақылап отыру негізге алынған. Сүттің 85%-ын (3 мыңдай адам) жеке сүт өткізушілерден алынады. Тағыда айта кететін жайт «Фуд Мастер» компаниясы өздерінің қарамағындағы қызметкерлеріне уақытылы жалақысын төлеп отыруды, түрлі мейрмадық іс – шараларды өткізуге көп балалы қызметкерлерге қосымша көмек көрсету және тағы сол сияқты жағдайлармен қамтамасыз етілген. «Фуд Мастер – Шымкент компаниясы» өз тауарларын шет елдерге шығаруға мүмкін болатын ИСО-9000 халықаралық стандартымен қамтамасыз етілген.
ІІІ. Өнеркәсіп салаларын дамыту мен өнімнің
сапасын арттыру жолдары
Тәжірибе көрсеткендей халқаралық стандарқа ендіру материалды – техникалық жабдықтау, қаржыландырау бағдарлама мен қамтамасыз ету мен ғана шектелмейді. Ол сондай – ақ ескі көз қарастар мен байланысты әлеуметтік психологиялық сипаттағы кедергілерді де қарастырады. Үлкен қиындық маркетингітк іс әрекеттті ұйымдастырумен және бұйымның сапасының қажетті деңгейін жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан ішкі нарыққа ұсынылған тұтынушы талаптарын тұрақты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасын өз деңгейінде ұстау міндетін шешу қажет.
Сапаны басқаруға қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өнімді тұтыну, пайдалану немесе құру кезінде жүзеге асырылатын іс әрекеттердің барлығын қарастырған жөн. Кез келген басқарудың мәні басқарушылық шешімдерді жөндей және бірден бірі бақару объектісіне қарастырылған шешімдермен ықпал ету. Өнім сапасын басқару кезінде тікелей басқару объектісіне өнім сапасы тәуелді болатын процестер болғандықтан, олар өндіріске дейінгі кезеңде өндірістік және өндірістен кейінгі өнімнің өмірлік цикліне ұйымдастырылуы қажет. Басқарушылық шешімдерді өңдеу басқару процесінің нақты жағдайы мен оны басқару бағдарламасы мен берілген сипаттамаларын салыстыру кезінде жүргізілуі қажет. Өнім сапасының көрсеткіштерін реттеу параметрлері мен нормативті құжаттарды (стандарттар, технологиялық жағдай, сызбалар, тех.шарт) өнімнің сапасын басқару бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Әрбір кәіпорынның негізгі міндеті өндірген өнімі мен ұсынылған қызметінің сапасы болғандықтан, кәсіпорынның кейінгі іс әрекеті өндірілген өнімінің нақты қажеттілігіне жауап беру, тұтынушының талабын қанағаттандыруында қоғамның талаптарына және заңдылығына сәйкес бәсекеге қабілетті бағамен тұтынушыға ұсынғанда және пайда алуға бағытталған да қамтамасыз етілуі тиіс.
Өнімнің сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, яғни кәсіпорында сапаны басқару үшін қажетті ресурстармен процестерді, процедураларды нақты бөлетін ұйымдық құрылымын көрсететін өнім сапасын басқару жүйесі қызмет ету керек.
Өнім сапасын басқаруда сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдеттер мен қызметтер жиынтығы болуы шарт.
Сапаны басқару жүйесін сапаны басқаруға қажетті процестермен өнімдер әрбір жұмыскердің өз жұмысына жауапты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым ретінде қарастырылуы қажет. Сапа саласындағы саясатқа келесілерді жатқызуға болады:
1. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту:
2. Өнімді сату нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу:
3. Негізгі кәсіпорындармен фирмалардың деңгейіне асып түсетін өнімнің технологиялық деңгейлеріне жету:
4. Сапаның басты көрсеткіштерін нығайту:
5. Өндірілген өнімнің кемшіліктерін азайту:
6. Өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту және әртүрлі қызметті дамыту.
Өнім сапасын басқаруды жетілдірудің бағыттары бойынша отандық кәсіпкерлер алдында мынадай негізгі мәселелерді қарастыру қажет:
● Өнім сапасын басқару жүйесіне маркетингтік іс әрекет механизмін қосу:
● Өнімнің өмір сүру циклінің барлық кезеңінде сапаны басқару жүйесінің әсер ету механизмін жоғарылату.
Өнімнің өмірлік циклінің негізгі кезеңдеріне қойылатын талаптарды келесіде қарастырып өтуге болады:
1. Маркетинг облысындағы сапа жүйесіне талаптар:
Өнім сапасына қойылатын талаптарды анықтауды жетекші рөлді маркетинг функциясы алады, олар:
● өнімге қажеттілік болжамын ұсыну:
● нарық сұранысын немесе шаруашылық шарттарын талдау негізінде тұтынушы талаптарын нақты қалыптастыру:
● алынған ақпараттарды бақылау және кері байланыс жүйесінің тұрақты нгізін бекіту:
● өнімге қойылатын талаптар бойынша арнайы есептемені ұсыну:
2. Техникалық шарттарды талдау және жобалау кезіндегі сапа жүйесінің талаптары:
● әлемдік деңгей мен тұтынушылардың талаптарына жауап беретін жобаның құрылуын қамтамасыз ететін сапа жүйесі болуы керек:
● мақсатты ғылым техникалық бағдарлама түрінде жобалау бойынша жұмыстарды жоспарлау:
● жобалардың әр түрлі кезеңдеріне өнім параметрлерін өлшеу және сынау, жобалау кезіндегі қателіктерді жөндеуге бағытталған шаралар кешенің жасау:
● алғашқы талаптарға жобаның сәйкестігін бақылау:
● жобаның барлық компоненттерін кезекті талдау:
● жобаның өндірісін бақылау:
● жобаны қайта бағалау.
3. Материалды техникалық қамтамасыз ету кезіндегі сапа жүйесіне талаптар:
● жартылай фабрикат және құрастырушы бұйымдар, материалдар сапасынан тәуеліз соңғы өнім сапасына кәсіпорын жауапты болады;
● құрастырушы бөлшектер, жартылай фабрикаттар, сатып алынатын материалдарға талаптарды жасау;
● жабдықтаушыларына жұмыс формасын, әдістерін процедурасын бекіту;
● жабдықтаушылар мен сапа жөніндегі келіспушілік сұақтардың шешімін қарастыру;
● жабдықтаушылар және сатып алынған өнім сапасы жөніндегі мәліметтерді тіркеу.
4. Өндіріс пен өндірістік процесті талқылау, дайындау поцесіндегі сапа жүйесінің талаптары өндірістің дайындығын, өнімді дайындау кезінде техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге сенімділікті беру керек. Бұл үшін сапаны басқару жүйесі басқарушыға шарттағы өндірістің барлық элементтерімен қамтамасыз етуі керек. Жүйенің міндетті элементі өндіріс процесі мен дайын өнімді сынауда бақылау болуы қажет, сондай – ақ өнімді тексеру кезінде сапаны бақылау. Бұл үшін өнімді дайындау сапасы арттыруға бағытталған, қызметкерлерді ынталандыру, реттеу шаралары өңделуі қажет.
5. Өндірістен кейінгі кезеңдегі сапа жүйесінң талаптары (бұйып түю, сақтау, монтаждау, техникалық қызмет көрсету). Өндірістен кейінгі сапа жүйесі арту түсіру жұмыстары кезінде сақтау, тасымалдау кезінде ақаулардың болуын алдын алатын шаралар мен шарттарды, ресурстар мен қамтамасыз етуді қарастырады.
Қазіргі кездегі мәселелер шектеуліктерді енгізуге әдістемелік кеңес, керісінше таза тәжірибелік сипаттам алу керек. Оның негізгі себептеріне кәсіптік білікті кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіпорынның материалдық және ұйымдық техникалық базасының шектеулігі статистикалық әдістерді жалпы қолдануда тәжірибенің жетіспеушілігі, технлогиялық және басқарушылық процесіндегі автоматизацияның артта қалуын жатқызамыз. Тәжірибе көрсеткендей халықаралық стандартты енгізу материалды техникалық қамсыздандыруды ұйымдастыруға, қаржыландыруға, бағдарламамен қамтамасыз етуге жоғарғы талаптар мен шектелмейді, сонымен қатар әлеуметтік психологиялық сиапаттамаларға кедергілер мен де шектеледі.
Өнім сапасын басқару жүйесімен қатар сапалы зерттеудегі негізгі рөлді сапа топтары алу қажет. Сапа топтары кәсіпорындағы психологиялық климатты, өзгерістерді жәнне жұмысшылардың қызығушылығын арттыру қажет.
Сапа топтарын ұйымдастырудың принциптері келесідей болуы мүмкін:
● Қатынасу еркіндігі;
● Ұжыммен бірге дұрыс шешімді іздеу;
● Жеткен жетістіктерге моральды және материалды қанағаттандыру;
● Жаппай ақы құралдары формасын жария ету.
Сапа бойынша жетекші кеңесші Ф.Кросби марапаттау жүйесіне үлкен көңіл аударғандықтан, өнім сапасын жоғарлату кәсіпорын үшін үлкен жұмыс, өткені ол шаруашылықты қызметінің барлық бағытын көрсетеді және соңында өнім сапасы деп аталатын макро экономикалық көрсеткішті көрсетеді. Алдыңғы қатарлы фирмалардың қатарына жатуы үшін өнім сапасын басқаруды келесідей жаңа старатегиясын енгізуіміз қажет:
● өнім сапасы қандай да бір бөлімнің техникалық функциясын емес, ол фирманың бүкіл ұйымдастырушылық құрылымы мен байланысы жүйелік процес;
● сапаның жаңа түсінігіне кәсіпорының әйкес ұйымдастырушы құрылымы жауап беруі тиіс;
● өнім сапасы өндірістік цикл шеңберіне ғана тиісті емес, соынмен бірге талқылау, маркетинг және сатудан кейьінгі қызметке де тиісті, маңызды болып табылады;
● сапа өндірушінің емес ттұтынушының талабын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс;
● өнім сапасын артытру өндірісте жаңа технологияны талап етеді;
● өнім сапасы барлық жұмыскерлерді қатысуға қызығушылығы мен ғана қол жеткізеді.
Жоғарыда аталғандардың барлығы барлық қызметкерлерге қолдану қолайлы, тұтынушылардың мүддесіне бағытталған, сапаны басқару жүйесі толық, нақты ұйымдастырылғанда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Өнім сапасын жақсарту үшін техника экономикалық және ұйымдастырушылық тапсырмалар мен шаралардың кешенің анықтау қажет. Сонымен қатар өнім сапасын арттыру деңгейін қарастыратын жауапкершілік пен міндеттерде ескерілуі керек.
Өнім сапасын зерттейтін маңызды құралдардың бірі мемлекеттік стандарт болып табылатындықтан, сапа іс әрекетінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде жоғары басшылық пен танылуы қажет. Сапаны арттыру жөніндегі шаралар барлық бөлімдерге тиісті болуы керек. 80-90 пайыз шаралар сапа бөлімі мен бақыланбайды. Біріншіден, өнімді дайындаудың, пайдаланудың жасау процесінің ұйымдастырушылық, технологиялық техникалық мазмұның дәл және нақты суреттеу керек. Екіншіден, өте қарапайым түсінікті, жеңіл қабылданатын және енгізілетін болуы тиіс.
Өнім сапасын басқару механизмі №10 суретте көрсетілген. Өнім сапасын қамтамасыз ету үшін сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру мақсатында жүргізілетін жоспарланған және жүйеленген шаралардың жиынтығы қарастыруы қажет. Сапаны басқару шешім қабылдау, бақылау, есепке алу, талдаудан тұрып, сапаны жақсарту сапа жүйесімен өндіріс элементтерін жетілдіруге, өнімнің техникалық деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
17 12 2014
3 стр.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі туралы
14 10 2014
1 стр.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министірлігі Өнеркәсіп комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы рмк «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ
25 12 2014
1 стр.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфекцияға қарсы препарат
17 12 2014
2 стр.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфекцияға қарсы препарат
16 12 2014
1 стр.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфекцияға қарсы препарат
25 12 2014
1 стр.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфекцияға қарсы препарат
16 12 2014
1 стр.