Перейти на главную страницу
2.1 Мемлекетің құрылуы, көрші елдермен саяси қарым- қатынастары..........17
Жоғарыда атап айтқандай IX ғасырда ұйғырлардың бір бөлігі қимақтар қатарына кірді. Сөйтіп Шығыс Қазақстан далаларына қоныс тепті. Соңынан батысқа қарай қоныс аударды. XI ғасырдың басында Қыпшақ-қимақ мемлекеті құрылғанда, ұйғырлар және тағы басқа түркі тайпалары Орталық Азиядан көш жасап, қыпшақ тайпаларына қосылып солтүстік шығыс Хорезм аймағына орналасты. Орта Азиядағы ең мықты мұсылман мемлекетімен біріге отырып, олардың ішкі саясаттарына бүкіл тыныс тіршілігіне түгелдей араласып кетті. Н.Н.Бартольдтың тұжырымдауына карағанда "Хорезм басқа аудандармен салыстырғанда түріктердің әсер етуіне бой алдырды. Осыдан бастап XI соңғы жылдарында Хорезм билеушілерінің дені түрік есімдерімен аталды" деп жазды /4/.
Осы себептерден болар Хорезмшахтардың қандай түркі тайпасынан шыққандығы талас тудыратыны белгілі. Қалай айтсақ та Ануштегин әулетінің түрік екені даусыз болғанымен тарихшылар әр түрлі пікірлер ұстануда. Тарихшылардың көпшілігі бұл әулетті оғыз тайпасының Бегділі руына жатқызады. Тарихтан белгілі айтып өткенімдей ұйғырлар мен оғыздардың осы аумақтарға орналасуы және саяси билік құрулары, қаңлылардың бой көрсетуі, қарлұқ тайпаларының Маураннахыр территорияларыңда қоныстануы және қыпшақтардың билігі бұлардың барлығы осы аймақтармен тікелей байланысты болғандықтан әулеттің қай тайпаға жататынын дөп басып айту қиын. Сұлтан Меликшах кезінде сарайға келген Ануштегин "құмырашы" шеніне қол жеткізген /5/. Хорезм билігіне осы кезенде келген болатын. Мұхаммед ұрпақтары түрік құлдарын ұстауда ең биік сатыда тұрды. Бұл ұлттық тұтқындарды Персияда сыртқы тұлғаларымен күші және мінез-құлқы үшін өте жоғары бағаланып отырған. Бұларды Каспии теңізінің солтүстік шығысындағы елдерден жасөспірім шақтарында көптеп алып келіп отырған. Жергілікті түріктер мен тілдестер және номадтар бір-бірімен соғыста қолга түскен жасөспірімдерді құлдықка сатып отырған. Бұл балаларды әмірлер мен ел басшылары өте жоғары бағаға сатып алып оларды ислам дінінде тәрбиелеп және оларды әскери тәртіпке баулып отырған. Олардың көбі өз қожайындарының әскери жасағында немесе үй шаруашылығында қызмет атқарған. Қожайындарының сенімінен шығып адал қызмет атқарғандарының кейбіріне бостандық беріліп әскер қатарында және сарай қызметтерін аткарған. Сонымен қатар аймақ билеушісі дәрежелеріне қол жетізген. Осыдан бастап ислам дініндегі түрік құлдарының ұлы адамдар қатарына қосылып осы территорияны түріктердің жаулап алуына тездеткен болатын /6/. Менімше және тарихшылардың қелтірген деректеріне сүйене отырып Ануштегин әулетін "Қаңлылардан" шыққан деп тұжырымдаймын. Әрине мен бұл жерде кейбір тарихшыларымыз өз ата-бабаларын дәріптегені сияқты рушылдыққа салынып отырған жоқпын, аз да болса өзімнің тапқан әдебиеттеріме сүйеніп айтып отырмын. Бұған кезегі келгенде тоқталып өтемін.
Хорезмшах билеушілері саяси билігін нығайту мақсаттарында көшпелі тайпалармен қақтығысып отырған. Олардың бір бөлігін бейбітшілік жолмен жайылымдық жерлер беріп ислам дінін қабылдатса және әскери шендер үлестіріп қызықтырып отырған. Өз бостандығы мен дербестігі үшін күрескен бөлігін, күштеп басқыншылық жорықтар арқылы бағындырып отырған. Ел билеуші хорезмшахтар билікке қол жеткізісімен өз мемлекетін кеңейтуге әрі мықты әскер көшпелі тайпалар екенін түсініп, оларды өз уыстарынан шығармауға күш салып отырған. Сонымен қатар кең байтақ Қазақстан далалары да қызықтырып отырған. Салжұқ бодандығынан шығып, қарақытайларға бағыныштылығы, Батыс қарахандарды және Гуриттерді жеңіп тарихымыздан өшпестей орын алған "Отырар апаты" және сол кездегі монғол шапқыншылығына өжеттікпен қарсы тұрған, ең маңыздысы өмірі қысқа болса да, ислам дінінің кең етек жайуына себепкер болған бірден бір мемлекет болып табылады /7/.
Амудария өзенінің төменгі ағысының екі жағына орналасқан географиялық аймақ Хорезм атымен аталады. Осы аумаққа билік жүргізген билеушілердің барлығына "хорезмшах" атағы беріліп отырған /8/. Хорезм атымен танылған бұл аймаққа салжұқтардан бұрын бірнеше мемлеккеттер билік жүргізген. Н.Н Бартольд бұл аймаққа билік жүргізген мемлекеттерді төрт бөлікке бөлген.
1. Исламнан бұрын пайда болған және 995 жылына дейін саяси билігін сақтаған Афригиттер.
2. 995-1017 жылдарында билік жүргізген Мамун әулеті.
3. Ғазнауи сұлтаны Махмудтың Хорезмді жаулап алып, жергілікті билікті 1017 жылы Алтынташқа берді. Алтынташ хорезмшахтары болып табылады.
4. 1097-1231 жылдар арасында салжұқтардың тағайындауымен Хорезм билігін қолдарына алған ең соңғы хорезмшахтар болып табылады/9/.
Алғашқы Хорезмшахтар дәуірінде орталық Кас (қазіргі Шах Аббас Нели ауданы) қаласы болатын. Бұл кезеңде Хорезмнің оңтүстік аумағы маңызды болған. Алайда Амударияның солтүстік аймағында өте маңызды қала болып есептелген Үргеніш каласының әміршісі Мамун 996 жылы Кас қаласың жаулап алуымен оңтүстіктегі маңыздылық Үргеніш қаласына ауысты. Аздаған уақыт ішінде тек сауда мен шектелмей саяси және мәдени аланда өте қарқынмен дамыды. 1017 жылы Хорезмді Мамун әулетінің соңғы хорезмшахы Абул Харис Мұхаммед бин Алиден, Ғазнауи сұлтаны Махмуд тартып алып әскербасыларының бірі Алтынташты тағайындады. Алайда хорезмшах Харун Ғазнауи сұлтанының орнына отырған сұлтан Месудқа қарсы көтерліс жасады. Сонымен қатар сол кезеңде Хорезм территориясына келген Тұғырыл, Чағры және Ибрахим Инал басқаруындағы салжұқ түркмендері мен қосылып Хорасанды өздеріне қаратпақшы болды. Бірақ Женд қаласының билеушісі Шах-Мелик, Ғазнауи мемлекетімен одақтасып 1034 жылы салжұқ түркмендеріне шабуыл жасауы Харунның жоспарын тежеді. 1035 жылы хорезмшах Харунның өлімі, Хорезмді қайта саяси келеңсіздіктерге ұшыратты/10/.
Дегенімен аздаған уақыттан кейін Харунның бауыры Исмайыл Хандан "хорезмшах" болды. Харунның өлтірілуіне байланысты салжұқтар бұл жерде өздеріне қолайлы отан болмайтынына көз жеткізіп Хорасан территориясына көш жасаудан басқа шаралары қалмады. Ғазнауи сұлтаны, Шах-Меликтің Хорезмнен дәмелі екенін түсініп оған басы бүтін өзіне берілгені жөнінде хабарлады. Бұл хабарды алысымен Шах-Мелик Хорезмге қысымын арттырды және Алтынташ әулетін жақтастарымен қоса ығыстырып 1041 жылы 12-ақпанда Үргенішке басып кірді /11/. Сұлтан Месуд бұл жерде өз атына "қүтбе" оқытты. Осы уақытта Хорасанда салжұқтар Бейдоғду, Хажиб субашы әскер басшылардың басқаруымен Ғазнауи әскерлерін жеңіліске ұшыратты. 1040 жылы салжұқтар Ғазнауи мемлекетін "Данданакан" соғысыңда ауыр жеңіліске ұшыратты. Шах-Мелик тарпынан Хорезмнен куылған Алтынташ ұрпақтары Хорасанға келіп ескі достары салжұқтарды паналағанымен көп ұзамай ыдырап кетті. Батыс Иран жорығынан оралған. Тұғырыл Чағрымен қосылып 1043 жылы Хорезмге аттанды. Үргеніш қаласын қоршауға алғаңда Шах-Мелик қоршаудан құтылып шығып Ғазнауилерді паналады. Хабибус Сиер мағлұматында Шах-Мелик Ғазнауилерден жәрдем алмақшы болып жолға шыққаңда өлді деп келтіреді. Ибнул Есирдің келтірген дерегіне сүйенсек Чағры алғашқы жорығында сәтсіздікке ұшыраған. Сұлтан Месудтың орнына отырған Мендут уақтында, Шах-Мелик Ғазнауи мемлекетіне бағынышты болған. Тұғырылдың Хорезм жорығында Шах-Мелик қашып Дихистан, Табес, Кирман аймағынан Мекранға дейін шегінген. Бірақ бұл жерде Ибрахим Иналдың бауыры Ерташ оны ұстап Чағрыға берген дейді. Осыған қарағанда Хорезмде салжұқ билігі Тұғырыл бей кезеңінде құрылған деп айтуға болады. 1065 жылы сұлтан Алып-Арслан Маңғышлаққа жорық ұйымдастырды Салжұқ мырзаның мазарына зиярат ету мақсатымен Женд қаласына барды. Қайтар жолында Үргенішке соғып билігін екінші баласы Арслан Аргунға берді /12/.
Кутб ад-дин Мұхаммед өлгеннен кейін орнына үлкен баласы Атсыз отырды. Атсыз 492 (1099) жылы туылған /22/. Атсыздың бұл орынға келуінің басты себебі сұлтан Санжар Кутб ад-дин Мұхаммедке өте разы болғаны үшін өлгенде орнына баласы Атсызды хорезмшах етіп тағайындады. Сонымен қатар Атсыз алғыр және ел басқара алатын қабылетін байқаған сұлтан оны осы орынға отыруға лайықты деп тапқан. Сұлтан Санжардың барлық соғыстарына қатынасып отырған, жоғары марапаттарға ие болған және өзінің саяси билігін артыру мақсатында әкесінің қорғаныс әрекеттерінен гөрі Атсыз жаугершілікке көшіп Женд, Маңғышлақ және Сырдарияның солтүстік аймақтарына жорықтар жасады. Маңғыстауды жаулап алып қыпшақтар мен олардың одақтастары оғыз-язырларды талқаңдап, Женд қаласын басып алды. Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорықтар жасап, 1133 жылы "дінсіздер арасында зор құрметке ие болған" қыпшақ ханын женді /23/. Деректемелер жоғарғы қыпшақ ханының байырғы өз ұлысы шегінде алғаш рет жеңіліске ұшырауының себептері туралы ешқаңдай қосымша деректер келтірілмейді.
Алайда 1141 жылы Атсыз, сұлтан Санжарға қайта тәуелділікке түсіп оған "жеті қат көктің және жердің тәңірісі болған Алланың атымен мен мен болғаннан бері Санжардың қарамағында болайын деп бағыныштылығын білдірген болатын".
Бұл бағыныштылық ұзаққа созылмады. Себебі сұлтан Санжар мен қарақытай мемлекеті арасында 1141 жылы 9 қыркүйекте "Катван" соғысы болып Санжардың жеңілісімен аяқталған болатын /30/. Бұл соғыста өлілер мен жаралыларды қосқанда 30 000 мұсылман қырылған және Санжар Термез қаласына қашуға мәжбүр болды. Сонымен қатар қарақытайлар Бұхараға дейін жаулап алған болатын. Атсыз салжұқ мемлекетінің осы сәтсіздіктерін пайдаланып тәуелсіздігін қайта жариялап Хорасан аумағына жорыққа шықты /31/. 1141 Атсыз Серахс каласына келгенде, қала атынан Әбу Мұхаммед әз-Зейнади қарсы алып оған бағыныштылығын білдірді. Осыдан кейін Атсыз салжұқ мемлекетінің орталығы Мерв қаласына аттанды. Бұл қалада Атсызды қарсы алу үшін халық арасынан Имам Ахмед әл-Баһерзи шешілді.
Атсыз қалаға жіберген адамдарының ешқайсысына тиіспеуін және осы шарт арқылы қала халқына өз тарапынан ешқандай әрекеттерге бармайтынын айтты. Дегенімен бірнеше күннен кейін Фаших Ебул-Фазыл әл-Кирмани басшылығындағы қаланың игі жақсыларын жиналысқа шақырғанда күтпеген келеңсіздік оқиға орын алды және Хорезмшах Атсыз жіберген адамдарының біреуін өлтіріп жағдай ушығып кетті. Қалған адамдарын қаладан қуып шығарып қақпаны бекітіп алды. Қала ішіндегі адамдар соғысқа дайындық жасағанымен ешқандай пайда әкелмеді.
Хорезмшах Атсыз 1141 жылы 21-қазанда қаланы басып алып өзіне қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастырған еш-Шерив Али бин Ысхахты және оған көмек берген адамдарымен қоса бір бөлігін қылыштың жүзімен суарды. Өлтірілгендер арасында Шафи Фаһихи Ибрахим ел-Мервези, ғалым Али бин Мұхаммед бин Арсландар да бар.
Мұнымен қатар хорезмшах Атсыз, Үргеніш қаласының ғылым саласын көтеру мақсатымен Ебул-Фазыл ел-Кирмани, Ебу Мансур ел-Аббады ел-Мервези, философ Баһа уд-дин Ебу Мұхаммед әл-Хирани сияқты атақты ғалымдарды өзімен бірге Хорезмге алып кетті /32/.
1142 жылы мамыр айында Атсыз Нишапур қаласына жақындағанда өзін қарсы алған адамдар Асыздан, Мерв қаласында болған оқиғаларды бұл жерде орын алмауын өтіңді. Атсыз бұл өтінішке былай жауап берді. Сұлтан Санжар менің және әкемнің құқықтарына құрметпен қарамай және өзім білгіштігі оны осындай бәлеге душар етіп отыр /33/. Сұлтанның осы жағдайларды түсініп түсінбегенін білмеймін, бірақ енді Хорезмшахтар сияқты куатты жәрдем берушіні енді ешқашан да таба алмайды деді. Нишапур халқына өздеріңді өздерің өлтіруге итермеледіңдер деп өзінің әрбір істеген ісінің әділ, тура екенін көрсеткісі келген Атсыз, Нишапурлықтарға ешқандай зарар бермеді. Нишапурда 1142 жылы 28 мамырда жұма күні "кұтбені" өз атына оқытты. "Құтбені" Санжар емес хорезмшах Атсыздың атына оқытқанын естіген халық толқулар жасағанымен тез арада бастырылды. Бес апта бойы "құтбе" Атсыздың атына оқытылды. Алайда 1142 жылдың тамыз айынан баетап "құтбе" бұрынғысынша сұлтан Санжардың атына оқытылы бастады. Хорезмшах Атсыз Нишапур қаласында болған кезеңінде бауыры Инал Тегін қолбасшылығындағы әскерді Бейһах, Ферюмез қалаларын және айналалрын қарақшылықша талқандаған болатын.
Сұлтан Санжар Маураннахырдан Тебризге қай жылы келгені айтылмаған. Қыркүйек айыңда Маураннахырдың қолдан шыққаны және осьі" уақытта Атсыздың Хорасанда жасаған іс-әрекеттерінен қарағанда, сұлтанның Хорасанға келмегені көрініп тұр. Бұл уақытта Сұлтан Санжардың Тебриз қаласында жаңа жасақтар құруымен айналысқаны айтылады. Ислам тарихшысы Ибнул Есирдің келтірген дерегі бойынша қарақытай әскерінің Маураннахыр және маңызды жерлерде тұруымен, Санжардың Хорезмшах Атсызбен соғысудан бас тартқан деген жорамал бар /34/. Дегенімен бұл оқиға ұзаққа созылмады және Хорасанды өз билігіне қаратқан сұлтан Санжар алдында, Хорезмшах Атсыз кері шегінуге мәжбүр болды. Сұлтанның 1143/44 жылында Хорезмге қарсы жасаған жорығының нәтижесінде Атсыз салжұқтарға бағыныштылығын білдіріп және Мерв қаласында алынған қазналарды кері қайтаруға мәжбүр болды.
Қарақытай мемлекетінің Маураннахыр территориясында күшейуімен шығыстан төнген үлкен қауіптен қорғану және Хорасан аумағындағы куатын түпкілікті күшейту мақсатында хорезмшах Атсыз жылына 30 000 динар алтын беруге келісті. Осыдан кейін қайта тәуелсіздікке ұмтыла бастады. Бұл оқиғаларды естіген Санжар істің қаншалықты өрбуін білу мақсатында ақын Едиб Сабирді елші етіп Хорезмге жіберді. Едиб Сабир хорезмшах Атсыздың, Сұлтан Санжарға қастандық жасау ниетімен екі адам жібергенін біліп тез арада сұлтанға хабар береді. Санжар қастандық торынан құтылғанымен, Едиб Сабирді Атсыздың адамдары ұстап алып өлтірді әрі Амудария өзеніне тастап жіберді.
Міне осындай оқиғалардың орын алуының нәтижесінде сұлтан Санжар 1147 жылы қараша айында Хорезмге үшінші рет соғысқа шығуына себепкер болды. Хазараса каласын екі ай қоршап ақыры жаулап алған сұлтан Санжар, Үргеніш қаласының маңына дейін келді. Хорезмшах Атсыздың өтінішімен Захиди Ахупуш атпен танымал болған дәуріш, қан төгілмеуі үшін сұлтан Санжардан араша сұрады /35/. Сұлтан Санжар дәуріштің өтінішін қабыл алып, Атсыздың өзінің алдына келіп тізерлеп отырып кешірім сұрау керектігін айтты /36/.
1148 жылы мамыр немесе маусым айында салт дәстүр бойынша атынан түсіп тізерлеп отырып сұлтан Санжардың кешірім сұрау керек болатын. Бірақ хорезмшах Атсыз ат үстінде тұрып сәлем беріп, кері қайтып кетті. Санжар ашулансада ештеңе деместен Мервке оралды. Осы оқиғадан кейін хорезмшах Атсыз, Хорасан аумағына жасайтын әрекеттрінен нәтижелі бола бермейтінін түсініп, барлық күш-куатын жинап Сырдария аймағын өзіне қарату жолына түсті. 1152 жылы пұтқа табынған қыпшақтардың орталығы Сығанаққа жасаған жорығының нәтижесінде Женд қаласын өзіне қаратты.
Жунейнидің айтуына қарағанда 1152 жылы Атсыз кәпірлерге қарсы бірнеше жорықтар жасаған. Сондықтан Сығанақты жаулап үйін Атсыз, Арсланхан Махмудттың ұлымен одақтасқан болатын. Осы жылдың мамыр айында хорезмшах Атсыз, Жендтің шекарасына таянғанда одақтасы өз жасағымен қашып кетеді. Сығанаққа жасаған жорық туралы басқа деректер жоқ, бұл жорықтың болмауы да мүмкін /37/. Осы жылдың маусым айында Женде болған көтерлісті басу үшін Атсыз Сығанақтан емес Хорезмнен аттанды. Жунейнидің айтуы бойынша Жеңдте болған көтерліс басылғаннан кейін Атсыз бұл жерге өзінің үлкен ұлы Абул-Фетқ ел-Арсланды басшы етіп тағайындады /38/. Осының арқасында Атсыз өзінің өмірінің соңына дейін қыпшақ жерлерінің көпеген территорияларын жаулап алып, өз мемлекетінің территориясын кеңейтуге қол жеткізді. Соның бір дәлелі 1133 жылы қыпшақ бірлестігін Атсыз ыдыратты. Осының салдарынан Қазақстан далаларындағы қыпшақтар екіге бөлінді. Олардың әр-қайсысы өз жағрафиялық жағдайларына қолайлы қыстық және жайлау мекеңдері болды. Андар аз Кифчак аудандарындағы көшпелі тайпалардың жаздық жайылымы Ертіс жағалауындағы Алтай, Тарбағатай таулары болды. Ал қыстауға олар. Сарысу, Шу және Талас аумағын мекендеді. Бұл қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласы болды. Арал теңізінің солтүстігін мекендеген қыпшақтар Орал тауларының оңтүстігін жазғы жайлауға, қыстауы Сырдарияның төменгі ағысы Арал аймағы болды. Қыпшақтардың Қазақстандағы екіге бөлінуі туралы эпостық жырларда да көрсетілген. Мысалы Қобыланды жырында қыпшақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінген. Атсыздың қыпшақтарға 1152 жылы жасаған жорығы нәтижесінде бір бөлігі Ислам дінін қабылдаған.
Дәл осы уақытта Атсыз қыпшақтармен айналысып жатқанда Хорасан аумағында күтпеген оқиғалар болып жатты. Оғыздар көтерліс жасап сұлтан Санжарды 1153-1156 жылдар арасында тұтқында ұстады. Осы істердің барысында хорезмшах Атсыздың Хорасан аумағына жаңа әскери әрекеттер жасау үшін өте қолайлы сәт болатын. Бірақ хорезмшах Атсыз бұл жолы Хорасан аумағынан гөрі, сұлтанға шын берілген сияқты оның құқықтарын қорғауға тырысып бақты /39/. Хорасанның маңызды орталықтары Мерв, Нишапур қалаларын оғыздар талқандады. Махмуд жағдайдың осылай өрбігенін шешу мақсатымен хорезмшах Атсызбен хабарласты. Хорезмшах Атсыз баласы ел-Арсланды жанына алып Махмуд және салжұқ қолбасшыларымен жүздесу мақсатында Хорасанға аттанды. Хорезмшах Атсыз Неса қаласында Махмуд әскеріне қосылды және осы жерде сұлтан Санжардың тұтқыннан босағанын естіп, сұлтанға куанышты әрі оның әміріне дайын екеніні жайында хат жазды. Бір жағынан Махмудқа және қолбасшыларға хат жолдап Хабушан (Кушан) қаласында Махмудпен қайта қосылды. Сонымен қатар оғыз басшыларына хат жазып сұлтан Санжардың қоластына кіруіне және істеген істері үшін кешірім сұрауын айтты. Өзінің және Махмудтың, Гур, Систан әмірлерінің де сұлтан Санжарға бағыныштылығын білдірді. Алайда бұл істерінен ешқандай нәтиже шықпады. Атсыз 1156 жылы 30 шілде де 59 жасында Хабушан қаласында қайтыс болды /40/. Ол өзінің ұрпағына "Сахри Түркістан және Жент" жерлерін қалдырды /41/. Хорезмшах Атсыз Хорезмнің барлық жағдайын жасап, мұсылман әлемінде күшті мемлекеттің құрылуының негізін салды. Сонымен қатар оның ірі түлға болғандығын тірі кезінде өзіне арнап қойылған лақап аттарынан байқауға болады. Әмір Муиз зи-дин оған арнап жазған деректерінде хорезмшах Атсызға Баба уд-дин және Ала уд-дин сияқты және Ебу Мззаффар, Хусами емирил Муминин сияқты лақап аттары болған. Хорезм шекарасы бойында кәпір түріктерімен жүргізген соғыстары үшін "Гази" лақабы да берілген/42/.
Хорезмшахтардың қыпшақтармен қарым-қатынасы және салжұқтар бодандығынан дербестікке ұмтылуы
15 12 2014
4 стр.
Саяси ғылымдардың негізгі кезендері мен қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы
25 12 2014
1 стр.
14 12 2014
3 стр.
Сабақтың тақырыбы: хүіі-хүііі ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
15 10 2014
1 стр.
Республикасының сыртқы саясаты, Жапон елінің тарихы, сыртқы саясаты, саяси жүйесі, мәдениеті, білімі және ғылымы, Әлемдік интеграциялық үрдістер, тмд елдерінің тарихы пәндері бойын
07 10 2014
1 стр.
Білімдік: Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Тәуекел ханның 16 жыл ел тізгініг ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы саясатындағы ролін түсіндіру
25 12 2014
1 стр.
Жайықың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І павелдің 1801ж 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер. Жәңгір
16 12 2014
1 стр.
16 12 2014
5 стр.