Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ Ф 4/3-04/01

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсы бар терапиялық стоматология кафедрасы


ДӘРІС
Тақырыбы: Полимерлер. Олардың қасиеттері мен қолданулары. Композитті полимерлер. Жіктелулері, қасиеттері.


«Ортопедиялық стоматологиядағы стоматологиялық материалтанудың негізі» электив пәні
Оқу сағатының көлемі: 90 с

2 курсы

3-4 семестр


Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат


Қарағанды 2011 ж.


Курс отырысында бекітілген


«_25_»___04___ 2011ж № 9 хаттама

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты________________ Н.С.Асакаев





  • Тақырыбы: Полимерлер. Олардың қасиеттері мен қолданулары. Композитті полимерлер. Жіктелулері, қасиеттері.



  • Мақсаты: студенттерді ортопедиялық стоматологияда қолданылатын полимерлермен, олардың қасиеттерімен және композитті полимерлердің жіктелулерімен таныстыру



  • Дәріс жоспары:

  1. Полимерлер

  2. Физико-механикалық қасиеттері

  3. Ортопедиялық стоматологияда полимерлерді қолдану

  4. Композитті полимерлер

  5. Композитті полимерлердің жіктелулері

  6. Бітемелік, әрлегіш композитті полимерлер

  7. Тістерді шендеуге арналған полимерлі материалдар


Полимерлі материалдарды химиялық байланыстарға байланысты үш түрге бөледі: жазық тізбекті полимерлер, тігілген полимерлер, егілген полимерлер.

Бірінші топтағы матреиалдардың полимерлерінің немесе сополимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектелген мономерлерден тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері. Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады. Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім. Бұл топтағы материалдарға Этакрил жатады.

Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектеліп, бір-бірімен кейбір жерлерде байламдар арқылы жалғасқан, мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-брімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды. Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді. Бұл топтың өкілі ретінде Акрелді айтуға болады.

Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының ұзын тізбектері құрамында фторы бар каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді. Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде «Фторакс», «Акронил» сияқты материалдарды келтіруге болады.

Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер – ұнтақ және мономер – сұйық. Этакрилдің ұнтағы үш эфирдің сополимері: метил және этил эфирлерінің меракрилді қышқылдарымен, акрил қышқылының метил эфирінің қосындылары. Қатынастары 89:8:2. Этакрилдің мономері метилакрилат және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады. Қатынастары 89:8:2. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон (0,005%) және пластификатор дибутилфталат (1%) бар.

Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.

Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.

Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.

Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар: а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау; ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю; б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассаның химиялық, физико-механикалық көрсеткіштеріне полимер мен мономердің салмақ қатынастарының әсері бар.

Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.

Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинихлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы біртұтас.

Жоғарғыда көрсетілген металдар физикалық, механикалық қасиеттерінің акрилаттармен салыстырғанда артық болғандарына қарамастан, техникалық қиыншылықтарға байланысты стоматологияда қолданылмайды. Мысалы: В.Н.Копейкиннің басшылығымен поликарбонатты полимерден алмалы-салмалы жасанды тістердің негізінде қолданылатын материал карбонет алынған болатын. Тістерді жасау технологиясының күрделігіне және оның технологияылық құрал-жабдықтары өте қымбатқа түсуіне байланысты карбодент іс жүзіне кең қолдау таппады.

Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және метакрильді қышқылдардың полимерлерін немесе сополимерлері. Термореативті полимерлерге бакелит, аминопласт, фенопласт жатады. 1940 жылға дейін бакелиттен (иксолан, стомалит, эфнелит) негізгі материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан ығып қалған.

Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.

Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.

Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді.





    • Әдебиеттер

негізгі:

  1. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н., Бычков В.А., Аль-Хаким А. Ортопедическая стоматология М, 2007. – 496 с.

  2. В.Н Копейкин Руководство по ортопедической стоматологии.., М., 2004.- 495 с.

  3. Трезубов В.Н., Щербаков А.С., Мишнёв Л.М. Ортопедическая стоматология (факультетский курс)- СПб. 2002 – 576 с.

  4. Рузуддинов С.Р., Темирбаев М.А., Алтынбеков К.Д. Ортопедическая стоматология., Алматы, 2011. – 621 с.

қосымша:

  1. И.Ю. Лебеденко, С.Х. Каламкаров Ортопедическая стоматология. Алгоритмы диагностики и лечения. М.- 2008. – 96 с.

  2. В.Н. Трезубов, Л.М. Мишнев, Е.Н. Жулев. Ортопедическая стоматология. Прикладное материаловедение.- М, 2008. – 473 с.

  3. Алтынбеков К.Д. Тіс протездерін дайындауда колданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар. – А, - 2008. – 380 б.

  4. А.П. Воронов, И.Ю. Лебеденко, И.А. Воронов «Ортопедическое лечение больных с полным отсутствием зубов». – М, 2006, 320 с.

  5. Ибрагимов Т.И. Актуальные вопросы ортопедической стоматологии: учебное пособие.

  6. 2007-256с.

  7. Афанасьев В.В., Останин А.А. Военная стоматология и челюстно-лицевая хирургия. ГЭОТАР-Медиа 2009-240с.

  8. В. Л. Параскевич. Дентальная имплантология. 2006-400с.

  9. Л. М. Цепов, А. И. Николаев, Е. А. Диагностика, лечение и профилактика заболеваний пародонта: практическое пособие. 2008-272с.

  10. Янушевич О.О., Гринин В.М., Почтаренко В.А., Рунова Г.С. / Под ред. О.О. Янушевича Заболевания пародонта. Современный взгляд на клинико-диагностические и лечебные аспекты. Серия "Библиотека врача-специалиста", ГЭОТАР-Медиа 2010-160с.

  11. Бичун А.Б., Васильев А.В., Михайлов. Неотложная помощь в стоматологии: краткое руководство. ГЭОТАР-Медиа 2010-320с.

  12. Арутюнов С.Д. Одонтопрепарирование при восстановлении дефектов твердых тканей зубов вкладками, 2007-136с.

  13. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология. 5-е издание. 2007-469с.

  14. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология. 6-е издание. 2008-496с.

  15. Трезубов В.Н. Ортопедическая стоматология. Технология лечебных и профилактических аппаратов. 2-е издание. 2008-309

  16. Мишнев Л.М., Трезубов В.Н., Соловьев М.М., Сапронова О.Н., Орехова Л.Ю., Кудрявцева Т.В. Предварительное лечение больных перед зубным протезированием. 2009-160с.

  17. Год издания:2009

  18. Жулев Е.Н. Препарирование зубов под вкладки. 2007-96с.

  19. Базикян Э.А., Робустова Т.Г., Лукина Г.И. и др. / Под ред. Э.А. Базикяна. Пропедевтическая стоматология. ГЭОТАР-Медиа 2010-768с.

  20. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации (Серия "Библиотека врача специалиста"). ГЭОТАР-Медиа 2008-224с.

  21. Базикян Э.А.Стоматологический инструментарий: цветной атлас. ГЭОТАР-Медиа 2007-168с.

  22. И.Я. Поюровская. Стоматологическое материаловедение. ГЭОТАР-Медиа 2008-192с.

  23. Миронова М.Л. Съемные протезы. ГЭОТАР-Медиа 2009-456с.

  24. Загорский В.А. Частичные съемные и перекрывающие протезы. 2007-360с.

Қазық тілінде

қосымша:


  1. Алтынбеков К.Д. Тіс протездерін дайындауда колданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар. – А, - 2008. – 380 б.



    • Бақылау сұрақтары

  1. Қандай заттар полимерлерге жатады?

  2. Физико-механикалық қасиеттері қандай?

  3. Жылуфизикалық қасиеттері қандай?

  4. Полимерлердің жіктелулері

  5. Ортопедиялық стоматологияда полимерлер қалай қолданылады?

  6. Композитті полимерлерге қандай заттар жатады?

  7. Композитті полимерлердің жіктелулері қандай?

  8. Композитті полимерлердің қасиеттері қандай?

  9. Бітемелік, әрлегіш композитті полимерлердің мінездемелір қандай?

  10. Тістерді шендеуге арналған полимерлік материалдардың мінездемелір қандай?

2 курсы 3-4 семестр

«Ортопедиялық стоматологиядағы стоматологиялық материалтанудың негізі» электив пәні

65.31kb.

25 12 2014
1 стр.


2 курсы 3, 4 семестр

Стоматолгиялық материалдардың технологиялық, физико-химиялық қасиеттерін және материалдар мен протездердің ауыз қуысы тіндеріне,адам ағзасына тигізу әсерін меңгеру

152.37kb.

15 12 2014
1 стр.


2 курсы 3-4 семестр

Тақырыбы: Полимерлер. Олардың қасиеттері мен қолданулары. Композитті полимерлер. Жіктелулері, қасиеттері

86.35kb.

25 12 2014
1 стр.


Курсы: 1 Семестр: 2

«Мейрбике ісі» мамандығы бойынша, «медициналық биология және генетика» пәні бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Хаттама №11 «1

177.34kb.

11 10 2014
1 стр.


Ж Ұ мысба ғ дарламас ы

Семестр ІІ ағымдық бақылау Лекция 22 сағат Емтихан /семестр

495.29kb.

14 12 2014
2 стр.


Курсы повышения квалификации по образовательной программе «Методика подготовки к егэ и гиа: история и обществознание»

Продолжительность занятий: 72 часа. Курсы проводятся в очно-дистанционной форме

12.78kb.

04 09 2014
1 стр.


Вниманию абитуриентов – 2012 года. Подготовительные курсы с 1 февраля 2012

Подготовительные курсы с 1 февраля 2012 года начинают набор абитуриентов на 2-х месячные и экспресс курсы

11kb.

18 12 2014
1 стр.


Лекция, практикалық, СӨЖ, осөж семестр І семестр 050726, 050733, 050727, 050728

Курстың мақсаты: Халықтық тарихи сананың қайта жаңғыруының негізгі болып табылатын еліміздің өткен тарихын кеңестік идеологиялық қасаңнан арылта отырып шындық тұрғысынан зерттеу жә

1205.87kb.

13 10 2014
8 стр.