2011 – 2012 Оқу жылында қазақ тілі және тарих пәндері бірлестігі атқарған жұмыстардың қорытындысы
2011 – 2012 оқу жылы қазақ тілі және тарих пәндері бірлестігінде 7 ұстаз қызмет атқарды: жоғары санатты – 2, I санатты – 1, II санатты –4 мұғалім.
Бірлестік жыл бойы қалалық, мектепішілік өзекті тақырыптарды басшылыққа ала отырып, «Пән сабақтастығы арқылы оқушының рухани және сөйлеу мәдениетін тереңдете отырып, заманға сай жеке тұлға ретінде құзыреттілігін қалыптасытыру» тақырыбында жұмыстар атқарды.
Аталған пәндерден білім стандартының орындалуын қадағалау – басты назарда болды. Осы мақсатта қазақ тілі, тарих пәндері бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бақылаулар салыстырылып, қорытынды жасалынып отырды. Сонымен қатар, өткен оқу жылы ҚҚББ тарапынан Боуд тапсырмалары келді. Оның қорытындысы бойынша, 9м сынып оқушылары 100 пайыз білім сапасын көрсетті.
Бақылау жұмыстары,сыныптан- сыныпқа көшу немесе мектеп бітіру емтихандары, ҰБТ нәтижелері қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінен білім стандарты орындалғанын және білім нақты бағалатынын көрсетті.
11- сыныптар бойынша ҰБТ нәтижелері қазақ тілінен өткен жылғы білім көрсеткішін сақтап қалды. 3 оқушы- 25 балл, 8 оқушы 21-ден жоғары балл жинады.
Қазақ тілінен ортақ балл-19,4.
Үлгерім- 100; Білім сапасы-100 пайыз.
Биылғы мемлекеттік тестілеу қорытындысында қазақстан тарихы пәнінен білім көрсеткіші төмендеп кетсе, дүние жүзі тарихынан жоғарылағаны байқалды
Қазақстан тарихынан – ортақ балл – 15 болса, дүние жүзі тарихынан – 18,7.
Қазақстан тарихынан мектеп бітірушілер 63,6 %, ал дүние жүзі тарихынан 75% білім деңгейін көрсетті.
Бұл көрсеткіштерден тарих пәнінің мұғалімдері тиісті қорытынды шығаруы тиіс. Бірлестікте осы мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.
Бірлестік пен ата- аналар арасындағы байланыс дарынды оқушылармен және оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс кеэінде іске асты. 9а, 9г, 8а, 5г, 9м, 10г сынып оқушыларының ата-аналары балалардың сабағына қатысуда, түрлі шаралардың өтуіне белсенді қатысты.
Ахмет Байтұрсыновқа арналған шаралар қазақ тілі апталығына орай өткізілді. Алдын – ала жасалған жоспар бойынша, 7 -8 сыныптар арасында «Ахметтану білгірлері» сайысы өткізілді.
Бүгінде дәстүрге айналған қалалық «Ахметтану білгірлері» интеллектуалдық Брейн-ринг ойын – сайысы сәтті өтті. Қала оқушыларының білімі мен қызығушылығы жылдан – жылға артып келе жатқаны осы сайысты ұйымдастырушы және өткізуші мұғалімдердің еңбегі деуге болады.
Халқымыздың біртуар қайраткер ұлы, сан қырлы дарын иесі Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын тануға байланысты ашық тәрбие сағаттары өтті.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында атқарылған жұмыстар
Бұл бағытта қыркүйек айында өткізілген «Тіл мерекесі» шараларын атап өтуге болады. Әсіресе, «Ана тілінің арманы» модель қорғау сайысы қызғылықты өтті. Ана тілі апталығында өткізілген «» Тіл – тірлігімнің айнасы» атты сюжетті суреттер , ребустар байқауы, «Аспандағы аққуға үн қосқан» сазгер ақындар шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш (Б.М. Раисова), «Тіл-мерген» танымдық сайыс-ойыны (Мұхаметуалиева М.Н) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлес қосты.
Мектебімізде биыл тұңғыш рет «Абай оқулары» өткізіліп, жеңімпаздар келер жылы болатын қалалық шараға іріктелді. Тарих пәнінің мұғалімі М.Р. Масалимовтың ұйымдастыруымен мектебімізде құрылған Достық клубы, қалалық деңгейде өткізілген достастық – танымдық кеші – гуманитарлы – эстетикалық шаралардың ң ауқымдысы болды. Қалаға танымал болған бұл шараның оқушылар үшін тәрбиелік мәні де зор болды.
Сонымен қатар, «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың 1 – айналымы мектебімізде өткізілді. Одан іріктелген балалар облысқа, республикаға жіберіліп, жүлделі орындарға ие болды.
Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде бірлестік мұғалімдері биылғы оқу жылы ерекше табыстарға жетті. Мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінен қалалық, облыстық шараларға көптеп тартылды.
Сайыс түрі
|
Пән
|
Оқушының аты-жөні
|
сынып
|
Алған орны
|
Деңгей
|
Мұғалімі
|
олимпиада
|
Қаз. тілі
|
Қанатбекова Әйгерім
|
11г
11г
|
2
1
|
Қала
ШҚМУ «филолог»
|
Раисова Б.М..
|
олимпиада
|
Қаз.тілі
|
Заманбекова Әйгерім
|
10м
|
2
|
қала
|
Раисова Б.М
|
Олимп.
|
Қаз. тілі
|
Өтебаева Диана
|
9м
|
1
|
қала
|
Раисова Б.М.
|
Олимп.
|
тарих
|
|
10
|
2
|
қала
|
Масалимов М.Р
|
ғылымижоба
|
тарих
|
Тілек
|
10м
|
2
|
қала
|
Масалимов
М.Р.
|
ғылымижоба
|
тарих
|
Мұратбекова
Е.
|
|
2
|
|
Бейсенбек.Ж.С.
|
ғылымижоба
|
Қаз.әд.
Қаз. Әд.
|
Тоқтасынова Айым
Сейілбекова Қымбат
Халелова Сабина
|
9м
11м
|
2
2
|
қала
|
Раисова Б.М.
Қасенова М.Т.
|
ғылымижоба
|
Қаз.
Әд.
|
Өтебаева Диана
|
9м
|
1,3
|
«Жарқын болашақ»
Қала,
облыс
|
Раисова Б.М.
|
Шығарма,эссе
|
Қаз.тілі
|
Қалиасқаров Мерей
|
9м
|
1
|
Қала
|
Раисова Б.М.
|
|
Қаз.тілі
|
Қайрат Әсел
|
7э
|
1
|
Қала
|
Қасенова М.Т.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мәнерлеп оқу
|
|
Қанатбекова
Әйгерім
Нұрмұханов Тілек
|
11г
11м
|
Бас жүлде
2
|
Қала
|
Имангалиева А.Б.
|
Мүшәйра
|
Қаз.
Әд.
|
Тоқтасынова Айым
|
9м
|
2
|
облыс
|
Раисова Б.М
|
«Тұлпар
Интелл.
|
тарих
|
|
|
3
|
қала
|
Исаханова
А.Қ
|
Мұғалімдердің жаңа технология әдістемелерін меңгеруді әрі қарай жалғастыра отырып, кәсіби шеберліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу бағытында біраз жұмыстар атқарылды.
Ұстаздардың оқытудың жаңашыл әдістемелерін үйренуі, қолдануы оқу үрдісінде аса маңызды іс екені белгілі. Мұхаметуалиева М.Н. Жамбыл ат. гимназияда курста, семинарда болып, оқытудың жаңашыл әдіс – тәсілдерін үйреніп , тәжірибе алмасып қайтты. Бірлестік ұстаздары жыл бойы ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы , дамыта оқыту және жобалау технологиясы бойынша ашық сабақтар өткізді. Сабақты интерактивтік тақтамен өткізу, электронды оқулықтарды көбірек қолдану тәжірибеге еніп келеді. Әрине, оған компьютерлі кабинет жете бермейді.
Өзара тәжірибе алмасу, ой бөлісу мақсатында бірлестік отырыстарында пікірталас өткізіліп, баяндамалар тыңдалды.
Қасенова М.Т «Оқушылардыңтіл мәдениетіне баулу жолдары»,
Раисова Б.М «Оқушыларды ғылыми жоба қорғауға баулу» атты баяндама жасап, бірлестікте талқыланды.
Дәптерге бірыңғай талап, бақылау жұмыстарына қойылатын талап, бағаның қойылу шарты бірлестікте қарастырылып, талқыланып, шешім шығарылып отырылды.
Бірлестік ұстаздарының жетістіктері, атқарған қызметтері төмендегідей:
Масалимов М.Р.– «Достық» клубының жұмысын жалғастырды (қала)
-
Ұлттар достығына байланысты өткен шараларды облыстық «Дидар» газетіне жариялады.
Раисова Б.М
-
Қалалық шығармашылық топтың мүшесі ретінде «Шығарма жазудың бүгінгі күнгі талаптары» атты семинар өткізді . ҰБТ-ға әзірлеудің тиімді әдістері жөнінде қала мұғалімдеріне іс-тәжірибе бөлісті.
-
Ұстаз портфолио қорғау кезінде қалалық «Мастер- класс» өткізді.
-
«Ақындар азаттықты жырлайды» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Қасенова М.Т - «Ахметтану білгірлері» қалалық интеллектуалдық Брейн-ринг сайысын өткізді.
-
Қалалық семинарда ашық сабақ көрсетті
Бейсенбеков Ж.С. – Қалалық семинарда «Тарих білгірлері» атты ашық шара өткізді
-
Мектептегі «Зерде» шығармашылық тобының жетекшісі
-
Исаханова А.Қ - Қалалық семинарда «Ақсақ Темірдің жорықтары» атты ашық сабақ берді
Бірлестік жұмысының қорытындысында оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, үйірмелерді жоспарлы өткізу, оқушылардың әдеби кітап оқуын ұйымдастыру сияқты мәселелерді қолға алу қажеттігі байқалды. Сабақ беру барысында ақпараттық технология үзіліссіз қолданылады деп күтілуде. Сонымен қатар, мектеп бітірушілердің ҰБТ –ға, емтиханға әзірліктерін күшейту мақсатында жаңашыл әдіс-тәсілдерді басшылыққа алу қажет.
Мұғалімдерді білім көтеру, жоба жасау, авторлық бағдарлама жазу жұмысына тарту – заман талабы,.