Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
2012 жыл бойынша Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына мониторинг бойынша оперативті есепке талдамалық жазба
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберіндегі іс-шараларды 2012 жыл бойынша іске асыру қорытындылары мынадай көрсеткіштермен сипатталады.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымы 1938,8 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмен, (оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 1015,6 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы – 917,6 млрд. теңге).

Аталған көрсеткіштің төмендеуіне 2012 жылғы ауа-райының қолайсыз жағдайлары себеп болды.

Өсімдік шаруашылығы.

Статистика деректері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 2012 жылы 21,5 млн. га құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,4%-ға артық. Дәнді дақылдар егілген алаңдар 2011 жылға қарағанда 45,3 мың га-ға (1,0%-ға) ұлғайды, бидай егістері 359,5 мың га-ға қысқартылды.

Бұл ретте, 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы мынадай дақылдардың алаңдары: күзгі арпа – 294,1 мың га-ға, жүгері – 2,3 мың га-ға, дәнді-бұршақты дақылдар – 34,2 мың га-ға, мақсары – 20,5 мың га-ға,
рапс – 71,1 мың га-ға, қытайбұршақ – 11,5 мың га-ға, зығыр – 93,2 мың га-ға,
көкөніс-бақша дақылдары – 13,2 мың га-ға, картоп – 5,6 мың га-ға, жемшөп дақылдары – 220,4 мың га-ға, жеміс-жидек дақылдары және жүзім –
3,5 мың га-ға, жабық топырақ көкөністері – 211,3 га-ға арттырылды.

Астықтың жалпы түсімі 2012 жылы өңдеуден кейінгі салмақта


12,9 млн. тонна құрады (соның ішінде бидай – 9,8 млн. тонна). Астықтың экспорттық әлеуеті ағымдағы маусымда 7,0 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

2012 жылдың қорытындылары бойынша астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 11,0 млн. тонна астық экспортқа тиеп-жөнелтілді. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Майлы дақылдардың жалпы жиналымы 976,8 мың тонна құрады, бұл өсімдік майындағы ішкі қажеттілікті 197%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдарына ішкі қажеттілік 178%-ға, картоп – 265%-ға жабылады (2012 жылы осы дақылдар бойынша жалпы жиналым 6,0 млн. тоннадан асты (картоп – 3,1 млн. тонна, көкөніс – 3,0 млн. тонна)).

Жеміс-жидек дақылдары және жүзім бойынша жалпы жиналым
278,4 мың тонна құрады, бұл жемістер мен жидектерге республиканың ішкі қажеттілігін 75%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистикалық деректер бойынша республикада 2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша шамамен 13,7 млн. тонна астық, соның ішінде 10,9 млн. тонна азық-түлік астығы, 1,0 млн. тонна жемшөптік астық, 1,8 млн. тонна тұқымдық астық бар.

Жаңа өнім астығын сақтау үшін элеваторлық қуаттылықтарды босату мақсатында солтүстік облыстардың АҚК-дан басқа облыстардың неғұрлым бос АҚК-ға «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 457,0 мың тонна, соның ішінде Ақмола облысының АҚК-дан 170,4 мың тонна, Қостанай облысынан – 81,1 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан – 205,5 мың тонна астықтың орнын ауыстырды.

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 51-V Заңына сәйкес мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2012 жылы


6,7 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы бөлініп, олардың есебінен
170,7 мың тонна астық сатып алынды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2012 жылы ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялар 12,4 млн. га алаңда (76,5% астық алқабында) қолданылды, бұл 2011 жылғы деңгейден 7%-ға артық, тамшылатып суару алаңдары 2011 жылғы 17,2 мың га-ға қарағанда


28,1 мың га-ға жетті (63,4%-ға өсті).

Статистикалық деректер бойынша 2012 жылы жабық топырақтағы көкөністер алаңы 504,9 га құрады, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуымен салынған жоғары технологиялық (өндіргіштігі 20 кг/м2 дейін) жылыжайлар 20,9 га алып жатыр. Бұл ретте жалпы жиналым 60,2 мың тонна құрады, бұл маусым аралық кезеңіндегі елдің ішкі қажеттілігін 66%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жұмыс істейтін көкөністер мен картоп сақтау сыйымдылықтары бір уақытта шамамен 1,0 млн. тонна сақтау құрайды, соның ішінде 2012 жылы жалпы сақтау сыйымдылығы 128,8 мың тонна 90 қойма салынды. 2012 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ кредиттік қаражатының есебінен жалпы сақтау сыйымдылығы 18,5 мың тонна 5 көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

Есепті кезеңде 1059 астық жинау комбайны, 1856 трактор, 203 егу кешені, 464 сепкіш, 310 білігі бар орақ сатып алынды.

2012 жылы АӨК субъектілерін кредиттеуге республикалық бюджеттен және басқа да көздерден 95,9 млрд. теңге, соның ішінде 80 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 65,1 млрд. теңге, соның ішінде ӘКК кепілдігіне астықты сатып алу жолымен 13,4 млрд. теңгеге АӨК субъектілері қаржыландырылды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті


ЖЖМ және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату мақсатында 2012 жылы 18,9 млрд. теңге бөлінді, олар басым ауыл шаруашылығы дақылдарын 16,4 млн. га-да өндірудің агротехнологиялық циклін қамтамасыз етті. Нәтижесінде 56551 АШТӨ субсидиялар алды.

2012 жылы АШТӨ субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды сатып алуына және олардың шығындарының орнын толтыруға жергілікті бюджеттен


5,0 млрд. теңге бөлініп, олардың есебінен АШТӨ 199,7 мың тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды, бұл 2011 жылғы деңгейден 16,9 мың тонна артық.

Тұқым шаруашылығын қамтамасыз ету үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінді, бұл АШТӨ сатып алған


84,9 мың тонна элиталық тұқымның және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 2820,8 мың данаға дейінгі екпе көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық аналық екпе ағаштарын 8,22 га-ға дейінгі алаңда отырғызуға және 34,0 га алаңда отырғызылған аналық екпе ағаштарының аяқталмаған өндірісіне күтім жасауға кеткен шығындарын толық өтеуге мүмкіндік берді.

Жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын қолдау мақсатында 2012 жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді, олардың есебінен жеміс-жидек дақылдары 0,8 мың га алқпапта және жүзім 0,6 мың га алқапта отырғызылды, сондай-ақ 2009-2011 жылдарда отырғызылған екпе көшеттерге күтім жасалды.

Мақта шаруашылығын қолдау үшін 2012 жылы 387,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның есебінен 484 мың сынама мөлшерінде республикада өндірілетін мақта талшығын будалап сараптау мен мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаны сараптау жүргізілді.

Астық экспорты кезіндегі көлік шығындарын субсидиялауға


2012 жылы 20,1 млрд. теңге игерілді, бұл 4,2 млн. тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2012 жылы «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» деген жаңа бюджеттік бағдарлама әзірленді, оны іске асыруға республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге (2013-2015 жылдары жыл сайын 3 млрд. теңгеден) бөлінді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары әзірленді, ол мүдделі мемлекеттік органдарға келісім алу үшін жолданды.



Фитосанитарлық қауіпсіздік.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдерімен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 3 115,6 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 4 379,2 мың га ауданда өңдеу жүргізілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қаражатының есебінен дәнді дақылдардың ауруларына қарсы өңдеу – 192,0 мың га-да жүргізілді.

2012 жылы карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау және жою үшін республикалық бюджеттен 614,58 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 161,6 мың га ауданда химиялық өңдеу, соның ішінде карантиндік арамшөптерге қарсы өңдеу 126,98 мың га ауданда, карантиндік зиянкестерге қарсы өңдеу 34,61 мың га ауданда жүргізілді.

Мал шаруашылығы.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сойылған салмағындағы ет өндірісі шаруашылықтардың барлық санаттарында 0,7%-ға кеміді. Сиыр сүтінің өндірісі 7,6%-ға, тауық жұмыртқалары – 1,5%-ға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 0,4%-ға артты.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі көлемінің 13%-ға, сүттің 13,2%-ға, жүннің 5,6%-ға артуы байқалды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 5,7 млн. бас, соның ішінде сиырлар – 2,6 млн. бас, қойлар – 15,3 млн. бас, ешкілер – 2,6 млн. бас, шошқалар – 1,1 млн. бас, жылқылар – 1,6 млн. бас, түйелер – 172,6 мың бас, құстар – 33,8 млн. бас құрады.

1 сиырға орташа сүт сауылымы – 0,2%-ға, 1 жұмыртқалағыш тауыққа жұмыртқаның шығуы – 0,9%-ға артты, 1 қойға орташа жүн қырқу өткен жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға кеміді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 сиырға орташа сүт сауылымы 9,1%-ға артты және 3846 кг құрады.

Мал шаруашылығында мемлекет мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында асыл тұқымды істі субсидиялау жолымен субъектілерді қолдауды жүзеге асыруды жалғастыруда. 2012 жылы бөлінген субсидиялардың жалпы көлемі 31,5 млрд. теңгені құрады.

2012 жылы құрғақшылыққа байланысты мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығы кәсіпорындарына және жеке аулаларға малдың қыстауын ұйымдастыруда жәрдемдесуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде:

шөпке 14,5 млн. тонна қажеттілік кезінде 15,4 млн. тонна, пішендемеге 302 мың тонна қажеттілік кезінде 329 мың тонна, сүрлемге 378 мың тонна қажеттілік кезінде 548 мың тонна жиналды;

құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ІҚМ аналық мал басын сақтау үшін Үкімет резервінен 1,5 млрд. теңге бөлінді;

құс өсіру және шошқа өсіру шаруашылықтарын жемшөп астығымен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ


311,7 мың тонна көлемінде жемшөп қорын бөлді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Осы міндетті шешудің негізгі жолдарының бірі жайылым учаскелерін суландыруды ұйымдастыру және жайылымдық мал шаруашылығын ұйымдастыру болып табылады.

Осыған байланысты, инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және құнының өтелу мерзімдерін төмендету үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде мал өсіру шаруашылықтарының шалғайдағы жайылымдарда шахталық және құбырлық құдықтар салу бойынша шығыстарын ішінара


(80%-ға дейін) өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды енгізу көзделеді.

Тауарлық балық өсіру

Тауарлық балық өсіруді дамыту мақсатында акваөсіру саласында жұмыс істейтін шаруашылықтар үшін арнайы салықтық режимді белгілеу бастамашылық етілді.

Қарқынды дамыту үшін стратегиялық негіз ретінде Тауарлық балық өсіруді дамыту жөніндегі мастер-жоспарының жобасы әзірленді, ол қазіргі және болашақ ұрпақтардың қызығушылықтарын ескере отырып, балық кластерін кешенді дамытуға бағдарланған.

Саланы одан әрі дамыту үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде тауарлық балық өсіруді субсидиялау көзделеді.



Ветеринарлық қауіпсіздік.

Әкімшілік кедергілерді төмендету және ветеринарлық бақылауды күшейту мақсатында 2012 жылғы 12 қаңтарда «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен жануарларды бірдейлендіру бойынша процессингтік орталық құруды, сондай-ақ ветеринария саласында көздейтін рұқсат беру құжаттарын беруді оңтайландыруды көздейтін түзетулер енгізілді.

2012 жылы 5,7 млрд. теңге сомасына жануарлардың аса қауіпті ауруларының 39,5 млн. диагностикалық зерттеуі жүргізілді. Зерттеулердің негізгі үлесі (94%) ірі қара және ұсақ мал басын 100% қамти отырып, бруцеллезге келеді, ал басқа аурулар бойынша зерттеулер мониторинг мақсатында іріктеп жүргізіледі.

2012 жылы 180 ошақты жою бойынша іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде 171 ошақ жойылды, ал 9 ошақта жою іс-шаралары жалғастырылуда. Сондай-ақ 2012 жылы және 2011 жылдан бері жалғастыра анықталған


243 қолайсыз пунктте ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыру іс-шаралары жүргізілді және жүргізілуде. Солардың ішінде
229 пункті сауықтырылды, ал қалған 14 ошақта сауықтыру жұмыстары жалғастырылуда.

2012 жылы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ


45 экспедиция жасады.

2012 жылы биологиялық материалдық 83,7 мың сынамасы келіп түсті және 114,1 мың зертханалық зерттеу, соның ішінде 88,7 мың референттік зерттеу жүргізілді. Зерттеулердің неғұрлым көп пайызы СҚО, Жамбыл, ШҚО, Қостанай және Ақмола облыстарына келеді.

Ветеринариялық зертханалар қызметін халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіру мақсатында 2007 жылдан бастап «Ветеринариялық зертханалар объектілерін дамыту» бюджеттік инвестициялық бағдарламасы іске асырылуда.

Аталған бағдарлама шеңберінде 126 зертхана салу жоспарланған. Бүгінгі күні 39 объекті, соның ішінде 11 облыстық және 28 аудандық ветеринариялық зертхана пайдалануға беріліп, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Олардың ішінде 2012 жылы 13 ветеринариялық зертхана салынды.

2013 жылдың бірінші тоқсанында 13 аудандық ветеринариялық зертхананың (соның ішінде, Алматы облысында – 7, Қостанай облысында – 6) құрылысын аяқтап, пайдалану жоспарланған.

2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 4 аудандық ветеринариялық зертхананың (соның ішінде, Алматы облысында – 2, Атырау облысында – 2) құрылысын аяқтау күтілуде.

2013 жылдың аяғына дейін қалған 70 ветеринариялық зертханалардың құрылысын аяқтау күтілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу.

Статистикалық деректер бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі


2012 жылы ақшалай мәнде 833 млрд. теңге құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 2,9%-ға артық.

20111 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ұн, жарма, өсімдік майы, өңделген сүт, ірімшік және сүзбе, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері, ет консервілері өндірісінің өсімі белгіленді.

Сонымен бірге, қант өндірісінің нақты көлемі 38%-ға, күріш 2,7%-ға, шырындар 16,4%-ға, қоюландырылған сүт 12%-ға, сары май 5%-ға және шоколад 8,4%-ға төмендеді.

Сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі елдің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша


2012 жылы 4 057,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көлемнен (3 838, 5 млн. АҚШ доллары) 5,7%-ға артық.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша экспорт көлемі 11,5%-ға (1 001,8-ден 1 117,1 млн. АҚШ долларына дейін) артты. Атап айтқанда, ұн экспортының көлемі 18%-ға, өсімдік майлары мен макарон өнімдері 2 есе, маргарин 2%-ға және қышқыл сүт өнімдері 34%-ға артты.



Су шаруашылығы.

2012 жылы су аздығынан Ертіс өзенінің бассейнінде табиғат қорғау мақсатында су жіберу, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында көлдете суармалау жүйелерін толтыру жүргізілген жоқ. Бірақ, жалпы 2012 жылы оңтүстік өңірлерде вегетациялық суарулар уақытылы және қажетті көлемде жүзеге асырылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2012 жылда экономика салалары бойынша су алу 26,7 км3 лимитте 20,5 м3 құрады. 2011 жылмен салыстырғанда су алу аз ғана төмендеген, бұған негізінен ауыл шаруашылығының тұрақты суару қажеттілігіне су тұтынуының азаюы себеп болып отыр.

Жыл бойы 19 аса апатты су шаруашылығы объектілерінде күрделі жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Қайта құру жұмыстары 49 гидротехникалық имараттарда жүргізілді.

Мемлекет басшысының шағын су қоймаларын салу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында сыйымдылығы 220 млн.м3 Қыл-Қожа су қоймасы салынған және тоғыз су қоймасын салу жоспарланған.

2012 жылы сумен қамтудың баламасыз көздері болып табылатын 14 топтық су құбырларын салу және қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Шідерті өзенінің төменгі ағысында табиғи көктемгі гидрологиялық режимді қалпына келтіру, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы көлдерінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында 2012 жылы 1340 млн. м3 көлемінде табиғат қорғау мақсатында өтемақылық су жіберулер жүргізілді.

Балық шаруашылығы.

Антропогендік ықпалмен (өзен ағындарын реттеу және тасқа да шаруашылық қызметі) келетін шығынның орнын толтыру мақсатында 2012 жылы республикада 3 балық питомнигі, 1 уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, 2 бекіре балық зауыты және Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы жұмыс істеді, олардың барлығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып табылады.

2012 жылы нормативтік көрсеткіштерге сай келетін 158,4 млн. дана балық өсіру материалдары өсіріліп жіберілген.

Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарын сақтау және өсіруге ерекше назар аударылуда, ол жасанды өсіруді қоса есептегенде, іс-шаралар кешенінен тұрады.

2012 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық зауыттары 7 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіріп, табиғи су тоғандарына жіберді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Атырау облысында 30 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіру қуаттылығымен жаңа бекіре зауытының құрылысына құжаттар дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру қуаттылығын жылына 12-15 млн. данаға жеткізе отырып, Атырау бекіре өсіру зауытын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Бұл объектілерді пайдалануға бергеннен кейін бекіре тұқымдас балықтардың шығарылатын шабақтарын 5-7 еседен де астамға ұлғайту жоспарланып отыр.


Бағдарламаның шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуына жүргізілген талдау, онда қойылған міндеттер жалпы орындалып жатқандығын көрсетіп отыр.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта әлемдік экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасты, жаһандық климаттық өзгерістер жүруде, аймақта интеграциялық үрдістердің нақты дамуы орын алды. Қазақстан Кеден одағына енді, ДСҰ-ға ену жоспарлануда. Тамақ өнімдерін тұтынудың қарқынды ұлғаюымен, біруақытта су, жер және басқа ресурстардың жетіспеушілігінің өсуімен, табиғи ортаға антропогендік жүктің ұлғаюымен жақын орналасқан аймақтарда халықтың өсімі орын алуда.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы ауыл шаруашылығының дамуындағы бірқатар негізгі проблемаларды шешуде тұжырымдамалық түрде жаңа әдісті талап етеді. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қазіргі заман талаптарына толық мәнде жауап бермейді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін жаңа салалық бағдарлама әзірлеу қажеттілігі туындады.

Осыған орай және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарлама бекітілді.





2012 жыл бойынша Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына мониторинг бойынша оперативті есепке талдамалық жазба

Азақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберіндегі іс-шараларды 2012 жыл бойынша і

133.46kb.

16 12 2014
1 стр.


Ri әзірлеу көрсеткіштері 8

Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітіліген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 2014

263kb.

15 10 2014
1 стр.


Мемлекеттік бағдарламаны сараптау бойынша оперативті қорытынды

Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы

448.2kb.

09 10 2014
3 стр.


Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есеп

Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны

713.85kb.

17 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба

«Қазақстан Республикасында суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін ендіру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы»

22.23kb.

07 10 2014
1 стр.


2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1918.03kb.

17 12 2014
14 стр.


2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты

Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

1915.93kb.

25 12 2014
14 стр.


Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы

1096.6kb.

10 10 2014
4 стр.