Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
1 сәуір 2012 жыл
2012 жылдың наурыз айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық

портфелдері бойынша баспасөз релизі
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың өз жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқаруына мүмкіндік беретін зейнетақы активтерін мультипортфелді басқару жүйесіне өтті.

Мультипортфель жүйесіне зейнетақы активтерін (инвестициялық портфелдер) басқарудың үш түрлі стратегиясы енеді:



  1. Консервативтік;

  2. Қалыпты;

  3. Агрессивті.

Осы сәтте салымшыларға инвестициялық портфелдің екі нұсқасы ұсынылған: қалыпты және консервативтік.

2015 жылы басқарудың агрессивті стратегиясы енгізіледі.
Әрбір инвестициялық портфель салымшының қалауына байланысты қаржы құралдарының жиынтығы, кірістілік мөлшері және тәуекел деңгейі бойынша ерекшеленеді.
Консервативтік инвестициялық портфель
Консервативтік инвестициялық портфелдің құрылымында акциялар болмауы қажет, негізінен ол ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен депозиттерінен тұрады, сәйкесінше ол ең төменгі тәуекелдерге ұшырайды.
Қалыпты инвестициялық портфель

Қордың қалыпты инвестициялық портфелі негізінен тіркелген кірістілігі бар қаржы құралдары арқылы (Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, жергілікті және шетелдік эмитенттердің және халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары, Қазақстан Республикасының банктеріндегі депозиттері және т.б.) ұсынылған.

Сондай-ақ, біздің қордың қалыпты инвестициялық портфелінің құрылымына Лондондағы JP Morgan банкінде сақталған шоттағы тазартылған құймадағы алтын енгізілген.

Қалыпты инвестициялық портфелдің құрылымы тұрақты кіріс алу мақсатында оның кірістілігінің күрт құлдырауын болдырмау үшін акциялар мен тіркелген кірістілігі бар қаржы құралдары секілді түрлі қаржы құралдары арасында теңгерімді болуы қажет.

Шын мәнісінде қалыпты портфель Қор портфелінің алдыңғы құрылымын көрсетеді.
Агрессивті инвестициялық портфель

Агрессивті портфель негізінен акциялардан (80%-ға дейін) тұратын болады, осыған байланысты осы портфелдің кірістілігі жоғары болады, алайда акцияларға бағалар айрықша құлдырауға ұшырайтындықтан, осы портфелде сәйкесінше жоғары тәуекелдер болады.


01.01.2015 жылдан бастап зейнет жасына жетпеген барлық салымшылардың өз жинақталған зейнетақы қаражаттарын қандай инвестициялық портфелге аудару және осылайша өз жинақтаулары үшін агрессивтіден консервативтікке дейінгі тиісті басқару стратегиясын таңдауға құқығы бар.
ГНПФ-тің қалыпты инвестициялық портфелі
1-кесте. Үлестер бойынша ЗА қалыпты портфелінің құрылымы.



Қаржы құралының түрі

01.03.2012 үлесі

01.04.2012 үлесі

ҚР МБҚ

40,40%

40,65%

Шетелдік мемлекеттердің МБҚ

7,87%

5,64%

ХҚҰ

4,21%

4,03%

ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары

13,92%

13,60%

Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары

1,60%

1,38%

PPN (құрылымдық ноталар)

2,70%

2,63%

ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары

1,07%

1,06%

Шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары

1,39%

1,34%

Асыл металдар (алтын)

7,83%

8,16%

Депозиттер

17,12%

17,82%

РЕПО

0,00%

2,55%

Ақша және өзге де активтер

1,87%

1,14%

Барлығы:

100,00%

100,00%


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

1-кестеге сәйкес, 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері инвестицияларының қалыпты портфелі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен ұсынылған. Қалыпты портфелдегі осы қағаздардың үлесі 40,65% құрайды, оның ішінде Қаржы министрлігінің МБҚ үлесі 98,16% құрайды.


Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына инвестициялардың үлесі 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 5,64% және 4,03% құрады.

2012 жылдың наурыз айы үшін РФ Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын ішінара сатуға байланысты шетелдік мемлекеттердің МБҚ үлесі 2,2 п.т. төмендеді.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер

Қалыпты портфелдегі депозиттер үлесі оның жалпы мөлшерінен 17,82% құрайды. Қалыпты портфелдегі депозиттердің үлесі 0,7 п.т. артты. Депозиттер Қазақстан Республикасының мынадай банктеріне - "Казкоммерцбанк" АҚ, «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ, "БАНК ВТБ"АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Каспий банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, «Цесна Банк» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ орналастырылған.


ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары

Қалыпты портфелдегі «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері мемлекеттің қатысуы бар қазақстандық компаниялардың облигацияларына салынған.

«САМРҰҚ ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ – үкіметтің бақылауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін басқару бойынша холдинг;

«Қазмұнайгаз» АҚ – қазақстан ұлттық мұнай компаниясы;

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Қазақстанның мемлекеттік банкі;

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ – ипотекалық кредиттердің қайталама нарығының операторы болып табылады және халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық кредит беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асырады;

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ – негізгі қызметі астықтың мемлекеттік қорларын және оның өнімдерін сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауын ұйымдастыру, жаңарту, ауыстырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған басқа да қызметтер болып табылатын ұлттық компания;

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ – электрмен қамдау аясындағы ірі компаниялардың бірі.

ҚР корпоративтік облигацияларының үлесі 0,3 п.т. төмендеді және 13,6% құрады.

Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары

Қалыпты портфелдегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары үлесі 1,38% құрады. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап 2012 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезең үшін «Россельхозбанк» ААҚ облигациялары сатылған болатын. Инвестициялар ішінде мынадай компаниялардың облигациялары бар:

Citigroup Inc. – қаржылық қызмет көрсету аясындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын ең ірі халықаралық корпорация;

JP Morgan Chace Bank – әлемдегі көне және ең беделді қаржы компанияларының бірі. Нью-Йоркте орналастырылған қаржы институты, инвестициялық және коммерциялық банктік қызметтер аясында көшбасшы болып саналады.


ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары

Қалыпты портфелдегі ҚР эмитенттері акцияларының және депозитарлық қолхаттарының үлесі 1,06% құрады. Инвестициялар ішінде ҚР мынадай компаниялардың акциялары және депозитарлық қолхаттары бар:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ – еліміздің активтер көлемі бойынша екінші жүйеқұраушы әмбебап коммерциялық банкі;

«Қазмұнайгаз БӨ» АҚ – қазақстан мұнай компаниясы. Акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес банкі болып табылады;

«Қазақтелеком» АҚ – ұлттық байланыс операторы мәртебесі бар Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компанияларының бірі.
Шетелдік эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары

Қалыпты портфелдегі шетелдік эмитенттердің акциялары үлесі 0,1 п.т. төмендеді және 1,34% құрады. Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың акциялары бар:

- Freeport-McMoRan Copper & Gold Inc. –әлемдегі ең төменгі шығасыларымен мыс өндіруші американдық компания, сонымен қатар әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі;

- Deutsсhe bank – Германияның ірі банктік концерні. Банк негізінде инвестициялық – банктік және коммерциялық қызметтермен айналысады;

- Deutsche Telekom – Еуропадағы ең ірі және көлемі жағынан әлемдегі үшінші германиялық телекоммуникация компаниясы;

- Rio Tinto PLC – көлемі жағынан әлемде екінші трансұлттық кен ісі тобы болып табылатын австралия-британдық Rio Tinto Group концерніне енетін операциялық компанияның бірі;

- Sberbank – қызмет ауқымы бойынша да, филиалдық желі мөлшері бойынша да Ресейдегі ірі банк.
Асыл металдар

Асыл металдарға инвестициялар, алтынға инвестиция салу арқылы көрініс тапты. Қалыпты портфелдегі алтынның үлесі 0,3 п.т. артты және 8,16% құрады. Мұндай төмендеу кірісті тіркеу мақсатында алтынды ішінара сатуға байланысты болды.


2-кесте. Валюта бөлігіндегі ЗА қалыпты портфелінің құрылымы.

Валюта

Үлесі

KZT

75,2%

USD

19,1%

EUR

0,4%

RUB

3,7%

BRL

1,3%

GBP

0,2%

ЗА қалыпты портфелі

100%

2-кестеден байқайтындарыңыздай, ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарына инвестициялар – 75,2%; АҚШ долларына – 19,1%, еуро - 0,4%, ресей рубліне – 3,7%, бразилия реалына - 1,3% және ағылшын фунт стерлингіне - 0,2% құрады.


Консервативтік портфель.
3-кесте. Үлестер бойынша ЗА консервативтік портфелінің құрылымы.


Қаржы құралының түрі

01.03.2012 жылға үлесі

01.04.2012 жылға үлесі

ҚР МБҚ

97,56%

94,50%

РЕПО

0,00%

0,00%

Ақша және басқа да активтер

2,44%

5,50%

Барлығы

100,00%

100,00%

3-кестеден байқайтындарыңыздай, 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері инвестицияларының консервативтік портфелі ҚР МБҚ және инвестициялық шоттағы ақшалар арқылы ұсынылған. Консервативтік портфелдегі ҚР МБҚ үлесі 94,5% құрады, инвестициялық шоттағы ақшалардың үлесі 5,5% құрады.


4-кесте. Валюта бөлігіндегі ЗА консервативтік портфелінің құрылымы.

Валюта

Үлесі

KZT

100%

ЗА қалыпты портфелі

100%

4-кестеден байқайтындарыңыздай, 01.04.2012 жылғы жағдай бойынша консервативтік портфелде тек қана ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдары орналасқан.






2012 жылдың наурыз айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелдері бойынша баспасөз релизі

Мультипортфель жүйесіне зейнетақы активтерін (инвестициялық портфелдер) басқарудың үш түрлі стратегиясы енеді

85.76kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылдың маусым айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелдері бойынша баспасөз релизі

Р мбқ, депозиттер және инвестициялық шоттағы ақшалармен ұсынылған. Консервативтік портфелдегі Қр мбқ үлесі 73,3%, депозиттер үлесі 21,47 және инвестициялық шоттағы ақшалар үлесі 5,

72.22kb.

14 10 2014
1 стр.


2012 жылдың шілде айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелдері бойынша баспасөз релизі

Р мбқ, депозиттер және инвестициялық шоттағы ақшалармен ұсынылған. Консервативтік портфелдегі Қр мбқ үлесі 72,28%, депозиттер үлесі 21,33 және инвестициялық шоттағы ақшалар үлесі 6

72.62kb.

14 12 2014
1 стр.


2011 жыл үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі бойынша баспасөз релизі

«гнпф» жзқ» АҚ 2011 жыл үшін зейнетақы активтерінің инвестициялары портфелінің құрылымының және көрсетілген кезең үшін зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелердің өзгерісіне шолуд

71.39kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспасөз релизі 24. 08. 2012ж. Өскемен қаласы

ШҚО бойынша Салық департаментінің өндірістіқ кеңесінің отырысы өтті. Өндіріс кеңесті ашып, «2012 жылдың 2 тоқсаны бойынша асб рейтингтік бағаларының қорытындысы» есепті баяндамасым

19.64kb.

08 10 2014
1 стр.


2012 жылдың 9 айы ішінде Бесқарағай ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама

Рейтингтік баға бойынша 14 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштердің деңгейінде

67.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Өтінімдер 2012 ж. 30 наурыз дейін қабылданады. Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауына қатысуға өтінім Төмендегі номинациялар бойынша қарастыру үшін ұсынамыз (қажеттіні белгілеу): □ «Жыл өнертабысы»

«Жылдың ең жас өнертапқышы» мен «Жас талант» номинациялары үшін талапкердің туылған күні және төлқұжат ұсынылуы қажет

14.53kb.

25 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №39 баспасөз релизі

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық Инвестициялық Корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы

15.19kb.

25 12 2014
1 стр.