2012 жылғы 1 шілде
2012 жылдың маусым айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық
портфелдері бойынша баспасөз релизі
Консервативтік портфель
1-кесте.
Үлестер бойынша ЗА консервативтік портфелінің құрылымы.
-
Қаржы құралының түрі
|
01.06.2012 үлесі
|
01.07.2012 үлесі
|
ҚР МБҚ
|
73,74%
|
73,30%
|
Депозиттер
|
17,44%
|
21,47%
|
РЕПО
|
0,00%
|
0,00%
|
Ақша және өзге де активтер
|
8,82%
|
5,23%
|
Барлығы:
|
100,00%
|
100,00%
|
1-кестеден байқайтындарыңыздай, 2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтері инвестицияларының консервативтік портфелі ҚР МБҚ, депозиттер және инвестициялық шоттағы ақшалармен ұсынылған. Консервативтік портфелдегі ҚР МБҚ үлесі 73,3%, депозиттер үлесі 21,47 % және инвестициялық шоттағы ақшалар үлесі 5,23% құрайды.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер
01.06.2012 жылдан бастап 01.07.2012 жылға дейінгі кезең үшін консервативтік портфелдегі депозиттер үлесі 4,03 п.т. ұлғайды және консервативтік портфелдің жалпы мөлшерінен 21,47% құрайды. Осы ұлғаю депозиттерді «АТФ Банк» АҚ орналастырумен байланысты болды.
Консервативтік портфелдегі депозиттер мынадай Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналастырылған: «Цесна Банк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ және «АТФ Банк» АҚ.
2-кесте. Валюта бөлігіндегі ЗА консервативтік портфелінің құрылымы.
-
Валюта
|
Үлесі
|
KZT
|
100%
|
ЗА консервативтік портфелі
|
100%
|
2-кестеден байқайтындарыңыздай, 01.07.2012 жылғы жағдай бойынша консервативтік портфелде ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдары орналасқан.
ГНПФ-тің қалыпты инвестициялық портфелі
3-кесте.
Үлестер бойынша ЗА қалыпты портфелінің құрылымы.
-
Қаржы құралының түрі
|
01.06.2012 үлесі
|
01.07.2012 үлесі
|
ҚР МБҚ
|
41,60%
|
42,73%
|
Шетелдік мемлекеттердің МБҚ
|
1,61%
|
3,18%
|
ХҚҰ
|
3,14%
|
3,09%
|
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
|
13,92%
|
13,71%
|
Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары
|
1,32%
|
1,30%
|
PPN (құрылымдық ноталар)
|
2,46%
|
2,42%
|
ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары
|
1,05%
|
0,92%
|
Шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары
|
1,01%
|
1,01%
|
Асыл металдар (алтын)
|
9,77%
|
8,71%
|
Депозиттер
|
18,87%
|
20,23%
|
РЕПО
|
2,82%
|
1,47%
|
Ақша және өзге де активтер
|
2,45%
|
1,22%
|
Барлығы:
|
100,00%
|
100,00%
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
3-кестеге сәйкес, 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы активтері инвестицияларының қалыпты портфелі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен ұсынылған. Қалыпты портфелдегі осы қағаздардың үлесі 42,73% құрайды.
Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары
Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына инвестициялардың үлесі 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3,18% және 3,09% құрады.
2012 жылдың маусым айы үшін Америка Үкіметінің US Treasury бағалы қағаздарын сатуға байланысты шетелдік мемлекеттердің МБҚ үлесі 1,6 п.т. артты.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер
Қалыпты портфелдегі депозиттер үлесі оның жалпы мөлшерінен 20,23% құрайды. 2012 жылғы 1 маусым және 1 шілде аралығында депозиттерді «БанкЦентКредит» АҚ қосымша орналастыруға байланысты, қалыпты портфелдегі депозиттердің үлесі 1,4 п.т. артты.
Есептік күнге депозиттер Қазақстан Республикасының мынадай банктеріне - "Казкоммерцбанк" АҚ, «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ, "БАНК ВТБ"АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Каспий банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, «Цесна Банк» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ орналастырылған.
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ қалыпты портфеліндегі зейнетақы активтері мемлекеттің қатысуы бар қазақстандық компаниялардың облигацияларына салынған:
«САМРҰҚ ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ – үкіметтің бақылауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін басқару бойынша холдинг;
«Қазмұнайгаз» АҚ – қазақстан ұлттық мұнай компаниясы;
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Қазақстанның мемлекеттік банкі;
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ – ипотекалық кредиттердің қайталама нарығының операторы болып табылады және халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық кредит беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асырады;
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ – негізгі қызметі астықтың мемлекеттік қорларын және оның өнімдерін сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауын ұйымдастыру, жаңарту, ауыстырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған басқа да қызметтер болып табылатын ұлттық компания;
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ – электрмен қамдау аясындағы ірі компаниялардың бірі.
ҚР корпоративтік облигацияларының үлесі 0,2 п.т. төмендеді және 13,71 % құрады. Есептік кезең үшін «Эксимбанк» АҚ облигациялары өтелген болатын, сонымен қатар «Каспий банк» АҚ облигациялары сатып алынған.
Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары
Қалыпты портфелдегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары үлесі 1,3% құрады. Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың облигациялары бар:
Citigroup Inc. – қаржылық қызмет көрсету аясындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын ең ірі халықаралық корпорация;
JP Morgan Chace Bank – әлемдегі көне және ең беделді қаржы компанияларының бірі. Нью-Йоркте орналастырылған қаржы институты, инвестициялық және коммерциялық банктік қызметтер аясында көшбасшы болып саналады.
ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары
Қалыпты портфелдегі ҚР эмитенттері акцияларының және депозитарлық қолхаттарының үлесі 0,92% құрады. Инвестициялар ішінде мынадай ҚР компанияларының акциялары және депозитарлық қолхаттары бар:
«Қазақстан Халық банкі» АҚ – еліміздің активтер көлемі бойынша екінші жүйеқұраушы әмбебап коммерциялық банкі;
«Қазмұнайгаз БӨ» АҚ – қазақстан мұнай компаниясы. Акционерлік қоғам «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес банкі болып табылады;
«Қазақтелеком» АҚ – ұлттық байланыс операторы мәртебесі бар Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компанияларының бірі.
Шетелдік эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары
Қалыпты портфелдегі шетелдік эмитенттердің акциялары үлесі өзгеріссіз қалды және 1,01% құрады. Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың акциялары бар:
- Freeport-McMoRan Copper & Gold Inc. –әлемдегі ең төменгі шығасыларымен мыс өндіруші американдық компания, сонымен қатар әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі;
- Deutsсhe bank – Германияның ірі банктік концерні. Банк негізінде инвестициялық – банктік және коммерциялық қызметтермен айналысады;
- Deutsche Telekom – Еуропадағы ең ірі және көлемі жағынан әлемдегі үшінші германиялық телекоммуникация компаниясы;
- Rio Tinto PLC – көлемі жағынан әлемде екінші трансұлттық кен ісі тобы болып табылатын австралия-британдық Rio Tinto Group концерніне енетін операциялық компанияның бірі;
- Sberbank – қызмет ауқымы бойынша да, филиалдық желі мөлшері бойынша да Ресейдегі ірі банк.
Бағалы металдар
Бағалы металдарға инвестициялар, алтынға инвестиция салу арқылы көрініс тапты. Қалыпты портфелдегі алтынның үлесі 1,06 п.т. төмендеді және 8,71% құрады. Мұндай ұлғаю кірісті белгілеу мақсатында алтынды ішінара сатумен байланысты болды.
4-кесте.
Валюта бөлігіндегі ЗА қалыпты портфелінің құрылымы.
-
Валюта
|
Үлесі
|
KZT
|
77,7%
|
USD
|
17,0%
|
EUR
|
0,3%
|
RUB
|
3,6%
|
BRL
|
1,1%
|
GBP
|
0,1%
|
ЗА қалыпты портфелі
|
100%
|
4-кестеден байқайтындарыңыздай, ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарына инвестициялар – 77,7%; АҚШ доллары – 17%; еуро – 0,3%; ресей рублі - 3,6%; бразилиялық реал -1,1% және ағылшын фунт стерлингі - 0,1% құрады.