Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды есептің (бұдан әрі – 1-ОЛ есебі) деректеріне сәйкес 2013 жылдың 3 айында республиканың мемлекеттік органдарына жеке және заңды тұлғалардан 3 838 242 өтініш келіп түскен (бұдан әрі - өтініш). Олардың ішінде жеке тұлғалар – 2 833 729, заңды тұлғалар – 1 004 513.

Өтініштердің түрлері бойынша құрылымы келесідей: өтініш – 3 068 437, шағым – 29 516, басқа да өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, үндеулер) – 740 289.

Шағымдардың көпшілігі олардың жалпы санынан – 6 968 немесе 24% орталық мемлекеттік органдарға, Астана қ. мемлекеттік органдарға – 4 477 (15%), Алматы қ. – 4 000 (14%), ШҚО – 2 730 (9%) келіп түскенін атап өту керек.

Бұл ретте, республика бойынша шағымдардың жалпы санынан олардың көпшілігі – 10 024 немесе 34% нақты прокуратура органдарына келіп түскен.

Аймақтар бойынша өтініштердің тіркелуі туралы мәліметтер төмендегі диаграммада көрсетілген.

Диаграмма 1

1-диаграммадан көрінгендей, өтініштердің көпшілігі Алматы қ.-533 263 (14%), ОҚО –419 071 (11%), Алматы облысының – 398 759 (10%) және ШҚО – 330 404 (9%) мемлекеттік органдарына келіп түскен.

Өтініштердің ең аз саны (орталық аппараттарды, көліктік және әскери органдарды есепке алмағанда) Атырау облысының мемлекеттік органдарына түскен – 63 622 (2%).

Мемлекеттік органдар бөлігінде өтініштердің негізгі саны салық органдарына – 1 633 747, әкімдіктерге – 950 802, ішкі істер – 613 773, әділет органдарына – 229 004 келіп түскен.



Диаграмма 2

Мәселелердің сипаты бойынша өтініштердің негізгі саны келесі мәселелер бойынша келіп түскен (диаграмма 3):

- салық қатынастары – 1 134 276 немесе (30%);

- мем.қызмет аясында берілген өтініштер – 475 108 (12%);

- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтулар – 322 549 (8%);

- халықты құжаттандыру және тіркеу – 226 657 (6%);

- жол полициясының қызметі – 181 100 (5%);

- жалпы қаржы мәселелері – 694 661 (3,6%);

- жер және жер пайдалану – 113 852 (3%);

- ауыл шаруашылық мәселелері – 87 070 (2%)

- жылжымайтын мүлік – 69 194 (1,8%).

Диаграмма 3

Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша өтініштер жеке назар аударуға лайықты. 2013 жылдың 3 айында барлығы осындай 1 785 өтініш келіп түскен.

Аймақ бөліктерінде осы мәселе жөніндегі жалпы өтініштердің ішінен олардың ең көп саны мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына – 366 (21%), Қостанай облысының – 242 немесе 146%, ОҚО – 179 (10%), Қарағанды облысының – 172 (9,6%) мемлекеттік органдарына келіп түскен (диаграмма 4).

Өтініштерді қарау нәтижелерінің жалпы деректері келесідей. Мемлекеттік органдар қарауға барлығы 3 723 738 өтінішті қабылдаған. Олардың ішінен 3 396 305 немесе қаралған өтініштердің 91% қанағаттандырылды, 30 975 (1%) бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, 290 673 (8%) өтініш бойынша түсініктеме берілді, 5 785 өтініш бойынша қарау қысқартылды. 3 554 өтініштер мәліметке қабылданып, қараусыз есептен шығарылды, есептік кезеңнің соңында 104 329 өтініш қараусыз қалды.



Диаграмма 4

Өтініштердің орындалу сапасының маңызды көрсеткіші өтініш беруші бірінші шешімге қанағаттанбаған жағдайда, қанағаттандырылған қайталанған өтініштердің саны болып табылады.

Республика бойынша 496 қайталанған өтініш қанағаттандырылды, олардың ішінен 135 өтініш мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына, (Денсаулық министрлігі – 26, Жоғарғы сот -15, Әділет министрлігі – 10 және басқа органдар 84) және 114 Манғыстау облысына келеді (диаграмма 5).

Барлығы мерзімі бұзылып 1 537 өтініш қаралды.



диаграмма 5

Барлық мерзімі бұзылып қаралған өтініштердің ішінде көпшілігіне Қарағанды облысының мемлекеттік органдарына тиесілі 375 өтініш немесе 24%.

2012 жылдың 2 шілдесінен бастап «Айқын» жобасы шегінде орталық мемлекеттік органдардың кеңсе қызметкерлері, а.ж. 1 сәуірінен бастап Астана, Алматы қалалары, облыс әкімшіліктері жүгінген адамға тікелей бірегей 18-таңбалы нөмірі бар талон береді, ол талон өтініштің тіркелуіне және одан әрі қаралуына кепілдік береді.

Айқын жұмысы істеген уақыттан бері 12 844 адамға талон берілген, олардың ішінде облыс әкімдіктерімен 6 703. Комитет сайтына 8 450 адам жүгінген.

Бірегей нөмір бойынша жеке және заңды тұлғалар қолжетімді байланыс құралдары арқылы қаралу барысын бақылап отырады.

Мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмыс істеу жөніндегі қызметін бағалау өлшемдерінің бірі мерзімі бұзылып қаралған өтініштер мен негізді қайталанған өтініштер санының өсуі (төмендеуі) болып табылады.

Сонымен, егер 2012 жылдың 3 айы бойынша мемлекеттік органдардың орталық аппараттары 329 өтінішті мерзімін асырып қараса, ағымдағы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 60% -ке (131 өтінішке) азайған.

Осылайша, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың мерзімі мен сапасына тиісінше көңіл бөлуде.



Комитеттің 3-бақармасы

жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін есепке алу бөлімі

2013 жылдың 3 айы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есептің статистикалық деректерінің талдауы

Тініштерін қарау туралы №1-ол нысанды есептің (бұдан әрі – 1-ол есебі) деректеріне сәйкес 2013 жылдың 3 айында республиканың мемлекеттік органдарына жеке және заңды тұлғалардан 3 8

41.02kb.

25 12 2014
1 стр.


ШҚо тжд аягөз ауданының Төтенше Жағдайлар Бөлімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша

Азақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтардың 12 күнгі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес

24.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатына

126.86kb.

09 09 2014
1 стр.


«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатына

127.52kb.

25 12 2014
1 стр.


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатына

173.76kb.

25 12 2014
1 стр.


Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңы

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатына

859.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Бекітемін Қоржынкөл селолық округінің әкімі А. Коштенко 2010 жылғы 23 қыркүйек

Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау туралы

82.37kb.

12 09 2014
1 стр.


Бекітемін Қоржынкөл селолық округінің әкімі А. Коштенко 2010 жылғы 23 қыркүйек

Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау туралы

58.38kb.

12 09 2014
1 стр.