Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
21 жалпы орта мектеп

Тәрбие сағаты

«СПИД-ғасыр дерді»

Сынып жетекшісі:М.Асханова



Сабақтың  тақырыбы          СПИД-ғасыр дерті     

Сабақтың мақсаты                 Оқушыларға АҚТҚ  дегеніміз не? АҚТҚ қандай     жолдармен жұғады,қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету. 

Сабақтың  түрі                        Тренинг 

Сабақтың көрнекілігі          Суреттер, плакаттар,     қағаз парақтары,

Танысу

  «Қар  көшкіні»   ойыны    

    АҚТҚ-адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы-ағзаны әртүрлі жұқпалардан  

    қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.

    ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері-АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ –дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады. 

        АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады

1.АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

2.Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

3.Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

4.Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда. 

  «Миға шабуыл»

         Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер-ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар. 

1-жаттығу

      Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы- бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда,арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады. 

     2-жаттығу

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды

Қол алысып, құшақтасқанда.

Ыдыс-аяқтан, тамақтан,дәретхана заттарынан.

Төсек жабдықтары мен киімнен.

Темір және қағаз ақшадан

Су мен ауадан.



3-жаттығу.Ситуациялық  жағдайды  талдау. Сізге қансырап  жатқан адамға  бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек  көрсететін адамға  ұсыныс:  Жараны  таза  ,қалың  матаме  қатты  танып  байлаңыз.   Қан  сіздің   көзіңізге,  аузыңызға   немесе  зақымдалған   теріңізге  түспеуін  қадағалаңыз.   Қан   аққан   жерден   жоғарырақ   таңбаны  тағу  керек. Шұғыл түрде  медицина  қызметкерімен  байланысыңыз.Дәрігерлік  қызмет  көрсеткеннен   кейін   қолдарыңызды    сабынмен  мұқият жуыңыз. 



3- жаттығу.

«Қауіп дәрежесі»  тестісін  толтыру.Кері  байланыс.  



Қорытынды   жасау. 
 

21 жалпы орта мектеп Тәрбие сағаты «спид-ғасыр дерді»

Сабақтың мақсаты Оқушыларға АҚТҚ дегеніміз не? АҚТҚ қандай жолдармен жұғады,қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады деген

26.93kb.

25 12 2014
1 стр.


Семинарға міндетті түрде жоғарыда көрсетілген орта мектеп әдіскерлері қатысулары керек

Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты 2008 жылдың 11 қаңтар күні Хромтау қаласы №2 мектеп-гимназия базасында Оқу-тәрбие үрдісінде И. П

47.9kb.

23 09 2014
1 стр.


«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды

Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін құру

475.06kb.

25 12 2014
3 стр.


Номинация «Сыныптан тыс тәрбие сағаты»

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Ыбырай атамызға 170 жыл толуына байланысты болады. Оқушылар өздерінің алғаш мектепке келген күндерін, алғашөы қоңырау мерекесін естеріне түсіріп

44.51kb.

25 12 2014
1 стр.


Орта мектеп бітірушілерді Ұбт-ға дайындау туралы

Орта мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест тапсыруға сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатында

74.5kb.

12 10 2014
1 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

427.34kb.

13 10 2014
4 стр.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Жаттарында көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары

410.81kb.

14 12 2014
4 стр.


Бекітiлген «Алтынсарин орта мектебі»

«Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған

315.71kb.

25 12 2014
1 стр.